Материалдар / «Балаларға эколгиялық тәрбие беру құралы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Балаларға эколгиялық тәрбие беру құралы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту, өлі және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге, сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2022
582
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мазмұны



I.Тәжірибе түсініктемесі.............................................................................................2


II. Тәжірибе өзектілігі.................................................................................................3


III. Тәжірибе технологиясы........................................................................................4


VI. Балаларға экологиялық тәрбие берудегі ата анамен балабақша сабақтастығы .......................................................................................................16

1.Ата аналарға араналған сауалнама..............................................................17

1.2 Ата аналарға арналған сауалнама қортындысы.......................................18

1.3 Ата аналарға кеңес....................................................................................18


V.Тәрбиешілерге арналған ұсыныстар...................................................................21


VI.Тәжірибе нәтижелігі............................................................................................25

Жоба жаңашылдығы ................................................................................................33

Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................33


VI.Қосымша...............................................................................................................34



















Өзін –өзі жетілдіру жұмысының қортынды тәжрибе жұмысы

«Балаларға эколгиялық тәрбие беру құралы»


Тәжрибе авторы: Абубакирова К.Ж


I.Тәжрибе түсініктемесі

Табиғат –біздің ортақ үйіміз.Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі уақыттағы әлемдегі экологиялық жағдай  адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақта жаңа экологиялық сезім қарастырылуы керек деп санаймыз. Келешекте балалар кім болса да, олар қоршаған ортада рөльдерін бөліп, табиғат заңдылықтары бойынша өз түсініктері болуы керек.

Экологиялық тәрбие мен білім беру –қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. Баланың сәби кезінен экологиялық мәдениеттілік санасын тәрбиелеу – осы мәселелердің шешілу жолдарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие берудің маңызды міндеті - балалардың табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге, ірі табиғатқа қамқор бола білуге үйрету және экология саласы бойынша нақты білім беріп, аймақта қолданылатын ресурстары шектеулі екенін түсіндіру керек. Біз баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға, оны күтіп аялауға үйретуіміз керек.

Балаларды табиғатпен таныстыруда алдымыздағы мақсат: балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту, өлі және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге, сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу.

Экологиялық білім берудің басты міндеттері:

- өсімдіктермен жануарларды  күте білу дағдыларын қалыптастыру.

- қоршаған ортада алған  әсерлерін жеткізе білу, эмоциялық көңіл-күйлерін басқара білу дағдыларын жетілдіру.

- қоршаған ортаны сүйе, табиғатты қорғай білуді жүйелі түрде жүзеге асыру.

- табиғат пен бала арасындағы  оңтайлы қарым-қатынас орнату.

адамның табиғаттағы  тіршілік әрекеті және жеке  гигиена жайындағы білімдерді  тиімді жолдары мен жеткізу.

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мынандай жұмыс түрлерін орындауға болады:

- балалардың экологиялық  білімдерін қамтамасыз ететін  пәндік-дамытушы ортаны құру.

- «Экологиялық соқпақ», «Жасыл аймақ», «Дәрілік өсімдіктер» орталығын құру, тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру.

- үлестірмелі материалдар  жинақтау (гербарий, суреттер жинағы, табиғат туралы мақал-мәтелдер т.б)

Бұл үшін тәрбиешінің шығармашылдығы, жаңашылдығы, көп ізденісті қажет етеді. Ал мектепке дейінгі оқытуда білім, білік дағдыларымен қатар тәрбие жұмыстарының сан алуан, қызықты, тартымды, баланы қажытып алмайтындай жұмыс түрлерін жүргізу тәрбиешіден шеберлікті талап етеді.

Мектепке дейінгі шақта бала бойына білім мен біліктілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар екенін мәлім. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы – денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.


II.Тәжрибе өзектілігі


1.Болашақ  табиғат  жанашыры болатын ұрпақ  тәрбиелеу.

2.Мектепке дейінгілердің  экологиялық көз қарастарын кеңейту  және жүйелеу.

3. Тәжірибелер жасау  және алған нәтижеден тұжырым шығаруға үйрету.

4. Шығармашылықты, елестету мен ойлауды дамыту.

