Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Балықты көлінде кездесетін жануарлар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Түлкібас ауданы
С.Сейфуллин жалпы орта мектебі
Сағымбеков Ержігіт
9 «Б» сынып оқушысы
«Балықты көлі экологиясы.
Жануарлар дүниесі »
Бағдары :Туған жердің экологиясын және жануарлар
дүниесін сақтау .
Секция : Экология.
Ғылыми жетекшісі :
Еркебаева Н . Т .
Жаскешу 2017 жыл .
Мазмұны
Кіріспе
1. Балықты көлінің орналасуы мен тарихы .
-
Балықты көлінің аталуы .
-
Балықты көлі маңындағы жануарлар дүниесі .
-
Ауылымызды туристік бағытқа енгізу .
-
Балықты көлі экологиясын жақсарту мақсатындағы ұсыныстар .
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
9 Б сынып оқушысы Қ.Е.Сағымбековтың
«Балықты көлі экологиясы . Жануарлар дүниесі »
атты зерттеу жұмысына
П і к і р
Балықты көлінің экологиясы және ондағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтап , оларды адам игілігіне пайдалану , адам өміріне маңызы бар аймақ ретінде дәлелдей білген .
Түлкібас ауданы , Жаскешу елді мекені аймағында орналасқан Балықты көлі суының құрамы , емдік қасиетіне тоқталып өткен және сол аймақта тіршілік ететін жануарлар дүниесін зерттеп , оларды өзінше жүйелеп , талдау жасаған .
Зерттеу барысында мына әдістерді пайдалана білген .
1.сипаттау әдісі
2.ғылыми зерттеу
3.жануарлар дүниесін жүйелей отырып зерттеу әдісі
4.салыстыру әдісі
5.талдау әдісі
Оқушы туған жерінің көл-суын ,жан-жануарлар дүниесін зерттей отырып ,оған ғылыми тұрғыдан қараған.
Табиғаты сұлулыққа тұнып тұрған өлкемізде туризмді дамыту бағытында құнды ұсыныстар жасаған.
Бұл еңбек Балықты көлі туралы жазылған тұңғыш ғылыми жоба болып табылады.
С . Сейфуллин жалпы орта
мектебінің биология пәнінің мұғалімі : Еркебаева Н. Т.
9 Б сынып оқушысы Қ.Е.Сағымбековтың «Балықты көлі экологиясы . Жануарлар дүниесі » атты зерттеу жұмысына
А Н Н О Т А Ц И Я
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030 » стратегиялық бағдарламасын және «Қазақстан экономикалық , әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында » атты жолдауындағы , экономикалық саясат ұстанымдарын жүзеге асыру , туған өлкеміздің табиғи ресурстарын сақтау , экономикалық проблемаларды және табиғаты сұлулыққа тұнып тұрған өлкеміздің экологиясын жақсарту мақсатында туризмді дамыту проблемасын көтердім .
Оңтүстік өңірінің таңғажайып Балықты көлінің пайда болу кезеңі , орналасқан жері , суының емдік қасиеттерін зерттеп , оған үлкен көңіл бөліп , судың судың емдік қасиетін зерттеуге талпыныс жасадым .
Балықты көлі маңындағы жануарлар дүниесін зерттедім.
Зерттеудегі басты мақсатым осы күнге дейін суымыздың құрамы , емдік қасиеті , өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиялы қауымның назарын аударуға тырыстым. Балықты көлі ауылымыздың мақтанышы боларлықтай , табиғаты бай , туристік орынға айналдыруға талпыныс жасадым .
Бұл зерттеу жұмысымды Балықты көлінде жүргіздім .
Себебі, Ұлы Жібек жолының бойында Алатаудың Қаратаумен қауышқан тұсында орналасқан . Балықты көлінің табиғаты көрікті және олар туралы деректер жоқтың қасы .Бұл мәліметтерді зерттеу жұмысын жүргізген кезімде ел аузынан , Балықты көліне таным жорықтар жасау кезінде қол жеткіздім .
Балықты көлі экологиясы және ондағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін зерттеу жұмысында , туған жерімнің экологиясын жақсартуға үлес қосуға талпынған бұл еңбегім , Балықты көлін зерттеуге арналған тұңғыш жобам болып табылады .
