Материалдар / Bani әлеміндегі дәстүрлі әндер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Bani әлеміндегі дәстүрлі әндер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қaзақ даласы ықылым заманнан бері жырдың, әннің, күйдің бесігі болып келеді. Халық aрасынан шыққан талантты дарын иелері өнер көзінің қайнар бұлағы болады. Әр ғасырдың белес – белес белдерінен өткен жыр шумақтары, ән әуені, домбырaның сазы халық жадында жоғалмай біздің заманымызға жетті. Ұлттық дәстүр мен салт – сана тағылымын жас жеткіншек бойына дарытып, оның жан – жүйесін оятуда өнерге деген ынтасын арттыруда. Қазақтың қасиетті де, киелі қара домбырасының атқаратын рөлі де ерекше. Көне заманнан бері адам баласы музыкамен бірге өмір сүріп келеді, жaнының музыканы қaлайтынын ерте уақыттан –aқ біліп келеді. Адaмға алғашқы музыканы естірткен табиғат ананың өзі ғой. Желдің гуілдегені, найзағайдың гүрсілі, бұлбұлдың сайрағаны, бәрі-бәрі адамзатқа музыканың құдіретін ұғындыртқан алғашқы композитор. Табиғаттың үйлесімді әуенінен көңіліне шабыт ұялаған адам баласы содан бері талай аспап ойлап тапты, санқилы музыка түрлерін тудырды. Зaманның ағынымен жүзе отырып музыка халықтың айналасындағы
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

39 инновациялық үлгідегі гимназия сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебі

















BANI ӘЛЕМІНДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ӘНДЕР

(5-6 сынып)





















Павлодар, 2023 жыл


Мазмұны




1. Кіріспе бөлім...................................................................................................


2. Негізгі бөлім


2.1 Дәстүрлі ән түрлері……………………………………………………....…...


2.2 Дәстүрлі ән мектептері.......................................................................................


2.3 BANI әлеміндегі еліміздің дәстүрлі музыкaсы....................................


2.4 Қaзaқ дәстүрлі әндерінің мәселесі………………….......


3. Қорытынды бөлім...........................................................................................


4. Пaйдaлaнылған әдебиеттер............................................................................



























Кіріспе


 «Тіл жеткізбесті ән жеткізері де бар» 

Ғ.Мүсірепов


            Қaзақ даласы ықылым заманнан бері жырдың, әннің, күйдің бесігі болып келеді. Халық aрасынан шыққан талантты дарын иелері өнер көзінің қайнар бұлағы болады. Әр ғасырдың белес – белес белдерінен өткен жыр шумақтары, ән әуені, домбырaның сазы халық жадында жоғалмай біздің заманымызға жетті. Ұлттық дәстүр мен салт – сана тағылымын жас жеткіншек бойына дарытып, оның жан – жүйесін оятуда өнерге деген ынтасын арттыруда. Қазақтың қасиетті де, киелі қара домбырасының атқаратын рөлі де ерекше. Көне заманнан бері адам баласы музыкамен бірге өмір сүріп келеді, жaнының музыканы қaлайтынын ерте уақыттан –aқ біліп келеді. Адaмға алғашқы музыканы естірткен табиғат ананың өзі ғой. Желдің гуілдегені, найзағайдың гүрсілі, бұлбұлдың сайрағаны, бәрі-бәрі адамзатқа музыканың құдіретін ұғындыртқан алғашқы композитор. Табиғаттың үйлесімді әуенінен көңіліне шабыт ұялаған адам баласы содан бері талай аспап ойлап тапты, санқилы музыка түрлерін тудырды. Зaманның ағынымен жүзе отырып музыка халықтың айналасындағы оқиғаларды, тарихты бейнелейтін құрал ретінде қалыптасты. Әр хaлықтың өзіне тән ерекшеліктеріне қарай өзіндік музыка стилі пайдa болды. Кез-келген ұлттың өзіндік кескін-келбеті мен болмыс-бітімін айқындайтын ұғымды оның өзіне тән ұлттық мәдениеті дейтін болсақ, қaзақ мәдениетіндегі музыкa өнерінің алар орны ерекше. Қазақ халқы төл музыкасына бaй халық. Еліміздің ежелден келе жатқан әндері біріге келе қазақтың дәстүрлі әндері деген алып атаудың астына жиналады.


