Материалдар / "Баланың тұлға болып қалыптасуы" мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Баланың тұлға болып қалыптасуы" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшіге арналған материал, әдістемелік нұсқаулық
Авторы:
22 Мамыр 2023
644
21 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әр адам жеке тұлға. Жеке тұлғаның ерекшелігі — оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
«Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт
Бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса
Он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас» дегендей жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді. Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие. Жеке адамның әсіресе баланың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. «Ата – ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы.» деген екен Антон Макаренко.Сондықтан баланы тәрбиелеу отбасынан басталып, балабақша, мектеп табалдырығын аттағаннан бастап тәрбиеші, сынып жетекшінің және ұстаздардың тәрбиесі арқылы жалғасады. Яғни бала бала-бақша, мектепке келген сәттен бастап балаға ата-анасымен қоса қоғамдық орта әсер етеді. Қоғамдық ортаға келген баланы тәрбиеші, сынып жетекшімен қатар, психологтың әр түрлі зерттеулер, тесттер жүргізілуі де баланың тұлға болып қалыптасу деңгейін, мінез-құлқын анықтап, сынып жетекшіге көмек ретінде зерттеулердің нәтижелері ұсынылып отырылады. Қоғамдық ортада тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы әр түрлі.Әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр адамның мінез-құлқы да әр түрлі болады. Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауы. Әрбір тұлға оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады.
Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Жеке тұлғаның ерекшелігін талдау, саралай келе баланы жеке тұлға ретінде дамытуға тікелей әсер ететін сынып жетекшінің роліне тоқталсам деймін.Ең біріншіден сынып ұжымымен жұмыс жасауда сынып жетекшісіне төмендегі негізгі қасиеттер болуы тиіс:

Балалармен қарым-қатынаста сынып жетекшісінде болуы тиіс негізгі қасиеттер:
– жоғары адамгершілік және қайырымдылық;
– ықылас;
– қамқорлық,
– түсінушілік;
– елгезектік;
– коммуникативтілік;
– тілектестік;
– жауапкершілік;
– ашықтық;
– ізгілік;
– адалдық;
– мысқыл сезім;
– байыптылық, ұстамдылық;
– әділдік;
– мақсаттылық.

Сынып жетекшісінің негізгі қызметіне мыналар жатады :
• Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру 
• Сынып ұжымының оқу ісін ұйымдастыру 
• Сыныптың сабақтан тыс уақыттағы өмірін ұйымдастыру 
• Оқушылардың жеке басын зерделей түсіну 
• Оқушыларды әлеуметтік қорғау 
• Ата- аналармен жұмыс 

Сынып жетекшінің міндеттері :
• Сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту 
• Тұлғаны дамытып, әрбір білім алушының өзін танытуы әрі қайталанбас ерекшелігін сақтай отырып психолгиялық педагогикалық жағдай тудыру 
• Оқушылардың шығармашылық Іс- әрекетін қалыптастыру 
• Сыныптағы жүйелік жұмысты ұйымдастыру 
• Білім алушылардың бойында адамгершілік құндыықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру 
• Салауатты өмір салтын қалыптастыру 
• Білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау 

Сынып жетекшісі білуі тиіс:

  1. Өз кәсіби іс-әрекетін, қызықты әрі шабыттандыратын сыныптан тыс өмірді, әр тәрбиеленушінің тұлғалық бейнесін жоспарлауды.

  2. Өз қызметінің нәтижесін талдауды және болжауды. Әр тәрбиеленушінің тұлғалық қалыптасуында көмек көрсетуді.

  3. Тәрбиеленушілерді өзінің сабақтан тыс іс-әрекетін талдауға үйретуді.

  4. Ата-аналармен, сыныбындағы пән мұғалімдерімен,қауымдастықпен әлеуметтік байланыс орнатуды.


Сынып жетекшісінің ата-аналармен қарым-қатынаста қажет басты қасиеттері:
– шыншылдық және әділеттілік;
– шыдамдылық;
– байсалдылық;
– әдептілік;
– сыпайылық;
– мәдениеттің жоғары деңгейі.
Сынып жетекшісі жұмысының басты принциптері:
– ізгілік;
– кәсіби құзыреттілік;
– әділдік;
– тұлғаға құрметпен қарау;
– жауапкершілік және т.б.

Сынып жетекшісі болу, ол:
– өзіне үлкен жауапкершілік алуды;
– тыңдай және түсіне білуді;
– сыныптағы әр тәрбиеленушінің психикалық, дене бітімі және
адамгершілік жай-күйіне қамқор болуды;
– көмек көрсетуді (оқуда, сыныппен және қоршаған социуммен, ата-
аналармен қарым-қатынаста, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі дамытуда);
– жетекшілік жасау және тәртіпті қадағалауды;
– үнемі әділдік жағында болуды 
білдіреді.