Оқушының ғылыми жұмыс жасау
барысындағы зерттеу күнделігі
Қ\с |
Жұмыстың мазмұны |
Мерзімі |
Орындау барысы |
1 |
Ғылыми жоба жұмысының тақырыбымен танысып , пән мұғалімі Нағима апайдан кеңес алдым . |
Қыркүйек 2015 жыл. |
Ғылыми жетекшімен әңгіме. |
2 |
Жұмыстың мақсаты және мазмұнымен танысу |
Қазан 2015 жыл. |
Мектеп кітапханасынан әдебиеттерді жинау. |
3 |
Жоба жұмысына жоспар жасау. Балықты көліне таным жорықтар жасап , су құрамын зерттеу . |
Қараша 2015. |
Балықты көлінде . |
4 |
Сайрам Өгем Мемлекттік Ұлттық табиғи паркінің Түлкібас филиалында жиналған деректер және еңбектермен танысу . |
Желтоқсан 2015 жыл. |
Жоба жұмысы бойынша . |
5 |
Жаскешу ауылының қарияларынан кеңес сұрау. |
Қаңтар 2016 жыл. |
Жоба жұмысының тақырыбы бойынша кеңес . |
6 |
Ғылыми жоба бойынша жетекшіден кеңес алу . |
Ақпан 2016 жыл. |
Мектеп кітапханасынан материалдар іздеу. |
7 |
Аудан кітапханасына барып. керекті әдебиеттер жинау. |
Наурыз2016 жыл. |
Аудан кітапханасында. |
8 |
Балықты көліне жетекшімен таным жорықтарға бару , құстардың тіршілігімен танысу |
Сәуір 2016 жыл. |
Балықты көлінде. |
9 |
Балықты көліндегі өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен танысу. |
Мамыр 2016 жыл. |
Балықты көлінде. |
10 |
Сайрам-Өгем Мемлекттік Ұлттық табиғи паркі директорынан кеңес сұрау. |
Мамыр 2016 жыл. |
Сайрам-Өгем М.Ұ.Т.П. кеңсесі . |
11 |
Үш айлық оқу демалысында Балықты көлінде жоба бойынша жұмыс жасау, өсімдіктердің дәрілік қасиеттерін зерттеу. |
Маусым,шілде , тамыз 2016 жыл. |
Балықты көлінде,жетекшімен жұмыс жасау . |
12 |
Қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау. |
Қыркүйек 2016 жыл. |
Кітапханада. |
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі : Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» страдегиялық бағдарламасында және « Қазақстан эканомикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында » Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» страдегиялық бағдарламасында республика халқына жолдауында ерекше экологиялық саясат ұстанымдарын көрсетіп жастарға мемлектімізді көркейту мақсатына бел буып кірісудің қажеттілігін атап өтті.
«Біздің табиғат ресурстарымыз орасан зор байлық , әлемдік тәжерибеде табиғи байлығы бар елдер, оны дұрыс игере білмегендіктен кедей елдер қатарынан шыға алмай қалғаны туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» страдегиялық бағдарламасында айтқан. Олай болса қазақ жерінің байлығын сақтап қалу және келесі ұрпаққа қалдыру жәнеде табиғатын аялау – қазіргі заман талабы .
Халқымыз туып өскен жеріміздің табиғатын яғни өзен-көлі , өсімдіктер мен жануарлар түрлерін білмесе , оның адам өміріндегі алатын орнын білмесе , көздің қарашығындай аяламаса , келер ұрпаққа не қалдырамыз , не деп жауап береміз .
Жаскешу елді мекенінде орналасқан Балықты көлін – жұмақ деп айтсақ артық болмас. Себебі , мыңдаған бұлақтан бастау алған көл суы тура бір табиғаттың тұнып тұрған кереметі дерсің .Балықты көлі суында балықтар, кемірушілер және құстар түрлері көптеп кездеседі . Өсімдіктер дүниесіне де тұнып тұр . Жаз мезгілінде жанға жайлы мекен .
Мен осы өңірде туып өскеніме қуанамын .
Уа , табиғат , тылсымыңа таңғалам,
Қызығыңа, құмарыңа қанбаған.
