Материалдар / Балалардың тілін дамытуда дидактикалық ойынның маңызы

Балалардың тілін дамытуда дидактикалық ойынның маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2021
254
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Shape1


















Дайындаған :Тамиляхан Турбекова







Біз даналықты үш жолмен үйренеміз: 
Ойлану – ең ізгі жол, 
Еліктеу- ең жеңіл жол, 
Тәжірибе жолы- ең ауыр жол. 
Бенедикт Спиноза 


КІРІСПЕ 
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселесінің өрісі кеңейіп келеді. Балаларға берілетін білім мазмұнын игерту және оларды тұлғалық жағынан үйлесімді қалыптастыру басты бағыттардың бірі ретінде танылып отыр. Әсіресе мектепалды даярлық тобындағы балаларды оқу іс-әрекетін меңгеруге даярлау ерекше мәнге ие болып отыр. 
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі мектепке дейінгі тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы құжатта көрсетілгендей, мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты 5-6 жасар балалардың дене дамуы мен психикалык саулығын қорғау және нығайту, ақыл-ойын жетілдіру, олардың бойында қарапайым білім негіздері, іскерлік пен дағдылардың алғышарттарын қалай отырып, бастауыш мектепте білім алуға бірдей бастапқы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету. 
5-6 жасар балалардың мектепалды даярлығы отбасында, мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында немесе жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында, мектепке дейінгі шағын орталықтарда мектепалды даярлық бағдарламасы негізінде жүзеге асады[1]. 
Дүние жүзілік тәжірибе балаларды алты жастан бастап оқытудың пайдалы екенін растады және алты жастағы балаларға тән білуге құмарлығы белгілі жүйемен қанағаттанып, және олардың дамуы қарқынды түрде жүре бастайды. Жаңа зертеулерде, бала бес-алты жаста болатын интеллектуалдық деңгейдің 2\3 бөлігіне жететіндігін дәлелдеді. 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімі мектепте білім алуға бағытталған баланың әлеуеттік мүмкіндігін ашуды көздеді[2]. 
Баланың мектепке дейінгі тәрбиесі қай кезде болмасын педагогтар мен психологтар қауымы бала өмірінің жаңа бастауы ретінде оның әлеуметтік ортаға бейімделуі деп қарастырады. Бұл мәселені шешуде үлкен үлес қосқан психологтар Л.И.Божович, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев, М.И.Лисина, Д.Б.Эльконин т.б., ал қазақ психологиясында да бұл мәселе бүгінгі күні жан-жақты қаралып жатыр деуге болады, атап айтатын болсақ, Алдамұратов Ә.Ж., Жақыпов С.М., Намазбаева Ж.И., Шерьязданова Х.Т. Рахымбеков Ғ.Р., Айдарханова Б.Қ., Бердібаева С.Қ. 
Мектепке дейінгі тәрбие мәселелері жөнінде ғылыми-теориялық және әдістемелік зерттеулер Б.Б.Баймұратова, А.Меңжанова, М.С.Сәтімбекова, М.Т.Тұрыскелдина, Ә.Әмірова, Ә.М.Мұханбетжанова, А.Е.Манкеш, Қ.Меңдаяқова, Ф.Н.Жұмабекова, т.б., мектепке дейінгі білім беру теориясы және әдістемесі Г.З.Таубаева, К.М.Метербаева, Ш.Сапарбайқызы, А.Қ.Мұханбетчина т.б. еңбектерінде зерттелінген. 
Қазақстандық педагогтар мен психологтар еңбектеріне талдау жасай отырып, мектепалды даярлықта балалардың ақыл-ой белсенділіктері, баланың оқуға құштарлығы, әртүрлі нәрселерді тез түсінуі, кез-келген нәрсені әп-сәтте қабылдап алатыны, олардың мінезін қалыптастыруда педагогтардың үнемі бақылау, мадақтау, әдістерін дұрыс қолданып отыруын, төзімділік, табандылық, шешімділік, т.б. қасиеттердің ойын іс-әрекеті үстінде белсенді дамитыны, әрі жетіле түсетіндігі ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда дәлелденгендігіне көз жеткіздік. 
ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімі бес білім беру саласын қамтыды және мектепте білім алуға бағытталған баланың әлеуеттік мүмкіндігін ашуды көздеді. 
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 
