Материалдар / БАЛАЛАРҒА АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІ АРҚЫЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

БАЛАЛАРҒА АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІ АРҚЫЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі ғаламдық проблемалардың алдын-алудың оны тиімді шешудің жолы - жас ұрпаққа экологиялық білім беру, табиғатты қорғаудың жаңа тәсілдерін меңгерту. Табиғатты қорғауға, экологиялық тәрбие беруге бағытталған қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерінің бай қазынасын білім- тәрбие беруде кеңінен қолданудың маңызы арта түсуде. Бұл мектепте тәрбие мен білім берудің оқу тәрбие үрдісінің мазмұнынан орын алуы тиіс. Қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерінің түрлі жанрларында көрініс тапқан табиғатқа деген аялы көзқарасын ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі халықтың мәдениеті мен қазынасының бір бөлігі екеніне тәжірибеде көз жеткіздік. Ауыз әдебиетінің барлық түрлерінде балаларды кішкентай кезінен табиғатпен жақын таныстырудың, оны пайдалану мен қорғаудың жолдары көрсетілген. Педагогтердің міндеті- осы білімді балалардың жас ерекшеліктеріне сай таңдап алып, меңгерген ұғымдарын, жағымды әдет- дағдыларын пысықтап отыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Сәуір 2024
204
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«БАЛАЛАРҒА АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІ АРҚЫЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ» (Бастауыш сынып оқушылары үшін (6-7жас))


Айтжанова Нуржамал Нуралиевна

Қазыбек би атындағы №67 жалпы орта мектебінде бастауыш сынып пәні мұғалімі, Түркістан облысы


Бүгінгі таңдағы қоғамның дамуы, ғылым мен техниканың адам өмірінің бір бөлшегіне айналуы, адам мен табиғат арасындағы қарым–қатынасты күрделендіріп жіберді. Өндірістердің көптеп салынуы, адам санасының жетілуінің әсерінен, қоршаған ортаның ластануы, табиғи қорлардың азаюы сияқты жаңа дағдарыстарға алып келді. Бұл жағдай бүгінгі таңда жер бетіндегі адам баласын алаңдатып отыр. Жер шарының әр түкпірінде адамның табиғатқа тигізген әсері сараланып, осы мәселеге орай жаппай, үздіксіз экологиялық тәрбие беру қолға алына бастады. Мұндай келеңсіз жағдай Қазақстанда да орын алып, табиғи ортаға адамның әсерін, көзқарасын өзгертуді талап етті. Қоғамдағы әр тұлғаға экологиялық білімнің қарапайым негіздерін үйрету, оны қоршаған ортада пайдаланудың жолдарын түсіндіру, адам мен табиғат арасындағы қатынасты тиімді шешу жолдары білім берудің әр саласына жүктелді.

Республикамызда алғаш рет (1991ж) «Қазақ жерінде айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» Заң қабылданып, оның 63-64–баптарында жас ұрпаққа экологиялық тәрбие білім беру міндеттеріне баса назар аударған [1, -.]

Қазақстан Республикасының Конституциясының (2005ж.) 31-бабында

«Мемлекет адамның өміріне және денсаулығына қолайлы жағдай жасап, қоршаған ортаны қорғау мақсатын көздейді», ал 38–бапта: «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» -деп атап көрсеткен [2, -36 б].

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында»:«Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі проблемаларын айқындап, басымдықтарын белгілеген кезде негізінде қалыптасқан табиғат пайдалану мен айналадағы ортаны қорғау жүйесінің әлі жеткілікті толық және кешенді түрде зерделенбеген табиғи–ғылыми, ғылыми – техникалық, мәдени–тарихи және өзге де аспектілері мен ерекшеліктерін, өнеркәсіптің табиғаттың шетін экологиялық жүйелері мен бүгінгі халықтың, сондай–ақ болашақ ұрпақтардың денсаулығына тигізетін техногендік әсерінің зардаптарымен проблемаларын ескеру қажет» деп тұжырымдаған [3, -4б].

