Материалдар / Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытудың жолдары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытудың жолдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада тәрбиешілерге, ата-аналарға арналған кеңестер берілген. Оқып қажетіңізге пайдалансаңыз болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2021
340
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Ысқақ Маржан Лұқпанқызы

Қаратөбе аудандық

психологиялық-педагогикалық

түзеу кабинетінің тәрбиешісі

Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытудың жолдары.


«Адамды жалпы тіршіліктің әмірші еткен 
интеллектуалды артықшылықтар емес, 
ол қол - осы органмен барлық органды меңгереміз» 
Джордано Бруно 


Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау т.б. Ал, ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.

Ұсақ моториканы не үшін дамытамыз, маңыздылығы неде?

Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете  және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.


Мамандардың мақсаты: ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыруға, алға қойған мақсатына жетуіне, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы қажет, әсіресе баланың жеке бас ерекшелігіне көп назар аудару маңызды.


Жалпы тіл кемістігі бар балалардың  болсын, қалыпты балалар болсын, олардың ұсақ моторикасының қимылдары мен қолдың икемділігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.


Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс - әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысы дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.

Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз, дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз.

Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: «Саусақ –бала сен қайда болдың?». Содан соң бас бармақты балаң үйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен орманға бардым», ортаң терекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен сорпа пісірдім».

Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына саусақпен ән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп, себебі ұсақ моториканы дамытып жатырмыз ғой.

Бір жастан асқан балалар үшін – саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі бар.

Мектеп жасындағы балалық шағы қазіргі педагогикада баланың психикасының қалыптасуы аса құнды және ерекше маңызды кезең ретінде қарастырылады. Осы кезеңде баланың ақыл-ой мен қызметінің мәдени формаларымен қоршаған ортаны тануда адамға тән әдіс-тәсілдерімен меңгереді; оның ойлаумен қатар жалпы және ұсақ моторикасы қарқынды дамиды.

Сенсомоторикалық даму бала дамуының жетекші факторының бірі болып табылады. Оның қоршаған ортамен (перцептивті, кинестетикалық, кеңістік) белсенді түрде өзара әрекеттесуі қабылдау жүйесін қалыптастырады. В.А.Сухомлинский «балалардың қабілеттері мен дарындылығының бұлағы – олардың саусақ ұшында. Неғұрлым бала қолының қозғалысында ширақтылық болса, соғұрлым қолының еңбек қаруымен өзара іс-қимылы жіңішкерек болады, бала ақыл-ойының шығармашылық сұрапылдығы көрнекті болады. Ал бала қолында шеберлік көбірек болса, бала ақылды болады...» деп жазған.

Мектеп жасындағы балалардың бейнелеу сабақтарында ұсақ моторикасын дамыту мәселесі тым өзекті, өйткені нақ бейнелеу қызметі сенсомоториканың дамуына себеп болады: жұмыс жасау кезінде көз және қол келісімділігі, іс-әрекет жасау кезіндегі дәлдігі мен қозғалыс және икемділікті үйлестіруді жетілдіру, қол саусақтарының ұсақ моторикасын түзету.

Қолдың саусақтары мен білезігінің ұсақ моторикасын дамыту мен жетілдіру орталық жүйке жүйесін, барлық психологиялық процестерін, сөйлеуді дамытудың басты ынталандыруы болып табылады. Орталық жүйке жүйесінде ақпаратты өндеу кезінде талдау мен синтезі ұшталған моторлық қызметінің саналы таңдауды қамтамасыз етеді. Бала моторлық қызметінің жақсарған кезінде өзін кез келген жағдайда, кез келген ортада жайлы сезінетінін түсінеді. Ғылыми тұрғыда, балалардың тіл дамуы жіңішке қол арқылы дамиды. Жалпы моториканың және саусақтың қозғалуы жетіспеуі тілдік функциясына байланысты. Жалпы тіл кемістігі бар баланың қол еңбегі мен тілін арттыру үшін не істеу керек?

