«Бақытты балалық шақ»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бақытты балалық шақ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Балалық балдырған шақтың қызықтарын балаларға түсіндіру. Балаларды жақсылыққа, инабаттылыққа, ата-анаға мейірімді болуға, туған жерге, айналадағы заттарға,ұқыпты болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: гулдер, шарлар, стикерлер,плакаттар І. Ұйымдастыру Психологиялық тренинг. Оқушылар өздеріне ұнаған түсті шарларды таңдап алады: Қызыл – көтеріңкі көңіл-күй; Көк – тыныштықты, қанағаттанушылықты, сенімділікті, шыншылдықты; Сары – көңілділікті, ұстамдылықты және жеңілдікті білдіреді. Шардан әдемі гүл жасап іліп қою. Жүргізуші: Балдаурен -балалықтың балғын күні, Балдаурен- қуаныш пен шаттық үні. Балдаурен бақыт кешкен балдырғаның, Жайраңдап қырда ашылған қызыл гүлі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бақытты балалық шақ»

Сабақтың мақсаты: Балалық балдырған шақтың қызықтарын балаларға түсіндіру. Балаларды жақсылыққа, инабаттылыққа, ата-анаға мейірімді болуға, туған жерге, айналадағы заттарға,ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: гулдер, шарлар, стикерлер,плакаттар

І. Ұйымдастыру

Психологиялық тренинг.

Оқушылар өздеріне ұнаған түсті шарларды таңдап алады:

Қызыл – көтеріңкі көңіл-күй;

Көк – тыныштықты, қанағаттанушылықты, сенімділікті, шыншылдықты;

Сары – көңілділікті, ұстамдылықты және жеңілдікті білдіреді.

Шардан әдемі гүл жасап іліп қою.


Жүргізуші:

Балдаурен -балалықтың балғын күні,

Балдаурен- қуаныш пен шаттық үні.

Балдаурен бақыт кешкен балдырғаның,

Жайраңдап қырда ашылған қызыл гүлі.


Жүргізуші: «Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі,ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір!«Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз айтқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтанда әр бір қараша үйдің түтінін түтеткен ата-ана көзінің ағы мен қарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттерді мүмкінділігіше есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады. Балалар сендер өздеріңді не үшін бақытты балдырғанбыз деп ойлайсындар?

Оқушы: Біздер өзімізді бақытты балдырғанбыз деп санаймыз, өйткені біздің сүйікті отанымыз, қасиетті ана тіліміз, ардақты да аяулы ата –анамыз бар. Осының бәрін ардақтай білуге, біздің алтын ұя мектебіміз бен аяулы ұстаздарымыз үйретті.

Жүргізуші: «Мақал -сөз атасы»

Оқушы: Адамдықтың белгісі- иіліп сәлем бергені.

Оқушы: Жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік.

Оқушы: Әдепті бала ата-анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Оқушы: Аулақ жүріп, жаман қылық, әдеттен

Үйренеміз жақсы мінез әдептен.

Жүргізуші:Ойын «Бақытты бала»

Ойының шарты: Сапқа тұрып допты бір-біріне берген кезде, балдаурен балалық шақ, достық, адамгершілік қасиеттері туралы сөздер айтулары керек, мысалы:достық, бейбітшілік, шыншыл, ұстамды, әдепті,жанашыр, мейрімді, адал, бақытты, қуанышты.т.б

Жүргізуші:

Тыныштық баршамыздың ұранымыз,

Мәңгілік таусылмайтын жыр әніміз.

Арманның асқарына қанат қаққан,

Бақытты бейбіт елдің ұланымыз

Оқушылар барлығымыз бірге Ә.Дүйсенбиевтің әнді шырқайық. «Біз өмірдің гүліміз» атты әнді шырқайық.

- осы әнде айтылғандай біз «Бақытты баламыз »дегенді қалай түсінеміз,топ болып суретін салып, түсіндіреміз.

«Бес жолды өлең жазу»

Бірнеше тақырыптар жазылған карточкалар болады, әр топ өзіне тақырып алады.

Тақырыптар: «Гүл », « Дос», «Тыныштық », «Жолдас ».

Топтық жұмыс. «Мен қандаймын ? » атты лото арқылы ұйымдастырылады.

- Балалар, адамзатты сүю үшін менің бойымда қандай қасиеттер болу керек?

Деген сұрақ төңірегінде ойланып көрейік. Әр топқа лото таратылады, онда адам бойында кездесетін жағымды және жағымсыз қасиеттер бейнеленген. Сенің бойында «бар » деп есептеген қасиеттерді берілген суреттермен сәйкестендіріңдер.Жағымсыз қасиеттерді қара жәшікке салу.

* Қамқорлық * Өсек* Адамшылық * Адамгершілік

* Залымдық * Бауырмалдық * Сабырлылық

* Еңбекқорлық * Өтірік * Еркіншектік

* Рақым * Талап * Мақтаншақ

* Мейірімділік * Батылдық *Еріншек

* Бекер мал шашпақ * Қанағатшылдық * Ізденімпаздық

* Ізгілік * Қатыгездік

«Эмблема жасау».

Топтарға тапсырма: Бүгінгі сабақта айтылған ой – тұжырымдарды қорыта келіп, эмблема ойлап табыңдар.

Сабақты қорытындылау.

Мұғалім тақтаға өзі дайындағап әкелген «Бақытты балалық шақ » моделін іледі де, 3- топтық дайындалған моделімен салыстырылады. Соңында мұғалім тұлға бейнесінің жоғарғы жағына күн сәулесін жапсырады да, оның мағынасын түсіндіріп өтеді:

Ұжымдық жұмыс. Мұғалім екі сұрақ қояды, егер «иә » деп жауап берсе, орнынан тұру; ал «жоқ » – десе, өз орнында отыра беру.

- Бала бақытты болу үшін ата-анамыз ауқатты,бай болуы керек.

- Бала бақытты болу үшін ата-анасымен бірге болуы керек.

Балалар орындарынан тұрады. Қосылып би билейді.



Сараптама

03.08.2022ж.

Балалық балдырған шақтың қызықтарын балаларға түсіндіру. Балаларды жақсылыққа, инабаттылыққа, ата-анаға мейірімді болуға, туған жерге, айналадағы заттарға,ұқыпты болуға тәрбиелеу мақсатында «Балалық шаққа саяхат» тақырыбында танымдық іс-шара өтті. Іс-шараға үйірмеден 12 бала қатысты. Қатысушылар кезеңдер бойынша ойларымен бөлісіп, әр түрлі тапсырмаларды орындады. Шараға балалар белсенділікпен қатысты.Іс-шара өз мақсатына жетті.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.08.2022
897
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі