×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512

Ең үздік ашық сабақ байқауы басталды
Алтын күз байқауы басталды
Сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

"Баланың бас ұстазы - ата - анасы" тәрбиелік шара

Автор:Тулеева Гүлшат Бимырзеаевна
Бағыты: Аттестаттау материалдары
Бөлімі: Тәрбие сағаты
Сыныбы: Барлық сыныптар
Жарияланған уақыты: 2019-04-06

Материал туралы қысқаша түсінік

Материал тәрбиешілерге керек, шараларды өткізуге қолдануға болады.




Бекітемін
Бейнеу мектеп-интернаты КММ-сі

ҚББП_________C.Жантілеуов.
























Тәрбиеші: Тулеева Г.
Бөлмесі: № 3,8








Күні:
Тақырыбы: Баланың бас ұстазы - ата-анасы
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ана-аға деген бала махабаттын ояту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, презентация, видеоролик, шарлар, плакат, буклеттер, ағаш үй, бесік, тілек ағашы, майшам, т.б
Түрі: дөңгелек үстел
Барысы: І Ұйымдастыру
Тәрбиеші сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Кешімізді бастамас бұрын Алтын ұя тобы мен Берекелі отбасы тобын ортаға шақырайық!
(Оқушылар екі топқа орналастырылады)
Психологиялық ахуал туғызу: Майшам жағып, мұғалім мен оқушылар бір-біріне жылы лебізін білдіреді.
(Бейнеүзік көрсетіледі)
Тәрбиеші сөзі: Бүгінгі біздің Баланың бас ұстазы - ата-анасы тақырыбындағы ашық тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу-ата-ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
-Ендеше, бүгінгі сабағымыз сайыс сабақ түрінде өтеді.
І бөлім.Таныстыру. Екі топ өздерін таныстырады.
Отбасы туралы тақпақтар оқылады. Оқитындар: Айбала, Гүлнұр, Нұрбек, Жанатбек,Есет,Нұрсая, Асхат.
ІІ бөлім. Білімдіге дүние жарық деп аталады. Мұнда топ шапшаңдығын, біліктілігін аңғарамыз. (Сұрақтар стикерге жазылып алдын-ала оқушылардың орындықтарының артына жапсырылады)
Балдан тәтті не? (бала)
Қара шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
Әкеден балаға берілетін зат (мұра)
Үйдегі алтын адам кім? (ана)
Бес дұшпанды ата.(өсек,өтірік, мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ)
Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес кімнің нақыл сөзі (Қорқыт ата)
Жасөспірім бала неше жастан бастап, қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (14 жас)

ІІ топ
Тәрбие мен білім ордасы (мектеп)
18 жасқа толмаған адам (бала)
Өзін-өзі тану бағдарламасының авторы кім? (С.Назарбаева)
Екі адамның бір-біріне деген адалдығы (достық)
Бес асылды атаңыз.(талап, еңбек,терең ой,қанағат, рақым)
Үш арсызды ата. (ұйқы, тамақ, күлкі)
Мемлекеттік рәміздерді ата. (елтаңба, ту,әнұран)
Бейнеүзікке назар аударту: Бай баласы мен жарлы баласы
ІІІ бөлім. Болашағымыз -білімді жастардың қолында сурет салу
Екі топ Отбасылық сурет салып, суреттерін қорғайды.
Ән Әкелер. Орындайтын Бекарыс.
ІV бөлім. Тығырықтан шығу деп аталады.
Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі. Қоржыннан суырып аласыздар.
Өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер.
Сен өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?
Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті. Сен не істейсің?
Сенің сабақ үлгерімің орташа. Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттеріңді көре білмейді. Сен не істейсің?
Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап, ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?
Ән: Мама. Орындайтын: Құралбек
Келесі бөліміміз V бөлім. Тіл өнері мақал-мәтелдің жалғасын табу.
Яғни, мұнда ақ параққа жазулы мақал-мәтелдер беріледі. Жалғасын толықтырып жазасыңдар.
Атаның баласы болма,.........................(халықтың баласы бол)
Ұяда не көрсең,....................................(ұшқанда соны ілерсің)
Балалы үй базар,..................................(баласыз үй қу мазар)
Ата көрген оқ жонар, .........................(ана көрген тон пішер)
Ананың сүті - бал,..................................(баланың тілі- бал)
Туған үйдің түтіні жылы......................(туған ананың күтімі жылы)
Анаңа ауыр сөз айтпа,..........................(атаңа ауыр жүк артпа)
.............- ананың бауыр еті, көзнұры. (бала)
Әке – асқар тау,..................................... (ана- шалқар көл)
Бейнеүзік көрсетіледі.
Бір-біріңе тілектеріңді білдіріп жазыңыздар.
Қорытындылау. Ән. Бір үйдің баласындай
Орындайтын: Құралбек, Мөлдір

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Олимпиада бітуіне қалды: