Материалдар / Баланың рухани-адамгершілік құндылықтарға көзқарасын қалыптастыру жолдары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баланың рухани-адамгершілік құндылықтарға көзқарасын қалыптастыру жолдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін - өзі тану, білім мағынасының құндылығын күшейте отырып, жеке тұлғаның риясыз сүю, өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, көп білу және өзін - өзі жетілдіру, дене, психологиялық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімділікке жету қабілетін ашады және дамытады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2018
1154
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Баланың рухани-адамгершілік құндылықтарға көзқарасын қалыптастыру жолдары


3Қарабалық орта мектебінің
«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі
Кульжабекова Ақтолқын
Бутамбайқызы

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында «Біз әрбір адамның ар - намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп атап көрсетті. Қоғам өмірінің барлық сфераларында терең өзгертулер жүруде, соның ішінде келешек ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру да өзекті мәселе болып тұр.Сол себепті соңғы жылдары тәрбие берудің ауқымының кеңейіуіне байланысты оған қойылатын талап та жағарылауда.

Заман талабына сай білім беру жүйесі өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне аудара бастады. Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Әр баланың азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі де, жауапты сала, ол – білім беру жүйесі екені бәрімізге белгілі.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Біз бала тәрбиесіне оң ықпал жасай отырып, оның табиғатын оятамыз. Баламен жүргізілетін әрбір істі қарапайым, әрі шешімі бар іс деп қарауымыз керек. Балалық шағының қызықты болуын ескергеніміз жөн. Бұл бала бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың бірден-бір жолы. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат - міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, иманды, мәдени - ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу –біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Осы тұста балаларға әдеп , ізгілік , адамгершілік тәрбие беруге тікелей араласатын ата-ана, мектеп, оның ішінде мұғалімдер мен сынып жетекшілері болып табылады. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата - ана үлгісі» - деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Осы орайда Сара Алпысқызы өз сөзінде: «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл – қызымызға көзбе - көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!» деді. Осыған сәйкес соңғы жылдары «Бөбек» қорының Президенті С.А.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру жобасы жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытып, қалыптастырудың тиімді жолын көрсетуде.

Бұл бағдарламаның міндеті:

  • баланы рухани-адамгершілік тәрбиенің мазмұнын құрайтын қайырымдылық, сұлулық, достық, бақыт, сүйіспеншілік сияқты құндылықтарға баулу;

  • Балаға өзінің қайталанбайтын жеке ерекшелігін, өзіндік орны бар адам екендігін сезіндіру;

  • Баланың бойындағы жақсы әдеттерін сақтап, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға үйрету;

  • Күнделікті бірлесе атқаратын іс-әрекеттер барысында балалардың бойында өзінің құрбыларымен адамгершілік қарым-қатынас жасау, олармен санасу және жанашырлық сезімдерін дамыту;

  • Жер бетінде өмір сүріп жатқан барлық жанды-жансыз дүниенің өмірлік құндылығын түсіну және сезіну;

Өзін - өзі тану, білім мағынасының құндылығын күшейте отырып, жеке тұлғаның риясыз сүю, өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, көп білу және өзін - өзі жетілдіру, дене, психологиялық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімділікке жету қабілетін ашады және дамытады.
Тәуелсіз Қазақстан үшін жалпы адамзаттық мәселе, рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі өзекті сипатқа ие болып отыр. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік - рухани қайнарын сіңіріп, мінез - құлқын тәрбиелеу үшін, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы басты мақсат ету керек. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез - құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше дараланған тұлға. Адамдар тұлға болып бірден дүниеге келмейді. Әрбір адамды қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Тұлға дегеніміз адамның мінез - құлқындағы, іс - әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Адамдардың қоршаған табиғи ортадағы құбылыстарды қабылдап түсінуі әртүрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты.
Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.


Мектептің есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйренеді. Адам бойындағы жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал барлық жаман қасиеттер амалдың көрінісі. Адам денесі біреу болғанымен оның ішінде қарама-қарсы,яғни жақсы мен жаман екі күш болады.Ол екеуі үнемі күресте болады.Адамның жақсы не жаман болуының осыған байланысты екенін Ш.Құдайбердиевтің мына бір өлеңі айқындай түседі.