Сынып жетекшісінің құқысы жоқ:
1. Тәрбиеленушінің жеке басының абыройын кемітуге, оны іс-әрекетімен немесе сөзбен қорлауға.
2. Бағаны оқушыны жазалау мақсатында қолдануға.
3. Баланың сенімін аяққа басуға, тәрбиеленушіге берген уәдені бұзуға.
4. Баланы жазалау үшін оның отбасын (ата-анасын немесе туысқандарын) пайдалануға.

Мен өзімнің іс-тәжірибеммен бөлісетін болсам жалпы мен бастауыш сыныптарда көп жетекшілік атқардым. Бірнеше сыныптарды 1-сыныптан алып, 4- сыныпқа дейін апардым. Ал 5-сыныптан алып отырған бұл екінші сыныбым, біріншісін осы мектепке қайта келіп орналасқан кезде алған едім, бірақ ол сынып сол жылы мектептің бөлінуіне байланысты 46- мектепке толық көшірілді. Содан кейін біраз жылдар сынып алмай жүріп барып қазіргі сыныбымды алдым. Жалпы 1-сыныптан алған оқушыларымды басынан өзім оқыта отыра, тәрбиелеп, 4-сыныпта әр сынып оқушылары өз мұғаліміне тартады дегендей менің мінезіме икемделіп, өзім қалағандай оқушылар болатын.Ал 5-сыныптан алған екі сыныбым да шулы, тәртіп жағынан ерекше сынып болды. Алғашқы сынып басқа мектепке ауысқандықтан ол сыныппен аса көп жұмыстар жүргіздім деп айта алмаймын. Қазіргі сыныбыма тоқталатын болсам, 5-сыныпта бір жыл ішінде мен 3-сынып жетекші болыппын. Ата-аналар 1-жиналыста- ақ балаларының тәртіпсіз, жаман сынып деп мұғалімдер көп айтатынын, оған себеп бастауыш сыныптан бастап сан түрлі сынып жетекшінің ауысқанын айтып, кінәні мұғалімдерге жабуға тырысты. Сыныппен танысып, ата-аналармен танысқаннан кейін психологтың көмегіне жүгініп, әр оқушының мінез-құлқын анықтайтын тест қорытындыларымен таныстым. Ата-аналар үнемі пән мұғалімдеріне де наразылықтарын білдіріп отыратын. Бір ата-ана күнде келіп, маған оқушылардың чатында балалар неше түрлі әңгіме айтатынын, видео жіберетінін айтып, қыздардың ерте жетілгендерін айтып отырды. Мен осылардың анық-қанығына жеткен соң тәрбие ісінің меңгерушісі Үміт Қызыровнамен ақылдасып, бірге ата-аналар жиналысын өткізіп, балаларының тәрбиесі жайлы тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргіздік. Содан кейін де ата-аналармен жиналыста да, оқушылармен тәрбие сағаттарында да тәрбие жайлы көп әңгіме айтатын болдық.Алғашқыда біздің әрбір жиналысымызда ата-аналар енді сіз біздің балаларды тастап кетпейсіз бе деген сұрақтарды жиі қоятын.Сол кезде осы мектептен кеткен кезде ғана балаларды тастаймын, басқа жағдайда сыныпты тастамаймын деп айтып едім. Сонымен міне қазір сол сыныбым 8-сынып оқып жүр. Сыныбым әлі де шулы сыныптардың қатарында, олардың бастауыштан қалыптасып қалған мінездері толықтай жойылған жоқ. Дегенмен қазіргі таңда оқушыларда көп өзгерістер бар. Оқушылар бір- біріне көмектесуге әзір тұрады. Бір-бірін түсініп, ақылдарын айтып жатады. Ақылды, бірін-біріне көмекке әзір, адамгершілік қасиеттері мол, ақылды, сарапшыл болып өсіп келеді. Жауапкершілік қасиеттері дамып келеді. 5-сыныпта оқушылар сабақтан қалып қалған жағдайда ата-ана да, оқушы да ескертпейтін. Сабақтан қалған әр оқушының ата-анасына хабарласып, себебін сұраған кезде ғана айтатын. Қазір алдын ала ата-анасы баласының сабақтан қалатынын және себебін айтып отырады. Сондай-ақ оқушы да сабақтан қалатын жағдайда немесе кешігетін жағдайда алдын-ала ескеретеді. Алғашқы жылдары тәрбие сағаттарында әр оқушы өз ойын,сыныпта болған жағдайлардың не үшін солай болғандығын айтып, талқыға салып, дұрыс шешімін шағаруға тырысатынбыз. Тәрбие сағаттарының басында сыныпта бір жұманың ішінде туындаған әр түрлі мәселелерді талқылап, бір жұманы қорытындылап отыруды әдетке айналдырдық.