Материалдар / Бақытты отбасы- бақытты бала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

Бақытты отбасы- бақытты бала

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ата- аналарға және балаларға қажет. Отбасындағы қарым- қатынас туралы айтыладыы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2020
1252
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Отбасы мен мектептің тәрбиесіндегі рөлі»

Мақсаты: Ата – аналар арасында жағымды қарым – қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал жасау.

Тренинг ережесі: Сенімділік, Сыйластық, Жақын араласу

1. Отбасы татулығы (аңыз әңгіме)

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, әрқайсысы өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігеннің ақ-қарасын білгісі келіп ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттықа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-майрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ауыл ақсақалына келіп отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.

Сіздер қалай ойлайсыздар? Ауыл ақсақалы патшаға қандай жауап берді? Отбасындағы татулық пен бірліктің болуы үшін қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», «жүз рет» «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

-Осы-ақ па?

— Иә,-деді ақсақал- Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады-деді де сәл ойланып «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

Барлық отбасыға айтарым босағасы берік,шаңырағы биік болуы, тату-тәтті өмір сүруі, бақытқа, қуанышқа бөлінуі отбасы мүшелерінің бір-біріне жағымды қарым-қатынасына байланысты екен.

Құрметті ата-аналар сіздердің де отбасыларыңызға татулық пен бірліктің болуы үшін жүз рет «сүйіспеншілік», «жүз рет» «кешірім», жүз рет «бірлік» және шыдамдылық тілеймін.

3.Сөйлемді аяқта” әдістемесі.

— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….

— Отбасы бұл…

— Отбасым бақытты болу үшін…

— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…

— Мен қалар едім отбасымның…

— Мен үшін бақытты отбасы……

— Өз отбасыңа көңілің тола ма?

— Отбасының ұйытқысы кім?

—Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?

Ия құрметті ата-аналар біз сіздермен бірінші «Бақыт» деген сөзге жауап іздеп көрейік.

4. Бақыт деген не өзі? Бейнебаян

Б.Момышұлының пайымдауында бақыт дегеніміз…………………..

Бақыт әркімнің өзіне , өмір сүрген ортасына жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген.Тарихта дәулетке, атаққа паңданып мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес…

Бақыт дегеніміз — өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі өмір сүру. Адал болу, майдалықтан, іштарлықтан, қашық болу. Мұршасы әлі жеткенше өз заманын түсіне білу , өз қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілмен адал қызмет істей білу. Ар намысты қорғау –бақыттың шыңы, қиыншылықтармен санаспастан, азаматтық міндетті орындап шығу-ол да бақыттың шыңы. Жеңсең бақыт.

7.Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»

Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі» атты ойын өткіземін. Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.

Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй жақсы көріп және күтетін жер болу керек. Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет. Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз. Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық, көмектесу.

Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар, бірақ салғанда жай салмайсыздар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз. Ойлануға бір екі минут беріледі.

Ойын тапсырмалары;

1.«Парасатты» кірпіші Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.

2.«Достық» кірпіші «Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?

Мысалы: менің қорғанысым, күтетін жер, отбасылық ұйытқысы

3. «Махаббат» кірпіші: Мимика жест арқылы өзіңіздің балаға деген махаббатыңызды жеткізесіз.

4. «Тапқырлық» кірпіші: Бақыт сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.

5«Түсінушілік» Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Бұл төбесі -жақсы көңіл күй екенін білдіреді.Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру. Үйіміз дайын.

Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт. Сондықтан ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады. Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды. Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!

8. Күлкі — көңіл ажары(1 мин сұраққа жауап беру)

Ата-аналар сіздерге берілетін сұрақтарға яғни жағдаяттарға тек қана балаңыздың атының бірінші әріпімен жауап бересіздер?

9.Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя, отағасы, т.б.)

Көрсетілген оқиға бойынша «Отбасы бақыты» тақырыбында кластер жасау.

Құндылықтар

Өмірде үш нәрсе…………..

Өмірде үш нәрсе ешқашан қайта оралмайды: уақыт, сөз, мүмкіндік.

Өмірде үш нәрсе ешқашан жоғалтпау керек: сабырлық, үміт, намыс.

Өмірде үш нәрсе құнды: махаббат, достық, сүйіспеншілік.

Өмірде үш нәрсе тұрақсыз: арман, сәттілік, байлық.

Өмірде үш нәрсе адамды құртады: шарап, өзімшілдік, ашу.

Өмірде үш нәрсе адамды сипаттайды: еңбек, шыншылдық, жетістік.

10.Отбасылық құндылық ағашы»

Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілетін уақыт 7-8 минут.

Берілетін отбасылық құндылықтар:

1. Мықты денсаулық

2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік

3. Ауызбіршілік

4. Ортақ қызығушылық

5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау

6. Қамқорлық

7. Тәртіп

8. Бос уақытыңызды бірге өткізу

9. Сенімділік

Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтан да бала тәрбиесіне жете мән беріп, «Адамның бір қызығы – бала деген» ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық.

Тамырларыңыз тереңге жайылып, жапырақтарыңыз жайқалып, балаларыңыздың жемісін көріп, саялы бәйтерекке айналыңыздар.

Қорытынды бөлім:

7 –бөлім «10+5+1» әдісі.

Алдарыңыздағы ақ қағаздарға сіз үшін өміріңізге қажетті құндылықтарды жазыңыздар. Саны — 10. Мысалы, ақша, денсаулық, білім…

Енді бесеуін сызып тастаңыздар, тағы төреуін сызыңыздар. Қолдарыңызда біреуі қалды, соны оқысаңыздар. Ол көбіңізде «Бала» сөзі болар. Олай болуы заңдылық. Өйткені «Бала — ата-ананың бауыр еті», ұрпағын жалғастырар жалғасы. Әр ата-ана баласы үшін өмір сүреді.

Халқымыздың аяулы ұлы зиялы азаматы Б.Момышұлы былай деген екен: «жаудан да,даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді,қорқынышым көбейіп жүр.Балаларын бесікке бөлемеген,бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді,дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді,оның қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып тастауға даяр.Қолына кітап алмайды.Үйреніп жатқан бала жоқ ,үйретіп жатқан әке , шеше жоқ»

Бауыржан атамыз бүгін де арамызда жоқ , ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де алаңдатуы тиіс . Бұл ата – анаға да , ұстазға да ой салады деп ойлаймын .

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік дей келе бүгінгі тренингімізді аяқтаймық.

«Ертең өсіп келеді, ертеңмен бірге адам өсіп келеді. Бізде қазір жаңа қоғам ғана жасалып жатқан жоқ, жаңа адам жасалып келеді», деген екен академик З.Қабдолов.Олай болса ертеңіміз нұрлы да жарқын болуы үшін мектеп, ата-ана болып бірлесе жұмыс жасайық. Бүгінгі кездесуге келіп қатысқандарыңыз үшін көп рахмет

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!