Баланы мектеп жасына дейінгі кезеңнен өзі өсіп - өнетін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор. Ол үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген жөн. Күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және парасатты мінез-құлық сияқты адамдық қасиеттерді тану үрдісінде балалар адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін түсіне біледі. Күштемеу - деген табиғатқа жасалып тұрғанның кез-келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға ешбір зиян келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін бағалай білуі тиіс. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен масаттану және тынығуға жиі бару, - деп түсінбеу керек. Балалардың өздері де ағаштар отырғызуға, бұлақтардың көзін ашуға, ұя жасауға қатысып, табиғатқа зиян келтіретін тұрмыстық қалдықтардан құтылудың тәсілдері туралы сұрақ-тарға жауаптар іздейді.

Сайф Сарай: - “Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа…” - деген екен. Жас бала тамылжыған табиғатқа, әсем әуенге, айналадағы әсемдікке қызығады, содан әсерленеді, көркемдікті түсініп, оның мәнін түсі-неді, әсемдікті танып, талғауды үйренеді. Мысалы: Балаларды гүлдермен таныстыру кезінде, олар олардың түрлерімен, пайдасымен тапсырмалар арқылы танысып, хош иісімен далаға берер әсемдігін көреді, сезінеді. Осы сұлулықты бұзғылары келмейді. Оны елестету арқылы парақ бетіне өз қиялдарынан бейнелеп салады. Балаларда өлі және тірі табиғат нысандарына деген қызығушылық өте ерте жастан қалыптаса бастайды. Балалар бәрін байқайды: орман алқабындағы еңбекшіл құмырсқалар илеуін қалың шөптегі кіп-кішкентай өрмекшіні, ағаш басындағы ұяларды содай ақ балалардың көңілін  табиғаттағы  маусымдық өзгерістер, түстердің  ашықтығы, әр түрлі дыбыстар, иістер тартады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады: барлығын қолмен ұстап қарауға, иіскеуге, егер жағдай болса дәмін көруге тырысады. Баланың айнала қоршаған табиғатқа қызығушылығын ескере отырып, экологияға деген сүйіспеншілік, қорғаушылықты тәрбиелеу керекпіз. Ең маңыздысы біздің табиғатты сүюіміз және соны балаларға жеткізуіміз, біз табиғатсыз өмір сүре алмайтынымызды балаға түсіндіру. Қазіргі таңда балалардың дамуында экологиялық біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Экологиялық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен өте тығыз байланысты. Әсемдіктен сусындау, оны қабылдау, түсіне және сезіне білу адамгершілік негіздерді қалыптастыруға көмектеседі. Оның міндеттері күрделі де сан алуан.

Экологиялық тәрбие балалардың сезімдері мен санасына ықпал жасап, көзқарастары мен нанымдардың орнығуына жәрдемдесе отырып, оның дүниетанымын қалыптастыруға елеулі үлесін қосады. Тіпті балаларға табиғаттағы адамдар еңбегінің маңыздылығын көріп, бағалауды үйретеміз.

Экологиялық біліктілік арқылы ұжымдық, топтық, жеке қабілеттерді ашуға болады. Жалпы экология барлық оқыту – тәрбиелеу үрдісімен байланысты.

Осы оқу іс-әрекеттерді тиімді дұрыс пайдалануы мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты дамыта отырып,білімді игеруге қызығушылықтарын тудырады.


III.Тәжрибе технологиясы

  1. Эколгия тәрбиесін берудегі басты құрал ойын технологиясы

Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті - ойын. Экологиялық ойынның өзіндік ерекшеліктер мен тәрбиелік мәні бар. Экологиялық ойынның мақсаты: балаларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа, өлі және тірі табиғаттың ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Мен өз тәжірибемде экологиялық ойындарды ұйымдастырылған оқу қызметінде, серуен кезінде, тәрбиелік шараларда, серуен кезіндегі бақылау жұмыстарында қолданамын.

