Материалдар / Балық өнімдерін, балықтың микоздық ауруларына байланысты ветеринариялық-санитариялық сараптау және санитариялық бағалау

Балық өнімдерін, балықтың микоздық ауруларына байланысты ветеринариялық-санитариялық сараптау және санитариялық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауыл шаруашылығын дамыту маңызды мемлекеттік басымдықтардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда елбасымыз аграрлық секторға көп көңіл бөлуде. Агроөнеркәсіптік кешен даму арқасында біз еліміз үшін аса маңызды азық түлікпен қамтамасыз етеміз. Балық өнімдерін дайындау кезеңінде, оларды өңдегенде, тасымалдағанда сақтауда сондай ақ тамақ кәсіпорындарында тағамдармен жартылай фабрикаттар дайындағанда және базарларда сатылғанда тиісті ережеге сай мал дәрігерлік санитариялық сараптау жүргізіледі. Бұл өнімдер мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сай жүргізілетін жұмыстар санитарлық тазалық, сапасы жоғары тағамдық өнімдерді дайындауды қамтамасыз етеді. Табиғаттан алынатын өнімдер көп, соның біреуі балық және балық өнімдері болып табылады. Балықтардан алынатын өнімдердің дұрыс болуы үшін оларды әртүрлі ауруларға тексереді және болдырмаудың іс шарасын жасайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2024
183
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті»КеАҚ

Факультет: «Ветеринария және Агроменеджмент»

Кафедра: «Ветеринария»



Ғылыми жұмыс



Бағыты: Балық шаруашылығы және Ара шаруашылығы өнімдерінің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы


Тақырыбы: Балық өнімдерін, балықтың микоздық ауруларына байланысты ветеринариялық-санитариялық сараптау және санитариялық бағалау




Ғылыми жұмыс авторы: Мұқат Диас Октябрьұлы

Ғылыми жұмыс жетекшісі: Ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Серикова А.Т.

Мамандығы: Ветеринариялық санитария













Семей 2024 жыл

Жоспар.



Кіріспе......................................................................................................................3

1.Әдебиеттік шолу.................................................................................................4

2.Өзіңдік зерттеулер............................................................................................11

2.1.Зерттеу әдістері мен материалдары...............................................................11

2.2.Зерттеу нәтижелері.........................................................................................15

Қорытынды..........................................................................................................17

Қолданылған әдебиеттер...................................................................................18































Кіріспе



Ауыл шаруашылығын дамыту маңызды мемлекеттік басымдықтардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда елбасымыз аграрлық секторға көп көңіл бөлуде. Агроөнеркәсіптік кешен даму арқасында біз еліміз үшін аса маңызды азық түлікпен қамтамасыз етеміз.

Балық өнімдерін дайындау кезеңінде, оларды өңдегенде, тасымалдағанда сақтауда сондай ақ тамақ кәсіпорындарында тағамдармен жартылай фабрикаттар дайындағанда және базарларда сатылғанда тиісті ережеге сай мал дәрігерлік санитариялық сараптау жүргізіледі. Бұл өнімдер мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сай жүргізілетін жұмыстар санитарлық тазалық, сапасы жоғары тағамдық өнімдерді дайындауды қамтамасыз етеді.

Табиғаттан алынатын өнімдер көп, соның біреуі балық және балық өнімдері болып табылады. Балықтардан алынатын өнімдердің дұрыс болуы үшін оларды әртүрлі ауруларға тексереді және болдырмаудың іс шарасын жасайды.

















1.Әдебиеттік шолу

Балық ауруларының жіктелуі

Этиолгиялық белгілері бойынша балық аурулары инфекциялық, инвазиялық және жұқпалы емес болып үш түрге бөлінеді.

Инфекцияық аурулардың қоздырушылардың өсімдіктерден жаратылған тоғышарлар, бактериялар, саңырауқұлақтар, риккециялар, вирустар, біржасушалы балдырлар жатады.

Инвазиялық ауруалрдың қоздырушылары жануарлардан тоғышарлар қарапайымдылар, тоғышар құрттар, буынаяқ типіне жататын тоғышар шаянтәріздестер және ұлулар.

Жұқпалы емес аурулар сыртқы ортаның механикалық, физикалық және химиялық факторларына әсеріннен туындады.



