Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баланы жыныстық сауаттылыққа тәрбиелеу, психологиялық қолдау, бағыт-бағдар беру
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ақтөбе қаласы
№56 жалпы орта білім беретін мектебі
ТАҚЫРЫБЫ: «Баланы жыныстық сауаттылыққа тәрбиелеу, психологиялық қолдау, бағыт-бағдар беру»
Құрастырушы: педагог-психолог:
Сатанова Жазира Амантайқызы
Ақтөбе қаласы, 2023 жыл
МАЗМҰНЫ
-
Түсіндірме жазба 3
-
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 4
-
Қойылатын талаптар мен күтілетін нәтижелер 5
-
Оқу-тақырыптық жоспары 6
-
Оқу сабақтарының кешені 7
-
«Біз-бала өміріне бей-жай қарамайтын жандармыз!» 7
танысу тренингі.
-
«Жыныстық сауаттылық дегеніміз...» лекция 8
-
«Жыныстық қауіпсіздік ережелері», лекция І 9
-
«Жыныстық қауіпсіздік ережелері», «Іш киім» ережесі, 10
«Сенің денең тек сенікі» ережесі,
« Жақсы жанасу, жаман жанасу» ережесі,
«Жақсы құпия, жаман құпия» ережесі,
«Баланың қауіпсіздігі – ата-ананың жауапкершілігі»
ережесі, лекция ІІ
-
«Жыныстық қауіпсіздік ережелері» практикумы 12
-
«Үш құтқарушы» ережесі. «Әдептілік пе, әлде
қауіпсіздік пе?» 13
-
«Баланың дамуындағы кезеңдер» лекция І 14
-
«Баланың дамуындағы кезеңдер» лекция ІІ 16
-
«Қауіпсіз қоғамды қалай қалыптастырамыз?»
«Жанұядағы атмосфераның бала өміріне әсері»
рефлексиялық тренинг. Қорытынды сауалнама. 18
-
Бағдарламаның тиімділілігін анықтау 19
-
Бағдарламаға жасалынған видеороликтердің QR-коды 24
-
Қолданылған әдебиеттер 25
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазіргі кезде қоғамдағы болып жатқан өзекті мәселелердің көпшілігі дерлік жыныстық тәрбиенің уақытылы берілмегендігі, осы салада бір ізділіктің жоқтығы және ата-аналардың өздерінің жыныстық сауаттылығының төмен екенінің айқын көрінісі. Жастайынан өзінің сезімдерін, өз денесінің, өз жынысының ерекшеліктері туралы дұрыс ақпарат алмаған бала өсе келе әртүрлі қиындықтарға ұшырайды. Соның ішінде елімізде белең алып жатқан зорлық-зомбылық, педофилияның көбеюі, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік, бауырлар арасындағы инцсет т.с.с өршіп тұрған мәселердің пайда болуының бірден-бір себебі-осы жыныстық сауаттылықтың болмауының нәтижесі. Ата-анасынан қолдау таппауы, ақпарат көздерінің дұрыс болмауы және т.б. жағдайлар баланың толық қалыптаса қоймаған психикасына ауыртпалық алып келеді. Психолог маман ретінде өз тәжірибеме сүйене отырып, алдыма келген оқушылардың мәселелерінің көпшілігінің түбі-осы жыныстық сауаттылығының төмен болуы, кейде тіптен болмауы және бұл мәселелер жөнінде сеніп айта алатын, ақыл кеңес сұрай алатын ересек адамның болмауы. Міне, осы мәселелер мені осы тақырыпқа тереңірек үңілуге алып келді.
Жалпы алғанда бағдарлама, жеңіл түрде ата-аналар арқылы оқушыларды жыныстық сауаттылыққа тәрбиелеу. Баланы жыныстық сауаттылыққа тәрбиелеу ең алдымен ата-ананың міндеті болса, оны балаға дұрыс жеткізе білуге көмектесу психологтің кәсібилігі деп ойлаймын. Өйткені көптеген ата-аналар өздері толық ақпаратқа ие емес.