2.1 Дәстүрлі ән түрлері


Дәстүрлі ән – терме, толғау, арнау жырларымыз ерте кезден бірден бірге халық жадында сақталып ауызба-ауыз берілген. Ол уақыттарда қазіргі кездегідей композитор шығармасын жаттап алып, радио, теледидардан орындау жоқ болды. Шығарған әнін әнші композиторлар өздері орындап насихаттаған автордың әншілік дарыны жоғары болса ондай жағдайда ән терме шығарған шығармалары тыңдаушыларын қызықтырып тез тарап кететін. Ал жақсы әнді шығарманы қабылдаған әнші тиісті дәрежеде орындай алмаса ондай туындылар өзі таралады. Сонымен өміршеңдігі уақыт озған сайын әдеміленіп жаңа буындарға жетуі.

Әр бір ән мен терме өзіне тән-тарихтың кезеңін ашып көрсетеді, тайға таңба басқандай бейнелеп береді. Сондықтан да ән-күйді қазақ халқының басынан өткен кезеңдерді суреттейтін тарих десек болады. Қазақи көне үрдіспен орындауда әнді аса әшекейлемей, дыбыс иірімдерімен көркемдеме, қарапайым орындау қалыптасқандығы белгілі. Ал өнердің жарқын тұлғаларының туындыларын орындау еңбекті, ізденісті, күрделі техникалық шеберлікті қажет етеді. Дәстүрлі ән-терме орындалу тазалығын сақтау, кәсіби әндердегі өңірлік орындаушылық стильді сақтау домбыра сүйемеліндегі қағыстармен қабілетті көрсете білу әнші үшін қиында жауапты іс. Бұлардың бәрін шебер орындаушы асқан көркемдікпен көрсетеді. Таңды күнге ұластырып ұзақ жырлайтын кез-келген айтқыш жыршы «әу» деп топқа түскенде тамағы қызып, шекесі тершігенше бірден ашыла қоймайды. Ұзақ айтатындар бірте-бірте бара-бара қалыпқа түсіп, содан соң салалы жолға төселе бермек. Оның жадында жыр-термелер де бірден ойына оралмай, ұмытыла беретіні сол. Мұндай жағдайда ол бір шығарманың басын, келесісінің ортасын енді бірінің аяғынан шалып аттап-аттап өте бермек. Сөз жоқ бұл жағдай жыршының дегбірін қашырып, көңіл- күйін бұзып, берісі сөзден шатасуына, әр ісі жолдан шығып, дауысын қарлықтырып алуына да әкеліп соғатын кездер болады. Кей кездерде орындаушы айтып отырған негізгі әуеннен шыға тартып, сондада болса жағымды құбылтып, қыза келе махамдағы бұрынғы өрнектерді қайталамай, тыңнан тербеп, тосында әдемі иірімдер жасап отырады. Оның жырлау машығына тән шеберліктің бір үлгісі екі махамның ара жігінде тұрып құбылтуы. Әрине, жыршы жырлап отырған сәтте, ерекше шабыт үстінде махам-саздарда болатын осы өзгерістерді ертеңіне сұрасаң не болмаса сол қалпында айтып беруін өтінсең ешқандай жыршының дәл сол қалпында қайталай алмасы анық.

Бүгінгі ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыруда ұлттық музыкалық мәдениетіміздің алатын орны ерекше. Бұл ретпен санау Қорқыт заманнан бастау алатын жыраулық мәдениетіміздің де осылай ауызға алған болар едік. Жырау қоғам сыншысы әрі ақылшысы, ел естілігін сақтап, келер ұрпаққа көркемдік келбетінде жеткізуші тұлға. Осы дәстүр Сыр бойында айрықша сақталған. Оған «Дад дастаны» секілді көлемді жырларды мысал ретінде келтіруге ықпал әбден болады. Жыраулық өнердің қыр-сырын анықтайтын осындай мақамдар ұлттық музыкалық мәдениетіміздің түп-тегін анықтау үшін аса маңызды.


2.3 Дәстүрлі ән мектептері


Дәстүрлік әншілік өнер өзінің айтылу және құрылымдық ерекшеліктеріне  байланысты түрлі мектептерге бөлінеді, олар былай аталады:

  • Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектеп.

  • Оңтүстік және Жетісу өңіріндегі әншілік мектеп.

  • Батыс өңірлеріндегі әншілік мектеп.

  • Шығыс өңірлеріндегі әншілік мектеп.

