Материалдар / Баланың даму дағдарысы

Баланың даму дағдарысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала: Баланың даму дағдарысы. Дағдарыс кезіндегі қиын балалардың даму сипатыи анықтау үшін олардың сыртқы жағдайларға әсерленуін мүмкіндігінще терең зертгеп, олардан тиісті қорытындылар шығарып отыруды қажет етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2021
2327
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Даму дағдарысы – қалыпты психикалық дамудағы өтпелі кезең. Ол екі жас кезеңінің түйісінде көрінеді. Ол адамның дамып келе жатқан физикалық және психикалық мүмкіндіктері мен үйреншікті әрекеттері арасындағы қарсылықтан туындайды. Бұл қарсылық дамудың қозғаушы күші болады.

Американдық психологтар Р. Гаулд, Д. Левинсон, Д. Вейланттың кезеңдеуі жарқынырақ. Адамның ересек өміріндегі екі кризисті атап көрсетеді – 30 және 40 жас. Қалған уақытта, оның ішінде қартайған кезде ішкі тепе-теңдік пайда болады деген тұжырымдамаға келген.

Жасқа байланысты даму - балалық шақта – өзінің бір қатар ерекшеліктерінің салдарынан әр жас сатысында баланың тұлғасын түгел өзгертетін күрделі процесс. Л.С. Выготскийдің жасқа байланысты кезеңдер:

- жаңа туу кризисі – нәресте кезеңі (2 ай – 1 жас)

- 1 жас кризисі – балбөбек кезеңі (1-3 жас);

- 3 жас кризисі – сәбилік және мектепке дейінгі кезең (3-7 жас)

- 7 жас кризисі – мектеп жасы (7-13 жас;

- 13 жас кризисі – жеткіншек кезеңі (13-17 жас);

- 17 жас кризисі

Туу барысы нәресте үшін қиын қыстау, өтпелі кезең, сондықтан ол туу дағдарысы деп аталады. Туу дағдарысының себептері:

Физиологиялық (ана мен баланың ажырауы);

Психологиялық (шартсыз рефлекстердің іске асуы);

Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе мазмұны жағынан өте қарапайым деп саналған. Сәби бірден аяқ басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар бар. Бірден жүріп кететін сәбиді мұқият зерттеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері болатындығын көрсетеді. Сәби тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте өз бойын билей алмайды. Сәбидың бойындары мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мәнін анық байқатады.

Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінін шығуына байланысты. Сәбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сәбилер болғаны кейбір деректерден мәлім. Сәбидің үш айға дейін тілі шықпайды, бұл сол тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады, Ал үшінші жайт – бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінін көрінісі. Э.Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп атады. Мұның мәні дағдарысқа байланысты сәбидің’ алғашқы қарсыласуы, отбасындағы тәрбиенің өктемдігіне сәбидің қарсылық көрсетуі, Кречмердің бұл көріністерді гапобликлық деп атауының себебі ондай қимыл-қозғалыстар ерікті әрекеттер мен аффектінің бірігіп кету салдарынан оларды бірінен-бірін ажырату қиын.

Дағдарыс жасында сәбидің мұңдай қимыл-әрекеттер жасауына дұрыс тәрбие бермейтін отбасыларда пайда болып, олар шиеленісе түседі. Ал оның соңы тәрбиесі қиын балаға әкеп соқтырады. Әдетте сәбиге бір нәрсені бермей қойса немесе оның тілегін түсінбесе, ол ашу-ызаға ерік беріп, еденге жат қалып аунап үздіксіз жылайды. Егер жүретін болса, қозғалуда бас тартып, еденді аяғымен тепікілейді. Осы кезде ол ешқандай есінен танарлық, езуінен сілекей ағып, серейіп қаларлықтай белгілері байқалмайды. Бұл тек баланың бойындағы мен-мендік мінез көрінісі, кежірлік белгісі. Тілегінің орындалмай қалғанын көрсеткен қарсылығы мен наразылығы. Мұндай көрініс сөбидің нәрестелік шағындағы аяқ-қолын тарбаңдату бейнелерін ғана елестетеді.Міне, сәбилік кезеңнің алғашқы дағдарысындағы үш түрлі негізгі сәттері осындай қылықтарынан айқын байқалады.

