Материалдар / «БАЛАНЫҢ ҚАТІГЕЗ ҚАРАУДЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРЛЕРІНЕН ҚОРҒАНУ ҚҰҚЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР-ЛЕКЦИЯ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«БАЛАНЫҢ ҚАТІГЕЗ ҚАРАУДЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРЛЕРІНЕН ҚОРҒАНУ ҚҰҚЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР-ЛЕКЦИЯ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша педагогтарына арналған семинар-лекция бағдарламасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2019
756
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1





«Айгөлек» балабақшасы КМҚК
2018-2019 оқу жылы


«БАЛАНЫҢ ҚАТІГЕЗ ҚАРАУДЫҢ БАРЛЫҚ
ТҮРЛЕРІНЕН ҚОРҒАНУ ҚҰҚЫҒЫ»
ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР -ЛЕКЦИЯ


және осы тақырыптан туындайтын басқа да
педагогикалық жұмыстар жоспары


Жауаптылар:
Әдіскер Ағзам А.А.




Page 2

Сабақты
өткізу күні
Мазмұны Әдебиет Үй
тапсырмасы
Жауаптылар
Қараша, 2018
жыл
«Балаларды
ң күн
көрісін,
қорғалуын,
дамуын
қамтамасыз
ету туралы
бүкіләлемді
к
декларация
» Лекция
1. Усачев А.
«Кішкентай
адамның
басынан
кешкендері :
Балалар мен
ересектерге
айтып
берілген адам
құқығының
жалпыға ортақ
декларациясы
. Повесть-
ертегі 1997,
95б.
2. Бала
құқықтары
туралы
Конвенция
3.«Ата-
аналарға бала
құқығы
туралы»
тақырыбындағ
ы жиналыс.
Бала
құқықтары
туралы
туралы
Конвенция
материалдар
ын
конспектілеу
Ағзам А.А.
-әдіскер

Абдрахмано
ва А.Е.-
психолог
Қаңтар, 2019
ж.
№2
педагогикал
ық кеңесте
Іскерлік
ойын «Біз
бала
құқықтары
н білеміз»
Ата-
аналармен
жұмыс
жоспарын
құру

Ақпан, 2019 Шеберлік
сыныбы:
«Баланың
ат таңдауға
құқығы »
Бала
құқықтары
туралы
Конвенция
Бала
құқықтары
туралы
Конвенцияны
оқып үйрену
Ағзам А.А.-
әдіскер

Сайлхан Н. -
тәрбиеші





Page 3

Тақырыбы: «Баланың қатыгез қараудың барлық түрлерінен қорғану құқығы»
Негіз: Балалардың күн көрісін, қорғалуын, дамуын қамтамасыз ету туралы
бүкіләлемдік декларация.
Біздің еліміздің экономикасындағы өзгерістер қоғамдағы өзгерістерге әкеп соқты.
Отбасы мен құқық Институты танымал болудан қалып барады. Толық емес отбасылар
саны өсіп барады. Отбасының тәрбиелік әлеуеті төмендеуде. Жетім балалар мен
атаанасының қамқорлығынсыз қалған балалар санының көбею үрдісі байқалып отыр.
Бақылаусыз қалған, көше балаларының, «әлеуметтік жетім», яғни әке-шешелері тірі болса
да, жетім балалар саны өсуде. Бұдан басқа, қазір үйде зорлық-зомбылық көрсету
мәселелері белсенді талқылануда. Балаларға қатігез қараудың қорқынышты фактілері
келтірілуде. Ата-аналар физикалық күш көрсету мен психологиялық қысым жасау
әдістерін жиі қолданады.
Бала құқығының бұзылу себебі неде? Заңдардың жоқтығынан немесе жеткіліксіздігінен
емес, құқықтық базаның, құқықтық қолданудың жеткіліксіздігінен.
Бүгінгі балалар – еліміздің болашағы. Бір нәрсе күмәнсіз: Қазақстан азаматтарының
өркендеуі өркениетті құқықтық мемлекетте ғана мүмкін. Балалар кез келген қоғамның,
саяси құрылымы мен діни сеніміне қарамастан, ең қымбат нәрсесі екенін түсіне отырып,
ересектер аса маңызды мәселені шешу алдында тұрады
Сұрақ: Ұұлттық генофондты сақтай отырып, баланың құқықтарын қалай қорғауға
болады?
Жауап:Дамудың кез келген жас кезеңінде балаға өмір сүру мен дамуға қажетті
материалдық және басқа игіліктерді қамтамасыз ету керек.
Балалықты қорғау мәселесі шартты түрде екі бағытта қарастырылады:
Әлеуметтік-құқықтық бағытқа бала құқығын заңды түрде қорғауды қамтамасыз
ету, әлеуметтік, білім беру, мәдени және басқа да балалар мекемелерінің жүйесін жасау
кіреді. Психологиялық-педагогикалық бағыт қолайлы жағдайлар жасауды пайымдайды:
сәйкес ахуал, өмір сүру стилі, үйдегі және білім беру мекемесіндегі қарым-қатынас.
Мамандардың неше буыны баланы неше жасынан бастап адам құқықтарымен таныстыра
бастау керек деген сұрақты қойды. ЮНЕСКО ұсыныстары бойынша (1974 ж.) бұл
жұмысты мектепке дейінгі жаста бастау керек. Өткен жүзжылдық бойында бүкіл әлемде
бала құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге шақырған маңызды құжаттар қабылданды.
Олар:
1924ж. – Ұлттар лигасы аясында бала құқықтарының Женева декларациясы.
1948ж. – БҰҰ Генералдық Ассамблеясы балалардың қорғау мен көмекке ерекше
құқықтары бар екендігін жариялаған адам құқықтары Декларациясын қабылдады.
1959ж. – Бала құқықтары Декларациясы.
1989ж. – Бала құқықтары туралы Конвенция.
1990ж. – Балалардың күн кӛрісін, қорғалуын, дамуын қамтамасыз ету туралы
бүкіләлемдік декларация.
1990ж. біздің елімізде бала құқықтары туралы Конвенция аясында бала әлеуметтік
қорғауды талап ететін нысан ретінде ғана емес, адам құқығының барлық спектрі
ұсынылған құқық субъектісі ретінде де қарастырыла бастады. Бала құқықтары
Конвенциясы – жоғары халықаралық стандарт пен үлкен педагогикалық маңызы бар
құқықтық құжат. Ол баланы толыққанды және толыққұқықты тұлға ретінде, құқықтың
дербес субъектісі ретінде жариялайды және бала мен ересек арасындағы өзара қарым-
қатынас баланың пікірі мен көзқарасына, тұлғасына ұқыпты қарауға, ізгілікке негізделген
адамгершілік-құқықтық нормаларды сақтай отырып жүзеге асуына шақырады.
Бала құқықтарын жүзеге асыруға арналған іс-шаралар:
- баланы қатігез қараудың барлық түрлерінен қорғау;
- денсаулығын қорғау құқығы;
- білім алу құқығын қорғау;
- ойнау құқығы;