Жалғасын деп дәстүрімді , салтымды,
Мені артыңа қалдырған ғой жан бабам.
Балықты көлінің ашылмаған таңғажайып жұмбақ-сырлары көп . Көл суы мен ондағы өсімдіктер мен жануарлар түрлері осы уақытқа дейін зерттелмеген .
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері .
Туған жерімнің табиғаты көрікті , берекелді болуына теңізге тамған тамшыдай үлесімді қосу менің басты мақсатым . Елімізде жергілікті жердің табиғаты тамаша, жер-суы тұнған тарих . Жұмысымның мақсаты : назардан тыс қалған Балықты көлінің экологиясына , ондағы жануарлар әлеміне ғылыми тұрғыдан қарап , жануарлар түріне көңіл бөлу, оларды жүйелеу .
Осы мақсатымды негізге ала отырып , жұмысымның мынадай міндеттері бар .
-
Балықты көлінің орналасуы мен тарихын зерттеу .
1.1 Балықты көлінің аталуын зерттеу.
-
Балықты көлі маңындағы жануарлар дүниесімен таныстыру.
-
Туған ауылымның экологиясын жақсарту мақсатында ұсыныстар.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігіне ,жұмыстың мақсаты мен міндетіне тоқталып өттім .
Балықты көлінің орналасуы мен тарихы деп аталатын бірінші тарауда көлдің өткені мен кәзіргі жағдайына тоқталып өттім .
Екінші тарауда Балықты көлі суының емдік қасиеттері туралы деректер жинап , көпшілікке ұсынып отырмын.
Үшіні және төртінші тарауда Балықты көлі маңындағы жануарлар дүниесі туралы деректерді ұсындым.
Қосымшада Балықты көлінің тіршілігін сипаттайтын суреттер берілген.
Жұмыстың көлемі – 21 беттен тұрады.
1. Балықты көлінің орналасуы мен тарихы .
Сайрам - Өгем Мемлекеттік Ұлттық паркі Батыс Тянь-Шаньның солтүстік бөлігінде Өгем, Қаржантау, Қазығұрт және Боралтай тау жоталарында орналасқан . Парк Қазақстан Үкіметінің 2006 жылғы , 26 қаңтарындағы №52 қаулысына сәйкес Балықты көлі аумағындағы орман мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік орын болып табылады . Жалпы ауданы 30 гектар . Көлдің тереңдігі 16-17 метр . Балықты көлінің орналасуы:Оңтүстік Қазақстан Облысының,
Түлкібас ауданындағы , Жаскешу елді мекенінде орналасқан .
Аудан орталығы Т. Рысқұлов ауылынан батысқа қарай 20 шақырым, Састөбе темір жол стансасынан 12 шақырым жерде, Арыс өзенінің оң жақ жағалауында Жібек жолында орналасқан.Балықты көлі ғалымдардың болжамы бойынша Мезозой эрасында пайда болған деген дерек бар.
Біздің ата-бабаларымыз бұл жерді қазақ халқының басына түскен қасіретті оқиға «Ақтабан шұбырынды» кезінде жоңғар шапқыншылығында туған жерді азат етуде көрсеткен ерліктері үшін еншіге алған екен .
Оңтүстік Қазақстан Облысының , Түлкібас ауданындағы, Жаскешу елді мекені, Алатау мен Қаратаудың арасында орналасқан ,өзен – бұлағы мол, жері құнарлы , табиғаты бай өңір.Сондықтан да бұл өлкені «екінші Щвейцария» немесе Қазақстанның «Жаңа Зеландиясы» деп халық бекер атамаған. Солардың ішінде Жаскешу ауылының тұрған жері ерекше жер жаннаты деп айтуға болады.Ауылдың іргесінен суы мол әрі таза Балықты көлі Үлкен шағыл деп аталатын әктас төбенің астынан қайнап шығып жатыр .
Біздің ата – бабаларымыз алғаш қоныс тіккен кезде Балықты көлінің бойы қалың ағаш , ну қамыс екен,оны қабан ,жолбарыс және басқа да жыртқыш аңдар мекен етіпті. Осындай шұрайлы жерге орналасқан ата-бабаларымыз мал шаруашылығымен бірге егін шаруашылығымен де айналысқан.Оған куә Балықты көлінің басынан қолмен қазып шығарған Бейбіт, Жаныс, Байыс арықтар деп аталатын канал іздері осы күнге дейін сайрап жатыр.