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының 3-бабында білім берудегі мемлекеттік саяси принциптердің бірі ретінде «Білім берудің ғылыми сипаты, құқылық, экологиялық бағыты» деп экологиялық тәрбиенің маңызына айрықша тоқталған [4, -9б].

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 4-бабында адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөніндегі мақсатқа мемлекеттің қол жеткізуін атап көрсеткен [5, -43б].

Экологиялық тәрбиені қоғамның дамуымен сәйкес жүзеге асыру, оның тиімді жолдарын табиғатты қорғауды, табиғи ресурстарды үнемді пайдалануды ауыз әдебиеті үлгілері арқылы жүзеге асыру, елеміздің егемендігімен бүгінгі жас ұрпаққа жеткенін айту орынды. Қазақ халқының бүкіл өмірі табиғатпен тікелей байланысып, тұрмыс–тіршілігі бөлінбестей байланыста болып, ұрпағын тірі табиғат туындысына қиянат жасамауға ерте кезден–ақ тәрбиелегені мәлім.

Мұны М.Қашқаридың кейінгі ұрпаққа қалдырған «Диуани ұғат ат түрік» [6] Әл–Фарабидің философиялық ойларынан білеміз. Әл–Фараби: «Білім мен білікті, тәлім–тәрбие беруді, қоршаған ортаны табиғат құбылыстарын танып білуді баланың сана–сезімі ояна бастаған кезден бастау керек»-дейді [7].

Ұлы ағартушы ойшылдар: Ы.Алтынсарин [8], Ж.Аймауытов [9], А.Құнанбаев [10], Ш.Уәлиханов [11] т.б.еңбектерінде адамның дамуындағы рухани құндылықтардың түпкі негізі табиғаттан бастау алады, жеке тұлғаның бойындағы мейірімділік, жанашырлық қасиеттердің қалыптасуы табиғаттың сұлулығымен тікелей байланысты деген ой түйеді.

Адам–қоғам–табиғат арасындағы орын алып отырған қарама– қайшылықты шешуді халқымыздың салт дәстүрлері арқылы бүгінгі қоғамдағы білім мен тәрбие мазмұнының дамуымен сәйкес жүзеге асырудың жолдарын көрсеткен ғалымдарымыз: Ә.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаев [15], Н.Сарыбеков [16], М.Н.Сарыбеков[17]т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты зерттеп, әдіс–тәсілдерін көрсетіп, ұйымдастыру жолдары анықталған.

Экологиялық тәрбие мен білім мазмұнын, мақсат–міндеттерін айқындап, зерттеулер жүргізіп, еңбектер жазған, мектептегі экологиялық тәрбие үдерісінің мазмұнын жаңартуға үлес қосқан, әдістемелік құралдармен мектепке дейінгі ұйымдарды қамтамасыз етуге арналған педагогтердің еңбектерінің маңызы бар. Олар: Қ.А.Аймағанбетова [18], Ф.Н.Жұмабекова[19], А.К.Меңжанова [20], А.Е.Манкеш [21]т.б.

Еліміздің егемендігін баянды ету, елдіктің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен, рухани байлығымен, мәдениетімен өлшенеді. Білім саласында атқарылып жатқан істер оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие мен білімнің жай–күйі, қоғам дамуына жауап беруді талап етеді.

Қоғамдағы орын алып отырған әлеуметтік, экономикалық, саяси және жаңа технологиялық өзгерістер еліміздегі білім беру жүйесіне де өз ықпалын тигізіп, жас ұрпақты халқымыздың ұлттық құндылықтары негізінде тәрбиелеуге жол ашып отыр. Қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері баланы жастайынан отбасындағы еңбекке баули отырып, өз халқының салт–дәстүрін сыйлауға, мәдениеті мен тарихын білуге, туған елінің табиғи байлығын қорғауға, ауыз әдебиеті үлгілерінің мәнін түсінуге, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды көздейді.

Ғылым саласына «экология» терминін алғаш рет 1866 ж неміс ғалымы биолог Эрнест Геккель енгізген. Ол «экология» деп тіршіліктің әрбір түрінің немесе ағзаның оны қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым саласы екенін дәлелдеді.

