Материалдар / Бақытыңды балаңнан ізде
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бақытыңды балаңнан ізде

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне ата-аналармен тренинг өткізгенде көп пайдасын тигізетін көмекші материал. Өз ата аналарыммен өткізген треннингімді әріптестеріммен бөлісуді жөн көрдім.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2018
859
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бақытыңды балаңнан іздеМақсаты: Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсіндіруӘдісі: пікірлесу, сұрақ - жауап, тренингтер, ситуациялық сұрақтарТүрі: пікірталасБарысы: Құрметті ата - аналар «Отан отбасынан басталады» демекші ата - аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата - аналар мен ұстаздар боп атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Қазіргі қоғамда ата - ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата - ананың бақыты неде?Баласы ата - анасын қалай бақытты етпек?Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын «Бақытыңды балаңнан ізде»атты дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер!Мен бүгінгі пікірталасымызды Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын.Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,Қайтсем ғана осыны адам етем,Басқалардың осындай балалары,Тап осындай жаңғалақ шала ма екенОйым емес, оллаһи, біздікінің...Енжарлығы елде жоқ алабөтенТуа сала тұлпардың жалын тартқан;Қырғиларға қызығып қарап өтем.Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ауБолмаса да топ жарған дара бөтен.Мүше тістеп мықтылар той жасаса,Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?.... Үміт пен күдіктің ортасындаАта - ананың үміті талады екен!Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды екен.- Өз балаларымызды қаншалықты білетіндігімізді байқау үшін «Кім жылдам» ойынын ойналық:Ата - аналар дөңгелене тұрадыМұғалім сұрақ қойып допты береді ата - ана жылдам жауап беріп келесі ата - анаға береді1. Балаңыздың туған күні қашан?2. Сынып жетекшісінің аты - жөні кім?3. Балаңыздың парталас көршісі кім?4. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?5. Балаңыздың сүйікті асы не?6. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?8. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?10. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?«Әрбір баланың мінез құлқы ата - анасының жағымды іс - әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады.» деп Павлов айтпақшы баланың мінез - құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата - ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. Сондықтан, ата - аналар, мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр.1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?2. Бала үшін ата - ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?3. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?4. Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде, атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар?5. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?6. «Баланың өскенде жақсы, өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз қандай?- Ситуациялық жағдаяттар көрінісін көрсету1 - жағдаят Өзінен кішілерге әлімжеттік көрсетіп ақша тартып алу2 - жағдаят Бала міндетіне салғырт қарау3 - жағдаят Балаларға қымбат зат алып беруАта - аналардың пікірі тыңдаладыОсы жерде мен ата - аналарға мынадай кеңестер айтқым келіп отыр.Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз1 - қателік «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»2 - қателік «Не істесең оны істе маған бәрібір»3 - қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын»4 - қателік Балаларды тым еркелету5 - қателік «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»6 - қателік Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету7 - қателік Баланың ісіне көңіл - күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл - күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспауМіне құрметті ата - аналар, бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп, сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.«Ата - ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата - ана баласының түйсігіне қандай із салса бала сол жолмен жүре беретіні белгілі.Енді «Жұмбақ кейіпкердің» әңгімесін тыңдасақ1. Ата - аналар, бұл жағдайға не айтасыздар?2. Сіздердің түсініктеріңізше «Бақытты жанұя» қандай болуы керек?3. Балаға, ата - анасына қандай ақыл кеңес айтар Келесі кезекті ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасқа арналған ойынға беремізОйын «Жазалау» деп аталадыОртаға 3 ата - ананы шақырамыз1. Балаңыз мектепте сіздің көзіңізше мұғалімге дауыс көтеріп айқайласты2. Балаңыз көрші үйдің затын ұрлап алыпты, оны көршіңіз сізге келіп айтты3. Мектепте өзінен кіші баланы ұрып төбелес жасапты, оны мұғалімнен естідіңізАта - аналар енді сіздер балаларыңызды жазалауларыңыз керек- Ата - анаға жадынама (Үлестірмелер таратып беру)Ұяда не көрсең, ұшқа
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!