  • Сыр бойындағы әншілік – термешілік мектеп.

Жетісу әншілік дәстүрі. 

Жетісу жеріндегі ән өнерінің қалыптасуына да осы өңірде ерекше дамыған ежелгі ақындық – жыршылық дәстүрдің зор ықпал еткені анық. Осы өңірде мейлінше көп айтылатын қара өлеңдер мен халық әндері кәсіби әншілік мектептің қалыптасуына негіз болды. Зерттеуші -ғалымдар Жетісуда Арқадағы Ақан, Біржандармен замандас Дәурен сал, Тәкен сал деген сал – сері, әнші – сазгерлер өткенін, бірақ шығармалары сақталмағанын жазады. Осы әншілік мектептің қалыптасуына ұйытқы болған дара тұлға Кенен Әзірбаев шығармаларының көбі негізінен өз орындауында жетті. Ұзақ жасап, артына мол мұра қалдырған Кенен әндерінің тақырып ауқымы мол, құрылым – пішіні жағынан да әр алуан, тынысы кең, әуені өрнекті, сан құбылған ырғақты келеді.

Арқа әншілік дәстүрі. 

Еліміздің Шығыс, Орталық, Солтүстік аймақтарын қамтитын Арқа әншілік дәстүрі кең тыныстылығымен, әуен байлығымен, терең мазмұн, күрделі құрылымымен ерекшеленеді. Көмейіне бұлбұл ұялаған небір күміс көмей, жезтаңдай әншілер осы өлкеде дүниеге келіп, сал – серілер дәстүрін орнықтырып, қазақ әнінің өрісін кеңейтіп, өресін биіктетті. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Абай, Әсет, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Жарылғапберді, Иманжүсіп, Ғазиз, Естай, Мәди сияқты әнші – композиторлар қазақ әнін бұрын болмаған биік өреге көтерді. Кейінгі ұрпаққа Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Игібай Әлібаев, Байғабыл Жылқыбаев, Қосымжан Бабақов, Жабай Тоғандықовтар арқылы жеткен осынау мол қазына, асыл аманатты Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жаңыл Қартабаева, Ләззат Сүйіндкова, Мәдениет Ешекеев, Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов сынды майталман әншілер дәстүрлі әннің қазіргі буын орындаушыларына арқауын үзбей, сынын бұзбай тапсырды.

Батыс Қазақстан әндерінің бүгінгі заманға бұзылмай жетуіне зор еңбек сіңірген әйгілі әнші Ғарифолла Құрманғалиев болды. Мұхиттың әндерін оның немерелері Шайқы мен Шынтастан үйреніп, орындаушылық үлгілерін алған Ғ.Құрманғалиев өзінің ауқымды орындаушылық шеберлігі арқасында Қазақстанның Батыс аймағының ежелгі қара өлең үлгісіндегі халық әндерін кәсіби деңгейге жеткізді.

Сыр өңірінің әншілік дәстүрі өз алдына бір төбе. Сыр бойына бүкіл қазаққа аты мәлім болған көптеген ақын жыраулар шыққан. Оларды атап айтсақ; Омар Шораяқов, Кете Жүсіп, Ешнияз сал, Балқы базар, Мәнсұр Бекежанов т.б. Осы сүлейлердің ізін басып кейінгі ұрпаққа қаймағын бұзбай жеткізіп келе жатқан Алмас Алматов, Сәрсенбек Баймазанбетов, Амандық Бүрлібаев, Әлмырза Нағайбаев, Шолпан Бейімбетова, т.б.

Дәстүрлі халық әндерінің ел арасынан жиналып, нотаға түсіп, жүйеленуіне А. Затаевич, Б. Ерзакович, А. Жұбанов, А. Темірбекова, Т. Бекхожина, С. Күзембаева және т.б. музыка зерттеуші ғалымдар өте зор үлес қосты.


2.4 BANI әлеміндегі еліміздің дәстүрлі музыкасы

Өркениетімізде уақыт пен дамудың басты тәлкегіне ұшырайтын бірден-бір сала – ұлттық өнер, оның ішінде халықтың бай музыкалық мұрасы. Заманның жаңа ағымдары дәстүрлі өнерге басқаша талаптар қоятындай. Сонымен қатар әлімсақтан келе жатқан музыкалық қазынаға сызат түсірмей, шашауын шығармай сақтау, тіпті сөйте отыра, оны әлемге паш ету де – ұлттық мәдениетті замана көшінен қалдырмау деген сөз. Жыршылар мен дәстүрлі әншілердің көнеден келе жатқан ән мен термені табиғи қалпында насихаттап жүргені содан. Бірақ жаңашылдардың дәстүрлі әуендерді музыканың заманауи бағыттарымен үндестіруге талпынатыны да ұлттық мұраны жаңғырту емес пе?! Халық әуендерін ұлықтаудың қай жолын таңдаған дұрыс?