-Ол үшін жеке бас ерекшелігіне назар аудару;

-Көмекті қажет ететін балаларға үлгі арқылы жұмыс жасау;

- Қолмен ермексазды жұмсарту;

- Әр саусақпен тасты, маймақты, шарикті айналдыру;

- Алақандарымызды жұмып ойын ойнау (таңертең тұрдық – ашылу, кешке ұйықтадық - жабылдық);


- Жұмсақ жұдырық жасау, тез ашу, үлкендер саусақтарын өткізу, қатты аша алмайсың;


- Екі қолдың саусақтарымен «Жүру» үстелмен, алдымен ақырын, біреу ұрлану, содан кейін тез жүгіріп келуі;


- Жаттығу алдымен оң қолмен, содан кейін сол қолмен;


- Жеке бір саусақты көрсету, содан соң екеуін ары қарай үш, төрт, бес;


- Жеке бір саусақты көрсету – үлкенін;


- Барлық қолдың саусақтарымен үстелді соғу;


- Қолдың басымен фонарик жасау;


- Қол соғу: ақырын, қатты, әр түрлі әрекетте;


- Барлық саусақты бірге жинау (саусақтар жиналды - қашты);


- Жуан жіпке түймелер, шарлар, мойыншақтар кигізу;


- Түрлі түсті жіңішке сымды катушкаға орап, өзінің саусағына арнап (сақина немесе спираль шығады);


- Қалың арқан, жіп ұштарын байлау;


- Түймелерді, ілгіш, замок, қақпақтарды жабу, механикалық ойыншықтарды кілтпен жүргізу;


- Болттар мен гайкаларды бұрау;


- Ауада сурет салу;


- Құммен, сумен ойнау;


- Сурет салу, бояу, штрихтау (қаламмен, қарындашпен, бормен, түрлі-түсті бояу, гуашьпен, көмірмен, түрлі-түсті борлар және т.б.).


Мектеп жасындағы жалпы тіл кемістігі бар балалардың ұсақ моторикасын дамыту деңгейі тану қызметінің мүмкіндіктерімен келісілген және оқыту тиімділігіне үлкен әсер етеді. Жіңішке моториканы дамыту – бұл тану қызметін жүзеге асырудың басты шарты болып табылады, тек дәстүрлі әдістерімен ғана емес, сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларын пайдаланумен өткізілетін табысты оқыту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мектеп жасындағы бұл балаларда мәселенің шешімі түрлі қызмет түрлерінде жүзеге асырылады, олардың ішінде ерекше орынды бейнелеу өнері алады.


Егер бала қандай да бір саусақ ойынын жетік меңгерсе, онда ол міндетті түрде бір көрініске, не өлеңге жаңа бір сахналау ойлап табуға тырысады. Бір жастан екі жасқа дейінгі балалар бір қолмен ойналатын саусақ ойындарын жақсы қабылдайды. Үш жастағы балалар екі қолмен ойналатын саусақ ойындарын игере алады. Мысалы, бір қол үйшік те, екінші қол үйге жүгіріп келе жатқан мысық болуы мүмкін. 4 - 5 жастағы балалар белгілі бір көріністі саусақ арқылы сахналай алады.


Өз тәжірибемде тәрбишілерге саусақ ойындарын сергіту жаттығуларына, ертеңгілік жаттығуларға, барлық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттері үстінде үнемі пайдалануды ұсындым. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл, қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамыды.


Қазіргі кездің балаларында жалпы тіл кемістігінен басқа моторлық артта қалушық байқалады екен. Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиешіге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.


Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.


Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.


Өкінішке орай көп ата-ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек.


Бір жастан асқан балалар үшін – саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі бар.


Қолдан ұсақ-түйек заттарды жасау - балалардың ең жақсы көретін шығармашылық жұмыстары. Бұндай жұмыс балалардың қиялдарын, ойлары мен бармақтарының ұсақ моторикасын дамытады.


Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.


Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.


Психологиялық ойын-жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады.


Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.


Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.


Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық - саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б. көптеген бейнелерді бейнелей алады.


Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.


Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету - тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!