Материалдар / Балаларға жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналарға арналған ұсынымдар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Балаларға жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналарға арналған ұсынымдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға : 1. Жыныстық қол сұғылмаушылық 2. Жыныстық тәрбие 3. Жыныстық қауіпсіздік ережелері 4. Кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылықтан қалайша құтылуына болады 5. «Ата-аналар есте сақтауы қажет!» туралы ақпараттандыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2021
2911
11 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Балаларға жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналарға арналған ұсынымдар

Мақсаты: балалардың жеке шекаралары және кәмелетке толмағандар арасында сексуалдық зорлықтың алдын алу жайлы ата-аналарды ақпараттандыру.

Жоспар:

  1. Жыныстық қол сұғылмаушылық

  2. Жыныстық тәрбие

  3. Жыныстық қауіпсіздік ережелері

  4. Кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылықтан қалайша құтылуына болады

  5. «Ата-аналар есте сақтауы қажет!»

Жыныстық қол сұғылмаушылық – адамды кез келген құқыққа қарсы сексуалды қол сұғушылықтан қорғайтын және қылмыстық заңмен қорғалатын жеке қол сұғылмаушылықтың бір бөлігі.

Жыныстық тәрбие – бұл жыныстық қатынас пен «балалар қалай пайда болады» туралы әңгімелер

Жыныстық тәрбие, ең алдымен балаларды өз денсаулығын сақтауға үйретеді.

Жан-жақты жыныстық ағарту жұмысы адам денесінің дамуы, адамдар арасындағы құрмет, жыныстық жетілу, дұрыс қарым-қатынас туралы білімді қамтиды. Уақытылы дайындалған бала оған қатысты сексуалдық зорлықты тануға мүмкіндігі бар және ол туралы ересектерге айту үшін қажетті сөз қоры болады.

Біз балаларымызға секс туралы айтамыз, олар онымен айналысуы мүмкін

Зерттеулерге сүйенсек, сексуалды жағынан сауатты жасөспірімдер жыныстық өмірге қадам басуға асықпайды, олар контрацепцияны пайдаланады. Бұл тек халықаралық тәжірибеде ғана емес, сондай-ақ қазақстандық тәжірибеде де дәлелденген. «ЮНФПА» (Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрғын халықтың қоныстануы саласындағы қоры) Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының колледждерінде «Валеология» пәнін жыныстық ағартуды енгізу бойынша жобасын іске асыруда. Жобаны сынақ ретінде іске асыруда ұйымдастырушылар студенттердің екі тобын салыстырды: бірінші топ студенттері (валеология курсын өткендер) екінші топқа қарағанда жыныстық өмірді құрдастарынан бір жылға кейін бастады, олар өзінің репродуктивті денсаулығын ойлады, себебі олар көбірек хабардар болды.

Жыныстық қауіпсіздік ережелері

1 ереже. «Менің денем – менікі және тек менікі!». Балада оның денесі – тек қана өзінікі, оны тек өзі ғана басқара алады деген түсінікті қалыптастыру.

2 ереже. Бала сенуге болатын ересек адамдардың барын білуі тиіс.

Балаға ол қандай да бір жағдайда сырын айтуға болатын адамдардың бар екенін айтыңыз. Бұл адамдар кінәламайды, керісінше, олар баланы тыңдайды және оған не айтса да сенеді.

3 ереже. Бала жыныстық қысым көрсету немесе шекараны бұзу болып жатқанын анықтауға болатын белгілерді білуі керек.

Баланың басынан өткерген жарақаты ең алдымен тән арқылы көрінеді, бірақ балалар көбінесе денелерімен не болып жатқанын және түсініксіз сезімдерді сезінетінін түсінбейді. Терлеу, жүрек айну, жүрек соғысы немесе қалтырау мазасыздық немесе ыңғайсыздықтың белгілері болуы мүмкін екенін айту керек.

4 ереже. «Егер ол жағдайдан жайсыз сезінетін болсам, мен ешқашан құпияны сақтамаймын. Егер біреу бұл құпияны сақтауды өтінсе, ал ол маған ұнамаса, мен бұл туралы сенетін адамыма айтамын».