Дәстүрлі музыканы жаңа за­манға бейімдеуде қазақ өне­рінің ұта­тын тұсы жанр­лар­ға бай­ла­нысты. Егер халық­тың әндері мен күйлерін ұтым­ды жанрға салатын бол­сақ, онда жаңадан шығатын бұйым беделімізді халық­аралық деңгейде көтеретін нәрсе болар еді деп ойлай­мын. Ал егер ұтым­сыз, келіс­пейтін, ұлттық музыкаға жақ­пайтын жанрға салынатын болса, әрине, бұл жайт өнер­ді тіпті жиіркенішті етіп жібе­руі мүм­кін. Ұлттық дәстүрді жа­ңа заманға сай бейімдеу – әлем бойынша жүріп жатқан үрдіс.
Кейбір мемлекеттерде ұлттық музы­каны заманауи трендтерге сай өңдеп, ұсынудың арнайы фес­ти­вальдері өтеді. Мұның өзі – өнердің бір саласы, кәсіптің бір түрі. Осылай өңделген музы­ка­лар­ға арналған дербес кон­церт­тік сахналар болады. Өнер­дің осы түріне арналған студиялар мен продюсерлер бар. Дүниеде өзі Күн болса, түн бар, жақсылық болса, жамандық та бар. Сол сияқты қазір – жаһандану кезеңі, сон­дықтан әрбір ха­лық өзінің ұлттық құндылығын жаһан­ға болмысын сақтап тұрып, ұсын­ғысы келеді. Менің ойымша, дәс­түрлі өнерді заманауи трендтермен байланыстырып, әлемге ұтымды жанрларға бейімделген күйінде таныту керек.

Қaзaқтың бұрынғы музыкалық өмірі мен қазіргі таңдағы өмірін салыстырайық. Біріншіден, қазір елімізде батыс елдерінің музыкалық жанрлары көптеп кездеседі. Екіншіден, бұрынғы уақытта әндер мен өлеңдерді ұлттық музыкалық аспаптармен сүйемелдеп жазған, ал қазіргі кезде аспаптармен қоса, заманауи технологияның көмегімен жазылады. Үшіншіден, біздер музыканы тек қазақ тілінде тыңдамай, сонымен қатар өзге тілдерде де тыңдаймыз.  Төртіншіден, ежелде дәстүрлі әндер ғана болса, қазіргі кезде эстрадалық әндер де  кең қолданысқа ие. Өкінішке орай, қазіргі таңда көптеген адамдар эстрадалық әндерді кең көлемде тыңдайды. Дәстүрлі әндерді көп жағдайда ересек және қарт адамдар тыңдайды. Экстрадалық әндер шоу бизнесте көп қаражат табады. Осы себептен, көптеген әншілер дәстүрліден экстрадалық түрге бет бұрды. Тағы бір мәселе, қазақстандықтар әртүрлі тілдегі әндерді тыңдайды. Әсіресе жасөспірімдер, жастар, тіпті балалар да. Кейбіреулер қазақ әндерін тыңдаудан қалып, ұнатпайтындары да бар. Дәстүрлі әндер жақсы жағынан тәрбиелеп, салт – дәстүрлерін, өздерінің тарихын ұмытпауға ықпалын тигізеді. Егер дәстүрлі музыкаларды тыңдауды тоқтатсақ, өзіміздің дәстүрлерімізді, өзіндік ерекшеліктерімізді ұмытып, оған қалай болса солай, салғырт, немқұрайлы қарайтын боламыз. Сол үшін де дәстүрлі әндерді заманауи нақышта түрлендіріп оқушыға, бүгінгі Альфа ұрпаққа ұсыну керек деп есептеймін.

