Материалдар / Баланы қоршаған кеңістікте ойлау қабілетіне үйрету әдістемесі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баланы қоршаған кеңістікте ойлау қабілетіне үйрету әдістемесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас ұстаздарға, сонымен бірге көркем еңбек пәнінен сабақ беретін ұстаздарға арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2021
592
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баланы қоршаған кеңістікте ойлау қабілетіне үйрету әдістемесі.

Сабақ үстінде жүргізілетін төрт дағдының ең күрделісі жазылым дағдысы екені кез келген ұстазға мәлім дүние. Қалған үш дағдыны механикалық түрде орындауға болады. Ал жазылым дағдысы жинақтау, талдау, бағалау сатыларында сараланып, ой түйіп, қағаз бетіне түсетін баланың асыл ойларының нәтижесі.

Үлкендерге қарағанда бала өте байқампаз, жауап іздегіш, айналаның барлық сырын ұғып алғысы келетін дана тұлға. Расында бала қиялы шексіз және батыл, егер дер кезінде үлкендер тарапынан қанағаттанарлық жауап алып өскен бала болса.

Неге кейбір оқушылар шығармашылықпен айналысқанда үлгіден аса алмайды?

Біздің ең үлкен қателіктеріміздің бірі баланы дана деп емес, бала деп қарауымызда деп ойлаймын. Баланың көзі мен құлағының, қиялының арасы жақын. Ол әңгіменің төркініне барып саралап жатпастан, қиялымен ойланады, қиялымен өмір сүреді. Ертегі тыңдаған баланың эмоциясына зер салсаңыздар, аузы салпиып, құлағы қалқиып кейіпкерлермен бірге жүргендей әсерде болады, өйткені олардың психологиясы әлі қалыптасып үлгермеген нәзік, кез келген құбылыс, сөз, әрекетке әсерленгіш.

Бала ол сұрағыш... Ол жауап іздегіш..

Үнемі барлық сұрағына толыққанды жауап алып өскен бала шығармашыл, байқағыш болып өседі. Керісінше, үлкендер тарапынан тамақтануы мен киіміне ғана жауапкершілікпен қарап, бала жанының жан сарайына үңілмегендіктен де, көп нәрсеге тиым салып отырғандықтан да, кейбір оқушылардың шығармашылықпен айналысқанда үлгіден аса алмауының негізгі себептері де осында жатыр деп ойлаймын.

Педагог ретінде мектепке келгенде кездескен алғашқы кедергім, оқушылардың үлгіден аса алмайтындықтарын байқадым. Үй салса, төртбұрыш екі терезе, бір есігі бар, гүл салса раушан гүл, адамды бейнелесе, қимыл қозғалыссыз бері қарап тұрған бейнелер салатынын байқадым. Аталған суреттер тек үлгілер. Мұнда шығармашылық, қызығушылықтар жоқ. Оқушыларда байқағыштық, ойлау кеңістігін тереңдету, санаға түйіп алу қабілеттерін үйретуден бастау керек екендігін түсіндім. Мысалы «бүгін сыныпта қызыл жейде киіп келген кім? Бастарыңызды бұрмай жауап беріңіздерші?», «Үйден мектепке дейін келер жолда, қанша сары гүлді көрдіңіздер?», «Бақ- бақ пен раушан гүлін салыстырыңдаршы?» сияқты әдіс- тәсілдер оқушының байқағыштық, қызығушылық қабілеттерін оятатынын басты назарға алдым. Оқушыны кеңістікте ойлау қабілетіне қалай үйретеміз?