                       «Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр,                                                                 Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап тұр.                 
Тағдырдың бір қиын,сырлы сиқырымен                                      
Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.»

   Қазір адамдардың компьютер дәуірінде өмір сүріп жатқанын бәріміз білеміз. Бірақ рухани адамгершілік адамның бойынан толық көріне бермейді.Сондықтан да,білім берудің барлық кезеңдерінде рухани адамгершілік тағылымдарын негізге алған жөн. Сонда мінез-құлқы жетілген, саналы адам қалыптасады. Жетілген мінез-құлық үш нәрсенің: жүректің,ақылдың,қолдың келісімі. Бала өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің ғана айтқанын орындаса өмірден өз орнын таба алады деп сенемін. Мұндай тәрбие әуелі отбасында, мектепте,оқу пәндерінде,тәрбиелік іс-шараларда,ойындарда қойылымдар арқылы жүзеге асуы тиіс. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Осыдан келіп адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі күші мұғалімнің үлесіне тиеді.Ал «Өзін-өзі тану» пәнінің рухани тәрбие беруде алатын орны ерекше, мұнда адамгершілікке тәрбиелеу үшін зор мүмкіндіктер бар.
«Өзін-өзі тану» пәні баланың бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырады, оларды рухани адамгершіліктің нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану – адамның өзіне терең мән берудің алғашқы қадамы. Ойшыл Сократ: «Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны» деген болатын, қазіргі біздің «Өзін-өзі тану» пәні Сократ ілімінің үйлесімді жалғасы іспеттес.Сабақ үстінде мұғаліммен және құрбыларымен үнемі қатынасып отыру нәтижесінде баланың адамгершілігі қалыптасып, өмір тәжірибесі байи түседі.  Сонымен қатар балаларға сыныптан  тыс оқуға түрлі тапсырмалар беріледі. Берілген тапсырмалардағы қол еңбегі, суретті бейнелеу, сұрақтарға жауап беру, оқыған кітаптары туралы ойларын білуге, адамгершілік көзқарасын оятуға жол ашады.
Оқушылардың адамгершілік сана - сезімін оятып, жағымды мінез - құлқын қалыптастыруда «Өзін-өзі тану» пәні сабағы және ойын – сабақтарын, интеграцияланған сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, апталықтардың алатын орны ерекше.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асыруда «Өзін-өзі тану» пәнінің басқа пәндермен ықпалдасуының маңызы зор. Сондай-ақ интеграция сабақтарында оқушының алатын білімі өмірмен байланыстырылып және салыстырмалы түрде түсіндіріледі. Мұндай жағдайда берілген білім оқушының есінде жақсы сақталары сөзсіз. Осы бағытта жүргізілетін сабақтар ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары сөзсіз. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімнің биология,физика, математика пәндерімен интеграцияланған сабақ өткіздім. Бұл сабақтарды дайындау барысында ізденіп, тақырыпқа рухани-адамгершілік тұрғысынан мысалдар қарастырдым. Сабақ барысында сыртқы, ішкі интеграцияны қолданып, білім мен өмірдің, тәрбиенің үйлесімділігін келтіруге тырыстым. Бұл сабақтарды өткізе отырып менің көзімнің жеткені осындай интеграциланған сабақтардың баланың қызығушылығын арттыру мен тәрбие беруде маңызы зор екендігі болды. Сондықтан мектебімізде мұндай сабақтарды дәстүрге айналдыруға ұсыныс жасадым.