1.1 Балықты көлінің аталуы .Балықты сөзбе-сөз «қала бастығы» деген мағынаны білдіреді . Ежелгі түріктің «балық» яғни «қала » деген сөзінен шыққан .
Шынында да Балықты көлінің орналасқан жері , айналасы , қолайлығы жағынан еш жерге тең келмейді .
Балықты көлі Ұлы Жібек жолы бойымен ілгері-кейінді өткендердің таңдайын қақтыратын болған .
Балықты көлінің тарихы 1780-1790 жылдары Барлыбай қарт Қартқожа , Малкелді , Жалкелді және Ниязбек деген ұлдарымен көшіп келеді . Олар Балықты көлінің солтүстік шығысынан орын тепті .
Барлыбай қарт көшіп келгенде өзенде балық өте көп болған екен . Балығы көп көлді Барлыбай қарт «Балықты» деп атаған екен .
Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су . Су - табиғаттың айнасы .
Су деген тіршіліктің қамы емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе,
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақйқат,
Күміс –су қара жердің сәні емес пе
(М.Хакімжанова)
2. Балықты көлінде кездесетін жануарлар
Адам өзін қоршаған ортамен бірге өсіп , біте қайнасып келеді ,өзі де осы табиғаттың бір бөлшегі болып саналады.
Табиғатпен жарастықта өмір сүру үшін , оның заңдарын үйрену керек және оны бұзбаған жөн.Адам қоршаған ортаға аса сақтықпен қарап отырып,одан өз орнын табуға тиіс.
Қоршаған орта ,табиғат мәселесі бүгінгі таңда өзекті тақырыптың бірі болып отыр. Айналадағы орман –тоғайдың есепсіз кесіліп ,жан-жануарлар мен құстардың сиреп жойылып бара жатқаны ,өзен-көлдің ластанып, топырақтың құнарынан айырылуы,экологиялық жағдайлардың күрт көбейіп кетуі еріксіз толғандырады.
Тіршілік ортасына қарай жануарлардың табиғаттағы маңызы ерекше.Топырақта тіршілік ететін жануарлар оның құрамын өзгертіп , құнарлылығын арттырады ,жер бетіндегі өсімдіктер қалдықтарын азық үшін ініне тасиды,қорегін іздеп топырақты қопсытады.Құстар мен басқа жануарлар да өсімдіктердің тұқымын таратады,өсімдіктерді тозаңдандыруға қатысады.
Жануарлардың табиғаттағы тепе-теңдікті сақтауда да маңызы зор.
Қосшағыл жоталарының (үлкен шағыл , кіші шағыл) ОҢТҮСТІК бөліктерінің терең шығысындағы тас арасынан шығып жатқан бұл көлдің суы мол , табиғаты сұлу , жағасы әр түрлі өсімдіктерге , аңдарға толы . Жергілікті халықтың айтуына қарағанда оның жағасында небәрі 70-80 жыл бұрын жолбарыс жортып жүрген көрінеді , ал қазіргі кезде Балықты көлі суы қара балыққа толы және терісі өте бағалы су тышқандары бар .
Жануарлар әлемі –табиғаттың бөлінбес құрамдас бөлігі.
Балықты көліне танымжорықтар жасай отырып онда төмендегідей жануарлар:балықтар,қосмекенділер,жорғалаушылар,құстар және сүтқоректілер және тағы басқа жәндіктер мекендейтініне көз жеткіздім:
- Қара балық – денесі ұсақ қабыршақтармен қапталған, бояуы құбылмалы. Сондықтан қоңыр бояуына түскен ақ дағы бар бұл балықты таза суда көру өте қиын . Талғаусыз қоректі , 0,5 метрге дейін өседі , салмағы 1,5 килограммға дейін жетеді.