Тілдің шығу сәтіне орай дағдарыска ұшырау себебі бұл мәселе ең алдымен баланың ұғым-түсінігіне және оның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасына байланысты болуы. Сәбидің тілінің шығуы жайында біріне-бір қарама-қарсы және бірін-бірі жоққа шығаратын екі түрлі көзқарас және үш түрлі теория бар. Оның біріншісі – құрамдык (ассоциация) негізге тіректелген тілдің бірте-бірте шығуы. Құрамдық теорияның түсінігі бойынша сөз бен оның мағынасы арасындағы байланыс – екі мүше арасындағы байланыс. Сәби бір затты, мәселен, сағатты көреді. «С-а-ғ-а-т» деген дыбыс жиынтығын естиді, осы екеуінің арасында балада байланыс пайда болады, бұл байланыс баланың «сағат» сөзді естіген соң, онда дыбыс пен зат арасындағы байланыс пайда болады. Г.Эббингауздың бір шәкірті сөздің мәнін адам пальтоны көргенде оның иесін еске түсіргені сияқты, байланыстың пайда болуы деп бейнелеп түсіндіреді.

Біріншіден, сөз мағынасы мен сөз арасындағы қатынас кейбір жағдайда қарапайым және оңай ғана болып көрінеді.

Екіншіден, баланың тілін одан әрі дамытып отыру үшін нәрселер арасындағы құрамдық тәуелділіктің болатындығын аңғартып, оларды одан әрі қарай нақтылай түсіп өрістету қажет.

Баланың үш жастағы дағдарысы. Үш жастағы дағдарысты қарастыруға себін тигізетін үш түрлі көзқарас бар. Біріншіден, бұл дағдарыс баланың өтпелі кезеніне байланысты.

Өйткені бала психологиясында бұл кезеңде жаңа-құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда болады. Бала психикасының дамуындағы дағдарыстын пайда болуын оның жақын арадағы даму аймағына қатысгы қасиеттерді өзгеру заңдылығымен ұштасты түрде іздестіру керек болады.

Үш жастағы дағдарыстын мән-жайын ашып көрсету үшін балаңың дамуындағы сыртқы және ішкі жағдайларды қарастыру қажет. Бұл мәселенін түйінді жері баланың үш жаста дағдарысқа ұшырау себептері нендей жағдайларға байланысты болады және оның қалыпты жағдайдан ауытқуына әсер етуші фактор қандай? деген мәселенің мәнін айқындап көрсетуді талап етеді.

Осы мәселенің мәнін ашып көрсетуде біріншіден, дағдарыс баланың бойындағы мұндай жағымсыз қылықтарын оның тіл алмай, қасарысуынан айыра білу қажет. Баланың жағымсыз қылықтары ересектердіц қойған талаптары мен айткандарының бәріне қарсы шығады. Алайда баланың бір нәрсені істеуге зауқы болмаса мұның бәрі жағымсыз қылықтары мен қарсылық керсетуін (мысалы, ол ойнап жүргеңде оған жатып ұйықта десе, ол бірден тесегіне жатып ұйықтамайды), мұның бәрін дағдарыс кезенінің көріністері деп санауға болмайды. Бала барынша өзінің ойындағысын істегісі келеді. Бірақ оған тыйым салынады. Бұл жайттардың бәрін қисық-қынырлық қылық, жағымсыз мінез деуге болмайды. Осыкдай жағдайда баланың ересектер талабына қарсы әрекеті оның өзі ұнатқан іспен шғылданғысы келетінін көрсетеді.