Мектеп психологінің мақсаты бала бойындағы үрейді жою, өзіне деген сенімділікті арттыру, өз уақытын тиімді пайдалануға көмек көрсету болса, бұл бағдарлама арқылы біз баланың ең жақын адамы арқылы балалардың жыныстық сауаттылығын арттырып қана қоймай, сонымен қатар ата-аналарды балаға қолдау білдіруге, баламен сырласуға, балада болатын көптеген мәселелердің алдын алуға бағыт-бағдар береміз.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Бағдарламаның мақсаты:
-
Баланы жыныстық сауаттылыққа тәрбиелеуде ата-аналарға психологиялық қолдау;
-
Ата-аналарға жыныстық сауаттылыққа тәрбиелеудің маңызы мен өзектілігін ұғындыру;
Бағдарламаның міндеттері:
-
Ата-аналарды жыныстық сауаттылыққа тәрбиелеу тақырыбында дұрыс ақпарат көздерімен таныстыру;
-
Ата-аналарға ақпаратты балаға қалай жеңіл, әрі оңай түсіндіруге көмектесу;
-
Ата-ана мен бала арасында сенімді қарым-қатынас қалыптастыру;
Оқытудың әдіс-тәсілдері:
-
Сауалнамалар
-
Лекция
-
Коммуникативтік және мінез-құлыққа арналған тренингтер
-
Рольдік ойындар
-
Қағазбен жұмыс, сурет салу
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР МЕН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Жүргізушіге қойылатын талаптар
Жұмыс кезінде жүргізуші:
-
Жүргізуші арнайы дайындықтан өткен психолог бола алады;
-
Жүргізушінің жасерекшелік психологиясын жетік білуі;
-
Тренингтің сәтті өтілуін және нәтижелілігін анықтайтын психологтың жеке тұлғасы маңызды фактор болып табылады. Сондықтан жұмыс барысында жүргізуші жзағымды атмосфера құра білуі қажет.
Күтілетін нәтижелер:
-
Ата-ана мен бала арасындағы сенімді, жылы қарым-қатынас;
-
Жағымды психологиялық ахуал;
-
Ата-ананың мектеп өміріне белсене араласуы;
-
Ата-ана өз баласына кез-келген жағдайда қолдау көрсете білуі;
-
Ата-ана өзінің және баласының эмоциялық жағдайын тұрақтандыруға дағдылануы;
-
Өз баласының өзіндік «МЕНІН» қалыптастыруға үйренуі;
-
Ата-ана баласын жыныстық сауаттылыққа тәрбиелеуде ұтымды шешеімдер қабылдай білуі;
-
Бала тәрбиесінде өзін дамытуға деген құлшынысының артуы.
ОҚУ-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Сабақтың жиілілігі: 2 аптада 1 рет
Ұзақтығы: 40-50 минут
-
Сабақтар
Атауы, түрі
Сағат саны
1-сабақ
«Біз-бала өміріне бей-жай қарамайтын жандармыз!» танысу тренингі. Сауалнама
1 сағат
2-сабақ
«Жыныстық сауаттылық дегеніміз...» лекция
1 сағат
3-сабақ
«Жыныстық қауіпсіздік ережелері», лекция І
1 сағат
4-сабақ
«Жыныстық қауіпсіздік ережелері», «Іш киім» ережесі, «Сенің денең тек сенікі» ережесі, « Жақсы жанасу, жаман жанасу» ережесі, «Жақсы құпия, жаман құпия» ережесі, «Баланың қауіпсіздігі – ата-ананың жауапкершілігі» ережесі, лекция ІІ
1 сағат
5-сабақ
«Жыныстық қауіпсіздік ережелері» практикумы
1 сағат
6-сабақ
«Үш құтқарушы» ережесі. «Әдептілік пе, әлде қауіпсіздік пе?»
1 сағат
7-сабақ
«Баланың дамуындағы кезеңдер» лекция І
1 сағат
8-сабақ
«Баланың дамуындағы кезеңдер» лекция ІІ
1 сағат
9-сабақ
«Қауіпсіз қоғамды қалай қалыптастырамыз?» «Жанұядағы атмосфераның бала өміріне әсері» рефлексиялық тренинг. Қорытынды сауалнама.