Біз өз тәжірибемізде стандартқа сәйкес балалардың мәдени дағдылары, білімділігі, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің дамуы және бірлесіп жұмыс жасау, қоршаған ортаға қамқорлық, бәсекелестік және ынталылық, дербестік пен тәуелсіздік, әлеуметтік ортаға бейімделушілік, ашықтық, икемділік сияқты мінез-құлық негіздерінің қалыптасуына ерекше көңіл бөлдік және оны диагностикалау әдістемелерін жүзеге асырдық. 
Балалардың әр түрлі жақтарын және іс-әрекеттерін диагностикалау, ғылыми тексерілген зерттеу әдістері мен әдістемелер арқылы жүргізілді. Осы әдістемелердің сапалылығына, яғни валитділік, дәлділік және сенімділік негізгі талаптары есепке алынып отырды. Валидтілік арқылы зерттеуде қолданылатын әдістемелердің сәйкестігі негізінде бағаланып тұрған сапалылықты анықтайды. Мысалы, бала өзінің мотивін өзі айтып тұрғаны әдіс валидтілік емес, себебі бала өзінің қылықтарының шын мотивтерін сезбейді. Дәлділік, зерттелініп отырған сапалылықтың айырмашылықтарын таба алуын көрсетеді. 
Мектепалды жастағы балаларды зерттеу үстінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына барлық әдістерді қолдануға болады. Бірақ, кейбіреулері өте күрделі және арнайы бір құралдарды қажет ететіндері де кездеседі. Сондықтан тәжірибеде салыстырмалы жеңіл тесттерді, сауалнамаларды, бақылауды, құжаттарды талдауды және психологиялық-педагогикалық диагностикалық эксперименттер қолданылды. 
Педагогикалық-психологиялық диагностиканың негізгі құралы – тест. Олардың көптігіне байланысты, мынандай негізгі бөліктерге бөлінеді: жеке және топтық (ұжымдық), вербальды және вербальды емес, сапалылығы мен саны, жалпылама және арнайы тестер. Арнайы тесттермен зерттеуші, әрбір сыналушылармен бөлек жұмыс өткізеді, ал, топтық (ұжымдық) тестте бірнеше сыналушылармен бірге жүргізіледі. Вербальды тесттерде сыналушының өзінің қатысуымен талдау жасалынады, ал вербальды емес тесттерді жалпылау үшін және сөйлеуден басқа белгілерді бөліп алу үшін қолданылады. 
Естің сапалығы оған ашық сипаттама береді, ал тесттің сандылығы арқылы балалардың бойындағы зертелініп отырған қасиеттер дамуының сандық көрсеткіштері көрсетіледі. Баламалы тестер тек «жоқ» немесе «ия» деп жауап беруге мүмкіндік береді, градульды тесттер шкалалар арқылы сыналушының қасиеттерінің даму деңгейін санмен көрсетеді. 
Жалпы тесттер, балалардың жалпылама мінез-құлқын зерттеу үшін, мәселен, жалпы интелектісін анықтайды. Арнайы тесттер басқа балалардан өзгеше болатын ерекше қасиеттерін зерттейді. Белгілі бір іс-әрекетті немесе белгілі бір мәселені шешу үшін, осы жағдайларға байланысты бірнеше балалар таңдалады. 
Мектепалды жастағы балаларды бейімдеп, мектеп жағдайларында жетілдіру үшін педагог пен психологтар арасында әрбір баланың жан-жақты дамуы үшін ең жақын жолды іздестіріп, ортақ мақсатпен анықталатын серіктестік қатынасы орнығуға тиіс. Осындай әдістемелік принциптен психодиагностикалық әдістердің қолданылуы мен жасалуы үшін екі негізгі қорытынды келіп шығады. Педагогикалық нәтижелерді жасауға мүмкіншілік беретін әдістерді жасау қажет. Психодиагностика педагогикалық процестермен тығыз байланыста болып, психодиагностикалық сараптама негізінде құрылатын 5-6 жастағы балалар дамуының педагогикалық дамуын қарастыруда жауапкершілікті болады. 
Психологиялық-педагогикалық диагностика – жеке баланың немесе топтың педагогикалық-психологиялық даму күйін немесе деңгейін, қасиеттерін, мектептегі оқуға бейімделуін, мектеп жағдайларына қалыптасуын нақты бағалау. Ол теорияны, әдіснаманы және әдістемені қарастырумен байланысты арнайы білімдерді психодиагностикалық бағалаудың обьекісі ретінде балалардың түйсінуімен басталып және бір-бірімен өзара әрекеттескенде сонымен бірге, қарым-қатынас үстінде пайда болатын күрделі әлеуметтік-психологиялық процестерге дейін мүмкін болады. 
Мектепалды жастағы балаларға білім беруде диагностикалық әдістер арқылы, олардың: 
1. Дүниетанымдық түсініктерін анықтау. 
2. Тапсырманы ауызша орындауын тексеру. 
3. Балалардың заттарды тану ептілігін анықтау. 
4. Оқиғаның жүйелілігін анықтап, ептілікпен тауып орнатуға 
бейімделуін қалыптастырады. 
Балалардың диагностикалық міндетін, алдын-ала өтілген материалдарды меңгеру деңгейін, мүмкіншілігінше жеке түрде анықтау қажет. Бұл жағдай баланы мектептегі жағдайларға қалыптасуының жандануын қамтамасыз етеді және осының негізінде жаңа материалдарды меңгеру үшін жағымды жағдайлар жасалынады. Жаңа материалдарды меңгерудің тиімділігі осындай базистердің қаншалықты негізделіп құралатындығына байланысты. 
Мектепалды оқуға бейімделгенін анықтайтын психодиагностикалық әдістеменің сенімділік дәрежесі үш жағдайға: әдіс обьективтігіне, тест міндеттерінің біртектілігіне және балалардың өлшенетін қасиеттерінің тұрақтылығына байланысты. Сондықтан, сенімділікті тексерудің дәстүрлі тәжірибесі қажет болмаса да, ол өз кезегінде, оның анықтауының жаңа модельдерін қалыптастыру қажеттілігін тудырады. 
Диагностика негізінде балалардың дамуын, мектепке жетілу жағдайларын талдауда, психодиагностикалық әдістер көмегімен нақты мәліметтер жасалынады және олардың негізінде балалардың белгілі бір талаптарды орындау барысында іс-әрекеттерінің жүйелі даму жолы және деңгейі жайлы нәтижелер жасауға болады. 
Ал, педагогикалық диагностикада әрбір сараптама, әрине, мүмкіндігінше мынандай көзқарастар тұрғысында қарастырылуы тиіс: 
а) мектепалды жастағы балалар тобына берілетін тәрбие мен оқыту мақсаттарын, баланың жеке басының даму деңгейі жайлы салыстырылған мәліметтерден (қалыпты деңгейде); 
ә) осы жастағы балалардың дамуындағы жеке айырмашылықтар жайлы мәліметтерден; 
б) алдынғы жас кезеңдеріндегі дамуы жайлы мәліметтерден; 
в) болашақтағы дамуы жайлы мәліметтерден: дамуы үшін қажет ететін нәрселерді, балалардың ары қарай жақсы дамуына қолайлы жағдайларды анықтау (өзгерістер жағынан). 
Психологиялық-педагогикалық диагностикада балалардың мектептегі оқуға қабілеттілігіне байланысты жүргізілетін тәжірибелердің қиыншылығының ең бір негізгі себебі, баланың белгілі қабілеттерін педагогтар тапсырма беру кезінде, осы тапсырманы орындауы оның қабілеттілігіне ғана байланысты болмайды, сонымен бірге, мотивацияға, мектептегі оқуға бейімделіп, қалыптасуына және дағдыларына байланысты. 
Біз стандартқа сәйкес тәжірибелік жұмысымызды балалар көркем әдебиетімен танысу, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, сауат ашу және жазу негіздері, тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде және қосымша тәрбие жұмыстары бойынша жүргіздік. Оқу материалын балаға ойын арқылы жеткізіп, оны жалықтырып алмас үшін дер кезінде сергіту жаттығуларын жасату керек. Сонымен қатар, баланың жас ерекшелігіне сай, тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Жалпы айтқанда, осындай жағдайларға байланысты мектепалды даярлықтағы балалардың бойындағы оқушы болу ықыласын, маңызды әрекеттерді орындауын, оқуды бала ерік-жігер қасиетінің дамуының жеткілікті дәрежесін, кейбір арнайы білімдер мен дағдыларды игеруді және оқып, жаза білуін, санауды, математикалық есептерді шығаруды, баланың таным әрекеттерінің және танымдық қызығушылығының даму дәрежесін, сонымен бірге ойлау қабілеттері, мектептегі оқуға ұсынылған жоғарғы талаптарға сай болуын, сөйлеудің дамуын, айналасындағыларға байланыстырып, жүйелендіріп және түсінікті етіп, заттарды, суреттерді, оқиғаларды және т.б. игеріп алу ептілігін, баланың жалпы әрекетке кірісуін, сынып ұжымына үйренуін және сыныпта өз орнын таба алатын баланың жеке басының қасиеттерін жүріс-тұрысының әлеуметтік мотивтерін, жүріс-тұрысын игеру ережелерін және т.б. жатқыза аламыз. 

Әдебиеттер тізімі: 
1. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.Астана,2010. 
2. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімі. 
3. Мұханбетжанова Ә.М., Мұханбетчина А.Г. Мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекеттік құзыреттілігі. //Ізденіс. Алматы, №1 (1)., 2009., 247-249б. 
4. Мухина В.С. Шестилетний ребенок в школе.-М., 1986.-143с. 





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