слайд

Сонымен қатар баланың рухани-адамгершілік құндылықтарға көзқарасын қалыптастыруда келесі іс-шараларды ұйымдастырудың маңызы зор

  • Қайырымдық акциялары

  • Апталықтар

  • Спорт

  • Драма үйірмесі

  • Пікірталас

  • Клуб

  • Ақындар бұрышы

  • Серуендер

  • Ғылым, спорт күндері

Бұл іс-шаралардың басты мақсаты рухани – адамгершілік тәрбиесіне бағытталады. Ал егер дәл осыған кереғар қасиеттерді бала бойынан кездестірген жағдайда, оған керекті әдіс - амалдарды да іздестіріп, қолдану керек. Халқымыз «баланы ойын өсіреді»деген сөзі тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп, ойланады, жүйкесі тынығады, ойы сергиді, денесі шымырланады. Іздену жұмыстарын атқару арқылы білімдерін толықтырып, шығармашылық қабілеттері дамиды. Өздерінің құрбы - құрдастарымен жақсы араласуды үйренеді.Кейбір жағдаяттардан шығу жолдарын табуды үйренеді. Сан алуан ойындар,іс-әрекеттер баланың дене тәрбиесін дамытып, жас жеткіншектің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде төзімділікті ұлғайтуға тәрбиелеуде ерекше мәні бар. Ең бастысы, мұндай іс-шаралар баланы жан - жақты, тез ойланып шешім қабылдауға, ойын дұрыс жеткізуге, кешірімді, жанашырлыққа тәрбиелейтіні анық.
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Рухани - адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет - дарынының ашыла түсуіне, ақыл - парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.
Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, мектептің, барша халықтың міндеті.
Адамгершілік тәрбиенің, адам бойында осы жақсы қасиеттердің болуы, жанұяға, өскен ортасына байланысты. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу ата - ана мен мұғалімге жүктелер міндет. “Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақытта қонады” деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылық - қасиеттер болса одан арылту қажет. Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез - құлықтарды өн бойыңа жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық болғаны.

Қазіргі уақытта жас ұрпаққа рухани тәлім тәрбие беру заман талабы. Жаһандану уақытында тәрбие беру, ұлттық және рухани негізде үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Егемен ел болып, еңсесін тіктеп, етек жеңін жиып, елдігін ерекшелей түскен қазақ елінің айрандай ұйыған айбынды ел болып көпке танылуы, ең алдымен бүгінгі өскелең ұрпаққа тікелей байланысты. Ендеше еліміздің болашағы жастар болғандықтан, олардың рухани тәрбиесіне аса мән беруімізді қажет ететіні сөзсіз. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани-адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады.

Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіне өмірге,ата-анасына,ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік,махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.Рухани тереңдікті қалыптастыру мақсатында жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі: Ақиқат; Сүйіспеншілік;Дұрыс әрекет; Ішкі тыныштық;Қиянат жасамау:

Абай атамыз «Біз өз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбепсіз ,көзбен көріп, ақылмен біліп» демекші ендігі кезеңде бұрыннан жасалған бар білімді ізденіп,толықтырып, әр мұғалім өз жүрегінен өткізіп,рухани тереңдігін байқап,бағамдап,әрбір материалды оқушының көкірек көзін ашатындай дәрежеде беру керек деп ойлаймын.

Әсіресе, мектеп жасындағы балалар өте қабылдағыш, үйреткеннің бәрін алатын, берілген тәрбиені де тез қабылдағыш болып келеді. Балаларды жүйелі және дәйекті түрде адамгершілікке тәрбиелеу үшін нақ осы жастарда мүмкіндік туады.

«Өзін-өзі тану» пәнінен дәріс беретін мұғалім ең алдымен жүзі жылы, айналасындағыларға әрқашан мейірім шуағын шашып,балаларға жылы шыраймен,әдемі күлкімен әсер беретін ерекше тұлға болуы қажет.

Жеке тұлғаның айналасына ізгілік қатынасын қалыптастыруда мұғалім көп ізденіп,түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білуі керек.

Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал сөзіне сүйенеміз.




Пайдаланылған әдебиеттер:

Н.Бекарыстанова «Өзін-өзі тану пәні бойынша рухани-адамгершілік білім беру» Самопознание.kz.№6 2014 жыл

Н.Ә.Хайрушева «Қазіргі заман талабына сай мұғалім қызметінің өзгеруі» Журнал. Педагогика мәселелері №1 2011жыл

А.Сисенова «Бастауыш сынып оқушыларын рухани-адамгешілікке тәрбиелеуде мұғалімнің алатын орны» Өзін-өзі тану журналы №6 2014 жыл


 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!