1 сағат
Барлығы
9 сағат
ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ КЕШЕНІ
№1-сабақ
Мақсаты: қатысушылармен танысу, қатысушылар толық ашыла алуы үшін сенімді жылы атмосфера құру, тақырып бойынша қатысушылардың білім деңгейін зерттеу.
«Есімің және хоббиің» жаттығуы:
Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады.
-
Құрметті ата-аналар бір-бірімізбен танысып, жақсы атмосфера құру мақсатында, қазір бірінші адам атын айтады және хоббиін, яғни сүйікті ісін айтады. Екінші адам бірінші адамның атын және хоббиін қайталайды, сосын өзінің атын және хоббиін айтады, осылайша соңғы адамға дейін бәрінің атын және хоббиін есте сақтайтын боламыз. (жүргізуші)
«Ережелер құрастырайық!»
-
Құрметті ата-аналар кез-келген топта ереже болатын сияқты біз бүгін біріп отырып, өнемі кездескенде сақталатын ережелерді орнатамыз. Әр адам бір-бір ержеден айтады және оны барлығымыз талқылаймыз.
«Сауалнама»
-
Жыныстық сауаттылығыңызды 5-10 балдық шкала бойынша нешеге бағалайсыз?
_____________________________________________________________
-
«Іш киім» ережесі дегеніміз не?
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
-
Балаңызбен жыныстық сауаттылық тәрбиесін неше жаста бастау керек деп ойлайсыз?
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
-
Баланың дамуындағы кезеңдер туралы не білесіз? Нешеу?
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
-
Баланыз сізбен қаншалықты ашылып, еркін сөйлесе алады? Барлық сұрақтарын қиналмай қояды ма?
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
№2-сабақ
Мақсаты: Жыныстық сауаттылық тақырыбы туралы қалыптасқан мифты жою, тақырыпты тереңірек ашу, ата-аналардың жыныстық сауаттылық тақырыбын баламен талқылаудағы қорқынышын жеңуге көмектесу.
«Жыныстық сауаттылық дегеніміз...» лекция
Жыныстық сауаттылыққа тәрбиелеу бұл, ең бірінші, балалар мен жастардың қауіпсіздігі үшін қажет. Өйткені, бұл тақырыпта стереотип көп. Жастардың жыныстық сауатын ашу туралы айтқан кезде көбі оны "жыныстық қарым-қатынасқа түсуді үйрету" деп түсінеді. Олай емес. Бұл – балалар мен жастардың жыныстық сауатын арттыру арқылы, оларды физикалық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғану мен гендерлік теңдікке үйрету. Десе де, адамдар гендерлік теңдік дегенді де дұрыс түсіне бермейді. "Бізде бәрі жақсы" деп ойлайды. Ал шынында, бізде бәрі жақсы емес. Қыздар мен әйелдерге зорлық көрсететіндер көп. Себебі, олар өзін қорғауды, "жоқ" деп айтуды білмейді. Ал, ұл балалар олай істеуге болмайтынын түсінбейді. Жыныстық сауат осы мәселенің шешімі бола алады. Балаларға кішкентай кезінен бастап өзінің және басқа адамдардың жеке шекарасын сақтауды, өз тәнін өзі басқаруды, не істеуге болатынын немесе болмайтынын үйрету керек. Бала өзі қаламайынша, ешкім оның денесіне қолын тигізе алмайтынын, өзі де рұқсатсыз ешкімнің денесіне тиіспеуі керек екенін ұғынуы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, сыйластық, достық, махаббат дегеннің не екенін білуі қажет.
Қай жастан бастап айта бастау керек?
– Бізде балаға бұл туралы айтуға әлі ерте деп жатады. "Тек 11-сынып оқушыларына ғана айтуға болады" дейтіндер бар. Бұл кезде жай болып кетеді.
Зерттеу деректеріне сүйенсек, Қазақстанда жастар жыныстық қатынасқа түсуді орта есеппен 16,5 жасында бастайды. Ал 16-19 жастағы адамдардың 46 пайызы жыныстық жолмен берілетін инфекция жұқтыру мен жасанды түсіктің салдары туралы білмейді.