Баланың бойын ашу-ыза кернегенде әмірлі дауыспен айтқан сөз де оған әсер етпейтінін байқатты. Бірсыпыра авторлар мұндай жайттарды көркемдеп жазды. Мысалы, ересек адам сәбиге келіп әмірлі үнмен: «Мына көйлектің түсі қара» десе, ол қарсылық’ көрсетіп, «бұл. көйлектің түсі ақ» дейді. Қасарысу оған айтылған сөздердің мәніне қарамастан керісінше істеуге кесірлену дағдарыстың нақтылы көрінісі.

Жағымсыз әрекетгің тіл алмаудан екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншіден, бұл жерде өзге адамдармен әлеуметтік қатынас жасау манызды орын алады. Бұл ретте балара айтқанды істеп, оны ықтыру орындалатын әрекет маңызына емес, өзге адамдармен қатынас жасау ниеттілігіне байланысты. Жағымсыздык мінез-қылық әлеуметтік сипаттағы әрекет, бұл орайда балаға қойылған талап мазмұны емес, оның мәні адамға: бағытталған. Екінші ерекшелік – баланың өзінің ашу-ызасына; деген жаңаша қатынасы. Ол ашу-ыза әсерімен әрекет етпей, өзінің. көңіл-күйіне керісінше әрекет жасауға үмтылады. Ашу-ызара бой билету мен әрекетгену үш жастағы балаға тән мінез ерекшелігі. Көптеген зерттеу нәтижелері баланың сәбилік кезеңінде оның ашу-ызасы мен іс-әрекеті бірігіп кететінін көрсетеді. Мектепке дейінгі жаста басқа адамдарға қатысты әрекет те пайда болып, ол өзге жағдайларға қатысты ашу-ызадан туындайды. Егер баланың қарсылығы белгілі бір жағдайға байланысты болса, онда оны баланың жағымсыз қылығы деп санауға болмайды. Мұндай ретте жағымсыздык әрекет дәл сол кездегі оқиғаға байланыссыз жандайда көрініс табады.

Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі – қырсығу. Жағымсыздық қырсығудан өзгеше қылық. Қырсығудың өзін қасарысудан ажырата білу керек. Мысалы, бала бір нәрсенің орындалуын өзінше талап етіп қасарысып тұрып алады. Бұл қырсықтану емес, бұл үш жастағы дағдарысқа дейін де кездеседі. Мысалы, бала бір затты иемденгісі келеді, бірақ оны бірден ала алмайды. Ол бұл заттың өзінікі болуына қасарысумен қол жеткізеді. Қырсықтану дегеніміз, сәбиге бір зат оған аса қажет болғандықтан қасарыса қалмайды, ол затты сұрағаны үшін ғана: қасарысады. Ол өз талабының орындалуын тілейді. Айталык, сәбиді ауладан үйге шақырдық дейік; ол көнбейді, бірақ біз оның үйге кіру керектігін дәлелдеп, үгітгейміз, ол дәлелді түсінгенімен; бәрібір үйге кірмейді. Сәбидің қырсықтану себебі өзінің бастапқы шешіміне байланысты болады. Тек осы жағдай ғана қырсықтануға жатады. Қырсықтануды кәдімгі қасарысудан ерекшелейтін екі сәт бар. Оның бірі – жағымсыз қылыққа ұқсастығы, оның себепке қатысы бар. Егер бала дәл қазір қажет етіп тұрған нәрсесін қасарысып сұраса, бұл қасарысу болмайды. Мысалы, ол шанамен сырғанауды ұнатады, сондықтан да күні бойы аулада жүргісі келеді.

Екінші сәт. Егер жағымсыздыққа әлеуметтік сипат тән болса, яғни бала ересектердің айтқанына керісінше әрекет жасайтын болса, қасарысу сипаты болғаны. Баланың ызасы өзгермелі болады деп айтуға болмайды. Баланың дағдарысқа ұшырау кезеңіне дейін оның өзіне деген ниет-қылығының себептерін қалайша болатындығына көз жеткізуіміз керек.