Балық аурулары


Инфекциялық

Қоздырушылары

Инвазиялық

Қоздырушылары

Жұқпалы емес аурулар, Факторлар

Бактериялар

Қарапайымдылар

Механикалық

Микоздар

Гельминттер

Химиялық

Риккетсиялар

Төменгі сатыдағы шаян тәріздестер

Физикалық

Вирустар

Ұлулар

Басқа факторлар


Инфекциялар аурулардың қоздырушылары патогендік қасиеттерімен жануар организміне әсер етеді. Патогендік белгі микроб түрінің организмде сәйкес ауру тудыру қабілеті. Кейбір микробтарда патогендіктің дәрежесінің вируленттік деп айтаймыз, ол микробтың организмде көбейе отырып, оның қорғаныс қасиетін бәсеңдетуі және ұлпалар мен ағзаларды зақымдауымен сипатталады.

Балықтің инфекциялық ауруларын қоздырушалардың, жылықандалардылар қоздырушыларынан өзіндік айырмашылығы бар, себебі филогендік даму кезінде, балықтар организмде суық қанды жануарлар ретінде бейімделді. Балықтар температурасы, олар тіршілік ететін су температурасы өзгеріп отырады. Осы себепті қоздырушының балық денесінде тіршілік етіп және патогенді әсер етуіне ыңғайлы температура оптимумы әдеттегіден көп алшақтайды -10-нан 25 С аралықта не одан да жоғары болып келеді. Ал жылы қанды жануарлармен адамның инфекциялық ауруларын қоздырушылары, температураның кең алшақтық ауысуына бейім емес. Судың температурасының оптимумы төмендеген кезде, қоздырушының вируленттілігі азаяды. Мысалы: бронхомикоздың қоздырушысы Branchiomyces sanguinis аса вируенттілік қасиетін, декаданың орташа температурасы 20С көрсетеді. Судың неғұрлым төмен температурасында бұл ауру жітілеу немесе созылмалы түрде өтеді. Сонымен бірге балықтар организміне патогенді Pseudomonas forma ascitae немесе Achromobacter punctatum, тұқының ішегінде және авирулентті түрде тоған муларында кездеседі. Фурункулез қоздырушысы ауру балықтардың организмінде және ластанған су тоғандарында да кездеседі. Дерматомикоз қоздырушысы Saprolegnia мен Achlya саңырауқұлатар тегіне жатады. Ол сау балықтардың тері қабаты мен желбезектерінде тіршілік етеді, яғни организмнің төзімділігі жоғары болған кезде сапрофит болады. Бұл деректерді былай түсіндіруге болады: көп жағдайда микроб паразит пен микроб сапрофиттің арасында соншалық айырмашыллық болмайды, себебі тіршілік жағдайы өзгерген кезде, патогенді микробтар авирулентті түрге, ал авируленттілер вирулентті түрге айналады.

Балықтың инфекциялық ауруларының қоздырушыларының вируленттік қасиетін қамтамасыз ететін факторлар: капсула, эзотоксиндер немесе эндотоксиндерді түзу және диффуздық факторлары толық зерттелмеген.

Организмге патогенді микробтың енген орнын инфекция қақпасы деп атайды. Балық организмде инфекция қоздырушысы ас қорыту жолдары, желбезектер, тері, кілегей қабықтары, несіп жүйелері арқылы енеді. Ішек арқылы келесі инфекциялармен заөымдану болады: тұқының тілмесі, шортанның фурункулезі мен обасы. Зерттеу арқылы инфекция қоздырушысының енген жеріне байланысты балықтардың ауруға шалдығуы және аурудың өту жолдары анықталған. Мысалы, жасанды түрде Achrombacter punctatum тілме қоздырушысы бір жастағы тұқыларға бұлшық ет арқылы енгізгенде 100% ауруға шалдығуы байқалады, құрсақ арқылы 72%, тері асты 87%, ал ауыз арқылы тек 40% байқалады.

Микоз (гр. mykes - саңырауқұлак). Саңырауқұлақтар - төменгі сатыдағы өсімдіктер тобына жатады. Басқа өсімдіктер типтерінен негізгі айырмашылықтары пластидтері және хлорофилдері болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеротрофты өсімдіктер.