«Экология» сөзі грек тілінен аударғанда «эко»-үй, жер «логос»-білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Жалпы алғанда үй, жер, тіршілік орта туралы ғылым. Адамзаттың тіршілік ету ортасы, тұрағы ондағы адамдардың табиғатпен қарым–қатынасының даму заңдылығын зерттейді деген тұжырым жасайды [22, 17-19б].

Адам санасыздықпен жасаған әрекетіне шектеу қоюдың, қалпына келтірудің түрлі жолдарын қарастыруда. Елімізде мемлекет тарапынан көтеріліп жатқан жатқан мәселелер, Заңдар мен нормативтік құжаттар экологиялық білімді жаппай үздіксіз жүргізуді талап ету, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Бұл ең бірінші отбасы, мектептен басталғаны жөн. Себебі, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары балаларға экологиялық тәрбиенің ең қарапайым түрлерімен таныстырып, экологиялық білім береді.

Ұлы ойшыл, Шығыстың екінші ұстазы Әбу Насыр Әл–Фараби адамды оқу мен білім–тәрбиеге, ізгілік қасиеттерге баулу үшін оны қоршаған дүниемен, табиғат құбылыстарын танып білуге баулу керек десе, адам баласының білім алатын көзі–табиғат, сол табиғатты бақылау, қорғау, зерделеу оның заңдылығын түсін, сырын ашу деп тұжырым жасайды [23,56б].

Халық ауыз әдебиеті мұраларында табиғатты қорғауға, балаларға экологиялық тәрбие беруге байланысты көптеген педагогикалық ойлардың бар екенін көреміз. Қазақ халқының философиялық ойларына көз жүгіртсек, әрдайым адам мен табиғат тығыз бірлікте болғанын байқаймыз. Ал, адам мен табиғаттың үйлесімділігін көшпелі кезеңнен бастап, халық ауыз әдебиеті үлгілері түрлерінен, кейінгі ұрпаққа мұра болып жетіп отырған. Халқымыздың мәдениетінің бір бөлігі табиғатпен біте қайнасып, оның тылсым

құбылыстарымен тығыз байланысты. Еліміз жер көлемі кең, пайдалы қазбаға өте бай, табиғатының көріктілігімен ерекшеленетін болғандықтан осы даланың көркін бұзбай сақтаудың, келесі ұрпаққа қалдырудың маңызы зор. Дегенмен осындай сұлулық аясында өмір сүріп отырған адамдарға, болашақ ұрпаққа да үлкен жауапкершілік жүктелері сөзсіз. Оған үнемділікпен, құрметпен қарап, мектептің әрбір оқушысыне экологиялық тәрбие беру маңызды.

Елімізде педагогика саласында 1970 жылдардың ортасында қолданысқа енген «табиғат қорғау білімі» және «табиғат қорғау тәрбиесі» деген терминдердің орнына соңғы кезде «экологиялық білім мен экологиялық тәрбие» терминдері жиі қолданылуда. Экологиялық білім мен тәрбие беру ауқым аясы кең, ғылыми тұрғыдан маңыздылығы күрделі үрдіс болып табылады. Отандық ғалымдар өз зерттеулерінде экологиялық білім мен тәрбиені ғылымның әр саласында саралай келіп, әр түрлі анықтамалар береді.

Экологиялық тәрбие деп–адамның қоршаған табиғи ортағы саналы, табиғатқа ұқыпты, оның байлықтарына жауапкершілікпен қарап, ұқыпты пайдаланатын, табиғи ресурстарды қалпына келтірумен байытудың қажеттігін түсінетін, табиғатты қорғау жөнінде білім мен көзқарас қалыптастыруды айтамыз-деген тұжырым айтқан ғалым Ж.Жатқанбаев [24, 13б].

Ғалымның пікірін қуаттай отырып, балалардың табиғатқа қарым- қатынасының өзгеруіне күнделікті өмірде оқып үйреніп жүрген ауыз әдебиеті үлгілерінің маңызын терең түсінуден бастаған жөн. Бұл кішкентай балалардың табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілдікпен қарауға, олардың табиғаттағы өзгерістеріне зер салуға жетелейді. Балада табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие туралы алғашқы қарапайым түсініктер пайда болып, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға үйренеді.

