Ата-аналар
жиналысы
Тақырыбы: «Баланың балабақшаға
бейімделуі»
Тәрбиеші:-Құрметті ата-аналар! Мен
сіздермен бірінші ата-аналар жиналысында кездескеніме қуаныштымын.
Менімен сізді байланыстырып тұрған әрине балалар.Сол балаларымыз
аман болсын!Балаларыңыз сіздерді тек жақсы қылықтарымен қуанта
берсін дей келе бүгінгі алғашқы жиналысымызды ашуға рұқсат
етіңіздер.
Күн тәртібінде қаралатын
мәселелер:
1.Тренинг
«Кел
танысайық!»
2. Баяндама «Баланың
балабақшаға бейімделуі» Баяндамашы
С.Қимылова
3. «Тазалық-денсаулық кепілі»
тақырыбында балабақша дәрігерінің
баяндамасы
4.Ата-аналар төрайымын және
мүшелерін сайлау
5. Тренинг «Тілек
шоғы»
Адамның өзге тіршілік иесінен
айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау,
адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес,
бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби
бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек,
тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай
бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі
екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне
осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
Олай болса біз сіздермен ең алдымен танысып
алайық.
Тренинг: «Кел
танысайық!»
Ата – аналар бәріміз шеңбер
құрып тұрайық. (шеңберге
тұрады)
Алдымен мен бастап айтайын.
Менің есімім Самал. Мен балаларыңыздың тәрбиешісімін. Бүгін
сіздерді көргеніме қуаныштымын Осылай бір бірімізді таныстырып
өтейік. Бір біріміздің тілегімізді қайталамайық. Бүгінгі жиналыс
жақсы өтсін, сәттілік тілеймін деген сияқты тілектер айтуға
болады.
2.Баяндама.
Баланың балабақшаға
бейімделуі , баланың бейімделуіне байланысты жүргізілетін
іс-әрекет
Баланың әлеуметтенуі қашан
қайда басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде.
Балабақшада таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады,мінез
құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайға бала қалай
үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және
ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды,балалармен және үлкен
адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген
қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға
қатыстырмайды. Баланың балабақшаға қиын бейімделу
себептері:
- Басқа
адамдармен бұрын қалып
көрмегендіктен,
- Дәретке өзі
отырып үйренбегендіктен.
- Балабақшаға
келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу
керек.
Ертеңгілік қоштасуды
жеңілдету тәсілдері:
-Баламен тез қоштасып
үйреніңіз. Қоштасуды
созбаңыз.
Бала сіздің қобалжығаныңызды
көріп, тыныштануы ұзаққа
созылады.
-Балаңыз сізге сенсін десеңіз,
балабақшаға әкеліп, көрінбей қашып
кетпеңіз.
-Балаңызға ұнайтын қоштасу
рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал
ұстаныңыз.
-Балабақшаға барғаны үшін жаңа
ойыншық сатып алып, балаңызды
алдарқатпаңыз.
-Балаға анық түсінік беру
керек.
Бір рет болсын баланың дегенін
істесеңіз әрі қарай баланы көндіру өте қиынға
түседі.
2 -3 жастағы балалар үшін
балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың
эмоциялық жағдайы көп өзгеріске
түседі.
Сондықтан кеңес
береміз:
-
Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп
ұйымдастыруға жұмыстаныңыз.
-
Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі
тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін
қосыңыз
-
Үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына
үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану,
тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті
түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз,
белдеушесіз.
-
ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына
қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе
жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп,
тіл табысатын болады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе
бойынша «Тазалық-денсаулық кепілі»
тақырыбында баяндама тыңдайсыздар.
Келесі сөз кезегін балабақша
медбикесіне беремін.
Күн тәртібіндегі төртінші
мәселе бойынша ата-аналар төрайымын және
мүшелерін сайлап алайық.
Енді ата аналар тағы да
сіздерді тұрғызамын. Барлығымыз шеңбер жасап тұрайық. Мына гүлді
ұстап тұрып бір бірімізге жылы тілегімізді
айтайық.
Мен сізді көргеніме
қуаныштымын, сіз ең әдемі анасыз
Әрқашан бір бірімізге жақсылық
ойлап, жылы тілек тілеп жүрейік. Тілеген тілегіміз өзімізге қайтып
айналып келетінін естен шығармайық.
-Құрметті ата –аналар
келгендеріңізге рахмет. Алдарыңызда тұрған қағазға бүгінгі
жиналыстан алған әсерлеріңізді, болмаса бізге,балабақшаға деген
айтар ойларыңыз болса жазып
кетіңіздер.
Балаларыңыз ауырмасын,сіздерге
денсаулық тілейміз.Келесі кездескенше сау болыңыздар. Балаларды
себепсіз балабақшадан қалдырмауларыңызды
сұраймыз.