Саңырауқұлақтардың клеткалары жіңішке, ұзын, бұтақталған жіпшелерден немесе гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Олардың ұзындығы 100 мкм-ге, ені 0,5-40 мкм-ге жетеді. Балықтарда кен таралған саңырауқұлактардың гифалары өзара бөлінбеген, олардың қабығы, ядросы және цитоплазмасы бар, онда вакуольдері және органоидтар болады. Гифалар бір-бірімен бұтақтасып мицелий жіпшумак деп аталатын саңырауқұлақтың вегетативті денесін кұрайды. Саңыраукулактар вегетативті, жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді.

Саңырауқұлактар, хлорофилі болмағандықтан, сапрофитті немесе паразитті тіршілік етеді. Паразит саңырауқұлақтар табиғатта кен тараған, жануарлар мен адамда паразиттік жолмен тіршілік етеді. оларға балык паразиттері де жатады. Саңырауқұлақтардан жұғатын ауруларды микозды аурулар деп атайды.

Микозды аурулар аквакультурада, суқоймаларда жиі кездеседі. Қазіргі кезде микоз аурулары туралы мәліметтер аз. Бұл ауру қоздырғыштардың систематикалық жағдайы, тіршілік циклы және еркін өмір сүру жағдайы белгісіз болғандыктан, емдеу шаралары каралмаған.

Балыктардын микоздык аурулардын түрлері: бранхиомикоз, сапролегниоз, ихтиофоноз, терең микоз, кандидомикоз, т.б.


Бранхиомикоз

Бранхиомикоз әртүрлі және әр жастағы балықтардын кауіпті инфекциялық ауруы. Ол тоған және шарбақ балық өсіру шаруашылығында және табиғи сукоймада, көлдерде көп кездесетін ауру. Ауру желбезектегі қан айналымы және желбезек аппаратынын Пашықтарының шіріп түсуімен сипатталады. Бұл ауру Батыс Еуропа мемлекеттерінін балық шаруашылық су қоймаларында кездеседі. Бранхиомикоз ТМД мемлекеттерінің ішінде Ресей мен Украина жерлерінде тіркелген.

Этиологиясы. Бранхиомикоздын коздырушысы саңырауқұлактың Branchiomyces туысының В. sanguinis және В. demigrans деген екі түрі. Олар өзара морфологиялық белгілерімен және даму ерекшеліктерімен ажыратылады.

B. sanguinis ipі қан тамырларды зақымдайды. Гифтің ені, онын кабырғасының қалыңдығы және спорасының диаметрі соларға сәйкес 9-15; 0-2; 5-9 мкм-ге тең. Әдетте вегетативті күйінде гифтер жұқалау болады, спора түзілгенде қалындайды. Қатты талшықтанған гифтер тек кана желбезек доғаларынын кан тамырларында, желбезек күлтешелерінде және тыныс алу кабаттарында болады.

B. demigrans - желбезек қан тамырларында дамиды. Оның гифінің ені, оның қабырғасының қалыңдығы және спорасының диаметрі сәйкесінше 13-14; 0,5-0,7; 12-17 мкм. Алғашқыда саңырауқұлақ желбезек қабаттарынын капиллярларында тұрақталады, кейін көк тамыр және оның үзілген жерлері аркылы желбезек талшықтарының қосылу жерлеріне өтеді де, өсіп-өнуін жалғастырады.

Эпизоотологиясы.

Бранхиомикозбен балықтардың 30 түрі ауырады. Әсіресе тұкы тұқымдасына: тұқы, сазан, күміс мөңкеге кауіпті және оларды sanguinis зақымдайды. В. demigrans оңғак, шортан, және т.б балық түрлерін ауруға шалдықтырады. Ауру белгілері аксаха және бахтах балықтарын тоғанда және шарбақ шаруашылығында өсіргенде анықталды. Көлде бірнеше рет үкі-шабақтын және жыланбалықтын бранхиомикоздан өлгені байқалды. Көбінесе екі және үш жастағы балықтар ауруға шалдыққыш болып келеді.

Эпизоотия жылдын ыстық уакытында шілде және тамыз айларында температура 20°С жоғары болғанда байқалады. Ауру белгілері су қоймада 20 мг перманганат Na 0,2 литр асканда, аммиак концентрациясы 10 мкг/л жоғары болғанда байқалады.

