Материалдар / "Бақытты балалық шақ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бақытты балалық шақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екенін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындау және « Мен концепциясын қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2021
783
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Тақырыбы"Бақытты балалық шақ » тренингі

Мақсаты : Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екенін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындау және « Мен концепциясын қалыптастыру».

Топта жұмыс істеу ережесі:
1. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.
2. Болып жатқанға белсенді қатысу.
3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.
4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.
5. «Басынан» «Аяғына» дейін жұмыс істеу.

Қатысушылар: Оқушылар (6-сынып)

Жұмыс түрі: топтық жұмыс

Көрнекілік құралдар:  жүрекше, А3- форматы , фломастерлер,түрлі-түсті қарандаштар.

  Жоспар:

1жаттығу. « Мен бақыттымын.... » сөйлемді аяқтау.

2 жаттығу. Постер қорғау «Бақытты балалық шақ ».

3жаттығу. Арт-терапиялық жаттығу."Шеңбер бойынша сурет".

4жаттығу. «Джунглидағы жаңбыр».

5 жаттығу. «Жер сілкінісі».

6 жаттығу .«Сағаттық достар».













Кіріспе
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі – заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.

1жаттығу « Мен бақыттымын».

Саламатсыздарма қымбатты оқушылар! Қазір әр бір қатысушы кезекпенен жүрекшені ала отырып өз атын айтады және «Мен бақыттымын себебі » деген сөйлемді аяқтап,келесі қатысушы жалғастырады.

2. «Джунглидегі жаңбыр» жаттығуы

Мақсаты: Бұл жаттығу иық, мойын, омыртқа  аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жоюға, босаңсуға, шаршағанды басады. Жаттығу топта мазасыздығы жоғары балалармен бұлшық еттегі қысымды жояды.

Шеңберге тұрып, «Джунглидегі жаңбыр» психологиялық жаттығуын орындаймыз.

  • Қанекей, шеңбер жасап, бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар.

  • Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер.

  • Ауа-райы алдымен күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын.

  • Міне, кішкене жел тұрды.

  • Алдыңызда тұрған адамның арқасында қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар.

  • Дауыл басталды, күшейді. (қол қимылдары да айналдыра жасалып),

  • Ақ жауын жауды (жұбыңыздың арқасын жеңіл түрде қағасыз).

  • Міне, нөсер басталды (саусақтарымен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз).

  • Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басталды.

  • Табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Ал, енді 180 градусқа айналып, ойынды жалғастырыңыздар.





3 жаттығу. «Бақытты балалық шақ» постерін қорғау

Нұсқау : Қазір сіздер түрлі-түсті текшелер арқылы бөлініп, төрт топ болып постерлеріңізді қорғайсыздар.

Тақырыбыз «Бақытты балалық шақ».



4. «Жер сілкінісі» жаттығуы.

Мұнда топқа қатысушы адамдар 3-3 тен болып тұрады. Екеуі шатыр және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші «шатыр» деген команда бергенде шатыр жасап тұрған балалар ауысуы керек. Жүргізуші «адамдар» деген команда бергенде ,шатыр астындағы балалар орнын ауыстырады. Ал егер «жер сілкінісі» деген команда бергенде, барлығы орын ауысуы керек.

5 жаттығу "Шеңбер бойынша сурет .

Келесі жаттығу ол – арттерапиялық жаттығу "Шеңбер бойынша сурет». Біз қазір ақылдаспай біртіндеп бақытты адамның суретін саламыз. Менің нұсқауым бойынша оң жақтағы көршіңізден сурет алып, сол жақтағы көршіңізге өз суретіңізді бересіз.Бұл суретпен жұмыс жүргізіңіз, өзіңіз қалаған өзгерісті енгізуіңізге болады. Менің нұсқауым бойынша сурет өз иесін тапқанша, ауыстырылып отырады.

6. « Сағаттық достар» сергіту жаттығуы

Мақсаты: Эмоционалды босаңсу, стресті түсіру, релаксация.

Балаларға «сағаттың» суреті салынған қызыл, жасыл, сары, көк түсті текшелерді таратып беремін, түстер бойынша 4 топ құрылады, енді сағаттың тілінде көрсетілген 4 цифрға 9,12,15,18, сандарына кім-кіммен қай уақытта кездесетінін келісіп жазады, интерактивті тақтаға келесі тапсырма шығады:

Сағат - 9.00 кездесетіндер - күлімдейді.

Сағат -12.00 кездесетіндер - ауада сүйіспеншіліктерін көрсетіп жібереді (воздушный поцелуй).

Сағат -15.00 кездесетіндер - қолдарын бұлғайды.

Сағат 18.00 кездесетіндер - қолдарын шапалақтайды.

-Жаттығудан қандай әсер алдыңдар?


6. «Сиқырлы қобдиша»жаттығуы.

 Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Нұсқау: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды.

Кері байланыс:

  Қазір біз 3 сұраққа жауап берсек :

1. Маған бұл тренигте ұнағаны...

2. Маған бұл тренигтің ұнамағаны...

3. Менің тренинг барысында түйгенім...

 Ендеше осылай аман –сау жүргеніміздің өзі бақыт..

Біз бақытты баламыз! Егемен еліміздің ертеңі өздерің болғандықтан да біз сендерге сенеміз!

Тренинг аяқталды. Қатысқандарыңызға рахмет!.














































Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Өскемен қаласы бойынша Абай атындағы

33 орта мектебі КММ












ТАҚЫРЫБЫ:

БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ!.






Дайындаған : Оралбекова М.Б.







2021жыл









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!