Оқушыларға көбіне өздеріне мәселені шешуге мүмкіндік беріп ,соңында тыңдап болған соң өз ойыммен қорытындылап отыратынмын. Ашық тәрбие сағаттарына, сыныптан тыс жұмыстарға да дайындалуға өздеріне тапсырма беріп, сырттай бақылап, керек жерін түзетіп, соңынан түзету жұмыстарын жасап, жарамаса қайта өзім құрастыратынмын.Жалпы оқушыларға мен қандай да бір ситуацияда, жағдаятқа байланысты әр түрлі жауап беремін. Кейде дауыс көтерсем, кейде ақыл айтамын.Кейде сын айтсам, кейде қабақпен ғана жауап қайтарамын. Оқушылар да менің мінезімді біліп алған менің реакциямды алдын ала біліп отырады көбіне.Мен жалпы осы тақырыпта шебер сынып өткіземін деп ойламадым, сондықтан алдын ала қандай да дәлелді көрнекі заттар дайындамадым. Бірақ соңғы кезде болған бір-екі ситуацияны айтып өтейін. Менің оқушыларым тосын-сый жасауға бейім десем болады. Күтпеген нәрсені ойлап табады.Жаңа жылға 8-сыныптар арасында терезені әсемдеу жайлы кешкісін 8-сынып жетекшілері ақылдастық. Сосын мен өз сыныбыма жазып ертеңге тапсырма беріп, дождиктер, домиктерді жасауды тапсырдым.Қыздар иә апай деп толықтай келісіп жатты. Мен 8- сынып жетекшілеріне менің қыздарым ертең жасап алып келеді, қатырады дедім. Ертеңінде қыздар тек материалдарын ғана алып келіпті, бірақ ештеңе жасамай келіпті. Мен ашуланып, мені ұятқа қалдырдыңдар, мен сендерді мақтап едім деп қатты ұрыстым да, қабағымды түйіп жүрдім сол күні. Ертеңгі күні сағат 12-де мектепке жиналысқа келдім. Оқушылардың сабақтары 14.00-де басталатын. Сыныпқа келсем жарты сынып келіп алыпты. Барлығы тып-тыныш отыр екен. Таң қалып, балалар неге ерте келіп алғансыңдар дедім. Апай біз физикадан сорға дайындалу үшін келдік деді. Жақсы деп жиналысқа кеттім де, екіде жиналыс біткен соң қайта келсем, сынып оқушылары тағы тып-тыныш, апай не байқадыңыз дейді, қарасам сынып бөлмесін безендіріп қойыпты. Сөйтсем маған жасаған тосын-сыйлары екен. Тағы да бір тосын сый кешке ватсапты ашсам осындай хабарламалар келіп тұр. Балалар не болды жай ма десем, жай еш себепсіз дейді. Міне осылай менің сыныбым тосын сыйлар жасағанды, таң қалдырғанды жақсы көреді. Бұл да оларда кейіннен қалыптасқан өзгерістер. Жалпы сыныпқа мінездеме беретін болсам сыныбым ақылды тентектер. Сыныпта 14 қыз бар, олардың 4-5 еуі ақ сыныпты бастарына көтеріп кетеді. Және байсалды қыздарым да бар, олар ешқашан шулы қыздарға қосылмайды. Ұлдарым аз қалды, бүгінгі таңда 5 ұл қалды. Ұлдар бұрын көп болғанда осы ұлдарым шулы еді, қазір басылып қалды, бірімен бірі сөйлесіп, ойнап отырады. Әр оқушымның мінезі маған қазір белгілі. Және әр оқушыға әр түрлі жағдаятта әр түрлі жауап беріп, әр түрлі ақыл-кеңесімді беріп отырамын. Оқушыларым мені түсінеді, мен оларды түсінемін. Қазіргі таңда бір де бір ата-ана жиналыста сөйлеп, қарсы шықпайды. Ата-ана, оқушы арасында ешқандай мәселелер туындамайды. Барлығы ақылмен шешіліп отырылады. Менің ойымша бұл осы үш жылдың жемісі. Ата-ана, оқушы, сынып жетекші бірін-бірі түсініп, мінездерін білгеннен кейін , әр түрлі жағдаяттардан кейінгі қабылданған шешім, тәрбиенің нәтижесінде қалыптасқан өзара түсінушілік деп ұғамын.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!