Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бандама: Ер есімі - ел есінде
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы
Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі
БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Ер есімі – ел есінде»
Орындаған: Оразалы Маханбет Арманұлы
Сынып: 6 «А»
2017-2018 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
-
Ұлы Отан соғысының ардагері – Ынтымақ Үсіпбаев
-
Өмірде туған толғаулар
ІІІ.Қорытынды
Қолданылған деректер тізімі
Кіріспе
ХХ ғасырдағы ақтаңдақтар бояуы тым қалың. 1916 жылы басталған ұлт-азаттық көтерілісі қырғыны, азамат соғысы (1918-20) салған лаңдардың жалғасы дәулет жиғандардың малын тартып алып тәркілеумен, Ахаң, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов бастаған алаш қайраткерлерін қуғындаумен, соттаумен, 1931-1933 жылдардағы қазақ халқының тең жартысын қырғынға ұшыратқан, яғни қолдан жасалған аштықпен жалғасты. Одан әрі «халық жауларын» әшкерелеу арқылы ату, айдау, Ұлы Отан соғысы немесе Екінші дүниежүзілік соғысы салған қасірет, ақыр аяғы тың игеру саясатының қазақ жеріне әкелген орасан зор экологиялық апатына ұласты. Сонымен қатар аталған апаттармен ұдайы қат-қабат бірге болған, яғни Елбасы ерекше атап көрсетіп отырған қазақтың тілі мен мәдениетін құрдымға кетіретін рухани апаттардың өлшемін айтып жеткізу оңай емес.
Елбасының тарихи жадыны жаңғырту үшін айтылған осы ойларының әрбір түйіні кейінгі ұрпаққа сабақ боларлық даналық мектебі. Құлдық қасіреттің, бодандық қамыттың не екенін білмейтін жас ұрпақ өсіп келеді. Алайда бұл ұрпақ өткен тарих тағылымынан ғибрат алып, ғасырлар бойы күрестің жемісімен келген жеңісті баянды ету жолында болатын қиындықты жеңіп, мәңгілік ел болуды мақсат етіп отырғанда ғана халық арманы шын мәнінде жүзеге асады.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың өткен тарихынан тағылым ала отырып таяу жылдардағы міндеттерді де белгілеп берді. Қателік жасауға, көштен қалуға хақымыз жоқ. «Туған жерге ту тіккен» халқымыздың алдында Ұлы мақсаттар, биік асулар тұр. Тарих өлшемінің аз ғана уақытында өзгеріп, бүкіл әлем жұртшылығы алдында абыройы асқақтап келе жатқан халқымыздың ұлттық сана биігінде самғап, өркениет көшінің алғы сапында тұруға ұмтылатын кезі келді. Сан ғасырлар бойы тарих шаңына көміліп келген халқымыздың жұлдызы сәті азаттық арқылы келді. Болашаққа баратын бағытты рухани жаңғыртумен жалғастырып келе жатқан Көшбасшысы бар Қазақстан Мәңгілік ел.
Бүгінде жалпыодақтық және Қазақстандық ғылыми орталықтарымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихы бойынша зерттеулердің көлемі орасан зор екендігін атап өту керек. Сондықтан біздің ойымызша, жаөын болашақта 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихын зерттеуде отандық дәстүрлерді жалғастыратын, жаңа әскери-тарихи және жалпы тарихи зерттеулерді жасау үшін тарихнамалық негізді дайындау аса қажет болып табылады.
Негізгі бөлім. Ұлы Отан соғысының ардагері – Ынтымақ Үсіпбаев
Ұлы Отан соғысы.... бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Соғыс - күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Қазақстанның әр жерінен азаматтар майданға аттанып жатты. Осы баяндамада Ұлы Отан соғысына қатысқан, халқының мақтанышы болған Ынтымақ Үсіпбаев ерлігі, Түлкібас ауданына жасаған еңбегі жайында айтқым келіп отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Көктерек ауылында 1921 жылдың қазан айында Үсіпбаев Ынтымақ дүниеге келген. Ынтымақтың бір қарындасы және екі бауыры болған. Ынтымақ ауылдық мектептерде оқып, кейін Түлкібас стансасында бастауыш білім алады. Өзіне жеті жылдық білім аламын деп мақсат қойған Ынтымақ ауылдан 4-5 шақырым жердегі 2-Түлкібас мектебінде оқиды. Мектепте өзінің білімділігімен, алғырлығымен көзге түсіп, 1939-1940 жылдары мектепті мақтау куәлігімен тәмәндайды.
Ұлы Отан соғысына Оңтүстік Қазақстан облысынан қатысқан 140 мың жауынгердің бес мыңнан астамы – Түлкібас ауданынан. Олардың арасында Ынтымақ Үсіпбаевта болды. 1942 жылы бірінші қаңтарда Ұлы Отан соғысының майданына шақырылады. Бұл оқиғаны Ынтымақтың ұлы Балтабай былай деп баяндайды: «Атамыз Үсіпбай 40 жасында бақилық болды. Әжем Дәмелі 25 жасында жесір атанып, балаларына қарап отырып қалған. Жастайынан қаншама ұиыншылықтың куәсі болған. Ашаршылықты да, сұм соғысытың зардабында басынан өткереді. Екі бірдей ұлдары Науат пен Ынтымақты өзі соғысқа шығарып салады». Ынтымақ 369-атқыштар оқу полкінде кіші командирлер даярлайтын әскери жаттығулардан өтеді. Сержант атағын алып, қан майданға аттанады. Майданның алдыңғы шебінде Орел майданының 487-атқыштар полкі алғы шептің бөлім командирі болады. Ынтымақ өз шығармаларында 1943 жылғы шабуыл кезіндегі қиындықтар, немістердің тоқтаусыз жаудырған оқтары, жерім, елім деп құлап жатқан жауынгерлерді өз көзімен көргенін жазады. Ауылдарды азат ету барысында 4 солдат, екінші ауылды жаудан бостау операциясында тағыда 4 солдат қатардан шығып отырды. Екінші деревняға таяп қалғанда әр тұстан пулеметтер ата бастайды. Полк 3 ай бойы қорғаныста тұрды. Шабуыл кезінде белден жараланып туған елге қайтарылады.
«1943 жылы ауыр жараланып әкем Ынтымақ елге оралады. Келген бойда әскери комиссариаттың шешімімен соғысқа жастарды дайындау мақсатында военруг болып жұмыс істейді. Өзімен бірге соғысқа аттанған ағасы Науат 1945 жылы соғысты Берлинде аяқтап, фашистерді өз елінде тізе бүктіріп жеңіспен оралады. » деп ұлы өз кітабында жазыпты.
Ынтымақ майдандағы соғыс туралы «Шабуылдың бір сәті» тақырыбында баяндама жазған екен.
Шабуылдың бір сәтіне толғау
Тұс болдым Орел майдан алға шепте,
487 атқыштар деген полкте
Шеп құрдық полк болып қорғаныста,
Дайын боп айқаса жекпе-жекке......
1859-1960 жылдары жоғарғы Көктерек ауылына мектеп салынды. Мектеп құрылысында Ынтымақтың өзі «баұылаушы» болып жүрді. Барлық құрылысты түгелдей өз мойнына алды. Фундаменттінен бастап біткенге дейін жұмысшылармен бірге болды. Ынтымақ бірде колхоздың бригадиріне балабақша соғып беруін сұранады. Ол келісімін беріп, балабақша құрылысы басталып кетеді. Көктерек ауылына су құбырын жүргізу туралы қаулы қабылданады. Су құбырын жүргізу жұмыстың жауапкершілігі Ынтымаққа жүктеледі.
Ерінбей еңбек етіп, 45 жыл бойы көз майын тауысып, тек бүлдіршіндерге білім беріп мектепте оқытушы болып істеген. Зейнеткерлікке жеткенше бала оқытумен қатар елдің мұқтаждық қасіретінде бірге шешіп жүрді. Соғыс ардагері ретінде тағылған орден медалдарымен бірге «Оқу ісінің озаты» белгісі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі» грамотасында көруге болады. Ынтымақтың өмірден туған оқиғаға байланысты жазған өлеңдері бар. Өзі жазып қалдырған «Өмірден туған толғаулар» атты кітабынан көруге болады.
Қаhарман Бауыржан ағаға
Теңесем Ай мен Күнге батыр аға,
Рухы мәртебе алып жатыр аға.
Халқың жүрегінде мәңгі сақтар,
Жұлдызың құтты болсын батыр аға.
Мұңайдық дүниеден өткеніңде,
Ризамыз мақсатыңа жеткеніңе.
Баукен аға бір аунап түсен шығар,
Жұлдыз тағып кеудеге сексеніңде.
Жаралған ерекше биік тұлғаң
Жарып шыққан майданнан қаулап тұрған.
Арыстандай жүрегіңнің түгі бар,
Айналады ел өзіңдей батыр ұлдан.
Бағаласам өзіңді асылдарға,
Жол тапқан қиын-ұыстау асуларда.
Қаhарман ұлы боп Отанның,
Жетеді даңқын асып ғасырларға.
Қорыта келе, Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қаптарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысалы айтсақ алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтуға болады. Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың саны туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Жекелеген мәліметтер бойынша, адамзат тарихындағы бұл ең зұлмат соғыс 20 миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды. 1 710 қала және 70 мыңнан астам село-деревнялар, 31 850 өнеркәсіптік кәсіпорын, 65 мың шақырым темір жол, 4 100 теміржол стансасы, 36 мың пошта-телеграф мекемесі, телефон стансасы және басқа да байланыс бекеттері жермен-жексен болған немесе жартылай қираған. 40 мыңдай аурухана немесе басқа да емдеу мекемелері, 74 мың мектеп, техникум, жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу институттары, 42 мың кітапхана және басқа да көптеген нысандар жойып жіберілген, тоналған.
Ел басының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында : «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті» делінген. Ынтымақ Үсіпбаев есімі, ерлігі танып білген адамның жадында мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді деп ойлаймын. «Ер есімі – ел есінде» демекші бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған батыр азаматтардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.
Пайдаланылған деректер тізімі:
-
«Оңтүстік ардагерлері 1941-1945 жылдары» Шымкент, 2006 ж
-
«Өмірден туған толғаулар» Шымкент, 2005 ж
-
«Өмір өткелдері» Шымкент, 2014 ж