Үшінші сәт – баланың қыңырлық кезеңі.

Буржуазиялық сипаттағы тәрбиеде қырсықтық үш жастағы бала бойындағы дағдарыстың негізгі белгісі болып саналады, Өйткені бұрын әулетте еркелетіп өсірілген бала енді айналасындағы адамдармен қатынасы дөрекілене бастайды. Баланың бойында енді назарылық білдіру пайда болып, оған бұрынғы жасалған әрекеттерге жасырын түрде қарсы шығып, өзінің риза еместігін білдіреді,

Еңді төртінші ерекшелік – өзіндік ерік немесе өзімшілдік мінез деп аталады. Бұл баланың дербестік бағытын көрсетеді. Енді бала бәрін өзі істегісі келеді.

Міне үш жастағы баланың бойында жиі кездесетін мінез нышандары осындай. Бұл ерекшелікгердің бәрі бала тәрбиесіне байланысты пайда больш отыратын қасиеттер. Бұл жайттар барлық зерттеушілердің назарына іліккен мәселелер.

Осы ерекшеліктер бала тәрбиесін қиын етіп көрсетеді. Бұрын тәрбиесі онша қиын болмаған бала енді ересектер үшін қиындай түседі. Бала қысқа мерзім арасында күрт өзгереді деген түсінікте болады.

Біз атап көрсеткен ерекшеліктер бала бойында пайда болып, оған деген ата-аналары мен өзіне туыс адаңдарының да қарым-қатынасында елеулі өзгерістер болатынын аңғарамыз. Мұның бәрі, ең алдымен, отбасылық тәрбиеде оның жеке дара болғанын көрсетеді. Біздерде алуан түрлі мектепке дейінгі мекемелер бар. Ал жекелеген елдерде қайырымды тәрбиенің теріс формалары қолданылатын қоғамдык пана болу мекемелері де бар. Сайып келгенде баланы жас кезінен тәрбиелеудін кеңінен тараған түрі семьялық жеке тәрбие болып табылады. Отбасылық тәрбиенің басты ерекшелігі – бала өздігінен ешнәрсеге ұрынып қалмай саналы әрі әдепті болып өседі деп санаған.

Жалпы алғанда, баланың мінез-құлқы мен әрекеттерінде пайда болып отыратын қылықтарынын бәрі оньщ өзіндік өскендігі мен айналасындағыларға тәуелсіз тіршілік етуге ұмтылуын білдіретін қасиетгер болып саналады. Мұндай ерекшеліктердің бәрін кейбір зерттеушілер бала дағдарысына тан касиет деп атайды. Дарвиннін мынадай пікірі : бала дүниеге келген сәттен бастап анасынан дене мүшесі ғана бөлінеді, бірақ ол анасынсыз тамақтана да, қозғала да алмайды. Дарвин мұны сәбидін биологиялық тұрғыдан дербес өмір сүре алмайтындығы (қалталы жануарларда морфологиялық бейімділігі бар қалтасы бар болады, оған туғаннан кейін төлі орналасады) жайында айтып отыр. Дарвин пікірін жалғастыра отырып, сәби жас кезінде биологиялық жағынан бөлектенеді, бірақ психологиялық жағынан өзін қоршаған адамдардан әлі де бөліне алмайды деуге болады. Берингер 3 жасар бала әлеуметтік жағынан маңындағы адамдардан бөліне алмайды және үш жастағы дағдарыс кезінде ол өзінше ешкімге тәуелсіз өздігінен тіршілік етуге бейімделу сатысына көтеріледі деп ойын тұжырымдайды.

Үш жастағы баланың дағдарыстык кезеңі оның мінезіндегі дөрекілік көрсету қылықтары арқылы көзге тұседі. Мұндай дөрекі қылықтарды анықтау мақсатымен тиісті бақылау жүргізіліп, оның себеп-салдары зерттеледі. Мұңдай зерттеушілердің мақсаты бір жағынан дағдарысты кезеннін алдын ала болжап, оны дұрыс бағалауға арналса, ал екінші тараптан сол дағдарыс ерекшеліктерін анықтауда объективті де сипат алуы мүмкін. Біз үш жастағы дардарысты балаңың әлеумеутгік ортадағы қатынасын өзекті мәселе деп санадық. Үш жастағы балада пайда болатын жағымсыз әрекет тіл алмауын дағдарыстың негізгі көрінісі қасарысудан айыра бідмуіміз керек.

Дағдарыс кезінде баланың бойында қайта құрылатын психикалық. өзгеріс не? Бұл бала маңындағы жақын адамдарына – әкесі мен шешесіне және олардың беделіне деген әлеуметтік көзқарасын білдіреді. Сондай-ақ баланың «мен» деген өзіндік ерекшелігін танытқысы келіп, оның бойында бірсыпыра мінез-қьшыктары пайда болады. Ондай қылықтар ортадағы жағдайды өзгертеді. Бір сөзбен айтқанда, дағдарыс баланың жеке түлғасы мен оның маңындағы адамдардың өзара әлеуметгік қарым-қатынасын қайта құрып, оларды өзгертіп отыруға бағытталатын психикалық фактор деп санаумыз керек.

Баланың жеті жастағы дағдарысы. Мектеп жасындағы бала, барлық жас кезендері сияқты, психикалық дамуыңда дағдарысқа немесе қүрт өзгерістерге ұшырап отыратындығы ғылыми әдебиеттерде баяндаған.

Мұндай өзгеріс баланын жеті жастағы дағдарысы деп те аталады. Осы кезеңде баланың акыл-ойының өсуіне орай қауырт өзгерістерге үшырап, тәрбиесі жөнінен де бұрынғы уакытқа қарағанда неғұрлым қиындай түсетіні айқын байқалады. Бұл кезеңде оны енді мектеп жасына дейінгі бала деп те, оқушы деп те атау киын. Өйткені ол өтпелі кезеңді басынан кешіреді.

Соңғы уақытта бұл жасқа арналған бірқатар зерттеулер жарық көрді. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда жеті жастағы бала енді бұрынғы нағыз балалық ерекшеліктерінен айырылады. Алайда оның қимыл-қозғалыстары мен ішкі жан дүнесі сол балдырғандығын көрсетеді. Бұл кезенде бала алдына мақсат қойып, оны өздігінен аңғара білуі, тілегіне жетіп, оны жүзеге асыруы толық жетілмеген.

Мектеп жасына дейінгі баланын дағдарысқа ұшырау жағдайы оның аңғырттығы мен бірбеткейлігінін өзгеретіндігін қарапайым бақылау арқылы көзге түседі. Бірақ оның мінез-құлқы мен өзінің маңындары адамдармен қарым-қатынастарынан анық байқала қоймайды.

Жеті жастағы баланың бойы тез өсіп, едәуір өзгерістер болады. Бұл кезенде баланың тісі түсіп, оның орынына жаңа тістер шырады. Жеті жастағы баланың кезеңі үш жастағы кезеннен әлдеқайда күрделі сипатта болады.

Баланың мінезіндегі дағдарысқа ұшырау себептерін оның бойындағы ішкі және сыртқы сапалы өзгерістердің пайда бол- луымен ұштастыру қажет. Өйткені баланың бойында жаңадан өзіндік мінез көріністері пайда болып, мұндай ерекшеліктер адамдарға күлкілі болып көрінеді.

Жеті жасар баланың өз көңіл-күйін біліп, «мен қуаңдым» «мен ренжідім», «мен ашулымын», «мен көңілдімін», «менің ызам келіп тұр» деген жайттардың мәнісін түсіне бастайды, яғни ол өзінің күй-жайын бағдарлай алады. Ал ұш жастағы сәбидің басқа адамдарға қатынасын аңғаруы сияқты, жеті жастағы бала өзінің әсерлену сезімін ұғына алады. Соның нәтижесінде жет жасар баланың бойындағы дағдарысын сипаттайтын кейбір ерекшеліктер кіріне бастайды.