Бұл зерттеуді Денсаулық сақтау министрлігі мен Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы 2018 жылы жүргізген. Яғни, бұл ойдан шығарылған нәрсе емес. "Менің балаларым секс туралы білмейді. Олар әлі кішкентай" дейтін ата-аналар бар. Балаларымыз ештеңе білмейтініне сенгіміз келеді. Бірақ, біз айтпасақ та, бала бәрібір бұл туралы достарынан, сыныптастарынан, ауладағы балалардан естіп-біледі.
«Рефлексия» кері байланыс
-Құрметті ата-аналар естіген ақпараттан кейін қандай сезімде отырсыздар?
-Осы ақпаратқа қаншалықты келісесіздер немес қарсы пікір білдіресіздер?
№3-сабақ
Мақсаты: Балаларды жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғау шараларын үйрету, қауіпті адамдарды анықтауды үйрету, жыныстық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
«Жыныстық қауіпсіздік ережелері», «Іш киім ережесі» лекция
Жалпы біздің қоғамда бұл тақырыпта сөйлесу өте қиын. Соның ішінде ата-ана мен баланың арасында бұл тақырып кейде мүлдем қозғалмайды. Тіпті кейде ерлі-зайыптылардың арасында да бұл тақырыпты қозғау қиынға соғып жатады. Оған бірден-бір себеп ол ата-аналардың өздерінде жыныстық сауаттылықтың төмендігі .
Әңгімені неден бастарын білмей қиналып жатады. "Мәдениетімізге жат" дейміз, "ұят" дейміз. Балалар ата-анасынан ұялады. Бірақ, біз жыныстық сауат туралы жиі-жиі айта бастасақ, ол да қалыпты тақырыпқа айналып, орынсыз ұялу азаяр еді.
Елімізде педофильдердің көбейіп, күннен күнге теледидардан әртүрлі суық хабарлар еститініміз де рас. Балаларға зорлық көрсететіндердің басты нысаны да – ата-анасынан қорқатын, жыныстық қатынас тақырыбында ештеңе білмейтін балалар. Олар сосын баланы "ата-анаңды өлтіремін", "суретіңді таратып жіберемін" деп, қорқытып, бопсалайды. Ата-анасымен ашық сөйлесе алмайтын бала мұның бәріне көніп жүре береді. Кейде бұл жағдай суицидпен аяқталуы да мүмкін. Яғни, ата-ана баласымен неғұрлым ашық және сенімді қарым-қатынас құра алса, баласын қорғау мүмкіндігі соғұрлым көп болады.
«Балаға бұл тақырыпта қалай айту керек?», «Қай жаста айта бастау керек?» - деген сауал туындаған болар көкейлеріңізде.
Ендеше,
-
Ең алдымен баланы жыныс мүшелерін атымен атауды үйретіңіз;
-
«Іш киім» ережесін жаттатыңыз, күнделікті еске салып отырыңыз;
-
Ережелерді өзіңіз де сақтаңыз
-
Баланы бейтаныс адамдар алдында өзін қалай ұстауы керек, денесінің қай бөлігін көрсетпеу керектігін ескертіңіз;
-
Балаңызды таныс адамдардың алдында қалай ұстауы керектігін үйретіңіз;
-
Туыстар арасында да сақтық ережелерін сақтаттыруды ұмытпаңыз;
№4-сабақ
Мақсаты: Балаларды жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғау шараларын үйрету, қауіпті адамдарды анықтауды үйрету, жыныстық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
«Жыныстық қауіпсіздік ережелері» лекция ІІ
«Іш киім» ережесі
«Іш киім» ережесі қарапайым нұсқаулық болып табылады. Бұл ата- аналарға көмектеседі. Бұны балаға 3 жасынан бастап айта бастаймыз. Демек жыныстық сауаттылықтың негізгі бөлімі 3 жас кезеңінен бастау алады деуге болады. Іш киім жауып тұрған денең