Бұл бүкіл адамзат баласының басқан әр қадамы мен әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның өмір сүріп отырған ортасына, тыныс–тіршілігіне тікелей араласатын ғылым саласы болып табылады.

К.Д. Ушинский «...табиғат даусын ата-аналар да, тәрбиешілер де, заң шығарушылар да аяғына дейін тыңдауы тиіс. Табиғатпен адам баласының егесуі жақсы емес...адамға тек оның заңдылықтарын білу және олардың күшін пайдалану ғана қалады» деп табиғатпен жақын болуға шақырады. Сондай-ақ,

«Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалык ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді деген пікірде[25,9б].

Адам психикасының қалыптасуына оның айналасын қоршаған ортасы мен іс–әрекеті, мамандығы, дәстүрі мен салт–санасы, әдет–ғұрпы, ауыз әдебиеті үлгілері ықпал етеді. Жеке адамның санасы қоғаммен қарым–қатынас жасау барысында өзгеріп, осы әсер етудің нәтижесінде өзіндік мазмұнға ие болады. Бала өзін қоршаған ортамен, басқа адамдармен қарым–қатынасқа түсуді қалайды. Бұл қоршаған өмірді тереңірек танып білуге алғашқы қадам, табиғи қажеттілік. Бала ес біле бастаған кезден бастап санасынан орын алған әрбір

ұғымның келешегіне өзіндік әсері бар екені анық. Сондықтан экологиялық тәрбие отбасы, мектептен басталуы тиіс.

Бала айналадағы ортаны ауыз әдебиеті үлгілері арқылы өлең– тақпақтардан, жұмбақ, жаңылтпаштар мен ертегілер, шағын әңгімелер арқылы танып біледі. Бүгінгі экологиялық жағдай адам өміріне қауіп төндіріп, табиғат– қоғам–адам арасындағы шиеленісті тиімді шешуді түрлі шаралар жүргізіліп жатқан уақытта, экологиялық тәрбие беруді бала ес біле бастаған кезден бастау, алғашқы қарапайым түсінік, адам мен табиғаттың бірлігі, табиғаттағы заттардың бір–бірімен байланысын ұғыну, табиғатты қорғау мен қалпына келтірудің бастапқы сатысы болып табылады.

Отандық ғалымдардың экологиялық тәрбие мен білім жөнінде зерттеулерінен құнды ой–пікірлерінен мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу– тәрбие үрдісінің мазмұнының экологиялық бағытта дамып жетілуіне, жас ұрпаққа экологиялық тәрбиенің қарапайым негіздерін жастайынан санасына сіңіруді мақсат еткен зерттеу еңбектердің маңызы зор. Мектеп мен мектеп арасындағы сабақтастықты сақтай отырып, мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетінің қалыптасуын, жоғарғы оқу орындарында жүйелі жүзеге асырудың әдіс–тәсілдерін көрсетіп, жалпы көпшілікке экологиялық тәрбие берудің жолдарын айқындаған ғылыми еңбектер еліміздегі экология ғылымының дамуына елеулі үлес қосты.

Ғалым Н.Сарыбеков «Жалпы орта білім беретін мектептің оқушыларын табиғат қорғауға тәрбиелеудің педагогикалық шарттары» еңбегінде төмендегідей тәсілдерді ғылыми тұрғыда негіздейді. Адам мен табиғат арасындағы қарым–қатынаста міндетті түрде орындалуы тиіс үш заңдылықты атап көрсетеді. Олар: біріншісі–табиғаттың тазалығы, екіншісі–табиғаттың мол қазыналығы, үшінші заңдылық–табиғаттың көркемдігі, деп адам табиғат қазынасын пайдаланып, оның көркемдігін, тазалығын сақтауды міндеттейді. Адам табиғатты пайдаланбай өмір сүре алмайды, бірақ оның қажетті мөлшерін, адамның тигізетін зиянын естен шығармаса, табиғатты қорғауды өзінің міндеті деп түсінсе екен деген ой айтады [26,9б].

