Материалдар / Балаларға музыкалық тәрбие берудің маңызы.

Балаларға музыкалық тәрбие берудің маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка пәнінің мұғалімдері үшін керек ,музыка сабағының маңызы мен пайдасы туралы айтылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2021
325
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балаларға музыкалық тәрбие берудің маңызы.

Бір жасқа дейін балалар музыкаға шынайы қызығушылық танытады. Олар әуенді тыңдап, тіпті қарапайым би қимылдарын жасайды . Қолдарын, аяқтарын кейде денесін де музыка ырғағымен қимылдатады. Ал 3 жастан бастап балалар музыкалық білім алуға дайын , яғни жұмбақ және қызықты музыка әлемімен танысуды бастайды. . Алайда көптеген ата-аналар мұны маңызды міндет деп санамайды. Олар мектеп жасына дейінгі балалардың спорттық дағдыларын, білімін дамытуды жөн көреді. Бала ең алдымен мейірімді болуы керек емес пе? Ол қасиетті бала 7 жасқа толғанша беріп үлгермесек кеш қаламыз. Өйткені музыкалық тәрбие алып өскен балалар ашық және сезімтал болады, музыканың арқасында шығармашылық қабілеттер мен қиялы дамиды. Балалардың ойын бөлмесіне жәй ғана музыка қосып қоятын болсақ ,бала ойнап жүріп- ақ музыкамен тығыз "байланыста" болады және қиялдап, шабыттанады. Бұл баланың психо-физикалық мінез құлықтарына жақсы әсер етеді. Музыканы көбінесе балалардың ұстамдылықтарын, шамадан тыс жыбырлақтықтарын және т.б. түзету үшін қолданады. Ең бастысы- нәтижесінде кері әсер алмау үшін музыкалық материалды дұрыс таңдау керек. Яғни балаларға жеңіл халық әуендерін,күйлерін,жеңіл классикалық әуендер тыңдатқан абзал.



Ата-аналар балалардың музыкалық тәрбиесі туралы аз біледі, сондықтан олар әдетте баланы музыка мектебіне жазады немесе музыка жетекшісін жалдайды. Шын мәнінде, музыка әлемімен танысу — күрделі процесс. Бұл ата-аналардың талғамы мен тілектерін орындау емес, бұл балаға жағымды музыкалық "климат"құру .

4-5 жастағы балалар музыка мектебіне қабылданбады, жеке сабақтар да тиімсіз. Бұл жастағы балалардың зейіні әлі де тұрақсыз. Алайда, осы жаста сіз балаңызға жеңіл ойнай алатын музыкалық аспаптарды таңдай аласыз — Олар барабандар, бубендер тіпті қасықтар баланың ырғақ, қарқын сезімдерін дамытуына өте ыңғайлы. Осы кезеңде сіз балалар әндерін жиі тыңдап, олармен бірге ән айтып, бірге ойнауыңыз керек, кішкентай әндерді қосылып айтсаңыз баланың әнге деген қызығушылығын арттыра аласыз.

Осы кезеңде мүмкіндігінше жиі музыка тыңдап, баланың музыкалық көкжиегін кеңейте бастаңыз, оған әртүрлі стильдердегі музыкалар тыңдатыңыз. Жаңа музыкалық аспаптармен таныстырыңыз, — домбыра, жетіген, қобыз, сыбызғы тб аспаптардың пайда болу туралы аңыздармен таныстырсаңыз , бұл балалар есінде мәңгі қалады. Тыңдаған музыкаларды бірге талдаңыз , мысалы музыка көңілді-көңілсіз, тез-жәй, қандай аспаптарда орындалады , саған ұнады ма, тб сұрақтар қоюға болады. Концерттерді жиі көріңіз және мүмкін болса концерттерге жиі барыңыз.

Сонымен, балаға музыкалық тәрбие беру өте маңызды. Музыка-бұл өнер екенін ұмытпаңыз, оған балаларды баулу қажет.

Ал сіз балаңыздың музыкалық тәрбиесіне көп уақыт бөлесіз бе?

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