№31 «Күншуақ» МДҰ
тәрбиешісі
Онкалбаева Салтанат
Жалгасовна
«Баланы дамыту мен
тәрбиелеудегі ертегілердің рөлі»
(кеңес)
Ертегі бала тәрбиесінің
бөлінбес бөлшегі болып табылады.Оның рөлі көп қырлы:дұрыс қиялдау
білуден , дұрыс тіл дамытуға дейін.Ертегі қол жетімді тілде
балаларды өмір сүруге , ненің жақсы , ненің жаман екенін білуге
үйретеді. Ертегілер баланың өміріне әркелкілік әкеледі, оған қуаныш
сыйлайды.Ол өзінің түсінігіне тым ауыр тиетін ересектің сөзінен
гөрі, ертегіні жеңіл түсінеді.Сондықтан да егерде ересектер балаға
бір нәрсе түсіндіргісі келсе , балалықтың тілі-ертегіні еске түсіру
орынды болған болар еді.Ата-аналар ертегіні оқи отырып және айта
отырып , баланың ішкі дүниесін дамытады.
Ертегілер:
-баланың сөйлеуін
дамытады:олар сәбидің сөздік қорын байытады , дұрыс диалог құруға
көмектеседі, байланысты логикалық сөйлеуді дамытады; баланың
сөйлеуін эмоциналды әдемі бейнелі етеді сұрақтар қоя білу
шеберлегін дамытады;
-баланың эмоцияларын дамытады:
бала ертегі кейіпкерлерін елестете отырып ,кейіпкерлердің ішкі
дүниесін ұғынуды, оларға жанашырлық танытуды
үйренеді;
-мінез-құлқы пен
қарым-қатынастың негіздерін жасайды:бала жақсылықтың күшіне сенуге
үйренеді , өйткені ертегілерді жақсылық әрдайым жеңіске жетеді емес
пе? Кішкентай кезінде ертегі естіп өскен бала , ересек өмірінде
қиындықтарды оңай жеңеді-нені болсын, өмір уақыт өте келе өзі
түзетеді, бірақ баланың жадында сақталған нәрсе ешуақытта да
жоғалмайды;
*баланың қиялын елесін
дамытады, оның шығармашылық әлеуетін
оятады;
*баланың үрейленуін кетіреді,
жағымды эмоционалдық көңіл-күй сыйлайды;
*баланың мінез-құлқын түзетеді
және жақсартады, қалыптасып келе жатқан тұлғаның жағымсыз жақтарын
жеңуге көмек береді: егерде ата-ана баланың сүйкімсіз және сүйікті
кейіпкерлеріне назар аударатын болса, олар баланың ықтимал
психологиялық проблемаларын уақытылы анықтап ,түзете
алады;
*баланың кітапқа деген
сүйіспеншілігін оятады;
*әртістік қабілетін
дамытады.