Мектепке дейінгі бес жастағы бала жылдың төрт мезгілін бір-бірінен ерекшеленетінін толық айтып бере алмайды. Бірақ, күзден кейін қыс, көктемнен кейін жаз келетінін біледі. Сонымен қатар бала күнделікті көріп жүрген қой-ешкі, сиыр мен жылқы сияқты үй жануарларын, хайуанаттар әлемінен көрген ит, қасқыр, түлкі, сияқты аңдар мен құстарды таниды. Олар жайлы өзіндік ой-түйсіктері болады. Мысалы: кірпі қыста ұйықтайды, жазда орманда жүреді, оның үстіндегі тікеніне қандай зат түсетін болса / жапырақтар, жидектер т.б./ сонымен қоректенеді-деген сияқты ұғымдарды бала меңгергенімен мазмұнын толық аша алмайды. Бес жастағы бала табиғаттағы шындық пен ертегідегі жағдайларды бір-бірімен жиі шатастырады. Сондықтан, балаға ертегі мазмұны түсінікті, тілі жеңіл, мазмұны жас ерекшелігіне сай болғаны жөн. Тәрбиеші әр ұйымдасқан оқу қызметіндегі ертегілердің экологиялық тәрбие берудегі мазмұнын балаға ашып түсіндіріп отыруы керек.

Бала айналада кездескен жайттарды өзінің меңгерген дағдысы мен білімінің нәтижесінде шеше алуы көзделеді.

Эколог ғалым М.Н.Сарыбековтың еңбектері елімізде педагогикалық, экологиялық ғылымды дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Ғалым өз еңбегінде сәбиді табиғат қорғауға тәрбиелеу отбасында басталып, мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы барысында жалғасын табуы тиіс. Мектептің тәрбиешілеріне арналған экологиялық оқулықтар, көрнекі құралдар, әдістемелік нұсқаулар қажет. Педагог қызметкерлердің экологиялық даярлығын жетілдіретін орталық ашып, экологиялық білімдерін пысықтап, балаларға берілетін білімнің сапасын арттырып, мазмұнын жаңартып отырған жөн. Ғалым өз еңбектерінде әр сәби «табиғат», «табиғат тазалығы», «гүл», «табиғат байлығы» «өсімдік», «жануар» т.б. сөздердің мәнін түсініп, табиғатты тоздырушының, сындырып, бүлдірушінің ісіне қарсы тұрады деген пікір білдіреді [27,9б].

Ғалымның пікірін қолдай отырып, мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеші педагогтерінің экологиялық білімдерін арттырудың маңыздылығы, балаларға білім мен тәрбие беруде басты орын алады. Балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру ауладаға гүлдерді күтіп-баптау, айналаның тазалығы, өлі және тірі табиғаттың адам өміріндегі маңызын білуімен айқындалады.

Ұзақ жылдар бойы экология саласында табысты еңбек етіп, көптеген оқулықтар жазған ғалым Ә.С.Бейсенованың: «Экологиялық білім беру тұжырымдамасы» еңбегінде мектептегі экологиялық тәрбиенің алғашқы сатысы деп, экологиялық тәрбие берудің мақсат–міндеттерін айқындап, экологиялық білім берудің тұжырымдамасын жарыққа шығарды. Ғалым білім беру тұжырымдамасында: «Экологиялық оқу материалдарын бір жүйелілікпен үздіксіз жүргізу, оқыту»-деп бірінші тармақта атап көрсетті [28,28б].

Сондай–ақ, экологиялық тәрбие беруді үш сатыға жіктеп, мектепке дейінгі тәрбие алғашқы сатысы екеніне тоқталып, оларды жүзеге асырудың әдістері–экологиялық мазмұнға құрылған дамытушы ойындар деген тұжырым жасайды. Балаларға экологиялық тәрбиені күнделікті, үздіксіз, жүйелі жүргізудің маңызы зор. Тәрбиеші ауыз әдебиеті үлгілерін ұйымдасқан оқу қызметінің мазмұнын бір-бірімен байланыстыра отырып, серуен, саяхат уақытында пысықтап, тиянақтап отыру қажет. Сонда ғана баланың санасында экологиялық тәрбиенің қарапайым негіздері қалыптасады.