Негізі мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызы зор. Өйткені, табиғаттың таңғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мағынасын ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеу - нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытудың басты құралы болып табылады, ойын ойнай отырып баланың ой өрісі, зейіні артады, тілдері, тіпті кейбір ойындарда қимыл істері, ұсақ қол моторикасын да дамытып жетілдіруге болады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дамытушы ойындар мен сөздік ойындардың маңызы өте зор. Олар байланыстырып сөйлеу мен есте сақтауды, ойлауды дамытады. К.Ушинский бұл жөнінде былай деген: “Егерде педагог бір нәрсені баланың есінде қалдыруды көздейтін болса, ол сабақта көзбен көру, тілімен айту, қолымен ұстау және сезім мүшелерін қолдануы керек”. Балаларды үй жануарлары, құстар, балықтар, гүлдер, аңдар, жәндіктер, жеміс – көкөністермен таныстырып болған соң, “Қайсысы артық, неге?”, “Не өзгерді?”, “Дәмінен айыр?”, “Даусынан айыр” т. б. ойындар ойнатылып берілген білім бекітіліп отырса баланың санасында сақталып қалуға септігін тигіеді. “Егерде мен үлкен болсам” ойыны балаларды шығармашылдыққа, жауаптылыққа үйретеді, табиғатты қорғауға тәрбиелейді.

Сонымен қатар экологиялық қызықты сәттер оқып беру арқылы балалардың адамгершілік, танымдық қабілетін дамытамыз. Ойын барлық сабақпен тығыз байланысты, ойынсыз сабақ өтпейді десем жаңылмаймын. Ойын баланы жан-жақты дамытып, оқыту мен тәрбиелеуде өз септігін молынан тигізеді. Жиі сұрақ қойылады: тәрбиеші ойынға қатыса ала ма және қатысуға тиісті ме? Әрине құқыққа біз иеміз, егер бұл ойынға қажетті бағыт берсе. Бірақ үлкендердің ойынға араласуы тек оны бала қалап, сенім білдіріп, сыйласа, егер ол ойынды қызғылықты өтіп, ережесін бұзбай ойнай алса ғана іске асады.

Көркем шығармаларды сахналауды да балалар өте қызығушылықпен ойнайды. Мысалы: “Аңшы мен бала”, “Гүлдер туралы аңыз” бойынша сахналауда олар жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді тауып, шығарманың мазмұнын талдағанда табиғаттың қорғаушысы болған балаларға ұқсағысы келетіндері байқалды.

Сондай ақ, қызықты тәжірибелерге қатысуда балалардың өз жұмысының қорытындысын көруге деген ынта пайда болады. Оларды ауа мен судың қасиеттерімен таныстыруда түрлі ойындар мен тәжірибелер жасалады. Мысалы: “Кім тез үрлейді?”, “Толқын”. Көптеген ойындар таза ауада ойналғаны дұрыс, балалардың қимылдауына, ойлауына септігін тигізеді. Жылдың әр мезгілінде әр түрлі ойындар ойнауға болады. Мақсатты серуендерде ағаштарды бақылау, өзгерісті айту, құстарға қамқорлық жасау, гүлдерді суару т.б арқылы балаларды еңбек сүйгіштікке, сұлулықты көруге, сезінуге тәрбиелейміз.

Сондай ақ ойын алаңында ұйымдастырылатын қимылды ойындардың маңызы зор. Мәселен: “Аю мен түлкілер”, “Қасқыр мен қояндар” т.б ойындарда балалар жануарлардың мінез-құлқын, жүрісін, даусын салады. Ойын арқылы олардың шығармашылық қиялдауы дамиды. Олар ойындарда бірнеше құбылысты біріктіреді, жаңасын қосады, кейде өмірден, ертегіден қосып алады. Мысалы: «Орманшы», «Зообақтағы аңдар» т.б олар өз ойындарына қосып біреуі орманшы болып, қалғандарына өз ақылын айтады, оған қаладан зообаққа аң қоюға адам келеді. Экологиялық шығармашылықты ойын арқылы дамытуда бала белсенділігі мен қабілеттілігінің маңызы зор.

Өзімнің балаларға экологиялық тәрбие беру барысындағы тәжрибемнен сіздерге экологиялық ойындардың бірнеше топтамаларын ұсынбақшымын.
Солардың бірінші тобына табиғи немесе жасанды заттарды ажырату мақсатында өткізілетін ойындар түрлері: «Табиғат және адам» немесе «Бұл неден жасалған?» (2-түрі қылып ойнауға болады)
Дидактикалық ойын мақсаты: Адам қолымен не жасалғаны және табиғат адамға не беретіні туралы балалардың білімдерін бекітіп, жүйелеу. 
Ойынның барысы: Тәрбиеші:
балалармен әңгімелесу барысында айналамыздағы заттардың адам қолынан шыққаны немесе табиғатта сол күйінде кездесетіні, оларды адамдардың пайдалануы туралы балалардың білімдерін анықтайды. Мәселен, орман, көмір, мұнай газ,су табиғатта сол күйінде болады, ал үйлерді, зауыттарды, көлік құралдарын адам жасайды.