Page 4

- өзінің жекелігін сақтау құқығы.
Конвенция талаптарына сәйкес және ҚР нормативтік-құқықтық құжаттары
бойынша баланың физикалық және психикалық күш көрсетудің барлық түрлерінен,
жәбірлеуден немесе қиянат көрсетуден қорғауға құқығы бар.
«Білім туралы» Заңның түсініктемесі бойынша психикалық күш көрсету болып
танылатын жағдайлар:
- қауіп-қатер төндіру,
- мақсатты түрде оқшаулау,
- баланың жасы мен мүмкіндіктеріне сай емес шамадан тыс талап етулер,
- жүйелі және негізсіз айтылған сын.
Американдық зерттеуші Н. Полански баланың дамуы мен өркендеуіне нашар
тамақтанғанда, нашар киінгенде, үйі жоқ болғанда, қараусыз қалғанда ғана емес,
сонымен бірге оның сүйкімді болғысы келетін табиғи қажеттілігі қанағаттандыралмаған
кезде де қауіп-қатер төнетінін дәлелдеді.
Бала құқықтары туралы Конвенция әр баланың өмір сүруге ажырамас құқығы бар
екенін, ал мемлекет пен ересектер «баланың физикалық, ақыл-ой, рухани, адамгершілік
және әлеуметтік дамуына қажетті өмір деңгейіне құқығын қамтамасыз етулері керектігін»
анықтады.
Конвенцияның 28-29 баптары баланың білім алу құқығын баланың еркін қоғамда саналы
өмір сүруге дайындауды қамтамасыз ететін білім беру мекемесіне бару мүмкіндігі деп
анықтайды. Мектепке дейінгі білім берудің барлық бағдарламалары МДББ бала құқығын
қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарламаны таңдауда педагогикалық ұйымдар баланың
даму деңгейін, өздерінің педагогикалық бастамаларын, концептуалдық ережелерін
басшылыққа алады. Баланың құқықтарын қорғауға МДББ жағдайында балаларды
тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын іске асырудың нормалары, жүктеме шегі және
гигиеналық талаптарының орындалуына арналған талаптар көрсетілген.
Елімізде және шет елдерде жүргізілген арнайы зерттеулер мектепке дейінгі бала
тұлғасын дамыту және оның жасына қарай психикалық өзгерістері болуы үшін( бұл-
мақсатты бағытталған іс-әрекет, дербестік, қиял) ойынның алар орны ерекше екендігін
анықтауға мүмкіндік берді. Ойын адамның іс-әрекетін, тұлғаралық қатынастарды
модельдеуге, артынан бала тұлғасының толыққанды дамуына мүмкіндік туғызады.
«Конвенцияға қатысушы мемлекеттер баланың жекелігін сақтау құқығын
құрметтеуге міндеттеме алады». Ересектер бала тұлғасын түсінуге ғана емес, сонымен
бірге табиғаттың бұл ұлы сыйын сақтау мен дамытуға шақырылған. Сонымен баланың
құқықтарын қамтамасыз ету МДББ өкілдері сияқты тәрбиеленушілердің ата-аналарының
да кешенді өзара әрекетін талап етеді. Барлық құрылымдық бөлімшелердің іс-әрекетін
айқын ұйымдастыру өте маңызды. Бұл жұмыста бастысы қысқа мерзімдік емес, жүйелілік
пен бірізділік. Барлық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы – мектепке дейінгі оқу мекемесінің
меңгерушісі.Ол жұмысты үйлестіреді, балалар құқықтарының сақталуын бақылауды іске
асырады.
Педагог – барлық жұмыстағы басты кейіпкер. Оның жеке ұстанымына,оның мәдениеті
мен сұрақты дұрыс түсінуіне білім беру мекемесінде бала құқығының сақталуы, көп
жағдайда отбасында да байланысты. Тұтастай алғанда, мәселені түсіну қажеттігі
мен аталған мәселеге педагогикалық ұжым мүшелері мен ата-аналардың көзқарасы
бірінші дәрежеде болып табылады. Бала бұл өмірге көмексіз және қорғансыз болып
келеді. Оның өмірі, денсаулығы, болашағы Жердегі тыныштыққа, ата-анасына, басқа
ересек адамдардың әсер етуіне байланысты болады. Бала олардың сүйіспеншілігі мен
мейірімді қарым-қатынасына сенеді және олардың қорғауына үміттенеді.
Адамзат балалардың мәселелеріне немқұрайлы қарамайды
1989ж. БҰҰ Генералдық Ассамблеясы бала құқықтары туралы Конвенция қабылдады.
Білікті педагогикалық көмек алмай, ата-аналар балаларды тәрбиелеуде өз балалық
шақтарының естеліктерін басшылыққа алады және достарының, көршілерінің, басқа ата-


