Материалдар / Балық шаруашылығын құру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балық шаруашылығын құру

Материал туралы қысқаша түсінік
Тоған шаруашылықтарын өсірілетін балығына байланысты жылысулы және салқынсулы деп бөледі. Жылысулы шаруашылықтарда жылусүйгіш балықтарды (тұқы, мөңке, ақамур, дөңмаңдай, шортан және т.б) өсіреді. Салқынсулы шаруашылықтарда салқын сүйгіш балықтарды (бақтах, ақсахалар және б.)өсіреді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2020
420
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТС-ТБ-К-60/10


16 КОЛЛЕДЖ МКҚК

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

«Келісемін»

Әдіскер________ Е.Мырзабеков

«_____» _______________ 20 ___ ж.








БАЯНДАМА


Балық шаруашылығын құру








Данасы:________________________________________

Енгізілген мерзімі:_______________________________


Пайдалану мерзімі: ______________________________


















Қызмет бабында пайдаланылатын басылым


Шардара

АЛҒЫ СӨЗ


1 Әзірлегендер: ТТ-57 Рысбеков А

2 Бірінші рет енгізілді













































Осы баяндама №16 колледждің рұқсатынсыз толық немесе жартылай қайталауға, көбейтуге және таратуға болмайды

МАЗМҰНЫ


1 Байяндаманың мақсаты...................................................................................................................4

2 Көрнекілігі................................................... ...................................................................................4

3 Баяндаманың барысы......................................................................................................................4

4 Қорытынды.......................................................................................................................................5


5 Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................................................5










































1 БАЯНДАМАНЫҢ МАҚСАТЫ

Болашақта Қазахстанда балық шаруашылығын құру.Балық шаруашылығын дамыту процестерін жүргізу.

Балық шаруашылығында балық өсіретін жерлерді дайындау,тоғандарды ашу дамыту.

Бекіре балығын қолдан өсіретін шаруашылық салу өсірілген балықты өңдеу тауарын экспорттау жұмыстарын жүргізу.

2 КӨРНЕКІЛІГІ

Сұрақ-жауап, балық шаруашылығын құрылған шаруашылықтын сызбаларын сызу .


3 БАЯНДАМАНЫҢ БАРЫСЫ .

Сәлеметсіздер ме, оқытушылар! Бүгінгі біздің өтейін деп отырған баяндаманың тақырыбы «Балық шаруашылығын құру». Бұл баяндаманың мақсаты – сіздерді өзімнің шығармашылық жұмысымның баяндамасы мен таныстыру,ой бөлісу.

Оқытушы: Рысбеков.А . Тоған шаруашылықтарын өсірілетін балығына байланысты жылысулы және салқынсулы деп бөледі. Жылысулы шаруашылықтарда жылусүйгіш балықтарды (тұқы, мөңке, ақамур, дөңмаңдай, шортан және т.б) өсіреді. Салқынсулы шаруашылықтарда салқын сүйгіш балықтарды (бақтах, ақсахалар және б.)өсіреді.

Тоған шаруашылықтарын балық өсіру жұмыстары аяқталуы ментолық жүйелі және толық жүйелі емес деп бөледі. Толық жүйелі шаруашылықтарда балықты уылдырықтан тауарлы салмаққа дейін өсіреді, балық өсіру жұмысының толық циклі орындалады деп айтуға болады (сурет 38). Толық жүйелі емес шаруашылықтарда не балық отырғызу материалын (бір жылғы), не тауарлы балық өсіреді. Бірінші жағдайда оларды балық питомнигі деп атайды, екіншісінде семірту шаруашылықтары деп атайды.

38 сурет – Толық жүйелі ірі балық шаруашылығы фермасының нобайы:

1-жайылым тоғандары; 2- өсіру тоғандары; 3- аналық тоғандар; 4- уылдырық шашу тоғандары; 5-шарбақтар; 6- қыстау тоғандары;7-карантинді тоғандар; 8-насосты станциялар; 9-бөгеттер; 10 –су шығарғыш; су түсіргіш; 11 –түпкі сутүсіргіш; 12 – су беретін арналар; 13 – балықұстағыш


Балық шаруашылығында әр жастағы балықтарға атаулары қалыптасып қалған. Ересек балық уылдырық шашады. Уылдырықтан дернәсіл шығады. Бірінші қабыршақтары пайда болғанда оларды шабақ деп атайды. Күзде шабақты біржаздық деп атайды. Қыстан шыққаннан кейін оларды бір жастағы деп атайды. Күзге қарай олар екі жаздық болады, осы екі жазғы балық тауарлы балық. Толық жүйелі шаруашылықтарда әр жастағы балық топтарына арнайы суаттар болады. Әр жастағы топ жеке суатта отырады. Тоғандар құрылысында артық белгілер де болады және әр топқа лайықты ерекшеліктерімен сипатталады. Толық жүйелі шаруашылықтарда тоғандардың келесі категориялары болады: уылдырық шашу, уылдырық шашу алды, өсіру, қыстау, жайылым, жазғы аналық, жазғы өсімтал төлдік, карантинді. Суды арна арқылы немесе құбырларменбасты суқоймасынан береді.