Аурудың өтуі жіті және созылмалы түрінде болады. Жіті түрінде өтуі балықтардын жаппай өлімі (30-60% дейін) бірінші белгілері байқалғаннан кейінгі 3-5 күннен кейін байқалады. Созылмалы түрі 2-8 аптаға дейін созылады, асфиксиядан кейін әлсіз балыктардын 10% өлімі болады. Асфиксия немесе тұншығу зардабы балыктардын кан мен ұлпаларында оттегінің жетіспеуінен және көмір кышкылының кос тотығының көбейіп кетуінен болатын патологиялык күй.

Аурудың жұқтырушылары ауру немесе ауырып болған балыктар, балык өлекселері (бранхиомикозбен ауырған) болып табылады. Ал аурудың пайда болу факторларына сукойманын органикалык заттармен ластануы, су ағысының токтап, су өсімдіктерінің қаулап өсуі, сапасы төмен қорекпен балыкты коректендіру жатады.

Клиникалық белгілері және патогенез. Аурудын симптомы балык өліміне дейін 2-3 күн бұрын белгілі болады. Балык корек алуды кояды, су кабатында бүйірімен жатады. Жағаға шығады, сырткы тітіркендіргішке мән бермейді. Ауру алдында желбезек жапыракшаларында кара-кызыл жолак пайда болады, ол саңырауқұлак гифінің қан тамырларына өтіп, кан ағысына бөгет жасап тромб (ұйыған қан) пайда болуына байланысты. Тромбыдан кейін кара-сұр түсті анемиялык аймактар пайда болады. Содан кейін желбезек жапырақшаларында кезекпен акшыл-кызыл, кара-коныр, кара-сұр түсті жолақтар пайда болады. Бұндай «мәрмәрлы» түс жіті түрлі бранхиомикоз ауруына тән.

Келесі сатыларында желбезек жапырақшаларынын жеке аймактарында некроз пайда болады. Қолайсыз жағдайда желбезек жапырақшаларынын регенерациясы баяу (бірнеше ай), колайлы жағдайда 3 аптада өтеді. Ауырған балыкты сойып ішін ашканда ішкі мүшелерінін өзгерістері көрінбейді, кейде бүйректің, бауырдын ісінгені байкалады.


Ауру балык канында аурудын басталған кезінде лейкоциттердің саны моноцит пен лимфоцит әсерінен күрт өседі. Ауру балыктын патологиялык күйде эритроциттердін және лейкоциттердін толык немесе жартылай еруі цитолизі байқалады.

Диагнозы. Оны балыктарды клиникалык бақылаудан өткізген сон, эпизоотологиялык мәліметке карап және микроскопиялык зерттеулердегі желбезектен патологиялык материалдан гифтің табылу кезінде және санырауқұлак споралары байкалганда кояды. Күмәнданған жағдайда ауру балыктың желбезегіне гистологиялык анализ жасайды. Бранхиомикоз ауруына диагнозын койған кезде балыктын мукофилоз, сангвиниколез, дактилогироз және бранхионекрозын ескеру керек, өйткені олардың клиникалық белгілері бранхиомикозга өте ұксас.

Күресу шаралары. Бранхиомикозбен күресу шаралары профилактика жолымен жүзеге асады. Ауру байқалган тоғандарды күзде кұрғату және түбіне минерализация процесін жүргізуді жеделдету керек. Жаксы корсеткіш мелиорация шарасынан кейін байқалады. Ыстык күндері су ағынының жоғары денгейінде болуын қамтамасыз ету, судын кышкылдануын бақылап отыру қажет. Бранхиомикоз байкалган сукойма карантинге жабылады.

Бранхиомикоз пайда болғанда эпизоотияға қарсы барлык шаралар жүргізіледі. Ең алдымен балык өсірілетін жердін зоогигиенасын жаксартады: су тоғандары мен каналдардын су ағуын көбейтіп, су кұйылатын каналдар мен тоғандарда аэраттарды орналастырып, суды оттегіне байытады, бранхиомикозбен ауырған балыктарды, әсіресе балык олекселерін жүйелі түрде аулауын жүргізеді.

Ауруды баска шаруашылык тоғандары мен су қоймаларына таратпас үшін ауру балык табылған шаруашылыктан баска су коймаларына, тоғандарына балыктарды тасымалдау жүргізілмейді.

Ауру балыктарды ұстауға колданылған құралдарды баска тоғанда колданар алдында залалсыздандырады: залалсыздандыру үшін 2% формалин ерітіндісінде 1 сағат ұстайды немесе бактарда 30 мин кайнатады. Ағаш немесе металдан жасалған кұралдарды отка күйдіреді.