«Альфа ұрпақ» терминін алғаш рет австралиялық зерттеуші Марк МакКриндл қолданған. Оның анықтамасы бойынша бұл атау 2010-2024 жылдар аралығында туылған балаларға қатысты қолданылады. Бұл он бір жастағы балалар мен алдағы жылдары дүниеге келетін сәбилер. Бұлар Z ұрпақтың (зеталар, зумерлер) орнын ауыстырады. 

«Әйнекке тәуелді ұрпақ», screenagers («скринейджерлер») – олардың электронды құрылғыларға деген бейімділігін қалай атасақ та, осылай екені рас. Дәл осы қасиет олардың  осал тұсы да, мықтылығы да болып тұр. Бір жағынан, мұндай бала жан-жақты келеді: бір уақытта үй тапсырмасын орындайды, әлеуметтік желіде белсенді болып, пост салып отырады және әлеуметтік желілердегі хат-хабарға да жауап береді. Екінші жағынан, ол өте шашыраңқы, оның зейінін шоғырландыру қиын және бір мәселеге ұзақ уақыт назар аударып қарай алмайды.

Альфа балалар біздің, яғни ата-анасының: «Интернетте отыра берме!» дей беретінімізді түсінбейді. Олар үшін бұл тыныс алу сияқты кәдімгі, өмірлік қажеттілік.

Қазір геймификация мен эдьютеймент үрдісі (ойната отырып үйрету) қарқын алуда. «Мені таң қалдырыңыз» - бүгінгі балалар жақсы қабылдайтын жаңа білім беру технологияларының негізінде жатқан ұран осы. Келіссеңіз де, келіспесеңіз де, балықтың құрылымын зерттеу, оның бөліктерін телефон қосымшасында жинау альфалар үшін ескі суреттері аз плакаттармен безендірілген сыныптағы сабақ пен мұғалімнің  монотонды монологын тыңдаудан әлдеқайда қызықты. Сондықтан да менің ұсынысым:

  • Өзгермелі қоғамдағы Альфа ұрпаққа музыка саласында дәстүрлі әндерді жаңаша жанрда ұсыну керек. Сол арқылы оқушылар бойында ұлттық құндылықтарды дарытамыз.


2.2 Қазақ дәстүрлі әндерінің мәселесі


Дәстүрлі әнге қатысты ең өзекті мәселенің бірі – өңделген нұсқалары. ХХғ. да төл музыкамызға сырттан келген әртүрлі аспаптар араласты. ХХІғ. есік қағып кірісімен жаңа технологиялар саласы қатты дамып, бүкіл саланы қамтыды. Музыка әуенін қалағанша өзгертіп, биттар қосып, аспаптардың даусын қосып, аранжировка жасауға мүмкіндіктер пайда болды. Өңдеу өлеңге жаңа ырғақ береді, алайда сөзі өзгертілмейді. Кейбір адамдар өңдегенде негізгі өзегін жоғалтады деп ойлайды. Мен бұл пікірмен келіспеймін, себебі мазмұнның негізгі бөлігі өлеңнің сөздерінде. Әуенді өңдегенде де бұл іске жауапкершілікпен әрі ұқыптылықпен қарау керек. Өз нақышына келтіріп, әуенін әрлі ете білсең құптарлық дүние.

Қaзіргі кезде эстрaдa мен дәстүрлі әннің жақсы синтезі бола білген мысалдар көп. Соның арасында ең ерекше атап өтуге тұрарлығы – Мархабат Мықтыбеков, Бауыржан Асанбаев, Жазира Қошановадан құралған Қоңыр тобы, Алашұлы этно тобы, Өмірқұл Айниязов, Ардақ Балажанова,Рамазан Стамғазиев.

Адaмдaрдың тaлғaмы әртүрлі дегендей, дәстүрлі әнді тыңдамаған адамға домбырамен атой салып айқайлап айтылатын әнді тыңдату қолымыздан келмейді. Алaйдa өңделу aрқылы сол aдaмға жaғымды естілетін стильде дәстүрлі әнді қойып берсек, aлдыңғы бөлімде тізіп кеткен дәстүрлі ән бере aлaтын рухани азықты жеткізе аламыз. “Ел болам десең бесігіңді түзе” дейді атам қазақ. Жас ұрпаққа тәрбие беруді көздегенде ерте жас, яғни баланың қалыптасатын шағы ең маңызды екенін ұмытпау керек. Баланың осы кезінде дәстүрлі музыканы бойына сіңдірту іске асырылу керек. Мектеп кезінде музыканың бағдарламалары арасына дәстүрлі ән жайында көбірек айтылу керек. Менің пікірімше ең дұрыс жас аралығы 5-7 сынып арасы. Мектеп бағдарламасында тек дәстүрлі ән туралы мағлұматпен ғана шектеліп қалмай, барынша балалардың сүйіспеншілігін тудыратын практикалық жұмыстарды қамтығанда нұр үстіне нұр болады. Өлеңнің авторы, шығу тарихы, сөздерімен қоса оқушылар сондағы рух сарынын өзінің қатысуымен сезінетіндей қылып өздері әнді сыныпта бірге айтып, өңделген нұсқаларында көріп, салыстырса, міне сонда жеткіншектерге насихатымыз оңды болады.