«Адам қандай заттарды жасаған?» - деп тәрбиеші сұрақ қойып, ойынға қатысушылардың біріне бір затты береді (немесе доп лақтырады). Балалардың бірнеше жауабынан кейін ол жаңа сұрақ қояды: «Табиғат нені жаратқан?». 
Ойын барысында тәрбиеші балалармен адамзат табиғатты адамдар жақсы өмір сүру үшін пайдаланатыны, сонымен қатар орманды өрттен қорғап, су тоғандарын, өзендер мен көлдерді тазартып, құстар мен жануарларды күзетіп, табиғатты аялайтыны туралы қысқа әңгіме өткізуі керек. Сондай ақ, табиғаттың адамға берген сыйы - су, сусыз адам да,өсімдік, жануарлар әлемі де өмір сүрулері мүмкін еместігін балалардың санасына сіңіріп, көкейлеріне құю барысында төмендегідей ойын түрлерін ұсынғым келеді: «Су кімге қажет?», «Суда өмір сүретіндерді боя
!»

Сонымен қатар жануарлар әлемімен олардың жылдың әр мезгіліндегі тыныс тіршілігімен, немен қоректенетінімен таныстыру, олардың қамқорлыққа алу, аяушылық сезімдерін тәрбиелеу барысында да да түрлі ойындар өткізуге болады. Атап көрсетсем: «Аңдар немен қоректенеді?»(прищепкамен), «Ненің үйі?», «Үй жануарлары немен қоректенеді?» (карточкамен ойын), «Қайсысы қайда мекендейді?» (Суда, құрлықта, шөлде, солтүстікте, кубикпен ойналатын ойын). Сондай- ақ, осы бағытта балалармен қимылды ойындар да ұйымдастыруға болады сондай ойынның бірі «Аңшы» ойыны.Дидактикалық мақсаты: Балаларды жануарларды, балықтарды, құстарды және т.б жіктеп, аттарын атау дағдысына жаттықтыру. Ойынның барысы. Ауланың немесе алаңның бір шетіндегі бос орында ойыншылар тобы тұрады. Бұл – үй. Үйден бірнеше шақырым жерде белгі қойылып, сызық жүргізілген. Ол түрлі аңдарға толы орман. Орманға ойыншылардың бірі аңшы болып аттанады. Орнында тұрып, ол: «Мен орманға аңға барамын, мен аулайтын жануар, ол. Қасқыр.... т.б», деп бір адым алға аттайды. Аңшы әр аттаған сайын аңның бірін атайды. Бір аңды екі рет атауға болмайды. Құстарды да атауға болмайды, егер құс аулау ойыны ойналса,тек құстарды ғана атау керек.  Үйден орманға дейін әр қадам сайын жаңа аңды атай отырып жеткен бала жеңімпаз болып саналады. Ескерту: Осы ойын ережесі бойынша «Балықшы» ойынын жүргізуге болады. Балықшы: «Балық аулауға барып, ... шортан, мөңке балық, алабұғат.б  Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім берудің тағы да бір маңызды міндеті –балалардың табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге,тірі табиғатқа қамқор бола білуге және тірі табиғат пен өлі табиғатты ажырата білуге үйрету,табиғатпен таныстыру,оны бақылау жұмыстарының бір түрі серуен болып табылады. Ал, серуен кезіңде тәрбиеші балаларды табиғатпен таныстырып, өсімдіктерге су құю, жапырақтарды бірге жинау, ағаш түптерін тазалау сияқты қарапайым ойын-еңбек түрлеріне қатыстырады (Мысалы: кәне кім құрғақ жапырақтарды немесе сары, қызыл жапырақтарды жылдам жинайды, кім гүлге жылдам су құяды деген сынды, мұндай ойын – еңбек түрлерін орындау балалардың еңбекке деген жауапкершілік сезімдерін дамытып, ынтасын арттырады. Балалар серуеннен оралған соң алған әсерлерімен бөлісу үшін түрлі дидактикалық ойындар ұйымдастыруға болады. Мәселен, жыл мезгіліне сай «Бұл қай мезгіл?» балаларға төрт түсті карточкалар таратылады да, тәрбиеші жыл мезгілін көрсеткенде балалар сол мезгілге сай түстерді көрсетеді: сары-күз, ақ немесе көгілдір-қыс, жасыл-көктем, қызыл-жаз.  Дидактикалық мақсаты: Балалардың табиғаттағы әр түрлі мезгілдік өзгерістер жөніндегі білімін анықтау: зейіндерін, ойлау жылдамдықтарын дамыту. Ойын ережесі: Тәрбиеші (немесе бала) қандай да бір мезгілдік құбылыс бейнеленген (мысалы, жапырақтардың түсуі) суретті жоғары көтереді. Балалар тез арада түсі (сары) сәйкес келетін шаршы қағазды көтерулері керек. Тез және дұрыс жауап берген бала ұпай алады. Кім көп ұпай жинаса сол жеңімпаз болып саналады. Ескертпе: Балаларды төменде берілген тапсырмаларды орындауына байланысты ойынның басқа да нұсқасын қолдануға болады (ойын топпен жүргізіледі): 
1. «Қыс –жаз», «Көктем - күз» тақырыбына сурет көрмесін ұйымдастыру (суреттерді таңдап алып, неліктен осы суреттерді таңдағаны туралы әңгімелеу); 
2. «Қыс – көктем», «Жаз - күз» тақырыбына сурет көрмесін өткізу; 
3. Суреттің атын айтпай тұрып, суретте жылдың қай мезгілі бейнеленгенін бәрі түсінетіндей етіп әңгімелеп беру. Кім тапсырманы тез орындаса, сол жеңімпаз болып саналады (көрмені тез өткізу және жақсы әңгімелеп беру).