Page 5

аналардың кеңестерін пайдаланады.Сондықтан олар бала тәртібіне байланысты көптеген
қиындықтарды шеше алмайды. Көптеген ата-аналарда бала тәртібіндегі жағымсыз
қылықтар торығу тудырады. Мұндай қиын жағдайларда ата-ана өзін қалай ұстау
керектігін білмей, балаларды ұрады, қорқытады, шектен тыс қатыгездік көрсетеді. Ата-
аналардың азғантай бөлігі ғана өкінеді, көпшілігі балаларының күйзелісіне мән бермейді,
жөнсіз, дәлелсіз деп есептеп, оның себептерін білуге ұмтылмайды. Көптеген ата-аналар
балаларының үнемі ата-ана жағынан қорғауы мен сүйіспеншілігін қажет ететінін, өзіне,
өзінің мүмкіндіктеріне деген сенім, құндылық бағытталушылық пен әлемге деген
көзқарас, бәрінен бұрын, отбасында қалыптасатынын түсінбейді. Мұндай жағдай
баланың денсаулығы үшін ғана емес, оның тұлғалық дамуына да өте қауіпті.
Неврастениямен ауыратын жасөспірімдердің барлығында аурудың дамуына мектепке
дейінгі балалық шақтағы отбасылық қарым-қатынастардың бұзылуының әсер еткені
анықталған. Дәрігер-психиатрлар өздерінің пациенттерінің көбі балалық шағында
сүйіспеншілік жетіспеген адамдар деп санауы бекер емес.
Мамандар балалар күйзелісінің рөлін тұлғалық даму кезеңінде ғана емес, ересек адамның
өмірінде де жеткілікті бағаламайтынымызды атап көрсетеді. Ата-аналарға жүргізілген
сауалнама нәтижесі олардың бала құқықтары туралы білімдерінің жеткіліксіз екендігін,
тәрбие құралдарын таңдаудағы қиындықтарын көрсетеді екен. Сауалнама жүргізілген 120
ата-ананың 38%баланың құқықтары жазылған құқықтық құжаттарды білмейді, 38% бала
құқықтарын атап бере алмайды. Іс жүзінде барлық ата-аналар жазалайды, олар бұны
тәрбие мақсатында деп санайды.
Балаға қатігез қарау бала психикасының өзгеруі салдарынан оның әрі қарайғы өміріне де
әсер етпей қалмайды:
ол айналадағы ақиқатты басқалай қабылдайды,
басқаша ойлайды,
өзін басқаша ұстайды.
Қазақстан Республикасының Отбасы кодексінде ата-аналардың баланың
физикалық және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян келтіруге
құқы жоқ екендігі қарастырылады.Тәрбиелеу әдістері баланың қадір-қасиетін түсіретін
немқұрайлы, қатігез, дөрекі қарауды, оларды жәбірлеу мен қанауды жоққа шығарады.
Балалардың сыйластық атмосферасында өсуі және әртүрлі теріс әрекеттерден зардап
шекпеуі аса маңызды, біздің болашағымыз сәбидің әлсіз қолында емес пе?! Қазір
кішкентай баланың құқықтары мен ар-намысын мектепке дейінгі білім беру
мекемелері қорғай алады.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтары өздерінің бала мен ата-аналармен
жұмысында бала құқықтары туралы Конвенция бастамаларын толық мөлшерде жүзеге
асыру үшін, әлемнің көп елдерінде UNICEF (ЮНИСЕФ) – Біріккен Ұлттар Ұйымының
Балалар қоры қаражатына және қатысуымен жүзеге асырылған арнайы зерттеу өткізу
қажет болды. ҚР «Білім туралы» заңында , ҚР отбасы кодексінде білім беру мен
тәрбие бойынша ата-аналардың, педагогтардың, білім беру мекемелерінің міндеттері
анықталған. Олар білім беру процесінің тең құқықты қатысушылары, демек, олардың
педагогикалық ықпалдары келісілген және бірлескен болу керек. Заманауи педагогикалық
әдебиеттің, бағдарламалардың талдауы негізінде ересек мектепке дейінгі жастағы
балалардың құқықтық тәрбие мазмұны жеткілікті зерделенгенін айта кету керек. Ата-
аналарды мынандай әдебиеттермен таныстыруға болады:
1.«Жауапкершілік пен бала құқықтары туралы сұхбаттар»,
2.«Ересек мектепке дейінгі балаларды бала құқықтары туралы конвенциямен
таныстыру»,
3.«Бала құқықтары туралы сұхбаттар»,
4.«Мектепке дейінгі баланы бала құқықтары туралы конвенциямен таныстырамыз» және
т.б.әдістемелік әдебиет бар.