Ғалым К.С.Құрманбаева «Қазақ әдебиетін оқытуда оқушылардың табиғатқа ізгілік қалыптастыру негіздері» атты еңбегінде мектеп оқушыларына әдебиет сабағында оқылатын шығармалардың немесе өлең–жырлардың ешқайсысы табиғаттан алыс кетпей, оның сұлулығымен көріктілігін жырлағаны, ал ақынның бойына шабыт сыйлайтын табиғат, табиғаттың сұлулығы, небір тамаша туындылар ақындардың елін, жерін сүюден, табиғатқа тебіренісінен табиғат аясында туғанын, балаларға ұғындырудан басталады деген пікір білдірген [29,154б].

К.С.Құрманбаеваның пікірін қолдай отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатты сүюі, елінің байлығы мен табиғатының көріктілігін

мақтаныш етуі–мектептегі тіл дамыту және көркем әдебиет сабағында оқылатын табиғат жайлы шағын өлең–тақпақтардан, әңгіме, ертегілерден т.б.басталады. Мектеп бағдарламасында көрсетілгендей, балалардың жас ерекшелігіне сай оқылатын әр бір туынды баланың табиғатпен етене жақын танысуына септігін тигізді. Өз елінің табиғатын сүю, оған деген қамқорлық көзқарасты мектепке дейінгі шақта қалыптастырып, жағымды әрекетті әдет– дағдыға айналдыруды баланың атқаратын ісі мен білімінің өзара бір-бірімен байланысын көрсетті. Баланың бойындағы табиғатқа қамқорлық, жанашырлық сезімдерінің қалыптасуына ұйымдасқан оқу қызметінен тыс уақыттағы атқаратын іс-шаралары, топтық және шағын топпен жұмыстар, мақсатты серуендердің маңызы зор екеніне тоқталған жөн.

Р.К.Керімбаева «Жыл мезгіліндегі табиғат құбылыстарымен таныстыру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастыру» атты зерттеу еңбегінде бала дүниетанымын қалыптастырудың жолдарын жан –жақты зерттей отырып, табиғаттағы адамның алатын орны, қоршаған ортаның адамның әсерінен өзгеруі жайында мағлұматтарын нақтылай отырып, бала дүниетанымын қалыптастырды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерінің ерекшеліктерімен таныстырудың маңызын ашып көрсетіп, әдіс–тәсілдерін, жүзеге асырудың жолдарын айқындаған. Ғалым табиғат құбылыстарының ерекшеліктерімен таныстыру арқылы баланың дүниетанымы кеңейіп, ой–өрісі дамуымен қатар, туған жеріне, табиғатқа қамқорлық сезімінің қалыптасатынын атап көрсеткен [30,12б].

Мектеп жасына дейінгі балаларға Жердің адамзат үшін маңызын, оның ішінде қазақ халқының тарихындағы жерді Жер–Ана деп анаға теңегенін, жер үшін қаншама шайқасты басынан өткеріп, соншама байтақ жерге ие болғанын түсіндіру маңызды рөл атқарады. Бұл мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылды.

4-5 жастағы балаларды ауыз әдебиеті арқылы экологиялық тәрбие беруде жыл мезгілдерінің өзгерістерімен таныстыру, қоршаған орта туралы дүниетанымын қалыптастырудың түрлі әдіс-тәсілдері бар. Балалар айналаның әсемдігін, сұлулығын сезіне отырып, оның әрбір туындысына қамқор болуға тырысады. Бұл баланың бойында экологиялық білім негіздерінің қалыптасуымен сипатталады. Тәрбиешінің ауыз әдебиеті үлгілерін таңдап алу оны тиімді жүзеге асыруының маңызы зор.

Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім берудің жүйелі жүзеге асуы, білім саласының экологиялық бағытқа аса көңіл аударуы, қоғамның- экономикалық дамуы, білім беру мазмұнының жаһандану кезеңіне өтуіне, әлемдік ақпараттық дамумен ықпалдасуына бағытталғандығымен ерекшеленеді.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру- баланы жастайынан ізгілікке, мейірімділікке баулуды көздейді. Қоршаған ортадағы жалпы адамзаттың, тұтастай қоғамның экологиялық жағдайын қазіргі

пайдаланып отырған табиғаттың, қоршаған ортамен үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын жас ұрпаққа түсіндірумен сипатталады.

Еліміздің экологиялық ахуалы келешегі бүгінгі күнгі мектепке дейінгі балалардың экологиялық тәрбиені қаншалықты білуімен, білім деңгейінің өлшемімен, қандай құндылықтарды бойына сіңіруіне, өмірге жағымды көзқарастарының қаншалықты қалыптасқандығына тікелей байланысты. Бұл балалардың бойына кішкентай кезінен еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікті, айнала қоршаған ортаға қамқорлыққа тәрбиелеу ұғымдарын бойына сіңіріп, осы мақсатта экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру қажеттігі туындап отыр. Біз табиғат пен адамды бөліп қарай алмаймыз. Олар егіз ұғым. Біздің болашағымыз жас ұрпақ табиғаттың қорғаны, қамқоршысы болуы тиіс. Атадан балаға мирас болып, ұрпаққа қалған ұлан-байтақ жерімізді, табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, қорғап, келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек.

Табиғат айналаға көрік беріп ғана қоймайды, адамның бойына шабыт, қуат беріп, көңіліне қуаныш ұялатады. Табиғатты қорғау, қамқор болу жайында халқымыздың қалдырған тәрбиелік мәні зор ұлағатты сөздерінің мәнін балаларға түсіндірген жөн. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», « Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» ұлағатты сөздері, табиғатқа сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділікпен өмір сүруді міндеттеген. Адам баласы Табиғаттың билеушісі, ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Туған жеріміздің байлығын, аң құсын, баға жетпес қазынасын ысыраптамай, табиғи ресурстарын үнемді пайдаланып, табиғатты көркейту мақсатында еңбек ету барлығымыздың борышымыз, мүлтіксіз атқаратын міндетіміз болмақ.

Табиғат-адам үшін өмір сүру ортасы, мекені, барлық тіршіліктің бастауы. Ал, адамзаттың басты міндеті -сол табиғаттың пайдалы қазбасын, табиғи қуат көздерін тиімді пайдалану, табиғаттың әсемдігін сақтаа қалу, қоршаған ортамен үйлесімділікті сақтап өмір сүру. Жерді күтіп-баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда екенін кішкентай балаларға ауыз әдебиеті үлгілері арқылы түсіндірдік.

Елімізде орын алып отырған экология мәселесін әлі де болса халқымыздың мол мұрасы ауыз әдебиеті үлгілері арқылы кең көлемде зерттеуді қажет етеді. Тәуелсіз елдің әр ұрпағы өзінің төл туындысын біле отырып, экологиялық жағдайдың себептерін, олардың алдын–алу жолдарын, табиғи ресурстарды орынды қолданудың қажет екенін жастайынан біліп өскені абзал. Демек, адамзаттық құндылықтардың ішіндегі ең көнермейтін мұра ата–бабадан келе жатқан ауыз әдебиеті үлгілерін ұрпақ тәрбиелеудің құралына айналдыру мектептен басталады. Сондықтан экологиялық тәрбиені халқымыздың ауыз әдебиеті арқылы баланың бойына сіңіріп, мектепке дейінгі мекеменің тәрбиеші–педагогтерінің экологиялық білімдерін арттырып, жүйелеп, таным– түсініктерін кеңейтіп балаларға экологиялық тәрбие берудің жолдарын қарастырамыз.

Бүгінгі ғаламдық проблемалардың алдын-алудың оны тиімді шешудің жолы - жас ұрпаққа экологиялық білім беру, табиғатты қорғаудың жаңа тәсілдерін меңгерту. Табиғатты қорғауға, экологиялық тәрбие беруге бағытталған қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерінің бай қазынасын білім- тәрбие беруде кеңінен қолданудың маңызы арта түсуде. Бұл мектепте тәрбие мен білім берудің оқу тәрбие үрдісінің мазмұнынан орын алуы тиіс.

Қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерінің түрлі жанрларында көрініс тапқан табиғатқа деген аялы көзқарасын ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі халықтың мәдениеті мен қазынасының бір бөлігі екеніне тәжірибеде көз жеткіздік. Ауыз әдебиетінің барлық түрлерінде балаларды кішкентай кезінен табиғатпен жақын таныстырудың, оны пайдалану мен қорғаудың жолдары көрсетілген. Педагогтердің міндеті- осы білімді балалардың жас ерекшеліктеріне сай таңдап алып, меңгерген ұғымдарын, жағымды әдет- дағдыларын пысықтап отыру.

Аталған қорытындылар негізінде төмендегідей ұсыныстар ұсынамыз:

    • Педагогтер балалардың жас ерекшеліктеріне сай және экологиялық тәрбие беретін ауыз әдебиеті үлгілерін іріктеп, жүйелеп, әр іс-әрекет барысында тиімді пайдаланса;

    • Балаларға (6-7ж) экологиялық тәрбие беруде ауыз әдебиеті үлгілерін бірізділікпен топтар арасындағы байланысты сақтай отырып жүзеге асырса;

    • Сыныптардағы табиғат бұрышын кеңейтіп, тірі табиғат туындыларымен толықтырып, арнайы орын дайындалса, балаларға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы арта түседі;

    • Мектеп ауласына көктемде жеміс-көкөністер егіп, балаларды күтіп- баптауға үйретіп, еңбек арқылы экологиялық тәрбие беру тиімді болар еді.

Зерттеп отырған мәселе күрделі де өзекті болғандықтан оны жан–жақты қамтыдық деп айта алмаймыз. Сондықтан болашақта бұл мәселені ата– аналардың бірлескен жұмыстарын қамти отырып, ауыз әдебиеті үлгілерін тиімді пайдаланып, отбасындағы экологиялық тәрбие мәселесін қамтып, педагогтердің шығармашылық қабілетін жетілдіріп, экологиялық біліктілігін арттырып зерттеуді жалғастыруға болатынын айту қажет.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасы «Қазақ жерінде айнала қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң. –Алматы. Егемен Қазақстан. 1997, 5 тамыз, 2б

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 ж 30 тамыз.- Алматы. «PRINT-S» , 2004.36 б.

  3. Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепциясы. – ҚР Президентінің 1996 ж 30 сәуір №2967 Өкімімен бекітілген. Дүние журналы. 2002 №4. 40б.

  4. Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы. -Алматы. ЮРИСТ, 2004.-

176 б.

  1. Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі. Қазақстан

Республикасының Жоғарғы кеңесінің жаршысы. –Алматы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесінің басылымы. -1993, №18.162 б.

  1. Құнанбаев А. Шығармаларының толық жинағы 2 том. –Алматы.

«Жазушы» 2002. 334 б.

  1. Веретенникова А.С. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру. Москва. Просвещение. 1980. Алматы. Мектеп. 1983 (аударма).

  2. Марковская М.М. Уголок природы в детском саду. –Москва. 1984.

  3. Новикова Ж.Л, Сахарова В.Н. Воспитание ребенка –дошкольника. Росинка. Программно –методическое пособие для педагогов дошкольных учреждений. Москва, ООО «Гуманитарный издательский центр ВЛАДОС», 2005, с207.

  4. Бейсенова Ә.С, Шілдебаев Ж. Экологиялық білім беру тұжырымдамасы. Алматы, «Мектеп»2003, 112б.

  5. Сарыбеков Н.С. Дүние журналы. Қазақ халқының тірі табиғатты қорғауға арналған дәстүрлері. 2002. №4.40б.

  6. Меңжанова А.К. Балаларды көркем шығарма туындылары арқылы

адамгершілікке және еңбекке тәрбиелеу. –Алматы. Рауан, 1991. 192б.

  1. Бродский А.К. Жалпы экологиялық қысқаша курсы. Оқу құралы.- Алматы. «Ғылым». 1997.-188б.

Shape1

4


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!