Серуеннен алған әсерін қағаз бетіне түсіру мақсатында «Жапырақтарды боя» атты ойын күз мезгіліне байланысты, көктем мезгіліне байланысты «Бірінші не болды», «Гүлдерді өсетін жеріне қарай орналастыр», «Қысы жазы жасыл болатын ағашты көрсет», жаз мезгіліне орай «Жәндіктердің үйін көрсет», «Жалғастырып сал» бұл ойындардың бәрін көркем сөздермен, жұмбақ, мнемотехникалармен жалғастырса балалардың танымдық қабілеттері ғана емес тілдері, көркем сөйлеу мәнерлері, өз ойын анық жеткізе білу қабілеттері де қоса жетіледі. Сондай ақ, экологиялық тақырыпқа сөздік ойындарды да ұйымдастыруға болады, мысалы: жыл мезгіліне байланысты «Жалғастыр» ойыны. Ойын барысы балалар тәрбиешінің айтқаның мағанасы бойынша жалғастырады: Қыс, одан кейін не? Көктемнен кейін не? Жаздан соң қай мезгіл? Күз, одан кейін не? Қыстан кейін не? Көктем, одан кейін? Жаз, одан кейін не? Күз,одан кейін не? Қыс, көктем, жаз, күз-бұл нелер? (Жыл мезгілдері). Аптада қанша күн бар? Бірінші, екінші, т.б қайсысы? Бір жылда неше ай бар? Жаз айларын ата. Күз айларын ата. Қыс айларын ата. Көктем айларын ата. Қыс қай айдан басталып, қай айдан аяқталады? Көктем ше? Жазше? Күз ше? Жылдың қыс мезгілінде қандай үлкен мейрам болады? Күзде қандай мейрам бар? Қай айда? Көктемнің қай айында мейрам болады? Жылдың қай мезгілінде диқан егінді жинайды? Жылдың қай мезгілінде көкөністер мен жемістер піседі? Жылдың қай мезгілінде саңырауқұлақтар мен жидектерді жинайды?

