Материалдар / «Баланың оқу әрекетіне көмек» тақырыбында психологиялық кеңес
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Баланың оқу әрекетіне көмек» тақырыбында психологиялық кеңес

Материал туралы қысқаша түсінік
Психология ғылымының докторы , Леонид Абрамович Венгер «Мектепке дайын болу дегеніміз оқу, жазу және санауды білу деген емес, мектепке дайын болу дегеніміз осының бәрін үйренуге дайын болу» дегеніндей 1-сынып оқушыларының оқу әрекетіне көмектесудегі ата- ананың алатын орны зор. Осы орайда, ата -аналар өздеріне қатысты белгілі бір ережелерді біліп қолдануы қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2021
475
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Газизова Тоты Асылбековна

43 ЖОББМ, Орал қаласы


Тақырыбы: «Баланың оқу әрекетіне көмек»

«Мектепке дайын болу дегеніміз оқу, жазу және санауды білу деген емес, мектепке дайын болу дегеніміз осының бәрін үйренуге дайын болу».

Психология ғылымының докторы

, Леонид Абрамович Венгер


Әр бала бірінші сыныпқа барғанда барлығы жақсы болады деп үміттенеді. Ол болашақта достарым болады, сыныптастарыммен танысамын, мұғалім мейірімді және әдемі болады, ал мен тек бес пен төртке оқимын деп ойлайды.

Баланың және ата-ананың үмітінің ақталуы болашақ оқушының мектепке психологиялық дайындығына байланысты.

Психологиялық дайындық – өз құрдастарымен білім алу жағдайында бастапқы мектеп бағдарламасын меңгеруге қажет және сәйкесінше баланың психикалық даму деңгейі.

Баланың мектепке психологиялық дайындығы өзінен-өзі емес біртіндеп қалыптасады:

  • Ойын барысында;

  • Еңбек барысында;

  • Үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынас арқылы;

  • Дәстүрлі мектеп біліктерін қалыптастыру барысында (жазу, есептеу, оқу.

Психологиялық дайындықтың құрамдас бөліктері:

  • Мектепке баруды қалау;

  • Эмоционалды-еріктік дайындығы;

  • Интеллектуалдық дайындығы;

  • Жеке тұлғалық дайындығы.

  • Танымдық қызығушылық, жаңалыққа ұмтылу.

Дамыту жолдары:

Мектепке, мұғалімге, білім алу процесіне, өз-өзіне жағымды қатынас орнатыңыз.

Балаңызға өзіңіздің мектепте оқыған кездегі қызықты сәттер туралы айтып беріңіз, онымен бірге мектеп туралы кітаптар оқыңыз, мектеп ережелері туралы түсіндіріңіз, болашақта білім алатын мектебіне апарып, таныстырыңыз.

  • Қалаған нәрселерімен қатар, орындалуы қажет нәрселерді де жасай алу қабілеті, қиындықтан қорықпай өз бетімен шеше алуы. Өзі туралы адекватты, жағымды пікірде болу. Зейін қойып, эмоциясын басқара алуы.

Дамыту жолдары:

Әртүрлі ережелері бар ойындар арқылы қалыптастыруға болады.

Ойындар келесі қадамды бақылауға, өз кезегін күтуге, жеңілісті қабылдай алуға, өз әдіс-тәсілін дайындауға үйретеді. Сонымен қатар, үнемі өзгеріп тұратын жағдайға бейімделуге де дағдылайды.

  • Ойланып, анализдеп және қорытынды шығара алуы.

  • Сөздік қорының дамуы және өзіне таныс тақырыпта әңгіме құрай алуы, соның ішінде өзі туралы қарапайым мәліметтер бере алуы.

  • Зейінін шоғырландыра алуы, логикалық байланыс жасай білуі, еске сақтау мен қолдың ұсақ моторикасының дамуы.

  • Ал оқу, жазу, есептеу, тапсырмаларды орындау секілді дағдыларды кейіннен үйренуге болады.

Дамыту жолдары:

Балаңыздың жаңаны зерттеуге деген қызығушылығын баспаңыз. Ол мектепке келген кезде бұл ол үшін тәжірибе болады. Балалар үнемі «неге?» деген сұрақты көп қояды, сол сұраққа жауапты өзі табуына ықпал жасаңыздар. Бір сөзбен айтқанда үйренуге, білуге, тануға деген қызығушылығын оятыңыздар.

  • Баланың басқа балалармен қарым-қатынас жасай алуы.

  • Қарым-қатынас жасауға өзі ниет білдіре ме, әлде басқа балалардың шақырғанын күте ме?

  • Қоғамда қалыптасқан қарым-қатынас нормаларын сезуі.

  • Басқа балалардың немесе ұжымның қызығушылықтарын ескеруге дайындығы, өз пікірін қорғай алуы.

  • Балалармен, мұғаліммен және басқа ересектермен қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін сезуі.

  • Мектепке түспестен бұрын балада таныс емес аадамдармен қарым-қатынас жасау барысында мейлінше әртүрлі тәжірибесі болу қажет.

Дамыту жолы:

Балаға емханада, дүкенде, ойын алаңдарында өз бетімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беру керек.

Shape1


Құрметті ата -аналар!

Балаңызды біртіндеп күн тәртібіне үйрете берген дұрыс болады. Баланың бойында жауапкершілік ояту үшін бір қызметті мойнына жүктеңіз. Мысалы: өз бөлмесін жинау, дүкенге бару, шаң сүрту деген секілді. Оған мектеп туралы тек жағымды пікірлер айтып отырыңыз. Ата-ананың мектепке деген көзқарасы балаға тікелей әсер ететінін ұмытпаңыз.

Өз сезімдеріңізді де ескеріңіз: егер сіз өзіңіз мазасызданып уайымдасаңыз бұл сезім балаға да берілуі мүмкін. Сондықтан өзіңізге және өз балаңызға сенімді болыңыз және балаңыздың өміріндегі осындай керемет сәтті қорқыныштың басуына жол бермеңіз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!