Материалдар / Бақылау жұмысы 6 - сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бақылау жұмысы 6 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2 - тоқсанда алынатын бақылау жұмысы, мұғалімдерге дайын материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1497
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бақылау жұмысы №3

  1. Лексика – грамматикалық тест

1. Қазақ тілінде неше септік бар?
а) 5 в) 7 с) 6 д) 4
2. Кімді? Нені? Қай септіктің сұрағы?
а) атау септік в) ілік септік с) барыс септік д) табыс септік
3. Балаларыма - сөзі қай септікте тұр?
а) табыс септік в) барыс септік с) жатыс септік д) шығыс септік
4. Жатыс септіктің жалғаулары
а) - ны, ні в) - ға, ге с) - ды, ді д) - да, де
5. Барыс септікте тұрған сөзді белгіле
а) балалармен в) балаларына с) балаларын д) балалардың
6. мектептен - сөзі қай септікте тұр?
а) жатыс септік в) шығыс септік с) көмектес септік д) табыс септік
7. үстел.... дұрыс жалғауын қой.
а) - тың в) - нің с) - тің д) - дің
8. Асан дүкен..... барады. Тиісті септік жалғауын қой.
а) - да в)- ге с) - нда д) - ға
9. Қай септіктің жалғаулары жоқ?
а) Атау септік в) ілік септік с) барыс септік д) жатыс септік
10. « Н» қай септіктің жалғауы?
а) Атау септік в) барыс септік с) табыс септік д) жатыс септік

11. Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбайды?
а) Атау септік в) ілік септік с) жатыс септік д) көмектес септік
12. Тәуелді септелген сөзді көрсет
а) әкеде в) әкені с) әкеме д) әкеден
13. « Жақсы... үйрен, жаман... жирен» тиісті жалғауын белгіле
а) - тан, мен *в) - дан,- нан с) - ның, мен д) - дан, ды
14. Бағытты білдіретін септік
а) табыс септік *в) барыс септік с) жатыс септік д) атау септік
15. Табыс септігіндегі сөзді тап
а) келді в) балалы *с) дәптерді д) кетті
16. Септік жалғауы жалғанған зат есімді белгіле.
а) жақсыны в) жазғандарды с) келуді *д) баланы
17. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс септігіндегі сөзді тап
а) алманы в) алманың с) алмамен *д) алмамды
18. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны белгіле
а) - ға, ге, қа, ке в) - ның, нің, тың, тің с) - ны, ні, ды, ті *д) - мен, бен, пен
19. Көмектес септігінде тұрған сөзді көрсет
а) аулға бару в) ананы тыңдау с) есіктің тұтқасы *д) мұғаліммен сөйлесу
20. - ға, ге, қа, ке, а, е – қай септіктің жалғаулары?
*а) барыс септік в) табыс септік с) жатыс септік д) шығыс септік

Оқылым

Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз

Ыбырай Алтынсарин


Қазақ арасында халықтық мектептер ашып, ағарту жұмысын белсенді жүргізудегі Ыбырай Алтынсариннің еңбегі ұшан-теңіз. Сонымен қатар көрнекті ағартушы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалау үстінде де орасан зор үлес қосты. Ауыз әдебиетінің дәстүрінен қол үзіп, жазба әдебиетінің үлесінде сюжетті өлеңді тұңғыш жаза бастаған ақынның бірі Ыбырай Алтынсарин. Жалғыз поэзия жанрында ғана емес, көркем прозаның қалыптасуына да Ыбырай Алтынсарин ат салысты.

Ы. Алтынсаринның шығармалары алғаш рет 1879 жылы Орынбор қаласында «Киргизская хрестоматия» деген атпен жарияланды, басылды.


  1. Қазақ арасында халықтық мектеп ашқан кім?

А. Абай. В. Ыбырай. С. Сұлтанмахмұт. Д. Мағжан. Е. Ахмет

2. Ыбырай Алтынсарин ненің негізін қалады?

А. Ауыз әдебиетінің. В. Жазба әдебиетінің. С. Қазақ жазба әдебиетінің. Д. Тарихи ескерткіштердің. Е. Қазақ тілінің.

3. Ы. Алтынсариннің шығармалары нешінші жылы жарық көрді?

А. 1875 В. 1878. С. 1879. Д. 1880 Е. 1889

4. Орынбор қаласында жарық көрген жинағы

А. «Қырғыз қаласы» В. «Таза бұлақ» С. «Асан мен Үсен» Д. «Киргизская хрестоматия» Е. «Кел, балалар, оқылық!»

5. Мәтін неше азат жолдан тұрады?

А. 5. В. 2. С.3 Д.4. Е. 6

6. «Әдебиетінің» сөзіндегі септік жалғауы

А. Атау септік. В. Барыс септік. С. Табыс септік. Д. Ілік септік. Е. Жатыс септік.

7. Мәтінде неше сөйлем бар?

А. 5. В.4. С.3. Д.2. Е.6.

8. Мәтіндегі тырнақша не себепті қойылған?

А. Жазушының аты жөні. В. Мақала атауы. С. Белгісіз. Д. Шығармалар жинағы. Е. Қала атауы.

9. Сюжетті өлеңді тұңғыш жаза бастаған ақынның бірі

А. Абай Құнанбаев. В. Ыбырай Алтынсарин. С. Мағжан Жұмабаев. Д. Жиренше шешен. Е. Төле би.

10. Мәтін кім туралы?

А. Ахмет Байтұрсынов. В. Мектеп ашу. С. Ыбырай Алтынсарин. Д. Оқу. Е. Білім.


Тыңдалым

Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Атасы мен немересінің әңгімесі

Бір күні данышпан қария өзінің кіші немересімен әңгімелесіп отырды.

-Неге жаман адамдар болады?-деп сұрады елгезек немересі.

- Жаман адамдар болмайды-деді көсем.

Әр адамның екі бөлігі болады: ашық және күңгірт. Жанның ашық бөлігі адамды сүйіспеншілікке, мейірімділікке, бейбітшілікке, үмітке, шынайылыққа, қамқорлыққа шақырады. Ал күңгірт жағы өзімшілдікті, қастандықты, қызғанышты, өтірікті, алдауды, бұзақылықты қолдайды. Бұл екі қасқырдың арпалысы. Көз алдыңа елестетіп көрші, бір қасқыр ақ, біреуі қара. Түсінесің бе?

-Түсінемін,- деді, атасының сөзі жандүниесін дір еткізген бала.

1. Адамның неше бөлігі болады?

А. 5. В.4. С.2. Д. 3. Е. 1.

2. Мәтінде данышпан қария кіммен әңгімелесіп отырды?

А. Баласымен. В. Кіші інісімен. С. Шөбересімен. Д. Немересімен. Е. Әжесімен.

3. Жанның ашық бөлігі адамды нелерге шақырады?

А. Мейірімділікке, үмітке. В. Жауластыққа. С. Достыққа. Д. Білім алуға. Е. Оқуға

4. Адамның күңгірт бөлігі нені қолдайды?

А. Алдауды, бұзақылықты. В. Бейбіт өмірді. С. Жақсылықты. Д. Амандықты. Е. Білімді.

5. Мәтінде кездесетін сын есімдер

А. Қызыл, жасыл. В. Ақ, қара. С. Жан, дүние. Д. Дір, бала. Е. Ата, немере.

6. Туыстық атаулар

А. Әже, бала. В. Әке, бала. С. Ана, бала. Д. Ата, бала. Е. Қасқыр, бала.

7. – Неге жаман адамдар болады?

А. Өмір болғандықтан. В. Себебі белгісіз. С. Жаман адамдар болмайды. Д. Оқымағандықтан. Е. Білімсіздіктен.

8. Мәтінде кездеседі

А. Монолог. В. Хабарландыру. С. Диалог. Д. Хат. Е. Құттықтау.

9. Немересі өандай?

А. Ақылды. В. Елгезек. С. Өнерлі. Д. Биші. Е. Домбырашы.

10. Атасы қандай?

А. Кәрі. В. Көсем, данышпан. С. Өнерлі. Д. Ақылды. Е. Ғалым.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!