Мектеп жасына дейінгілердің өзімшілдігі басым. Бірақ ол өзінің мүмкіндігін жеке басының қасиеттерін бағалай білуінен алшақ жатады. Осыдан келіп жеті жаска қарай баланың бойында бірқатар күрделі құрылымдар пайда болады. Алайда мұндай өзгерістер мектеп жасына дейінгі қиындықтардан түбегейлі түрде ерекше сипатта болады.

Баланың бойында пайда болған жана құрылымдар нәтижесіңде оның бұрынғы қисық-қыңыр, қылжақбас қылықтары біртіндеп жойыла бастайды; Жеті жастағы дағдарыс кезіңде балада ішкі және сыртқы өзгерістердің пайда болуы арасында оның тұңғыш маңызды түсіну ерекшеліктері қальштасып, енді тіршілік бейнесі туралы ниеттерінің ішкі күресі де пайда болады. Конфеттің тәттісін алу керек пе, әдде оның байқалғанымен белгілі тұжырымға тоқтау қабілеті әлі де тұрақты сипат ала қоймайды. Сондықтан олар әсерлердің қарама-қайшьшығын іріктеуінде солқылдақтық көрсетеді.

Мектеп жасына дейінгі кезенде кездесе қоймайтын тәрбиесі қиын деп аталатын балалар да кездеседі. Бұл кезенде бала өз басын бағалау маңындағыларымен қарым-қатынаста қандай орын алатынын ол әлі де пайымдай алмайды. Соның салдарынан ол өзінің Ішкі қайшылықтарының мән-мағынасын түсіне алмайды. Ал жеті жастағы баланың дағдарыс кезінде мектеп жасына дейінгі ерекшеліктерінен ажырап, дамудың жаңа кезеңіне қарай аяқ басады. Өтпелі кездегі мұндай ерекшеліктер енді баланың бойыңда жаңа сапалардың пайда болуына қолайлы жағдай тудырьш, оның дамуын жаңа күрделі сатыға көтереді.

Сәбидің кез келген алға ұмтылу қадамы оған деген орта әсерін өзгертеді. Даму тұрғысынан алғанда орта сәбидің бір жастан екі жасқа өткен кезінен бастап сапалы сипатта болады. Осыдан келіп баланың әлеуметтік ортаны сезінуі оның танымында елеулі өзгерістер тудырады. Әлеуметтік ортаның баланың даму деңгейіне күшті ықпал ететіндігі бір жаста, 3, 7 және 12 жастағы балаларда түрліше болатындығын көрсетеді. Ортаның бала дамуына ықпалы үнемі өзгермелі болады. Ал бала мен орта арасындағы қатынасты жалаң түсініп, оларды даралап жеке-жеке қарастыруға болмайды. Осы орайда методологиялық маңызды мәселелердің бірі – зерттеу нәтижелерін нақтылы тәжірибелермен ұштасты түрде қарап, одан теориялық қорытынды жасау. Сондай-ақ баланың дамуында психикасы мен денесінің, сөйлеуі мен ойлауының ерекшеліктерін біртұтас мәселе ретінде іздестіріп, олардың бірлігі мен даралық ерекшеліктерінің сыр-сипатын айқындап отыруды талап етеді. Мұндай әрқилы жайттарды зерттегенде олардың даралық қасиеттері мен бірлік негізін ашып көрсету болып табылады. Мысалы, сөйлеу мен ойлаудың қатынасын зерттей отырып, олардың әрқайсысына тән мәнді белгілерін ашып беру керек болады. Мұндай мақсаттың мәнін түсіну үшін әрбір сөз жалпылық сипатта болып, ол баланың акыл-ойының жемісі екендігін білдіреді. Сонымен сөздің мәні ойлау мен сөйлеудің бірлігін білдіретін қасиет. Олар өзара тығыз байланысты.

Баланың жеке басы мен ортаны зерттеу бірлікте қарастырылып, мұндай жағдайда патопсихология мен психологияда тірщілік әсерінің бастапқы түсінігі (единицасы) деп атауға болады. Баланың. іштей сыртқы ортаға қатынасын білдіруді біз оның әсерленуі деп санасақ, онда бала өзі көріп білген нәрселері жайында оған қатынасын, басынан кешірген күй-жайын аңғарған болар едік. Мұны баланың белгілі бір нәрсеге іштей қатынасы деп түсіну керек болады. Кез келген нәрсеге әсерлену баланың танымын дамытады. Мұндай таным түйсіну, қабылдау, елес, қиял, зейін қою т.б. Кез келген нәрсеге зейін аударьш, оған әсерленудің өзі баланың танымдык әрекетін дамытады. Таным әрекеттері бала дамуындағы психолоиялық күрделі процестер екенін білеміз және мұндай, процестердің бәрі сананың қызметі болып саналады.

Әсерленудің өзі биологиялық және әлеуметгік бағдардарды білдіретін адам мен тіршілік арасындағы кұбылыс деуімізге болады. Баланың дамуыңда әсерленудің атқаратын қызметі ерекше. Өйткені бала басынан кешірген оқиғаларға әсерленіп, олардың мазмұн-мәнісін түсіне алады. Әсерлену әрекеті қиындығымен балалық шақ үшін аса маңызды. Бір семьяда өскен балалардың психикалық дамуы түрліше болатындығын жиі кездестіреміз. Өйткені белгілі бір жағдаңда балалардың әсерленуі түрліше болатындығын көрсетеді. Әсер еткен орта баланың дамуына күшті ықпал етеді. Сондықтан әсер етуші орта мен оған адамның әсерленіп, оларды басынан кешіруде жан дүниесіне ыкпал етіп, түрлі әрекеттер жасауға, көптегеи’ нәрселердің сырын білуге жетелейді.

Дағдарыс кезіндегі қиын балалардың даму сипатыи анықтау үшін олардың сыртқы жағдайларға әсерленуін мүмкіндігінще терең зертгеп, олардан тиісті қорытындылар шығарып отыруды қажет етеді.

Дағдарыс жасын мұқият зерттеу арқылы баланың негізгі әсерлерінін. ауыспалы болуы осы кезенде өтетінін көрсетеді. Дағдарыс ең алдымен баланың бойындағы күрт өзгеріс екенін байқатады. Мұндай орта үш жастағы бала үшін өзгермейді. Баланың дағдарьіс кезеңдерін баылап жүрген зерттеушілер бұрын өзін жақсы ұстап тіл алғыш және ерке болған сәби аяқ астынан кінәмшіл, ашулы, тілазар болып шыға келеді дейді.

Дағдарықтың ішісі сипатын іздестірген шетелдік зерттеушілер-дің басым көпшілігі дағдарыстың ішкі сипатьш биологиялық факторлармен түсіндіреді. 13 жастағы бала дағдарысын түсіндіруде кең тараған теориялардың бірі – жыныстық жетілуге байланысты. Олардың айтуынша жыныстық жағынан баланың жетілуі мінез-құлкының күрт өзгеріуіне күшті ықпал етіп, оның өзімшілдік көзқарасының пайда болуына себепші болады дейді.

