Материалдар / Балалардың тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балалардың тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының үлкен мәдени мұрасының бірі – халық ауыз әдебиеті бала тілін дамытуда маңызды рол атқарады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2020
584
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балалардың тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің маңызы

Тажкей Айнаш Маратқызы

КМҚК «Алпамыс» бөбекжайы


Қазақ халқының үлкен мәдени мұрасының бірі – халық ауыз әдебиеті. Ерте кезде-ақ ата – бабаларымыз өздерінің тұрмыс-тіршілігі,қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүниетанудағы көзқарасы жайында неше түрлі өлең – жыр, ертегі - әңгіме, мақал – мәтел, жаңылтпаштар, жұмбақтар, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту арқылы ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырған. Ауыз әдебиеті халық өмірімен тығыз байланыса отырып, жан – жақты суреттейді, әр түрлі бейнелеу арқылы елестетеді.Осы асыл мұра біздің заманымызда жас бүлдіршіндерді тәрбиелеу барысында өзінің мән – мағынасын жойған жоқ және де оқу – тәрбие процесінде ұтымды пайдаланып жүрміз.

Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз, халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.
Балабақшада бүлдіршіндерді ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу балабақша тәрбиешілерінің міндеті болып табылады.
Бүлдіршіндердің ой - өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын дамытуда ауыз әдебиет үлгілері - ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың тигізетін пайдасы ұшан - теңіз. Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе, әділдік үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталып отырады.
Әсіресе, адам өміріне байланысты іс - әрекеттер өткір сықақ - мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді.
Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен бойларын аулақ ұстап, жақсылыққа құмартады. Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды бала санасына лайықтап жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары:
1. Қиял - ғажайып ертегілері
2. Хайуанаттар жайындағы ертегілері
3. Тұрмыс - салт ертегілері
4. Аңыз ертегілері

Ертегілер балалардың жас ерекшелігіне сай жоспарланады.
Кіші топтарда (3 - 4 жас) ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады. Ересектер тобында (5 - 6 жас) оқығанды тыңдату мен әңгімелеп беру қатар жүргізіледі.
Мұндағы мақсат – ертегіні әңгімелеуге үйрете отырып, оқылған ертегіні шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету болып табылады.


Оларды адамгершілікке,еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.. Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің балабақшада кеңінен пайдаланатын дүниелер. Балабақша бағдарламасында ауыз әдебиет үлгілері үйретуге баса назар аударылған. Онда оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып, әңгімелеп беруге үйрету, ертегі мазмұнында кездесетін кейіпкерлердің іс - әрекетіне сай образды сөздер мен диалогтарды, кейбір өлең шумақтарды бұлжытпай жатқа айта білуге, екі адамның диалогында кездесетін сұрақ, қорқыныш, талап тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қойып, мәнерлі айта білуге тәрбиелеу болып табылады.
Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан өзіндік ерекшеліктерімен қатар халықтың асыл ойының көркем жиынтығы мақал – мәтелдер арқылы беріледі. Мақал – мәтел – қос мағыналы шығарма, онда көбінесе тура мағынамен қатар астарлы мағына да болады. Тура мағына мысал ретінде алынады да негізгі ой астарлап айтылады. Мақал дегеніміз – тағылым бірлік, ырғағы бар, тәжірибеде көп қолданылатын бейнелі, қысқа, нақыл сөйлем... Мәтел дегеніміз де өнерге берерлік бейнелі, ырғағы бар сөйлем. Мұның мақалдан айырмашылығы – мағынасы ашық болмай ишарамен айтылғандығы, сөйлемнің толымсыз болып келуі... Мақал адам өмірінде, тұрмыс – тіршілікте, қоғамдық жағдайларда кездесетін әр түрлі құбылыстарға тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға, тұжырымды түйін есебінде қолданылады. Мақал – мәтелдердің тақырыбы өте көп. Әсіресе еңбек, Отанды сүю тақырыбына, ынтымақ – тірлік,ел қорғау, оқу- білім, мінез- құлыққа айтылған мақал – мәтелдер балалардың туған жеріне деген қамқорлығын, оқу – білімге деген құштарлығын үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты ізгі қсиеттерге тәрбиелейді.

Мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні, құндылығы мынада:

  • халықтың ой арманын, оның өмірге көзқарасын болашақ ұрпақты тәрбиелеуге деген түсінігін көрсететін өнегелі сипаты.

  • ой дәлдігін, ақыл мен тәрбие көзін, көркем сөйлеу үлгісін берудегі бірегейлігі.

  • эмоционалдығымен оңай есте сақталатындығы.


Халықтық шығармалар ішінде жұмбақтар да үлкен роль

алады. Жұмбақтың балаларға берерлік тәрбиелік мәні бар. Жұмбақ тақырыптары сан алуан. Жұмбақтың шешімін таба білу баланың тез ойлау қабілетін, шапшандығын, байқағыштығын дамытады, тапқырлыққа баулып, ой-қиялын ұштастыруға көп әсер етеді.

Халық ауыз әдбиетін балабақшадан бастап пайдалану – баланың тілін дамыту үшін, тілге, әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда, ой - өрісін кеңейтуде білімділік, тәрбиелік маңызы зор. Ал мектепте балабақшада алған халық ауыз әдебиеті туралы түсінігін, білімін одан әрі жетілдіреді.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!