Материалдар / Бақыт деген менің бала күндерім

Бақыт деген менің бала күндерім

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәлімгерлерге, класс жетекшілерге қажетті сценарий.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2018
881
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бақыт деген менің бала күндерім »Мақсаты: Оқушыларға бала құқығын қорғау Конвенциясы күні туралы түсінік беру, әр баланың өз құқығы бар екенін білу; Оқушыларды адамгершілікке, білімділікке, бірлікке , татулыққа тәрбиелеу;Көрнекіліктер: Инт.тақта, презентациялар, карточкаларӘдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, Сауалнама жүргізу, пікір айту, ой толғау, топпен жұмыс, сурет салу.Барысы:
  • Шаттық шеңбері:
«Мен саған тілеймін ... бала болуыңды» / қолдарындағы шарды бір-біріне беру арқылы тілек айту/ Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады. Заңды білу – заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана – сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Әлемде 1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылы 20 қарашада конвенцияны БҰҰ бірауыздан қабылдады. Конвенция - әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда: «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» делінген.

Ой – талқы /постер қорғайды/- Бала деп кімді айтамыз? 5а-класы - Баланың қандай құқығы бар? 6а-класыБүгінгі танымдық сабағымыздың тақырыбы «Бақыт деген менің бала күндерім »/Қосымша презентация көрсетіледі/1. Мектепке тегін оқуға құқылы «Білімдінің күні жарық» /Кімнің қолына доп болса, сол сұраққа жауап береді/1Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин) 2. «Әсемпаз болма әрнеге, Өнер болсаң арқаланСен де бір кірпіш дүниегеКетігін тап та бар қалан» өлеңінің авторы кім?   (А. Құнанбаев)           3Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?   (Т. Әубәкіров) 4. Қазақтың «Бұлбұл әншісі» деп кімді айтады? (Бибігүл Төлегенқызы)      5. Қазақстанның астанасы қай қала?   6.     «Сүйінші» сөзі нені білдіреді? (жағымды жаңалыққа) 7.     Ол түрік отбасында дүниеге келген. Көп тілді меңгерген, Шығыс елдерін көп аралаған, 870 жылы Отырар қаласында дүниеге келген. 100-ден аса ғылыми кітап жазған кім? (ӘлФараби) 8.     Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім болды? (Н. Назарбаев) 9. Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы қолдана бастады (қараша,1993ж.)  10.Көктем мерекесінде болатын жаңа жылдың қазақша айы қалай     аталады?(наурыз) 11. Әбілхан Қастеев кім? (суретші)   12. Жамбыл Жабаевтың өзіне пір тұтқан ұстазы кім? (Сүйінбай)   13.     Қазақтарды хан дәуірінде билеген кім? (хан) 14.     Қазақ халқының ұлттық аспабы не? (домбыра) 15.     Киіз үйдің күмбезі не? (шаңырақ) 16.     Қазақтың ұлттық , ат жарысын қалай атайды? (бәйге) 17.     Атақты күйші кім? (Құрманғазы Сағырбаев) 18.           «Сәукеле» деген не? (ұлттық бас киім) 19. Қазақтардың бұрынғы баспанасы  (киіз үй) 20. Бие сүті не? (қымыз)  21. Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік күні қашан? (16 желтоқсан)   22. Еліміздің рәміздерін ата. (елтаңба, ту, әнұран) 23. Төле би қай жүздің биі? (Ұлы жүз) 24. Мемлекеттік елтаңбада не бейнеленген? (шаңырақ)  25. Абайдың шын есімі (Ибрахим)
  • «Ойнауға, Демалуға құқылы»
2 стаканға су құйылған сол суды қасықпен бос стаканға тасып құю керек. Қай класс көп тасиды екен.«Пантомимо» ойыны /қоян, жылқы, мысық, тауық/ қимылмен көрсетеді, қалған оқушылар табуы керек.
  • «Бала жанұяда ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы» Жағдаяттардан шығу
1/ Мен 11 жастамын үйде жалғыз баламын кішкене күнімнен өте аурушаң едім, содан ба  әлсіз,әрі әлжуазбын .Ата-анамның мен дегенде шығар жаны бөлек. Мені үнемі ойлап  алаңдап отырады. Оларды артық уайымға салғым келмейді, сол себепті өз ойымды сіздермен бөліспекпін. Мен үнемі өзіме көрсетілген әлімжеттіктен шаршадым. Айналамдағы балаларданда өзімді кейде төмен сезінетін сәттерім болады . Олар үнемі  қыздарға теңеп келемеждеп, еңсемді езердей сөздер айтады . Бұларды былай қойғанда үйге қайтар жолымда, үнемі  өзімнен үлкен бұзық балалар жолымнан күтіп алып, ақшамды тиынына дейін қалдырмай тартып алады, және белгілі сомада ақша әкелмесең бұданда жаман болатынын айтып қорқытады. Мен не істесем болады бұл жағдайды ата-анама айтып, оларды уайымға салғым келмейді. Достарыма айтып, олардың басын қатерге тіккім келмейді маған ақыл кеңес беріңдерші.2) Ербол сабақта болғанда анасы оның бөлмесін жинап жүріп, қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады. Ерболдың қандай құқығы бұзылды? 3) Асқардың үйдегі інісін қарайтын адам болмағандықтан, оны анасы сабаққа жібермеді. Асқардың қандай құқығы бұзылды, – деп ойлайсыңдар? 4) Әсел мен Айжан дос еді. Әсел жақсы оқитын. Ал, Айжан нашарлау оқитын. Бір күні екеуі ренжісіп қалды. Әсел Айжанды екіліксің деп, - келеке етті. Айжанның қандай құқығы бұзылды? 3. «Жалғасын тап және мағынасын түсіндір».«Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма,Бестен он үшке дейін құлындай қина,Он үштен ары сырласыңдай сыйла».«Жақсы бала – сүйініш, жаман бала – күйініш». Ананың көңілі -.....Баланың көңілі -....... Балалы үй -......Баласыз үй қу........ ...... – балалы болғанда білерсің.Тренинг «Мен сенің туған күніңді білемін»Ән «Бақыт деген менің бала күндерім» бірге орындау Қорытынды сөз: Біз тәуелсіз, егеменді елміз. Өзімізге тән елтаңба, әнұран, туымыз бар. Соның маңыздыларының бірі – 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған.Конституция 98 бапты біріктіріп 9 бөлімнен тұрады. Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері осы бөлімдерде жазылған. Әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек. Бүгін осы мәселелерді қарастырдық. «Заң білу – заман талабы». «Бала құқығы». «Заңға бағыну – адамзат міндеті».Мен міндеттімін:- білім алуға- тәртіп сақтауға- мектеп мүлкін сақтауға;- үлкендерді сыйлауға;- ана тілдің тазалығын сақтауға;- әрдайым таза, ұқыпты жүруге;- темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге.Бүгінгі ісшарамызды қорытындылай келе, сіздерге көп алғыс айтамын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