Қорытынды


Қорыта келгенде, музыка – қазақ халқы үшін үлкен рөл ойнайды. Музыка өнері елімізде ежелгі кезден бастап осы күнге дейін сақталған. Және біздер оны келешек ұрпағымызға сақтауға міндеттіміз. Бұл сөз ,өзге елдердің әндерін мүлдем тыңдамау керек деген сөз емес. Өзге елдегі әндерді тыңдаған дұрыс, ол адамның ой – өрісін кеңейтеді. Бірақ өзіміздің дәстүр – тарихымызды, өзіміздің кім екенімізді ұмытпауымыз керек. Қазір қазақ теледидарынан жұртшылық дәстүрлі әнді тыңдаудан қалды. Қай арнаның құлағын бұрасаң да көңілден шықпайтын, жүрекке жетпейтін бейнеклип пен түсірілген батыс әуендерді тыңдайсың. Ондай даңғаза әндер кімнің де болсын санасына сезім шуағын төкпесі хақ. Қазір дәстүрлі әндерді көп ешкім тыңдамайды, керісінше мағынасыз шығып жатқан эстрадалық әндерге сұраныс көп. Егер де өзіміздің ата бабамыздан жалғасып келе жатқан дәстүрлі әндеріміздің нақышын бұзбай, қазіргі заманға лайықтап айтатын болсақ, барлық елдің жүрегінен, көңілінен шығады деп ойлаймын. Сондықтан телеарналарда қазақтың айбынын гүлдендіретін, дәстүрлі халық әндеріне көбірек орын беру керек сияқты. Өйткені, жақсы ән – қашан да жан азығы емес пе? «Әннің де естісі бар, есері бар» деген екен Абай атамыз. Атадан қалған асыл мұрамызды көздің қарашығындай қорғап, ертеңгі ұрпаққа жеткізу – бәріміздің парызымыз. Бабалардың сырлы жүрегінен туған дәстүрлі әндер жер бетінде қазақ деген ұлт барда мәңгі жасай бермек. Әрине, жаңа форматта ұсыну арқылы.










Пайдаланған әдебиеттер:


1. Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» Т. Жұмағалиева, Д Ахметбекова,

Б.Ысқақов,Ә.Қарамедина, З.Қоспақов.

2. «Қазақтың әншілік өнері» З.Қоспақов

3. Қазақтың ән күйі – ұлттық тәрбиенің көзі. 2013. Қазақтың әншілік өнерінің

тарихы. Әдістемелік құрал. Жастар ғылыми зерттеу орталығы. 40б.

4. Қазақтың дәстүрлі 1000 әні. 2010.

5.  Әбуғазы М. Сарыарқа әндері антологиясы. – А., 2009.

6.  Жұбанов А. «Замана бұлбұлдары». 

7. Бекхожина Т. Қазына: Музыкалық этнографиялық жинақ. -Алматы:

Жалын,1979.

8. Қазыбеков М. Наурыз. Жаңғырған салт-дәстүрлер  -Алматы: Қазақстан,

1991

9. М.Рустемов.Таңдамалы өсиет термелер. - Шымкент, 1995. 2. З. Қоспақов. 10. Қазақтың әншілік дәстүрі – Алматы,1999. 3. Ә.Оспанұлы. Қаратау шайырлары. - Алматы, 1991. 4. Ә.Қоңыратбаев.

11. Қазақ фольклорінің тарихы. - Алматы, 1991. 5. Нұғманова Ә.

12. Қазақтың әншілік дәстүрі. Алматы, «Қазақстан», 1975. 6. Сәрсенбай Қ.Өнер-Өмір, Әр жылдардағы жазбалар. Алматы: Қазығұрт, 2004.

 


 



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!