Материалдар / баламалы энергия көздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

баламалы энергия көздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазір энергиясыз тіршілік жоқ. Бүгінгі ғылыми өрлеумен техникалық шарықтау осыны дәлелдеп отыр. Сол сияқты энергетика өнеркәсіптің өрлеуіне ғана емес, барлық салалардың өсіру мен ілгерлеуіне революциялық күш-қуаттай ықпал етеді. Сонымен бірге қазіргі заманда энергияның тапшылығы тек мамандарды ғана емес, қалың жұртшьшықты да толғандырып отырғаны аян. Сол сияқты әлемнің көмірсутегі қоры азайып келеді, енді бір 40-50 жыл өткенде түгесіледі деген әңгіме қазір ғалымдарды сан-тарау ойға жетелеуде. Өйткені соңғы жылдары дүние жүзі халықтары энергияны тым мол пайдалануда. Жалпы қоғамның дамуымен ғылыми – техникалық прогресстің тек ғана осы энергия көздерін пайдалану арқылы іске асырылатыны кімге болса да белгілі. Энергетика саласы әр елдің стратегиялық маңызды салаларының бірі болып саналады. Оны өндіру, жеткізу және үнемдеуде алға шыққан ел дамыған елдердің қатарында тұрады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
960
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1B-бөлім: Өсімдіктер мен жануарлар

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

11 Жануарлардың қорегі


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)

2.3.2.1 Түрлі жануарлардың немен қоректенетінін білу

2.1.1.2. Өз тәжірибесін пайдалана отырып, үй жануарларының қалай қоректенетіні туралы сұрақтарға жауап беру.

2.1.3.1.Нұсқауға сүйеніп, стандартты өлшемдерін пайдаланып, түрлі тамақпен қоректенетін үй жануарларын санау, есепке алу.

Өздігінен немесе мұғалімнің басшылығымен өлшемдер жүргізу 2.1.4.1.Бақылауларды салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру

Сабақтың мақсаттары

Жануарлардың немен қоректенентінін біледі, берілген сұрақтарға жауап береді, ұқсастықтар мен айырмашылықтарын ескеру.

Бағалау критерийлері

Жануарлар түрлерінің немен қоректенетінін біледі, үй жануарларының қоректерін бақылау арқылы салыстыру жасайды және арасындағы айырмашылықтарды түсіндіре алады.

Сөздік қор


Жануарлар, қорек, жаңғақ,шөп, жәндіктер, сүтқоректілер, балықтар, құстар, қосмекенділер және бауырмен жорғалаушылар сөздерін пайдалана отырып әңгімелейді.

Құндылықтарды дарыту


Оқушылардың табиғатқа, жануарларға деген сүйіспеншіліктерін дамыту, қамқорлықпен қарауға үйрету және баулу.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану пәнімен байланыс, жұмбақтар шешу,мәтін оқу арқылы қазақ тілі және әдебиет пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар өткен сабақта жануарларды топтарға жіктеп танысқан.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында берілген тақырыпқа байланысты таныстырылым, жануарлардың тіршілігі және қорегі жайлы бейнефильмдер көру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


(Ұ) Оқушылар шеңберге шығып қораптан өздері таңдау арқылы жануарлардың суреттері берілген карточка таңдап алады. Әр бала суреттегі жануардың рөлінде болып, ол туралы не білетінінін айтады. (аты, қай топқа жатады) 2 – 3 слайд



Жануарлар әлемінің әр түрінен суреттер

Сабақ ортасы


Оқушылардың ойлау дағдыларын дамыту мақсатында жұмбақтар жасырамын.

Жұмбақтар

Мұртымен туады,

Мұртын түнде жуады. (мысық)


Сылдырдан қорқады.

Шошынып жортады. (қоян)


Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ-тоқ-тоқ соғады. (тоқылдық)

Жұмбақтың шешуін тапқан оқушыларға қол шапалақтау арқылы қошемет көрсету.


(4 – слайд)

(Ұ) Оқушылардан кімнің үйінде қандай жануар бар екенін және олардың қандай тамақ жейтіні туралы сұрау.

(Ж) Жұппен жұмыс.

Салыстыру үшін екі тізім дайындау. Біздің жейтін тамағымыздан жануарлардың қорегі несімен ерекшеленетінін талқылату.

Оқушылар өз тізімін жазады.

Адамдардың Жануарлардың

тShape2 Shape1 ағамы қорегі





оқушылар төмендегідей қортындыға келуі керек.

Қорытынды: Жануарларға арналған тамақтар шикі және өңделмеген түрінде болады. Адамның жейтін тағамы пісірілген, өңделген.

(МК) Бұдан кейін тақтадан «Жануарлардың қоректенуі» тақырыбында фильм көреді.

(Ұ) Сыныптағы оқушылар мәтінмен танысады.

Жануарлар тобындағы сүтқоректілер жабайы және үй жануарлары болып екіге бөлінеді. Жабайы жануарлар тауда, орманда, далада тіршілік етеді. Олар: аю, қасқыр, түлкі, қоян, барыс, жолбарыс, арыстан. Жабайы жануарларды ешкім бақпайды. Олар өз қорегін өздері тауып жейді, өз беттерінше өседі. Төлдерін де өздері асырайды. Үй жануарларын адамдар бағады. Үй жануарлары адамға пайда әкеледі. Олар ет, сүт береді. Сиыр сүт, ет береді. Қой мен түйенің жүнінен киім тоқиды. (5 – 7 слайд)



(Т) Мәтінмен жұмыс. Мәтінге байланысты постер жасап қорғайды.

ТАПСЫРМАЛАР:
1. Қанша топқа жатады?
2. Түрі қандай?
3. Қайда мекендейді?
4. Немен қоректенеді?

(Ұ) Бүгінгі жануарлар туралы ақпараттарды дәптерлеріне жазып алады.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян, (құлақтарымен тың тыңдау)

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы – қырлы жерлермен,

Ытқып – ытқып жүгірді. (оңға,солға секіру)

Қарап еді артына (артқа қарау)

Қиығын салып көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

(ОТ) Бағдармен қос. «Олар немен қоректенеді?» (8 – 9 слайд)

( Ұ) Сөзжұмбақ шешу.

-Үй құсы (тауық)

-Өрмек тоқитын бунақденелі (өрмекші)

-Тастан тасқа секіретін жануар төлі (лақ)

(МК) Сабақ дидактикалық материалдар арқылы пысықтаймын.

Қабілеті жоғары оқушылар суреттерге қарап әңгімелейді. Мұғалімнің көмегімен толықтырылады.



































































http://www.youtube.com/watch?v=DFQSkNzyBF8

( слайдпен)

https://www.youtube.com/watch?v=zzH5bWoueXk

(жануарлар әлемі)




























Сабақтың соңы

Кері байланыс.

Не жайлы білдік?

Сабақ барысында не қиын болды?

Не оңайға түсті?


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушылар дидактикалық материалдағы жануарлардың атын атап,олар қайда мекендейді және немен қоректенеді,олар өздерін қалай қорғайтыны туралы әңгімелейді.


Жұптық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа қандай дәрежеде қатысқанын және бағалау критерийлері арқылы бағалау

Сергіту сәтін орындау арқылы оқушылардың денсаулығына, сабақ барысында партада дұрыс отыру дағдыларына көңіл бөлу.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!