Уылдырық шашу тоғандар төл алуға арналған. Ең қолайлы ауданы 0,1-0,2га. Орта тереңдігі 0,5-0,6м. Тоған түбі ылғалға шыдамды жербетіндегі өсімдіктерден тұратын қалың жер асты болу керек. Тоғанның сумен қамтамасыз етілуі тәуелсіз. Жеке тоғандар 8-12 сағат аралығында толады. Тоған құрылысы су ағымына мүмкіндік беруге сай болуы керек.

Өсіру тоғандары төл өсіруге (біржаздық) арналған. Өсіру тоғандар ауданы 10-15га-дан аспауы тиіс. Көлемді тоғандарда біркелкі төл алуқиын. Орта тереңдігі 1-1,2м. Одан тайыздау болса шөп басып кетуі мүмкін, тереңдеу қалса жылу жетіспеуі мүмкін. Түпкі лай қалыңдығы 10-15м-ден аспағаны жөн. Тоғанды мүмкіндігінше құнарлы топырақта жасаған ұтымды. Сумен қамтамасыз етілуі тәуелсіз. Тоғанды, дернәсіл жіберу алды, 10-15 күн бұрын толтырады. Түбін жоспарлау керек. Бастысу қоймасына бөтен балық енбес үшін тоғандарда сүзгі және қоқысаулағыштар болғаны жөн.

Қыстау тоғаны балықтың қыстап шығуына арналады. Бұл шағынтоғандар, көлемі 0,5-1,5га. Көлемі үлкен болса барлық учаскелерінде қолайлы жағдай жасау қиынға соғады. Тым шағын болса температурасы өзгергішті болып кетеді. Тоғанды құнарсыз жерде салады. Қыста тоғанда ешбір органика болмауы тиіс. Орта тереңдігі 2,5-3м. Оңтүстікте тайыздай болуы мүмкін. Тоғанды басты тоғанынының бөгетіне жақын қылыпсалады, қыста су беретін каналдың ұзындығы минималды болғаны жөн.


ӘУІТТІ ШАРУАШЫЛЫҚТАР. Климатты жағдайға байланыстыәуітті шаруашылықтарды ашық ауада немесе қора-қопсыда орналастырады (сурет 44). Әуіт салуға материал ретінде бетон, металл, пластмас және т.б. қолданады. Басым көпшілігінде, металдан салып қора-қопсыда орналастырады.

44 сурет - Асылтұқымды «Адлер» зауытының әуітті балық өсірушаруашылығы


Формасы бойынша әуіттер төртбұрышты, дөңгелек болады. Биіктігіде әртүрлі, бірнеше ондық сантиметрден 3м-ге дейін. Әуітте балықтарға қолайлы жағдай жасайды. Ол, оңтайлы температура, газдық тәртіп, оның ішінде оттегі мөлшері, азық қалдығы мен зат алмасу қалдықтарын сыртқа шығару. Осыған байланысты алдымен суды дайындайды. Біріншіден, судың температурасын өсірілетін балыққа қолайлы етіп дайындайды. Олүшін жылы суды салқын сумен аралыстырады. Бұл үдеріс автоматты түрдереттеледі. Сосын суды оттегіге қанықтырады, себебі ол жылы суда азболады. Қанықтыруды арнайы қондырғы-оксигенаторда жүргізеді. Оксигенатор герметикалық сиымдылықтан тұрады. Үстінен су беріп астынан газ тәрізді оттегіні беріп тұрады. Тек осындай дайындықтан кейінсу әуітке жіберіледі.

Азық қалдығы және балықтың зат алмасу өнімдерін сыртқа шығарып отыру үшін әуіт ағынды болу керек. Төртбұрышты әуітте түбінің еңісі біржаққа болса, дөңгелектерде ортасына қарайды. Қора-қопсыда әуіттерді бірнеше қабат қылып орналастыруға болады.


Қорытынды:

Балық шаруашылығын құру дамыту .Балық шаруашылығында бекіре балығын өсіретін шаруашылық ашу.Қазахстанның балық шаруашылық денгейін көтере отырып әлемге таныту.


5 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Интернет порталы

Аквакультура журналы

Балық шаруашылық газеті


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!