Материалдар / Баланың балабақшаға бейімделуі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баланың балабақшаға бейімделуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқаша тусінік ретінде материалдың басқаларға пайдасы тиетің форматы туралы ақпарат жазуға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2024
164
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-аналар жиналысы №1

Тақырыбы : Баланың балабақшаға бейімделуі.

Мақсаты:  Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.  Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру;

Жоспар

1.  Кіріспе сөз

2.  Психогимнастика : «Мен сені көргеніме қуаныштымын...............»

3. Балабақшаның күн тәртібі

4. Ата-ана мен балаға байланысты ситуация шешу

5. Сұрақтарға жауап беру

6. Ата-аналар комитетін сайлау.

7. Сұрақ-жауап алмасу.

8. Қорытынды.

Тәрбиеші:               
Құрметті ата - аналар! Сіздерді біздің балабақшада көргенімізге қуаныштымыз. Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен балабақша. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат. Олай болса біз сіздермен ең алдымен танысып алайық.

«Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы

Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау. Жаттығу барысы Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек. Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма? Көршіңіз «Мен сізді көруге қуаныштымын » деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?

Балабақшаның күн тәртібітуралы айту

Бағдарлама, ең алдымен, балалардың жеке және біріккен әрекеттерін тиімді ұйымдастыру барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке даралықты, денені дамытуға, психикасын және эмоционалды жетістігін нығайтуға бағытталған. Осыған байланысты бағдарлама 5 сала арқылы іске асады. Оның 4 біз жұмыс жасаймыз. Олар шығармашылық, таным, қатынас және денсаулық.

  • Шығармашылық саласының базалық мазмұны:

  • Сурет бояу

  • Баланы сурет бояуына , мүсіндеуге ынталандыру және жағдай жасау

  • Бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыру

  • Түс, сызық, дақтарды қолдана отырып, қоршаған ортадағы нақты шындық құбылыстарын бейнелеу жолдарына үйрету.

  • Сурет салуға арналған материалдар туралы ұғымдарын толықтыру.

  • Жапсыру

  • Қарапайым жапсыру әрекеттерінде тәжірибе жинақтауға көмектесу.

  • Ересектермен бірлесіп, затты желімсізжапсыруды түсінуге және құрылымына қарай жеке бөліктерден бейнелер құрастыруға үйрету.

  • Жапсыру барысында қағаздың бетін дұрыс пайдалануға үйрету.

  • 2-3 бөліктен тұратын затттарды құруға үйрету.

  • Музыка

  • Музыкаға қызығушылықтарын және оның бейнелі мазмұнын ажырату қабілеттерін дамыту.

  • Таным саласының базалық мазмұны:

  • Қоршаған ортамен таныстыру:

  • Балаларға қоршағанаттардың алуан түрлі қызметін айқындауға және олардың адам өмірі, табиғат құбылыстары туралы түсініктерін толықтыру.

  • Қоршаған ортадағы құбылыстар мен адамдардың кейбір мамандықтарымен таныстыру.

  • Адам бойындағы қаситеттерді дамыту.

  • Сенсорика:

  • Баланың сенсорлық саласын кеңейту, қабылдауы, назары мен пәндік манипуляциялық іс-әрекетін дамыту.

  • Заттардың ерекше қасиеті ретінде түсті, көлемді, пішінді атап көрсете білуге үйрету.

  • Құрастыру:

  • Қарапайым құрастыру жасауға бейімделу, сенсорлық қабілеттері мен қарапайым құрастыру біліктерін дамыту.

  • Құрылыс материалдарының негізгі түрлерімен таныстыру.

  • Қарапайым құрылыс салып оларды қалпына келтіру.

  • Қатынас саласының базалық мазмұны:

  • Тіл дамыту:

  • Ересектердің тілін түсіне ,баланың бастамашылық жәнежауап бере білу тілін дамыту.

  • Балалардың жалпыға ортақ зат есім, сын есім, етістік, үстеу және қосымшалармен пассив және белсенді сөздіктерін кеңейту

  • Тілдің грамматикалық құрылымын, дыбыстық мәдениетті, байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру.

Ата-ана мен балаға байланысты жағдаяттарды шешу.

Үрленген шардың ішінде жағдаяттар жазылған. Сіздер сол шарды жарып, ішіндегі жағдайды оқып, сол жағдайдан шығу жолдарын ұсыныңыздар.

1. Сіз балаңызбен саябақта қыдырып жүріп, өсіп тұрған әдемі гүлдердің біреуін жұлып алдыңыз. Сол кезде балаңыз сізге: «Ана, ол гүлді неге жүлып алдың? олай жасауға болмайды ғой»-деген сөзін естігенде сіз не істейсіз? Балаға қандай жауап қайтарасыз?

2. Сіз балаңызбен аулаға серуендеп, балаңызбен ойнап келуге шықтыңыз. Ойын алаңында сіздің балаңызбен тектес жасар балалар ойнап жүр. Сіздің балаңыз да сол балалардың қастарына ойнауға барды. Бірақ басқа балалар сіздің балаңызды ойынға қоспай тұр. Ал сіздің балаңыз мұңайып, жылап тұр. Сол кезде сіз қандай әрекет етер едіңіз?

1.Егер балаңыз балабақшаға келгісі келмесе, қандай амалдар қолданасыз?

2. Балаңызға жиі-жиі ертегі айтып бересіз бе?

3.Балаңызбен қандай ойындар ойнайсыз?

4.Теледидардан балаларға арналған қандай бағдарламаларды қарайсыздар?

5.Өзіңіздің балалық шағыңыз туралы балаңызға айтасыз ба?

6. Баламен қандай тілде сөйлесесіз?

7.Өзіңіздің бала кезіңіздегі тәрбие мен қазіргі кездің тәрбиесінің айырмашылығы бар ма? Қандай?

8.Бала тәрбиесінде сізге кездескен қиыншылықтар, оны шешудің жолы қандай?

9.Балаңыздың денсаулығына қалай көңіл бөлесіз?

10.Балаға ойыншық алғанда ойланып аласыз ба, әлде кез кеген ойыншықты ала бересіз бе?

Ата –аналар комитетін сайлау.

Сұрақ – жауап алмасу.

Ата-аналар жиналыстан алған әсерін білдіруде.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!