400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баланың дамуы мен қалыптасуына музыканың үлесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың дамуы мен қалыптасуына музыканың үлесі
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Баланың жалпы дамуы мен қалыптасуына музыка зор үлесін қосады» тақырыбында педагогтарға кеңес



Баланың жалпы дамуына есту қабілетінің қалыптасуы мен әуен жетегінде қимылдап қозғала алуын дамыту зор үлесін қосады. Сондықтан неғұрлым балаларды музыкамен жаттығу жасауға, музыкалық ойындар ойнауға, би билеуге, ән-думандар құруға ерте бастан үйретсе, соғұрлым баланың әуенді-ырғақты қимыл-қозғалысын дамыту да жеңілірек, пайдалырақ болады. Әр түрлі жанрдағы әуенге елтіп тыңдай отыра сәйкес қимылдау баланың ішкі сезіміне жағымды ықпал етеді.Мысалы, салтанатты марш әуенін тыңдатса, бала қуанады, жігерленіп, бойын тік ұстап, нық адымдауға, қолы мен аяғының қозғалысын сәйкестендіруге талпынады. Жай, баяу әуенге, керісінше, бойларын босатып, еркін асықпай қозғалуға, жұмсақ басып жүруге ұмтылады.

Денсаулығы мықты, салауатты болып қалыптасуына әуенмен қимылдау жағымды әсер етеді. Әуенді-ырғақты қимыл-қозғалысын дамытудың бастапқы кезеңінде балалардың қимыл-қозғалысы шашыраңқы, сәйкессіз болады. Бірақ күнделікті қайталап жаттығудың негізінде әуенмен сәйкес қимылдау қажеттілігі туындап, балалардың өз-өзіне сенімі нығаяды. Әуенді-ырғақты қимыл-қозғалысын дамытудың іс-әрекет түрлері: әуенмен жаттығу жасау, әуендік ойындар ойнау, би билеу, ән-думан құру. Әуенді-ырғақты қимыл-қозғалысты дамыту ісі басқа дамыту-тәрбиелеу істерімен қатар, әсіресе, дене шынықтырумен тығыз байланысты. Осы бағытта төмендегідей жұмыс жүргізу үлгісін ұсынамыз, бұл іс-әрекетіміз балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын дамытуға арналған. Негізгі дағдылар 1. Дене шынықтыру а) Негізгі қимыл түрлері ә) Гимнастикалық жаттығулар б) Сапқа тұру 2.Кейіпкерлендіру сюжетті-бейнелік қимылдар 3. Би қимылдары

Егер өткенімізге көз жүгіртсек, ата-баба тарихына, ауыз әдебиетіне жүгінер болсақ, бала шыр етіп көрінгеннен-ақ, ана әлдиінде, ананың мейір-мерейінің қайнарынан қайнап шыққан «Айналайын ақ бөпем...» деп емірене ескен сазды әуенімен ауызданарына күмән бар ма? Қарап, бағалап көріңіз: «Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем, Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін, Байқұтанның құйрығын Жіпке тағып берейін... Әлди, әлди, шырағым, Көлге біткен құрағым. Жапанға біткен тірегім, Жаным – менің жүрегім.»Міне, бесікте жатқан сәбиді асыл ананың әнмен, жырмен әлдилей тербеткен дүниедегі ең тәтті, ең жақын, ең құдыретті үн- әуезі бала қанына осылай тарап, сіңіріледі, жан- жүрегін баурайды

20210108_104104.jpg 20210108_104107.jpg

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.02.2021
418
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі