400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баланы логопедке қашан апарамыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға,жас ата-аналарға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Нурманова Назира Ташкенбаевна

Мұғалім- дефектолог

Алматы қаласы, Алатау шағын ауданы

7 Жалпы білім беретін мектеп

Байланыс телефоны: 87073298271


Баланы логопедке қашан апарамыз?


Негізі ата-аналар екіге топқа бөлінеді. Бірі кез-келген жағдайда баласын дәрігерге апаруды дұрыс санаса, бірі баласының 3 жасқа дейін тілі шықпауын қалыпты санап жүре береді. Осы орайда ата-аналарда біраз сұрақтар туындауы мүмкін. Сол сұрақтарға жауап беріп көрейін:


-Баланы логопедке қашан апарамыз?

-Ер бала, қыз балаға қарағанда кеш сөйлейтіні рас па?

-Бала анық сөйлесе логопедке апарудың қажеті қанша?


Логопедке алғаш рет бару


  • Баланы логопедке 7 айлық кезінде апарған жөн. Егер жеңіл жүйкелену артикуляциялы аппараты дизартриялық бұзылыстармен орын алса, маман ата-анаға не істеу керектігін айтып, жеңіл массаж жаттығуларын жасауға кеңес береді немесе неврологқа жібереді.Бұл

жарақат босану немесе босану алдында орын алуы мүмкін.


Алғашқы сөз


  • Егер 2 жасқа дейін бала екі сөздің басын қосып айта алмаса, логопедке бару керек.

Ер балалар қыз балаларға қарағанда кеш сөйлейтіні рас па?

  • Жоқ, бұл қате түсінік. Ер балалардың тілі кеш шығуы сирек кездесетін жағдай.


Бала жалқаулықтан сөйлемей ме?


  • Логопедияда мұндай түсінік жоқ.Егер бала 3 - 4 жасқа дейін сөйлемесе, логопедпен қоса психиатр маманына да барып көріну керек. Ата - ана баласының 3 жасқа дейін сөйлемеуін қалыпты жағдай деп есептесе, бұл үлкен мәселе. Сөйлеу - ойлаудың жанама функциясы. Қысқаша айтқанда сөйлеу болмаса, логикалық ойлау да жоқ. Әрине, кішкентай балалар үлкендер сияқты түрлі темпераментке ие, бірі сөйлегіш болса, енді бірі- тұйық болады. Ең дұрысы, 3 - 4 жасқа дейін созбай ертерек баланы маманға көрсеткен жөн.



Бала түсініксіз сөйлесе...


  • Егер бала сөзін тек ата-ана ғана түсініп, басқалар түсіне алмаса, ол да логопедтік мәселе болуы мүмкін.


Егер бала тілі анық болса, логопедке бару қажет пе?


  • Егер бала жақсы дамып келе жатса, 3 - 4 жасында барлық дыбыстар анық болса, әрине, логопедке бару қажет емес. Кейде мынадай жағдай болады,бала тілі анық болса да, мектепке барғанда қате жаза бастайды.Сондықтан мектепке бармас бұрын, баланы логопедке көрсету керек. Маманға бару арқылы қате жазу мен оқудың алдын ала - аласыз. Бастысы, салғырттықтың кесірінен сан соғып қалудан аулақ болған жөн.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2021
822
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі