Бәрі де ана, бір өзіңнен басталады!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бәрі де ана, бір өзіңнен басталады!

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы

Бәрі де ана , бір өзіңнен басталады!

Мақсаты

  • Ана жайлы ұлағатты сөздер, мақал- мәтелдер арқылы ана мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру; ананы сүю арқылы елі- жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. .

Әдісі

  • сұрақ-жауап, ізденушілік жұмыс, кім жылдам, автор орындығы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Күтілетін нәтиже


  • Тақырыпты сын тұрғысынан ойланту арқылы меңгерте отырып , ана туралы түсініктерін кеңейту, өз ойларын ортаға салу. Ана қауымына деген сүйішпеншілігін арттыру.

Құндылық

Ар-ұят. Отбасының, өз ортасының абыройын асыру:

Ата-аналар мектебі жобасы аясында

Күні :

04.03.2024ж

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушылардың іс -әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Әр ұлттың салтымен амандасып , бір- бірімізге амандық саулық тілейік,

1.Ресейде құшақтап бетінен алама кезек 3 рет сүю.

2.Германияда  қол алысып көз түйістіру,

3.Қытайда қолын кеудесіне айқастырып  иіліп сәлем беру,

4.Малайзияда саусақтың ұшымен ғана қол алысу,

 5. Японияда  қолын екі жанына қойып бас ию,

 6. Индияда  екі алақандарын маңдай тұсына апарып бас ию,

7. Эскимостар  мұрын түйістіріп амандасады,

8. Қазақстанда қол аласып төс қағысып амандасады

Оқушылар амандасып , бір- біріне амандық саулық тілейді.



Топтастыру

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Ата-ана - әрбір адамның қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады.

Жаһандану қазақ қоғамын құрдымға батырып бара жатқандай. Бүгінде көптеген жастар ата-аналарын қарттар үйіне тапсыруды үрдіске айналдырған. Бұл –өте үлкен қасірет. Күнделікті өмірде ата-анасын ренжітіп, оларға қатты сөйлеп, қол көтеріп жататындар да кездеседі. Бұл неліктен? Оған таңданып қарағанша келешекте осынау ақжаулықты аналарымыз бен ардақты әкелеріміздің, аталарымыздың ос жалған дүниенің тозағына түспеуінің қамына кірісуіміз қажет. Шариғат бойынша ата-ананың разылығы – Алланың разылығы. Ал ата-ананың ашуы мен ызасы, яғни қарғысы Жаратқан Алланың қаһарына тең. Ата-ананың сені қарғадым деп айтуы міндет емес. Олардың көңілін қалдырудың өзі – перзенттің қарғысқа ұшырауы деген сөз.

«Жаннат аналардың аяғының астында» деген сөзді білмейтін адам жоқ. Бірақ ешбір адам бұл сөздің мағынасына терең көз жүгірте бермейді. Ата-анаңа қандай жақсылық жасаң да көзі тірісінде жасау керек. Ата-анаң қартайған шағында оларға «түһ» деуші болма, ренжіте көрме және оларға жақсы сөз айт. Екеуіне де зор мейірмен, кіші пейілмен бас иіңдер. Кішкентайыңда сені мәпелеп өсіргеніндей сен оларға рақым ет.

жалған дүниенің тозағына түспеуінің қамына кірісуіміз қажет. Шариғат бойынша ата-ананың разылығы – Алланың разылығы. Ал ата-ананың ашуы мен ызасы, яғни қарғысы Жаратқан Алланың қаһарына тең. Ата-ананың сені қарғадым деп айтуы міндет емес. Олардың көңілін қалдырудың өзі – үлкен күнә.


Сурет, Қосымша №1

«Ой қозғау» әдісі

А. Бақтыгерееваның «Ана жайында аңызы» бейнежазбадан тыңдау.

...Ананың кезі бар ма кекті болған.

Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.

Ұмтылса топырақта жатқан жүрек:

«Құлыным, байқасаңшы», - депті оған...

- Ата-ананың қандай қасиеті байқалады? Ата-ана тек аңызда ғана осындай ма? Өз ата-анаң туралы не айтар едің?


Оқушылар бейне бойынша өз ойлаын ортаға салады.

https://youtu.be/QO-rBfC4lcY?si=5vd621bXVNP6rJFM

Ой толғау.


А). «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» - дегенді қалай түсінесіңдер?

Ә). «Анаңды Меккеге үш рет апарып келсең де ана сүтін ақтай алмайсың» - дегенді қалай түсінесің?

Оқушылар берілген тақырыпшалар бойынша өз ойларын ортаға салады.