Сексуалдық зорлықшы өз құрбандарынан болған жағдайды құпияда ұстау туралы ант алады. Сондықтан балаларға ешқандай және ешқашан құпияны сақтауға міндетті емес екенін түсіндіру маңызды.

5 ереже. Бала дененің интимдік бөліктері өте жеке нәрсе екенін білуі керек. Ол мұны неғұрлым тезірек білсе, соғұрлым жақсы.

Дененің интимдік бөліктері туралы сөйлесуді мүмкіндігінше ертерек бастау керек. Өзіңізді сенімді және ересек адам ретінде ұстаңыз, балаларға интимдік органдар ұят нәрсе емес екенін түсіндіріңіз. Әрине, балалар өз дене мүшелерінің өздеріне тиесілі екенін білуі керек.


Ата-аналарға арналған ұсынымдар

«Кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылықтан қалайша құтылуына болады»

  1. балаға көшеде немесе үйде жалғыз қалғанда мінез-құлық ережелерін түсіндіріңіз;

  2. егер балада жақын тұрған адамға қатысты күмән пайда болса, бұл адамнан аулақ кету және бұл адамды алға өткізу керек;

  3. өзінің сырларын бөлісе алатындай бала үшін дос болу;

  4. таныстар, туыстар тарапынан оған қатысты жасалған зорлық-зомбылық туралы әңгімені байыпты қабылдау;

  5. балалардың достарымен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынас орнату;

  6. баланы жалғыз көшеге жібермеу (бала достарымен бірге жүргенде, қылмыс жасау мүмкіндігі төмендейді);

  7. ата-ана баланың теледидарда қандай бағдарламаларды, сексуалдық және зорлық-зомбылық көріністерін көруді, Интернет арқылы педофилмен тілдесу мүмкіндігін болдырмау үшін Интернетте қандай сайттарға кіретіндігін білуі керек («Қазақтелеком» АҚ «Ата-ана бақылауы» қызметін қосу мүмкіндіктері);

  8. баланың интернетте өткізетін уақытын бақылау керек, сіздің балаңыз желіде кіммен байланысатыны туралы хабардар болу керек.

Сіздің балаңызға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мектепте тәрбиешімен, мұғалімдермен, психологпен байланыс орнатыңыз.

«Ата-аналар есте сақтауы қажет!»

Балаңызды құрметтеңіз, басқалардың баланы өз еркіне қарсы бірдеңе жасауға мәжбүрлеуіне жол бермеңіз және өзіңіз жасамаңыз.

Егер сіз көршілердің баласы зорлық-зомбылыққа, ата-аналардың ұрып-соғуына ұшырайтынын білсеңіз, бұл туралы дереу полицияға хабарлаңыз.

Егер сіздің балаңыз күйеуіңіздің (бірге тұратын адамның) оған деген жағымсыз қызығушылығы туралы айтса, оның сөздерін тыңдаңыз, күйеуімен (бірге тұратын адаммен) сөйлесіңіз, баланы онымен жалғыз қалдырмаңыз. Егер қарым-қатынас ұзаққа созылған болса, онда бұл адаммен ажырасыңыз, өйткені сіздің балаңыздың бақытынан артық ештеңе жоқ.

Әкесі баласын жыныстық өмірге қатысты қызықтыратын барлық мәселелер туралы сөйлесіп, өзін қалай қорғау керектігін түсіндіруі керек. Анасы қызға ер жынысты адаммен өзін қалай ұстау керектігін, контрацепция туралы түсіндіруі керек.

Егер сіз баланың мінез-құлқындағы оғаштықты байқасаңыз, онымен не мазалайтыны туралы сөйлесіңіз. Ұл баламен тек әкесі сөйлескен дұрыс.

«Отбасында зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеу керек?»

1. Ең алдымен, баланың заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін есте ұстаған жөн!

2. Кез келген бала полицияға, прокуратураға, Бала құқықтары жөніндегі уәкілге жүгіне алады.

3. Заң бойынша кәмелетке толмаған баланы зорлау туралы іс, егер бұл факт басқа көздерден белгілі болса, өтінішсіз де қозғалуы мүмкін.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!