А.Буземан сияқты авторлар баланың дағдарыска ұшырауын әлеуметтік ортаның ықпалы деп көрсеткісі келеді. Сол авторлар баланың дағдарысы түрліше ағысты бастан кешіреді деп дұрыс атайды. Бірақ Буземан бала дағдарысының таза экзогендік себептерден туындайтын ерекшелік деп емес, әртүрлі тір-шілік ортасынын өзгеріс көріністері деп санайды. Буржуазияшыл зертгеушілердің бала дағдарысы жайындағы тұжырымы шындыққа сай келе бермейді. Өйткені олардың зертеу аясы тар, олар баланы тек буржуазиялық. семья жағдайында зерттеп, тәрбиенің белгілі бір түрімен ғана шектеледі. Дағдарыс кезеңі тәрбиенің сипатына орай түрліше жағдайда өтетінін тәжірибелер дәлелдеп отыр. Семьядан бірден балабақшаға келетін балаға қарағанда яслиден балабақшаға келетін баланың дағдарысы мүлдем өзгеше сипатта болады. Баланың дамуында дағдарысқа ұшырау үнемі болып отыратын құбылыс. 3 жас пен 7 жас баланың дамуында елеулі өзгерістерге ұшырау кезеңдері, Осы кезеңде бала психикасының дамуында айтарлықтай жаңа сапалар пайда болып, олар келесі сатыға өту кезеңінде елеулі қиыншылықтарды басынан кешіреді. Соның салдарынан белгілі жас кезеңнің ерекшеліктері сапалык өзгерістерге ұшырап, алдағы жас кезеңіне тән қасиеттердің жасалуына бейімделеді.

Баланың бойындағы ерекшеліктер 3-6 ай ішіндегі адам танымастай жаңа өзгерістерге ұшырап, оның ішкі дүниесіңдегі елеулі құрылымдар пайда болады. Ал, баланың дағдарысқа ұшырау белгілері елеусіз болып қала береді. Осы орайда оның психологиялық өзгерістерге ұшырауы сыртқы орта мен маңындағы жағдайларға тәуелсіз екеңдігін аңғартады. Яслиден бала-бақшаға ауысқан баланың қылығындағы өзгерістер бізді таңдандырады. Осы орайда біздер сәби бойындағы елеулі өзгерістерді байқап көріп, сыртқы ортаның әсерінен гөрі оның ішкі жан дүниесінің елеулі өзгерістердің неғұрлым шапшаң қарқынмен дамығанына көз жеткіземіз, Сондықтан баланың ішкі өзгерістері әрқашан да оның өмірінде елеулі із қалдырып отырады.

Мен баланың дамуына әсер етіп отыратын ортаның ықпалын қозғаушы күш деп санайтын болсам, онда ортаның әр түрлі жас кезеңдерінде дағдарысқа ұшырау себептері оның ішкі дүниесінің өсіп-жетілуіне сәйкес жаңа сапалардың жасалуы деп санаймын. Өйткені баланың жасына қарай тіршілік ортасына әсерленуі түрлі сипатта болады. Бұл шындықты бекерлеуге біздің ешқандай құқымыз жоқ. Бала дамуында жана сапаларды игеріп, сатымен жоғары өрлеген сияқты болып отырады.

Л.С.Выготскийдің психология ғылымында. ерскше орын алатын теориясы – бала дамуының жақын арадағы аймағы деп аталады. Бұл теорияның түпкі мәні – баланы тәрбиелел оқыту, оған білім беріл, дүниетанымын қалыптастыру үнемі онын табиғи даму деңгейінен оздырып отыруды талап етеді. Мұндай талап біріншіден, баланың психикасын, оның жан дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруде шама-шарқы жетерлік оқу-білім алуға, оны ездігінен ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп отырады. Бала оқу-тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым күрделендіріп, заттар мен құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды зерделсп танитын міндеттерге машықтанулары керек.

Егер баланың табиғи дамуында оның психикасы күрделеніп, сана-сезімі жетілетін болса, ал оқу-тәрбие жұмыстары арқылы оның дүниетанымы мен білімінің шеңбері кеңейеді. Оның дамып жетілуі, сыртқы ортадан түйсініп, қабылдаған, көріп білгендерін ой елегінен өткізіп санасының өрістеуіне әсер етуін сыртқы факторлардың (экстериоризация) ішкі факторларга (интерноризация) айналуымен белгіленеді. Осы жайт Выготскийдің адамның мәдени-тармхи дамуы жайындағы теориясының мәнісінен туындайды.



















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