Материалдар / Баланың бас ұстазы-ата-анасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баланың бас ұстазы-ата-анасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. 2. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу. 3.Ата-анаға бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой- түрткі салу, өз баласын жақсы тану мақсатында психологиялық кеңестер беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
766
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Жыланды ауылы

Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебі

Әлеуметтік педагог және «Өзін-өзі тану» пәні

мұғалімі Шамеденова Эльмира Хасанқызы



Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы - ата-анасы»

Түрі: тренинг
Қатысушылар: ата-аналар

Көрнекіліктер: слайд, қанатты сөздер, құндылық ағашы, гүл күлтешелері,шарлар
Мақсаты:

1.Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.

2. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу.

3.Ата-анаға бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой- түрткі салу, өз баласын жақсы тану мақсатында психологиялық кеңестер беру.


Жүру барысы: 
І. Ұйымдастыру бөлімі. 
ІІ. Негізгі бөлім.

ІІІ. Қорытынды бөлім.


І. Ұйымдастыру кезеңі / амандасу, тренинг ережесімен танысу, ата-аналарды түстер арқылы топқа бөлу/


1. «Амандасу» жаттығуы

Құрметті ата-аналар тренингімізді бастамас бұрын бір-бірімізбен дәстүрлі емес амандасу түрімен амандасып алайық.

1топ.

Жапондар таныстарын көрген жерде қолын алдымен беліне, одан кейін иіліп тізесіне дейін апарады. Сол еңкейген қалпы мүләйім жүзбен көзін сүзіп қарайды. Жапондарда ондай тәлім ету сыйластықты білдіреді.

2 топ.

Қытайлықтар екі алақанын бір-біріне қауыштырып, бастарын иіп, «Тамақ іштіңіз бе? Қарныңыз тоқ па?» деп амандасады.

(Екі топ бір- бірімен осы екі дәстүрде амандасады)


ІІ. Негізгі бөлім. 
- Құрметті ата-аналар! Бүгін сіздермен бала тәрбиесі туралы ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз. Отбасы- бала өмірінің тамаша сәттері жүзеге асатын, ең басты шаттығы болып саналатын, өсіп, өмір сүретін орны. Ата-ана баланың жеке тұлға болып қалыптасуында негізгі рөль атқарады. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Жанұяда осындай тәрбие көрген бала жауапкершілігі мол, мейірімді, ақылды болып өседі. Бала өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.


Бүгінгі тренингіміздің мәнін түсіну үшін
«Жердегі жұлдыздар» атты бейнероликтен үзінді тамашалайық. (бейнеролик көрсетіледі, ата-аналардың пікірлері тыңдалады)

Осы жерде Сіздердің назарларыңызға бала тәрбиесіне байланысты айтылған жаңашыл – педагогтардың нақыл сөздерін ұсынғым келіп отыр.


 «Біз баланы бар болмысымен жақсы көруіміз керек. Шынайы сүйіспеншілікпен, ақиқатпен өмір сүру керек. Мінезі, тәртібі, білімі қандай болмасын баланы жақсы көріп, сыйлау керек. Расында да өзің сенбеген сүйіспеншілікті, ақиқатты, адалдық, пен ар-ұжданды, патриоттық сезімді бала бойына сіңіре алмайсың. Бала барлығын жүрегімен сезінеді, түсінеді»

Ш.С. Амонашвили


«Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды және бұл- отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы». Балаларға түсіністікпен қарап, балалықпен жасаған қылықтарын дер кезінде ескеріп, қорытынды шығарып отыру керек.

А.С. Макаренко


2. «Күншуақты жан балам» жаттығуы.

Әр ата-ана балаларына қойылған аттарын (есімдерін) қорғау. Балаларыңыздың аттары қалай қойылғандығына сипаттама беріп, шағын тарихын айтып шығасыздар. Кім қойды, себебі, кімнің және ненің құрметіне деген сияқты.  