Мен өз тәжірибемде экологиялық ойын түрлерін әр түрлі жасанды немесе қалдық материалдардан жасалған ойыншықтармен ойнату арқылы балалардың танымдық қабілеттерін ғана дамытып қоймай ұсақ қол қимылдарын да жетілдіруге болады деп ойлаймын , қазір сондай ойындардың бір түрін сіздерге көрсетіп кетейін (фетрдан жасалынған күн, бұлт, сәбіз, балық т.б дене мүшелерін кір қыстырғыш арқылы жалғастырып көрсету, бұл жерде балалар көрсетіп қана қоймай олардың табиғаттың қай түріне жататының, түр түсін, пішінің атап өтеді. Сондай ойындардың бірі «Бұл ненің құйрығы?» Дидактикалық мақсаты: Балалардың үй жануарларының сыртқы кейпінің ерекшеліктері, олардың дене мүшелерінің жеке бөлігі, құйрықтарының көмегімен тіршілік ететін ортаға бейімделу ерекшеліктері туралы білімдерін нақтылау.  Ойын ережелері: Құйрықтардың қай жануарларға тиесілі екенін анықтау, олардың сыртқы келбетін бейнелеу, құйрықтардың қандай көмегі бар екенін айту. Ойынның барысы: Тәрбиеші әрбір жануардың құйрығы туралы әңгіме үлгісін ұсынады, оның жануар үшін маңызы туралы мәлімет береді. Балалар карточка таңдап алады. Оны мұқият қарап алып, не бейнеленгенін табады. Сонан кейін карточкадағы суреттің жұбын іздейді (жануардың бет пішіні және құйрығы).

Экологиялық бағыттағы барлық ойындар мектеп жасына дейінгі балаларға табиғатымызды сақтап, оның әсемдігімен таныстыра отырып, өзіміздің өмір сүруімізге зор әсер ететіндігін, табиғат пен адамдар тығыз байланыста екендігін, бір бірінсіз тіршілік болмайтынын түсіндіре отырып қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын тудыра отырып қамқор болуғатәрбиелеу бағытында жүргізіледі. Адамдардың басты міндеті табиғаттың әсемдігін сақтау, табиғатқа мейірімділік нұрын шашу екенің ұмытпайық. Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та адамға тәуелді екенін ұмытпайық!













Picture 6


Picture 7



Дидактикалық ойын

«Қызықты қыстырғыштар», «Аңдарды қоректендіру»


Picture 12


VI. Балаларға экологиялық тәрбие берудегі ата анамен балабақша сабақтастығы


Ата-ана баланың бірінші ұстазы және тәрбиешісі. Жаңа қалыптасатын жеке тұлғаны тәрбиелеуде оның ықпал күші айырықша зор. Ата-ананың балаға әсерінің негізі олардың қалтықсыз сүйіспеншілігі, қамқорлығы болып табылады. Ата-аналар А.С.Макаренконың “Балаларды тәрбиелеу–біздің өміріміздегі ең жауапты сала.  Дұрыс тәрбиелеу–бұл біздің бақытты қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу–бұл біздің келешек қасіретіміз, бұл біздің көз жа-сымыз, бұл біздің басқа адамдар алдындағы, бүкіл ел алдындағы айыбымыз” – деген пікірінің мағынасын түсінуі тиіс.

Балаларды тәрбиелеудегі ата-аналармен бірлесіп жасаған жұмыстарым балалардың бойында дұрыс мінез-құлық қалыптасуын қамтамасыз етті, дағдыларды, білімдерді, іскерліктерді меңгеру үрдісін тездетті.

Мұндай бірліктің негізі ата-аналардың педагогикалық білімділігі, олардың мектепке дейінгі ұйым жұмысымен хабардар болып табылды.“Баланың экологиялық мәдениеттілігі”, “Отбасындағы бала тәрбиесі” т.б кеңестер “Қыс қызықтары ”(бала мен ата аналар бірлескен сурет көрмелері), т.б. өте қызықты өткізіп, нәтежеде бала тәрбиесіне үлкен көмегін тигізеді. Сонымен қатар ата-аналармен бірігіп бақша ауласын гүлдендіру, құстарға қамқорлық жасау сынды жұмыстар, балаға экологиялық тәрбие беруде ата аналарға дұрыс бағыт бағдар беру мақсатында түрлі кеңестер мен сауалнамалар жүргізіліп отырылды.


1.Ата аналарға араналған сауалнама


«Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие маңызы»


Құрметті ата -аналар!

Бұл анкетаны өткізу мақсатым отбасындағы ата аналардың балаларға экологиялық тәрбие берудегі ықпалын анықтау.


1.Мектеп жасындағы балаларға экологиялық тәрбие беру дұрыс па?

  • 770 ₸ - Сатып алу

    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!