Бранхиомикоз ауруы таралған уакытта үдемелі каркындылык жұмысты уакытша токтатады, себебі бұл кезде судын кышкылдануы мен гидрохимиялык кұрамын өзгертіп жіберуге сескенеді. Балыктарға корек беруді тоқтатып, органикалык тыңайтқыштарды себуді токтатады. Бұл кезде ортаны тұрақтандыруға, коздырғаштарды жоюға шаралар ұйымдастырылады. Бұл кезде суға әк суы құйылып, сілтілік ортаны жоғарылатады (рН 8-8.5 аспау керек), судан тыс орналаскан коздырғыштарды жойып жібереді. Экті енгізу уакыты мен мөлшерін ластанған судағы рН мөлшерімен аныкталады.

Балык шаруашылығын және су коймаларын бранхиомикоз аурудан корғану үшін, сондай-ак тогандарды колдану кезінде және балык ауланып болғаннан кейін ветеринарлык-санитарлык, профилактикалык шараларын жүргізеді. Бұл шаралар балыктын өсіп өнуімен, коректену үшін оптималды жағдай тудырады. Одан баска зоогигиеналык жағдайды камтамасыз етеді. Сол кезде балыктардын ауру коздырғыштарына және коршаған ортанын колайсыз жағдайларына жалпы төзімділігін көбейтеді.

Сапролегниоз

Сапролегниоз - табиғатта көп кездесетін секундарлы індет. Қоздырғышы - сапролегния  немесе ахлия деп аталатын уақ  грибоктер. Олар уылдырықты да зақымдайды.

Эпизоотологиясы. Балық күтімі нашарлап, краснуха, бранхиомикоз ауруына шалдыққанда, бұларға кейінен сапролегниоз ауруы келіп қосылады. Бұл ауру бөгеттерде өсірілетін балықтардың барлығына тарайды. Қазақстанның су көздерінде кездеседі. Бірақ күтімі жақсы, күйлі балықтар ауруға бой бермейді. Көбінесе ауру көктемде білінеді, бір жылдық балықтар көбірек ауырады.

Аурудың белгілері. Оның қоздырғышы балықтың терісі мен желбезектері арқылы денесіне кіреді. Ақырында сол органдардың көпшілік жерлерінде некроз пайда болады.

Диагнозы. Оның ерекше белгілеріне көбірек көңіл аударып, микроскоппен тексеру арқылы тиісті қорытынды жасайды.

Емі. Балықтың күтімін жақсарту керек. Ауру балықтарды ас тұзының 5 проценті ерітіндісінен дайындалған ванналарға тоғытады.

Санитарлық  баға. Қатты зақымданған балықтарды (ұнамсыз иісі бар) пайдаға асыратын тиісті заводқа жөнелтеді. Шамалы зақымданған балықтарды салқын сумен тазалап жуғаннан кейін балық консервісін дайындау үшін пайдаланады

Ихтиофоноз

Ихтиофоноз - албырт балықтарының жұқпалы ауруы. Оның бір ерекшелігі сонда, оған шалдыққан балық денесін билей алмайды. Ауру қоздырғышы – ихтиофонус хофери деп аталатын, диаметрі 15-200 микронға жететін уақ грибок, жасанды қоректік ортада (желатин, ет пен пептон сорпасы) жақсы өсіп жетіледі.

Эпизоотологиясы. Ауру бахтақ балықтарын зақымдайды.

Аурудың белгілері. Балық зақымданып, қозғалыс әрекеті қалпынан бұзылады, судың жағасында әрең-әрең ғана жүзеді. Желбезегі қабынады, ақырында тұншығып өледі. Ал аурудың созылмалы түрі көбінесе бір жылдан астам уақыт  бойына созылуы мүмкін.

Патологиялы-анатомиялық өзгерістер. Қоздырғышы клеткалар аралығындағы бос жерлерге жиналып, оның айналасындағы  тканьдар қабынады, инфильрат пайда  болады. Зақымданған органдарының көлемі үлкейе түседі.

Диагнозы. Бактериялық әдісті пайдаланады.

Сақтық шаралары: Ауырған  балықтарды аулап, тез арада сатуға шығарады. Бөгетті дизенфекциялайды.

Санитарлық  баға. Жарамды еті бар балықтарды пайдаланады. Жарамсыздарын пайдаға асыратын тиісті заводқа жібереді.








2500 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