Материалдар / Баланың балабақшаға бейімделу кезінде ата-аналарға психологиялық кеңес.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баланың балабақшаға бейімделу кезінде ата-аналарға психологиялық кеңес.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейімделу жайлы психологиялық кеңес
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баланың балабақшаға бейімделу кезінде ата-аналарға психологиялық кеңес.

Баланы балабақшаға беру немесе бермеу жағдайы отбасының барлық мүшелерінің эмоциялық күйіне, отбасының маңызды мәселелеріне байланысты. Қазіргі уақытта көпшілік ата-ананы “Бала үшін балабақша қерек пе?” – деген сұрақ толғандырады. «Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленген бала мектепке тез бейімделеді, әлеуметтік қатынасқа жақсы түседі, құрдастарымен қарым-қатынасты оңай орната алады» – деген түсінік қалыптасқан.

Баланың балабақшаға бейімделуі өзінің психо-физиологиялық және тұлғалық ерекшеліктеріне, отбасылық қарым-қатынастарына, мектепке дейінгі мекемедегі қатысу шарттарына байланысты.

Анасынан және отбасы мүшелерінен тыс жерде ересектермен, өзге балалармен жаңа қарым-қатынас орнату бала үшін қиындық тудырады. Әр бала жаңа ортаға әртүрлі бейімделеді. Мысалы, 2-3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс, өйткені анасымен тығыз қарым-қатынаста болған соң, , анасының жоқ болғаны баланың қарқынды қарсылығын туғызады, әсіресе бала сезімтал болса. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі.

Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:

Дәретке өзі сұранып, отырып үйренбегендіктен;

Кейбір тағамдарды жеу дағдысының жоқтығынан, мысалы: қызылша, орамжапырақ, картоп;

Балабақшаға келгенде ата-анасы алғашқы күндері 2 сағатқа қалдыру керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, балаларын күні бойы балабақшада қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.



Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар.

Жеңіл түрі – баланың мінез-құлығы 10-15 күн шамасында қалпына келеді;

Орташа ауырлық бейімделу -1 айдың ішінде;

Ауыр бейімделу – 2 айдан 6 айға дейінгі аралықта болады:

Бала өзін өзінің отбасында еркін ұстау ережелері қалыптасып қалған. Балабақшаға келген күннен бастап , баланың үйреншікті өмір сүру ортасы өзгереді.

Бұл неден көрініс табады?

Баланың эмоционалды жағдайы, ұйқысы, тәбеті нашарлайды;

Дене қызуы көтерілуі мүмкін;

Бала бойында қалыптасып қалған жақсы қасиеттерінің жоғалуы мүмкін;

Иммунитеттің төмендеуі, салмағының азаюы мүмкін. Бала ортаға бейімделгеннен кейін эмоционалды жағдайы қалпына келеді.

Қатты қобалжулары бар ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата-анасының қобалжуын көріп, баланың қорқыныш сезімі ұлғая бастайды. Осы кезде ата-аналар балаға көмек беруі керек.

Психологтің кеңесі:

Бала балабақшаға келмес бұрын оны көпшілік ортаға, ойын саябағына, жиындарға ерітіп апарған дұрыс. Бала осылайша көпшілік ортаға тез бейімделіп, өзімен қатар балалармен тез тіл табысады;

Балаңыз баратын топтың тәрбиешісімен алдын ала танысып алыңыз. Балаңыздың бойындағы жеке ерекшеліктерінен хабардар етіңіз;

Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып, баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз;

Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуді үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, дәретке сұрану т.б;

Балаңызды ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын.

Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата-ана жағынан болуы қажет. Балабақша туралы, тәрбиешілері туралы тек жақсы ойлар айтып, балаға балабақша жайында жақсы әсер қалдырыңыз:

Бейімделу кезінде үйде демалыс күндері балабақша режиміне сай ұйықтап, тамақтанған жөн.

Балабақшаға бала тек ауырмай келуі қажет.

Психолог маманы баланың балабақшағакелген күнен бейімделуін бақылауға алады. Балабақшада баланың өзін еркін сезінуінен басқа, оның ұжымға араласуға психологиялық дайындығы да аса маңызды. Баланың көңілін ашық, жылтыр заттар өзіне аударады. Мысалы: сабын көпіршіктері, шарлар. Тәрбиешілер баланың назарын топтағы ойыншықтарға аудару қажет. Саусаққа киетін ойыншықтарды алып баламен сөйлесу, доппен ойын ұйымдастырып, жаңадан келген балаларды шақыру керек. Эмоция балалардың өмірінде маңызды роль атқарады. Олар шындықты ұғындыруға және дұрыс қарым-қатынас құруға көмектеседі. Сезім бет-әлпетімізде, іс-әрекетте, ым-ишарадан көрініп тұрады. Тәрбиешілер мен психологтардың балалармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауындағы басты мақсаты – баланы өзі туралы айтуға, өзінің сезімі, ойы, әдеті туралы әңгімелесуге, оны ой елегінен өткізіп баға бере білуге, тек өзіне ғана емес, жанындағы адамдарға да көңіл аудартып, оларды өзіндік табиғи болмысымен қабылдап, ізгі-ниет, ықылас таныта білуге, эмоционалдық көңіл-күй мен мінез-құлықты ұғына білуге үйретуден басталады. Баланың қабілеттерін ашуда, дамуында, бойындағы икемділіктерін байқауға, баланың психологиялық және жеке тұлғалық дамуындағы болатын кемшіліктерінің алдын алуда психологиялық көмектің маңызы зор.

Баланың балабақшаға бейімделуі оның жағдайы мен көңіл-күйінің тұрақтануы болып табылады. Балалар жаңа ережелерге, бір-бірімен сыйластыққа үйренеді. Ең бастысы, ата-ана баланың балабақшаға бейімделуіне өз ықыласы бар екенін түсінуі тиіс.

Балабақша туралы баламен әңгімелескенде, онда көп нәрсе үйренуге, баланың және тәрбиешісімен достасуға болатындығын айту қажет. Ата-ананың сенімділігі, жайлылығы балаға сенімділік берері сөзсіз.

Егер де балаңыз жоғарыда айтылған машықтардың бәріне әдеттенген болса, онда ол балабақшаға баруға толығымен дайын. Дегенмен де, баланы балабақшаға дайындауға көбірек уақыт бөлсеңіз, оның жаңа өмірге бейімделуі оңай болмақ.

 Қостанай қаласы. №11 балабақшасы

Педагог-психолог маманы: Турганова Диана Маратқызы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!