Page 6

Бірақ тәрбиеші үшін ұсыныстар, ересек мектепке дейінгі балалардың ата-аналарымен
жұмыс түрлері мен мазмұны, балалардың құқықтық тәрбиесі бойынша жұмыс жеткіліксіз
зерделенген, мұндай жұмысты жүргізу үшін тәрбиешілерге ұсыныстар жоқ.Сөйтіп,
халықаралық және Қазақстандық заңнамалық актілер белгілеген тәрбиеші мен ата-
аналардың бала құқықтарын жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмыс қажеттілігі мен
баланың қорғау мен отбасында көмекке құқықтарын жүзеге асыру бойынша
зерделенген әдістемелік ұсыныстардың жоқтығынан барып қарамақайшылық
туады.Проблема:бала құқықтарын, қорғау мен көмектесуді жүзеге асыруға бағытталған ,
ата-аналармен бірлесе іс-әрекет ету бойынша ұсыныстары бар іс-шаралар кешенін
анықтау. Ерте балалық шақтан бастап кішкентайларда өзіне деген сенімділік пен
әлеуметтік шыдамдылық, өзін өзі құрметтеу мен басқаларды құрметтеу сезімдерін
тәрбиелеу қажет. Балалар жеткілікті деңгейде өз өздерін көрсету, өзара араласу мен
айналасындағыларға қамқор болу дағдыларын игереді.
Көптеген ата-аналар балаларын тәрбиелеуде елеулі қиындықтарға кездеседі.
Мектепке дейінгі балалардың тыңдамауы, дауласуы, жеңілтектігі, агрессивтілігі ата-
аналарды мазалайды. Балаға қатігез қарау олардың әрі қарайғы өміріне әсер етеді, бала
психикасының өзгертеді, олар айналадағы ақиқатты басқалай қабылдайды, басқаша
ойлайды, өздерін басқаша ұстайды. Баланың өмірі, денсаулығы, болашағы ата-
анасына, оны қоршаған ересектерге, жер әлемге, планетаның экологиялық жағдайына
байланысты болады. Егер бұрын қоғамдық тәрбиелеу жүйесі баланың тәрбиесі үшін
жауапкершілікті отбасынан балабақшаға аударса, қазіргі уақытта ҚР Отбасы кодексіне
сәйкес балалардың тәрбиесі мен оқуы бойынша ата-аналардың құқықтары мен міндеттері
көзделген. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау ата-аналарға
жүктеледі, сондықтан ата-аналардың бірінші және негізгі міндеті – балада оны жақсы
көретіні, оған қамқор болатыны туралы сенімділік туғызу болып табылады! Біздің
педагог ретіндегі міндетіміз – немқұрайлы қарап қалмау:
- кішкентай баланың құқықтары мен ар-намысын қорғау,
- баланың ата-анамен араласу процесінде - психологиялық қорғалу сезімін;
- әлемге сену;
- эмоционалдық өркендеу;
- тұлғалық мәдениеттің қалыптасуы;
- даралық дамуын қамтамасыз ету.
Бұл үшін балалармен, ата-аналармен жүйелі және мақсатты бағытталған жұмыс
керек.
Баланың құқықтарын қорғау бойынша жұмыс түрлері мен әдістері:
1.Сабақтар,талқылаулар,
2. Ата-аналар үшін сауалнамалар,
3. Дидактикалық ойындар мен жаттығулар,
4.Көркем әдебиет оқу (өлеңдер, мақал-мәтелдер).
Қазақстанның болашағы үшін балалардың сыйластық ахуалында өсуі және жағымсыз
жағдайлардан зардап шекпеуі аса маңызды


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!