Кез- келген шығарманы жазғанда бала бірінші кеңістіктің тереңдігін білуден бастау керек. Ол үшін заттардың сұлбаларын салыстыра алу қабілетіне үйреніп, оны кеңістікке жайластыра алу мүмкіндігін игергені дұрыс. Мысалы: «Парақ бетіндегі екі алманың өлшемдері бірдей, неге суретші бір алманы кішірейтіп салған?», «Суретші неге қызды үйден үлкен етіп бейнелеген?», Ш. Ноғайбаевтың «Алмұрттар» картинасындағы натюрмортта заттар бір-бірінен белгілі қашықтықта орналасқан. Бізге жақын немесе алысырақ орналасқан заттардың айырмашылықтары мен ара қашықтықтары да айтарлықтай үлкен де емес сонда да картинадағы кеңістік пен тереңдікті байқау оңай байқалып тұр. Неге деп ойлайсыз? Натюрмортта бірінші қандай заттар тұр? немесе, сымтетік арқылы, отырған оқушыларды суретке түсіріп, бірден үлкен экранға шығарып, неге бірінші партадағы оқушылар үлкен, соңғы партадағы оқушылар кішкентай болып тұр? Аталған сұрақтың жауабы кеңістіктің тереңдігі туралы оқушы білімінің жауабы болады. Қағаз бетін кеңістікке айналдырудың ең оңай тәсілінің бірінің мысалы, қағаз бетіне сиярлықтай төртбұрыш бейнелейміз, оның ішіне екінші кіші төртбұрышты бейнелейміз, осылайша төртбұрыштардың ішіне бір- бірінен кіші төртбұрыштарды бейнелеп, оларды бұрыштары арқылы біріктіреміз, сонда сызықтық перспективаның бірінші ережесіне сәйкес, әрбір төртбұрышты кеңістік деп елестететін болсақ, қабырға мен төбенің қиылысқан бұрышындағы сызықтар қарама- қарсы қабырғаға қарай алыстаған сайын тарыла бастағанын байқаймыз. Егер бала дайын тапсырманы бірден көретін болса, түсініксіз болып, әсер етпеуі мүмкін ал, осы кеңістіктің тереңдігін өз қолымен бірте- бірте орындаса, оқушыда кеңістіктің тереңдігін байқау қабілеті пайда бола бастайды. Балаларға кеңістік тереңдігін одан ары меңгеру мақсатында: «Балалар, мұны алыстап бара жатқан кеңістік деп ойлап, әр кеңістіктегі жазықтыққа көлемі бірдей алма орналастырыңдаршы?» тапсырмасы кеңістіктің бізден алыстап бара жатқанда тарылуына байланысты, әр кеңістіктегі алманың көлемі бірдей болғанымен кішірею керектігі туралы білім қалыптасып, перспектива әсерін байқап, жазықтық бетін қалай кеңістікке айналдыруға болатынын біліп, бейнелеу өнерінің құпияларын меңгеріп, орынды қолдана білуге үйренеді.

Кейде, көрмеге шығарылған оқушылардың жұмыстарынан, бейнелеу өнерінің өзіне тән қателіктер жіберілгенін көруге болады. Мысалы, үшінші сынып оқушысының сауат ашудан жазған бақылау жұмысының қателіктерін, кез- келген сауатты адам қөріп түзей алады немесе оқушыға ескерте алады. Сол сияқты өнерде де білім стандарттары бар, үшінші сыныптың бейнелеу өнерінен жазған шығармасында перспектива, композиция, композициядағы тепе- теңдік, пропорция заңдылықтары сақталып сауатты жазылуы керек. Бейнелеу тәсілдерін меңгерген оқушыда да, әріптерді түгел танып, сауатты оқи алу қабілеті сияқты, бейнелеу тәсілдерін еркін меңгергенде, шығармашылық шабытына еркіндік беріледі.

Оқушы ойы мен жұмыс дағдысы бір арнаға түсіп, қағазға дәл, өз ойындағысын түсіруі кейде оқушының ішкі эмоциясын сыртқа шығаруына көмектеседі. Мұғалім оқушының салған шығармаларына қарап, кішкентай тіршілік иесінің жан сарайында болып жатқан құбылыстардан хабардар бола алады. Салынған сурет арқылы қауіп қатердің алдын алуға да болатын жайттар орын алып жатады. Бала шығармасындағы солғын бояулар мен қорқынышты сұлбалар оның үрей сезімінен, жан тыныштығының мазасыздығынан хабар береді. Керісінше, ашық бояу мен көңілді суреттер жан шуағының мейірімге толы бақытты екендігін білдіреді. Мұғалімнің міндеті барлық оқушының ойын, қағаз бетіне қиналмай, еркін түсіре білуге жағдай жасау. Кішкентай тіршілік иесінің жан сарайының көмекшісі болу.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!