- Ондатр- терісі бағалы кеміргіш су жануары . Денесінің ұзындығы
35 см , слмағы 1,5 кг . Су маңында тіршілік етеді , су беті мен су астында жақсы жүзеді . Су өсімдіктері мен қоректенеді . Су жағасындағы інде қоныстанады , сазды жерлерде өсімдіктен 1 метрдей биіктікте үй салады . Жылына 2-3 рет 7-8 ұрпақтан береді , ұрпақтары бір айдан кейін өз бетінше тіршілік етеді . Ондатр –терісі бағалы аң , кәсіптік жолмен ауланады .
- Ителгі-Қазақстанда кездесетін 9 қыранның ішіндегі ең ірісі және баспада жиі жарияланатын болғандықтан көпке таныс . Бұл құстың тағдырын мысалға алып , өркендеп өсіп тұрған түрдің тез арада сирек кездесуі және құрып кетуін түсідіруге болады . Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстанда ителгі туралы тек орнитолог мамандар ғана білетін . Ол туралы басылымдарда былай жазған: бұл – саны біршама және кең таралған Қазақстанның ең ірі қыраны . Ұясы республиканың барлық жерінде кездеседі , дегенмен оның саны ешқашан көп болған емес деп жазған . Ителгі лашыннан шамалы ірі (салмағы 0,7-1,3 кг ) . Бұйығы , көзге көп түсе бермейді . Құстармен , майда сүтқоректілермен қоректенеді . Өздері ұя салмайды , қарғалардың немесе жыртқыш құстардың ағаштардағы , жартастардағы ұяларына орналасады . 2-4 , сирек 6 қызғылттау жұмыртқаларын аналығы 30 күнде басып шығарады , мамықты балапандарын да аналығы жылытады , аталығы оларға жем тасиды . 2-3 балапан ғана ұшады . Бұл қыран қорғаудың ерекше шараларын қажет етеді . Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген .
- Қырғи ( салмағы 150-300 г ) – нағыз жыртқыш . Қысқа , жалпақ қанаты ұзын құйрығымен бұтақтар арасынан жемтігін қудалауға өте ыңғайлы . Жемтігі - құстар . Ұяларын ағаш басына салады . 2-5 ақшыл түсті сирек теңбілдері бар жұмыртқаларын аналығы 30 күнде басып шығарады , аталығы жем тасиды . Сонан кейін тағы 50 күн балапандарын асырайды . Балапандары ұяларын тастағаннан кейін , ұзақ уақыт бірге жүреді . Қыстауға бірге ұшып кетеді .
- Дыркептер–біздің фаунамыздағы ең үлкен кептер (салмағы 400-500г )
Денесінің пішініне қарағанда шілкептерінен созылынқы , құйрығы мен мойыны біршама ұзын . Ағаштар мен бұталардың тұқымдарымен қоректенеді . Ұясы ағаш бұталардың төбесіне ұқыпсыз салынған . Екі жұмыртқасын аналығы мен аталығы кезектесіп 17-18 кінде басып шығарады . Балапандарын 20 күн қоректендіреді . Жылына 2-3 рет балапан шығарады . Басқа кептерлер сияқты аң аулау нысаны болып табылады .
- Байғыз – жапалақтан 1,5 есе ірі (салмағы 150 г ) , олардан айырмашылығы қауырсынды , құлақтары жоқ , басы мен үсті тегіс . арқасы мен қанатында ірі дөңгелек ақ дақтары , ал құрсақ жағында анық емес сирек ұзынша теңбілдері болады . Қорегі ұсақ кеміргіштер мен құстар , бауырымен жорғалаушылар және жәндіктер . Жұп болып өмір сүреді . 4-8 жұмыртқасын екеуі 28 күнде басып шығарады . Балапандарын екеуі асырайды , балалары бір айдан кейін ұшады .
- Тоқылдақ – дене пішіні орташа ( салмағы 60-70 г) . Тіршілігі толық зерттелмеген . Мекендейтін тоғайлы ормандардың азаюына байланысты, саны да азайып барады . Республикадағы Қызыл кітапқа енуге жақын құстың түрі .
- Қарлығаш – ұсақ құс ( салмағы 20 г ) . Құйрығы қысқа , айыр . Ұясы тік беткейлерде тостаған сияқты бекітіледі , оны ылғал топырақтан салады . 2-6 , көбіне 4-5 жұмыртқасын екеуі 14-15 күнде басып шығарады . Содан кейін ұяда 3 апта балапандарын асырайды . Ұсақ жәндіктермен қоректенеді . Ұялайтын жеріне сәуірдің басында ұшып келіп , қыркүйектің соңында ұшып кетеді .
- Қаратөс бұлбұл –ең әдемі әнші құс . Ұясын тастың , бұтаның арасына салады . 4-6 көгілдір жұмыртқасын аналығы 2 аптада басып шығарады.
Балапандарын екеуі асырайды . жазда екі рет балапан шығарып үлгереді . Ұялайтын жерінен мамырдан қазанға дейін кездестіруге болады .
- Кәдімгі шиқылдақ - өте ұсақ (салмағы 8-10 г) . Ол ұсақ жәндіктер және олардың дернәсілімен қоректенеді .Жиі әрі ерекше шиқылдаған дыбыс шығарады , аты осыған сәйкес қойылған . Ұясын ағаш қуыстарына салады . 5-7 теңбілді қызғылт жұмыртқаларын 2 аптада басып шығарады , аталығы жем тасиды . Содан кейін балапандарын екеуі асырайды .
- Аққұтан – ұзын мойны мен биік аяғының арқасында әдемі болып көрінеді . Олар топ болып қоныстанады . 3-5 жұмыртқаларын аналығы мен аталығы басып шығарады . Балапандарын бір жарым айға дейін асырайды . Балықтар , бақалар және ірі жәндіктермен қоректенеді . Наурызда ұшып келеді , қазанда ұшып кетеді .
- Көкқұс – көбіне оны бақыт құсы деп атайды . Бұл едәур ірі (салмағы 150-200 г ) , көк түсті құс . Даусы керемет . Күшті , таза ысқырығы адамды еліктіреді . Әдемі әнін алғаш естіген адам , мұны адам ысқырып тұр деп ойлауы мүмкін . Ұясын құздың шығынқы жеріне салады . 4-6 балшық түсті жұмыртқаларын аналығы 17 күнде басып шығарады . Содан кейін балапандарын үш жарым апта ұясында асырайды . Әртүрлі омыртқасыздарымен қоректенеді , кесіркелер мен жыландарды ұстайды . Қазақстанның қызыл кітабына енген .
- Сары бауыр немесе сарлан – аяқсыз жылан тәрізді кесіртке , ұзындығы 1-2 м . Сүйір тұмсықты үлкен басы екі бүйірі шамалы қысылған денесінен айқын бөлініп тұрады . Денесін сарғыш қоңыр немесе сарғыш сұр түсті ірі ромбаға ұқсас қабыршақтары болады . Кеміргіш, індеріне, тас, ағаш тамыры астына тығылды . Жәндіктермен, әсіресе ірі қоңыздармен қоректенеді . Аналығы маусымның соңында панасында 8-10 ұзыншақ жұмыртқасын салады . Бір айдан кейін ұзындығы 10 см кішкентай кесірткелер шығады . Сарыбауыр – зиянсыз бауырмен жорғалаушы, бау-бақшалардағы зиянкестерді жеп , пайда келтіреді . Егер қолға түссе , шағайын деп ойламайды , тек босанып шығу үшін жылан сияқты бүкіл денесімен қатты бұралаңдайды . Қазір бұл сирек кездесетін кесіртке Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген .
- Махаон – желкенділер тұқымдасының көбелегі. Сары түсті қанаттарында қара сурет және көкшіл , қызғылт сары дақтары болады . Қанатының құлашы 8,5 см , артқы қанаттарында ұзындығы 1 см қара құйрығы болады .
- Дәуіттер – денесі ұзыншақ , басы қозғалмалы , үлкен тасырайған көздері мен жетілген алдыңғы ұстағыш аяқтары бар ірі жәндіктер .
3 .Ауылымызды туристік бағытқа енгізу.
Ауданымыздың табиғат жағдайы туристік бағыттарға өте қолайлы екенін ескере отырып және туристерді қабылдап ,оларға халықаралық талаптарға сай қызмет көрсетудің мүмкіндіктері бар екені, ауданымыз арқылы темір жол ,автотранспорт жолы өткенін ескере отырып ,келесі туристік бағыттарын ұйымдастыруға болады деп есептеймін.
Бағыт.Ұлы Жібек жолымен.Бұл бағыт облыс орталығы Шымкент қаласынан басталып Тараз қаласына дейін жалғасады.Ұзақтығы-180 шақырым.
Сайрамнан шыққан жолаушылар Машат асуына жеткенде оның әсем табиғатын тамашалайды.
Түлкібас өңірінде ең үлкен өзен –Арыс өзені.Оған таулардан ағып шығатын үлкенді-кішілі елуден астам өзендер,бастаулар ,бұлақтар құяды.Осы өзендердің бірі Балықты көлі.
Қосшағыл жоталарының (үлкен шағыл , кіші шағыл ) ОҢТҮСТІК бөліктерінің терең шығысындағы тас арасынан шығып жатқан бұл көлдің суы мол , табиғаты сұлу , жағасы әр түрлі өсімдіктерге , аңдарға толы . Жергілікті халықтың айтуына қарағанда оның жағасында небәрі 70-80 жыл бұрын жолбарыс жортып жүрген көрінеді , ал қазіргі кезде Балықты көлі суы қара балыққа толы және терісі өте бағалы су тышқандары бар .
Түлкібас өңіріне батыстан келіп кеткен жолаушылардың келесі аялдамасы Қарақшы тауының батыс бөліктеріндегі биік төбеде орналасқан Қарауыл төбесі . Осы Қарауыл төбеге шыққан жолаушыларға Түлкібас өңірі алақанда жатқандай болып көрінеді . Көне көз қариялар дың айтуына қарағанда бұл төбеде кезінде тастан қаланған мұңара болған.Осы мұңарада отырған қарауылдар Түлкібас өңірін бақылап отырған және Арыс өзенін жағалай жүрген керуен жолының тыныштығын сақтап , күні – түні ағылған керуендерге жол көрсетіп тұрған .
Қарақшы Қарауыл төбедэен шығысқа қарай жол тартқан жолаушылардың тоқтайтын келесі бекеті ортағасырлық Шарафкент қаласы болады . Балықты көлінің сол жағасында , оның Арыс өзеніне құяр жерінде орналасқан бұл ортағасырлық қаланың көлемі үлкен , ондаған шаршы километр жерді алып жатыр . Шарафкентке келген жолаушылар ортағасырлық қаланың орталық бөлігін көріп , тамашалайды , осы қаланың әр түрлі бөліктерінде жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарымен танысып , өздері де қазбаға қатыса алады . Әсіресі , цитодельдегі биіктігі 7 м келетін платформаның үстіне салынған бекіністі көріп тамашалайды , ортағасырлық құдықтың суын ішіп , шөлін қандырады , қазбадан табылып жатқан аса құнды заттарды көріп , ата-бабаларымыздың шеберлігіне тамсана таңдана қарары сөзсіз . Шарафкенттен шығып Балықты көліне жолы түскен жолаушылар Балықты көлінің әсем табиғатының құдіретіне бас иеді және Балықты көлінің емдік қасиеттері туралы естіген кереметтерін көп уақытқа дейін ұмыта алмай айтып жүреді.
4. Балықты көлінің экологиясын жақсарту мақсатында ұсыныстар .
Мен Балықты көлінің экологиясын жақсарту мақсатында мынадай шараларды ұсынар едім :
-
Мектеп оқушыларымен және сыныптастарыммен жыл сайын көктем айларында Балықты көліне сенбіліктер ұйымдастыру ;
-
Бұлақ көздерін ашу ;
-
Балықты көлінің маңына тал-теректер отырғызу ;
-
Жануарлар мен құстарға жағдай жасау ;
-
Көктем айында құстарға ұя жасап , ағаштарға ілу ;
-
Балықты көліндегі Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктермен танысып , оларды қорғау ;
Туған жер өзінің аң-құсымен , өсімдіктерімен ажарлы .Табиғатты сүйе білген оны аялай білген адамның жанын да , ары да таза .»
Табиғатты тарылтпайық ,
Мөлдір , кәусар тынысын .
Пәк табиғат!
Жүрегімнің тамылжыған жырысың .
Ей , адамдар !
Қалай ғана қатігездік жасайсың ,
Ол анаң ғой .
Ал сен оның кенже ұлысың .
(М.Мақатаев.)