«Есіңе сақта» әдісі

Жағдаяттық тапсырма :

Бір күні ардақты пайғамбарымыздың алдына бір әйел келіп:

Сіздің жақын сахабаңыз әрі сырласыңыз болған Алқама қатты қиналып, өлім төсегінде жатыр, - деп хабар береді. Пайғамбарымыз Әбу Бәкір садық пен Біләл азаншыны жіберіп, Алқамадан хабар алуды бұйырды. Әбу Бәкір келіп, Алқамамен сұхбаттасқанда, Алқама сөйлеп, өзінің жайынан хабардар етеді. Алайда тілін кәлимаға келтіріп: «Лә иләһа иллаллаһ» деп айта алмады.Бұған таңырқаған пайғамбарымыз өзі келіп көреді. Бар жайдан қанық болған соң сахабаларына қарап:

- Бұл Алқаманың анасы бар ма? – деп сұрайды. Сахабалар:

- Әкесі ертеректе дүние салған, анасы болуы керек, - деседі.

- Ол анаға хабар беріңіздер. Егер келе алса, менің құзырыма келсін, келе алмаса, өзім барайын, - дейді. Хабарды алған Алқаманың анасы:

- Пайғамбарымыздың алдына өзім барамын, - дейді. Сыртта көлеңкеде ауырып жатқан баласының жанынан өтіп барып, тіке Пайғамбардың алдына келіп сәлем береді. Пайғамбарымыз одан:

- Сіздің балаңыз Алқама қандай бала еді? –деп сұрақ қояды.

- Балам жақсы, сіздің маңайыңызда қызмет атқарады, - дейді. Сонда Пайғамбарымыз:

- Жоқ, сізбен мәмлесі қандай еді? – дегенде:

- менің баламнан көңілім қалғаны қашан, бұл баланы балам деп ұмытқалы көп уақыт болды, - дейді де, к

көз жасын тыя алмайды. Себебін сұрағанда:

- Баламның сәби кезінде әкесі дүние салды. Жесірліктің тауқыметін тарттым. Күйеуге де шықпадым. Осы жалғыз балама өгей әкесі көзін тігіп, қабақ шытып қараса, жүрегім бұл жағдайға шыдай алмайтынына сендім. Балам өсіп, азамат болды. Үй болды. Бірақ сол күннен бастап бар тәтті тамақты әйеліне тасыды., бар жылы сөзді әйеліне арнады. Осы жағдайларды көріп, бір үйде тұра алмайтынымды білген соң, жүгімді жинап, кетуге даярландым. Сонда балам: «анашым, сіз мені бағып-қаққан едіңіз, енді қайда барасыз?» деп сұрауға да шамасы келмей, баратын үйіме жүгімді көтеріп, апарып берді. Міне, сол сәттен бері аналық мейірім - махаббатым бұл балама теріс болды. Пайғамбарымыз:

- Балаңыз жалған дүниемен қош айтысқалы жатыр. Ризалығыңызды білдіріңіз, - дейді.

Разы емеспін,- деп ана қайталайды. Сол сәтте пайғамбарымыз сахабаларына:

- Отын жиыңдар да, үлкен алау жағыңдар! Анасын нариза еткен баланың отта жануын анасы мен баршаларыңыз көріңіздер! – деп бұйырады. Сонда Алқаманың анасы:

- Ей, Расулалла Пайғамбар, балам жанғанша, сол отта мен жанайын, балама разымын, разымын,- деп бірнеше рет қайталайды. Сол сәтте Алқама «Лә иләһа иллаллаһ» деп жан тапсырады. Пайғамбар:

- Дүниенің азған отына балаңыздың түсуін қаламадыңыз, разылық бермегеніңізде балаңыз мәңгілік тозақ отына түсер еді, - дейді.

Міне, осыдан-ақ дүниедегі ең қымбат жан ана мен әке екенін аңғаруға болады.

Оқушылар жағдаяттық тапсырманы тыңдап , өз ойларын ортаға салады


«Автор орындығы» әдісі


Халық даналығында: «Әке-шешең жынды болса, байлап бақ» демей ме? Пайғамбардан: «Ең алдымен

жақсылықты кімге істейміз?» - дегенде, ол:

- Анаңа! – деді

- Одан кейін ше?

- Анаңа!

- Ал одан кейін ше?

- Анаңа!

- Ал одан кейін ше?

- Әкеңе!

/ оқушылардың пікірлерін айтады.

Оқушылар, ортада тұрған автор орындығына отырып, жазған эссені оқиды.


«Сандар сөйлейді» әдісі

«Өміріміздегі 1 мен 0-дер»Әңгімені оқып беру.


Адамгершілігіңіз жоқ болса, онда қалғанының бәрі түкке тұрмайды деген тұжырым жасайды

Қосымша №3

Қорытынды

Осы айтылғанның бәрі – шындық, аналар ажалдан күштірек, өмірге
данышпандарды, ақындарды,ерлерді әкелетін – аналар.Барлық
жақсылықты себетін – аналар. Иә , аналар ажалдан да күшті. Міне, көрдіңіздер ме? Тәңір құлы Темірді жібіткен де ана .
Ендіше сол аналар алдында бас иелік !

Рефлексия

Өзіңе пайдалы мәлімет ала алдың ба?

Қандай әсер алдың?

Тілегің мен ұсынысың бар ма?

Оқушылар кері байланыс парағын толтырады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.03.2024
690
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі