Материалдар / "Балалардың сөйлеу тілін саусақ ойындары арқылы дамыту". Баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Балалардың сөйлеу тілін саусақ ойындары арқылы дамыту". Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтан да баланың жан - жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын саусақ ойындар арқылы жетілдіруге болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2018
1740
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балалардың сөйлеу тілін саусақ ойындары арқылы дамыту.

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес»

В.А. Сухомлинский

Ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы.

Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтан да баланың жан - жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын саусақ ойындар арқылы жетілдіруге болады.


Саусақ ойындары және жаттығулары - бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.  Саусақ және тілдік қимылына, жауап беретін орталық, бас миына өте жақын орналасқандықтан ұсақ моториканы дамыта отырып, баланың тілдік қорын белсендендіреміз және түзетеміз.


Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан 
активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және 
мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады. 
Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек. 
Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды. 

Көптеген балаларда, апраксия байқалады, яғни мақсатты практикалық іс-әрекеттерді орындай алмау. Мұндай балалар, киіну, шешіну, түймелену, бәтеңкенің бауларын байлау сияқты дағдыларды қиындықпен үйренеді; өзінің төсегін салуға немесе жинауға, жазу жазуға, текшелер мен таяқшалардан құрастыруға, ұзақ уақыт бойы үйрене алмайды т.б. Мақсатты практикалық әрекеттер(практис), манипуляция үдерісінде дамиды, сондықтан, ата-аналар баланы аяп, барлық нәрсені бала үшін өздері орындауға тырысатын болса, ол практикалық тәжірибеден айырылады, праксистің дамуы тежеледі, демек, екінші рет апраксия пайда болады. Апраксия құбылыстары, өзіне-өзі қызмет ету дағдылырының орнығуына ғана кері әсер етіп қоймайды, сонымен бірге, іс-әрекеттің басқа түрлерінің дамуына кедергі жасайды. Саусақтардың және қол білектерінің қозғалысы ерекше дамытушылық маңызға ие.

Саусақ ойындар балалардың ой - өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, әңгіме туралы ата - аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін маналог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.

Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады.

Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.  Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған. 

Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.

Саусақ ойындарын балалар қызықтап ойнайды. Саусақ ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан - жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге


деген құштарлықты ояту.Бүлдіршіндер ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.

Адамның сөйлеу тілі және қозғалыс жүйесі бір-бірімен тығыз байланыста болады. Себебі, сондай байланыс қолмен және мидың сөйлеу орталағында орналасқан.

 Соңғы 10-15 жылда балалардың сөйлеу тілінің төмендеп кеткені айқын байқалады. Өйткені, ата-аналар балалармен аз сөйлеседі, олардың жұмыстан қолдары босамайтынын айтады. Балалар өз беттерімен тілдік қарым-қатынаста болады, себебі, олар қарайды және тыңдайды.



І. Шыныда құммен сурет салу.

Құммен сурет салу не құм анимациясы – бұл соңғы кезде өте кең тараған іс-әрекеттердің атауы.

Құммен сурет салуды үйренудің және балаға үйретудің 5 себебі бар:

  1. Жеңілдігі. Құммен сурет салу үшін көп қаражат керегі жоқ. Тек таза құм, шам және шыны (пластик) керек. Құмның орнына мәни жармасын немесе кофені қолдануға болады.

Құмда кішкентай балалар да сурет сала алады. Бұл бұлшық етті дамуға жақсы әсерін тигізеді.

2. Әсемдік. Құм анимациясы өте тартымды. Құмнан жасалған мүсіндер ешкімді бейжай қалтырмайды.

3. Икемділігі. Құмнан жасалған суреттерді жеңіл өзгертуге болады. Және бір құмды бірнеше рет қолдануға болады.

5. Стресспен (ширығумен) күресу. Әр шығармашылықтың стресске қарсы әсері бар. Құммен сурет салудың осындай әсері тым зор: сусымалы заттармен жұмыс істеген адам келеңсіз эмоциялардан құтылады. Суретті саусақпен салғандықтан, баланың сенсорлық сезімдері дамиды, баланың өзін еркін ұстауға әсерін тигізеді.

«Фасоль ойыны»

Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі бар.

«Санамақ» ойыны.

Мақсаты : кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Анаммен сурет саламын , ( алақанды жұмып ашады)

Міне басы, міне іші ( қолды шеңбер жасап айналдырады)

Аяқтары, қолдары, көздері ( қолымен кішкентай және үлкен шеңбер салу)

Аузы, сақинадан жасалған ( ауада сақинаны салу)

Әдемі шашы да бар ( қолдарын екі жаққа ашады)

Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).

«Салат» саусақ ойыны

Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді).


«Кірпі» жаттығуы

Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)

Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).

Кіріп кетсе саусағыңа

Өкпелеме жарайма!



«Жасыру»

Ойын шарты:Қатысушылар алақанға қысқа қарындашты салады, жұдырықты жұмады және ашады.

Қысқа қарандаш аламыз, жұдырыққа қысып, жасырамыз.

Ал енді, келесі қолға жасырамыз.

Қарандашты қыса отырып,

Алақанды ауыстырамыз.

Бұл ойында баланың қол икемділігі, танымдық деңгейі артады

«Тіс щеткасымен ойын»

Ойын шарты:Балаларға тіс щеткалары таратылады.Щеткаларды бір-бірден алып саусақ ұштарына қойып, массаж жасайды.Бұл ойын балалардың миын дамытады,тілін дамытады,зейінін тұрақтандырады қол белсенділігін икемділігін арттырады.

«Қысқыштармен ойналатын ойын»

Ойын шарты:Түрлі-түсті қатты қағаздардан дөңгелек жасап,сондай түсті қыстырғыштарға қыстырса гүлдер пайда болады.Ол баланың ұсақ моторикасын дамытады,ақыл ойының тілінің дамуына зор ықпал етеді.

«Шырша ойыны»

«Күншуақ ойыны»

«Жаңғақтармен ойын»

Ойын шарты:Балалардың әрқайсысына жаңғақтар таратылады.Жаңғақты алақанның арасына салып айналдыру.Бұл ойында балалардың қолдары жаттықтырып,сөйлеу тілі мен ойлары дамиды

«Достық» жаттығуы

Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)

Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)

Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)

Қайтадан санауды бастаймыз.

Бір, екі, үш, төрт, бес

Енді санауды аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).

Саусақтың қозғалуы, баланың жасына сай болу керек.Ғылыми тұрғыда,балалардың тіл дамуы жіңішке қол арқылы дамиды.
Жалпы моториканың және саусақтың қозғалуы жетіспеуі тілдік функциясына байланысты. Баланың қол еңбегі мен тілін арттыру үшін не істеу керек?                    
 
-       Қолмен ермелсазды жұмсарту
-       Әр саусақпен тасты, маймақты, шарикті айналдыру
-       Алақандарымызды жұмып ойын ойнау (таңертең тұрдық – ашылу, кешке ұйықтадық - жабылдық)
-       Жұмсақ жұдырық жасау, тез ашу, үлкендер саусақтарын өткізу, қатты аша алмайсың
-       Екі қолдың саусақтарымен «Жүру» үстелмен, алдымен ақырын, біреу ұрлану, содан кейін тез жүгіріп келуі.  
 
Жаттығу алдымен оң қолмен, содан кейін сол қолмен
-       Жеке бір саусақты көрсету, содан соң екеуін ары қарай үш, төрт, бес
-       Жеке бір саусақты көрсету – үлкенін
-       Барлық қолдың саусақтарымен үстелді соғу
-       Ауада саусақпен былғау
-       Қолдың басымен фонарик жасау
-       Қол соғу: ақырын, қатты, әр түрлі әрекетте
-       Барлық саусақты бірге жинау (саусақтар жиналды - қашты)
 
-       Жуан жіпке түймелер, шарлар, мойыншақтар кигізу.
-       Түрлі түсті жіңішке сымды катушкаға орап, өзінің саусағына арнап (сақина немесе спираль шығады)
-       Қалың арқан, жіп ұштарын байлау
-       Түймелерді, ілгіш, замок, қақпақтарды жабу, механикалық ойыншықтарды кілтпен жүргізу
-       Болттар мен гайкаларды бұрау
-       Ауада сурет салу
-       Құммен, сумен ойнау
-       Сурет салу, бояу, штрихтау(қаламмен, қарындашпен, бормен, түрлі-түсті бояу, гуашьпен, көмірмен, түрлі-түсті борлар және т.б.)    
-       Қайшымен қию

 

 

Саусақ ойындарының нәтижесінде:
- Баланың тілі жетіледі;
- Қимыл - қозғалысы артады;
- Икемділігі артады;
- Қисынды ойлауы дамиды;
- Танымдық деңгейі артады.

Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойынының шарты түсіндіріледі әр қимылы көрсетіледі.



Дәстүрлі емес саусақ ойындарының түрлері:

- Пирамида, мозаика, матрешка құрастыру;

-Жасыру;

-Қысқыштармен ойналатын ойындар;

-Баулармен ойындар;

-Моншақтармен ойындар;

- Тоқымаға шеңбер өткізу;

- Қағазға түйме, жіп, замок әр түрлі ұзындықта жапсыру жұмысы;

- Тиындарды іріктеу;

- Жарманы жинау;

- Сіріңкемен жұмыс;

- Қағазбен жұмыс;

- Жапсыру (балшықтан, пластелиннен,

қамырдан);

- Арнайы шеңберге, бәтенкеге бау байлау;

- Жуан жіппен түйіншек жасау;

- Құммен, сумен ойнау;

- Өзінің саусағына жіңішке сымды орау (жүзік немесе орам жасалады);

- Бұрандалы шегені немесе гайканы бұрау;

- Конструктор немесе кубиктер ойнау;

- Ауада сурет салу;

- Әр түрлі материалдармен суреттер салу (қарындаш, қалам, бор, көмір, және т.б); - Қолөнері;


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!