3. «Ойлан, жұптас, пікірлес» жаттығуы.

І топ:

«Отбасындағы бақытты бала» моделін құру.

Яғни, ата-аналар бірлесе отырып, бақытты баланың суретін салу арқылы отбасында қолданатын бақытты сөздерді жазады.             

- Күлкісі сыңғырлаған

- Бақытты бала

- Ұйқысы тыныш

- Дені сау

- Алаңсыз білім алатын

- Ата-анасының махаббатына бөленген

- Мейірім мен қамқорлыққа бөленген


ІІ топ:

«Бақытты отбасының құпиясы неде?»

Яғни, қандай ерекшеліктері бар отбасыны бақытты отбасы деп атаймыз.

- Арман, мақсаттары бір болуы керек

- Өзара қарым – қатынастары терең талқылануы керек

- Өмірге қызығушылықтары бірдей

- Отбасы жоспары, ақша мәселесі бірге жасалуы керек

- Отбасындағы кейбір мәселелер бейбіт түрде шешілуі керек

- Бос уақыттарын бірге өткізуі керек.


4. «Гүл теру» ойыны

Шарты: барлық ата - аналар орындарынан тұрып, алаңқайдан гүл теруге шығады. Бір - бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбіту.

1. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?

2. Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс - әрекетіңіз.

3. Бала  тәрбиесі  үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің

жауапкершілігі басым ба?

4. Балаларда  қызғаныш,  өзімшілдік  мінездің  қалыптасуы неден?

5. Балаларыңыз игілік істер істесе оларды қалай мадақтайсыздар?

6. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не

істер едіңіз?

7. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. Сіздің балаңыз сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

8. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрады» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

9. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

10. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

11. Балаңыз күнде 1-сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

12. Балаңыз мектептегі бірмұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай

кеңес айтасыз?


5. Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық кеңес:


1.Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс

сөйлесіп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.

2.Әдепсіз сөз, дөрекі айқай – тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді

немесе соған орай дөрекі жауап береді.

3.Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы

тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.

4.Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап құрметтесе, кішілерге қамқор болса,

бала да сондай болуға ұмтылады.

5. Балаға күнделікті жақсы көретінін айтып, оның отбасында өз орны бар екенін

сезіндіру.




6. «Бәрі де махаббаттан басталады»

Балаға деген махаббатты мынадай әдістер арқылы білдіруге болады.


  1. Көз қатынасы - бұл адамдардың балаларына деген білдіретін жылы сезім.

Ғалымдардың дәлелдеуінше балаларға күлімдеп қарап, көзбен көзді түйістіру

балаға сенімділік ұялатады екен.


  1. Физикалық байланыс.

Басынан сипау, құшақтау, сүю жатады.

Баланы өте жақсы көру үшін күнде құшақтап тұру керек. 
Өте жақсы өмір сүру үшін күніне 4 рет құшақтап тұру керек.

Дені сау болу үшін күніне 8 рет, өсу үшін күніне 12 рет  құшақтап тұру керек.


  1. Көңіл аудару.

Балаға әрдайым көңіл бөлу керек. Яғни көңіл аудару көп уақытты

талап етпейді бір сәтте 15 минут уақыттарыңызды бөлсеңіздер жеткілікті.

Не болмаса балаңыздың жағдайын сұрау үшін 3 минуттың өзі де жеткілікті.


7. «Балама ақ тілек» жаттығуы.

Ата-аналар балаларына арнаған тілектерін жазып, отбасылық құндылық ағашына іледі.


ІІІ. Қорытынды бөлім.

ЕPicture 2 ң бастысы баланы сүйе білу керек, жылылық, мейірімділік керек. Әр уақытта балаңыздың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік, біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық! Әр ошақтың жылулығы түсінуден, денсаулықтан, махаббаттан , сыйластықтан құралады деп бүгінгі « Баланың бас ұстазы-ата-анасы» атты тренингімізді аяқтаймыз.



Picture 1







Picture 3

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!