Материалдар / «Бәсекеге қабілетті заманауи қоғамда табысты білім беруде оқушылардың ауызша және жазбаша
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Бәсекеге қабілетті заманауи қоғамда табысты білім беруде оқушылардың ауызша және жазбаша

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заманғы әлемде бәсекелестік жағдайына тез бейімделу қабілеті тұрақты дамудың ең маңызды факторы болып саналады. Кез-келген дамыған елдің бәсекелестік мүмкіншіліктері көбіне білім беру жүйесінің жай-күйімен анықталатын оның әлеуметтік капиталының әлеуетіне байланысты. Болашақ мұғалім ізденуші, ақпарат таратушы, тәрбиеші, бақылаушы, зерттеуші, өнерлі, шығармашыл, білімпаз, жаңашыл болуы керек. Сонымен бірге педагогикалық үрдістерді ізгілендіруі, модернизациялауы, инновациялық технологиялар әлеміндегі жаңалықтарды зерделей зерттеп отыруы, іс-тәжірибеге пайдалану, өзінің технологиясын қалыптастыруы қазіргі күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналып отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2022
563
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Павлодар облысы, Павлодар ауданы

«Кемеңгер жалпы орта білім беру мектебі» КММ















БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Бәсекеге қабілетті заманауи қоғамда табысты

білім беруде оқушылардың ауызша және жазбаша

тілдерін дамыту»









Орындаған: Г.С. Сембина





















Павлодар, 2021

«Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз»

Луций Анней Сенека


Қазіргі заманғы әлемде бәсекелестік жағдайына тез бейімделу қабілеті тұрақты дамудың ең маңызды факторы болып саналады. Кез-келген дамыған елдің бәсекелестік мүмкіншіліктері көбіне білім беру жүйесінің жай-күйімен анықталатын оның әлеуметтік капиталының әлеуетіне байланысты.

Болашақ мұғалім ізденуші, ақпарат таратушы, тәрбиеші, бақылаушы, зерттеуші, өнерлі, шығармашыл, білімпаз, жаңашыл болуы керек. Сонымен бірге педагогикалық үрдістерді ізгілендіруі, модернизациялауы, инновациялық технологиялар әлеміндегі жаңалықтарды зерделей зерттеп отыруы, іс-тәжірибеге пайдалану, өзінің технологиясын қалыптастыруы қазіргі күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналып отыр.

Елбасымыз Ұлт жоспары – қоғам өмірінде орын алған кедергілерді еңсеріп, қиындықтарға мойымай, ел өмірін жан-жақты жаңғыртуға бастайтын жоба, яғни әлемде дамыған ең үздік 30 мемлекеттің қатарынан орын алуға жақындай түсу қажеттілігі туындайтынын айтқан. Сондықтан әрбір Қазақстан азаматы өзіне қояр талабын еселеп, ізденіске ұмтылса, әрбір жасалатын қадамның жауапкершілігі арта түседі. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Білім саласында қызмет еткеннің бәрі Қазақстанның келешегіне қызмет етеді» деген сөзінің үлкен мәні бар, бұл ұлағаттың ең алдымен мұғалімдер қауымына, яғни бізге ерекше жүк артып отырғанын көреміз. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Бәсекелес қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін», – деп жазды.

Педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, шетел тілін меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.
Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу — мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, талантына байланысты. Егер, оқытушы сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қорытылындай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, полимәдениетті тәрбие берсе, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт- сана көрінісіне, кәзіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым- түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды.

Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім- тәрбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне- өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өзбетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады.

Қазақ тілі пәнінде оқушының дұрыс сөйлеуіне айрықша көңіл бөлінеді. Мұғалім қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тілді дамытып, байланыстырып сөйлеу, тілдік материалдарды дұрыс таңдап, оны дұрыс бере білу,тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының бір-бірімен қарым-қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылады. Демек,қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту барысында мұғалім оқушының логикалық жағынан дұрыс, анық, грамматикалық, лексикалық, орфографиялық нормасына лайықты, дұрыс айта білуге үйретумен бірге, екінші жағынан дұрыс жаза білуге жаттықтырады.

Осы орайда қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын төрт дағды арқылы үйрету жолын қарастыру өте тиімді деп ойлаймын. Әр дағдыға жеке тоқталып кететін болсақ. Айтылым дағдысы – тапсырмалар тақырыпқа қатысты ойын білдіру, өз көзқарасты дәлелдеу, шешім шығару, қорытынды пікір жасау туралы түсінік пен біліктілік деңгейіне бағытталады. Оқылым дағдысы – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әр түрлі деңгейде қабылдау және түсіну, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алу, зерттеп оқу, шолып оқу, мәселені сын тұрғысынан бағалау, негізгі аргументті анықтап, дәлелдеу; деңгейіне бағытталады. Жазылым дағдысы - тақырыпты аша білу, грамматикалық сауаттылық, өз ойын сын тұрғысынан дәлелдеу, қорытынды шешім шығарып,өз көзқарасын білдіру деңгейіне бағытталады. Тыңдалым дағдысы - негізгі ойды түсіну, ақпаратты анықтау, тәжірибеде қолдану деңгейіне бағытталады.

Осылардың ішінде жазылым мен айтылым дағдылары негізінде оқушының тіл байлығын, байланыстыра сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады. Төрт дағдының ішінде жазылым мен айтылым дағдылары оқушының нәтижесің көрсететін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы болып табылады.

Енді жоғарыда аталған екі жазылым мен айтылым дағдысына жеке тоқталып өтсек. Алдымен жазылымға келетін болсақ жазылымды екі топқа бөліп қарастыруға болады:- біріншісі сауатты жазу; екіншісі – идеяны (ойды) жеткізе білу. Тәжірибемде байқағаным, көп тыңдап, асықпай ойланып сөйлейтін оқушыларда жазылым дағдысы жақсы дамиды. Себебі, олар айтар ойын тезірек сөзбен жеткізуден гөрі, жақсылап ойланып, көркем сөздермен қағаз бетіне түсіріп, одан соң асықпай оқып бергенді ұнатады. Олар әр сөзі мен сөйлеміне баса мән беріп, ерекше идеяларын жинақтап баяндауға тырысады, орфографиялық сауаттылықты сақтайды.

Жазылым жұмысының сәтті шығуы ең алдымен, оқушының сөздік қорының жеткілікті болуымен тікелей байланысты. Сонымен қатар, әртүрлі жанрда жазу құрылымдарын да ескерген жөн. Үнемі мәтін жазу оқушыны жалықтырады. Өз сабағымызда аталған тақырыптар аясында, сондай-ақ жаңа тақырыпқа сәйкес жазылым құрылымдарын: шағын өлең жолдары, шағын әңгіме, құттықтау хат, диалог, жарнама, пікір, сұхбат, оқиғаны аяқтау, эссе жазу түрінде жазып жатады. Осындай жұмыс түрлерінің оқушы тарапынан белсенділікпен жүзеге асуы мұғалімнің кәсіби біліктілігін талап етеді.

Айтылым да жазылым сияқты продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни тілді қабылдап үйренуден гөрі оны қолдану, сөйлеу көрініс тауып отырады. Қарапайым тілмен айтқанда, айтылым дегеніміз – өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсу барысында ойымызды жеткізу үшін тілдік бірліктерді қолдану.Сөйлесу барысында кейбір біз әрекеттерді жиі қолданамыз. Мысалы: сөздерді дыбыстау, сұрақтарға жауап беру, пікірталасқа қатысу, сөйлеу барысында қажетті стильді қолдану, дилогқа қатысу (әңгімеге араласу), вербальді емес тілді қолдана білу (ым-ишара, мимика) және т.б. айтылымның ерекшелігін білу мұғалімге оны терең дамытуға, әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып сабақты жоспарлауға мүмкіндік береді.

Өз сабағымда қолданатын тиімді әдіс-тәсілдер:

1.«Көшпелі микрофон» әдісі арқылы интервью жүргізу.

Берілген сұрақтарға жауап алу арқылы тыңдалатын мәтінге болжау жасалғанда немесе тыңдалымнан кейін оқушыларға нақты мазмұнды тексеруге бағытталған сұрақтар қойылғанда өте тиімді келеді. Бұл әдісті тек сабақ үстінде ғана емес, үй тапсырмасы кезінде де қолдануға болады. Аталған әдісті оқушыларым шығармашылық жоба құрастыруда пайдаланды. Мысалы, белгілі бір тақырып бойынша оқушылар (топқа бөлініп) бірнеше сұрақтар дайындайды. Дайындалған сұрақтармен қала тұрғындарынан ұялы телефон арқылы интервью алады. Әр топ интервью алғаннан кейін келесі сабаққа бейнеролик пен слайдқа жасаған сараптамаларын әкеліп, жұмыстарын қорғайды.

2. «Көрме» («Галереяны шарлау» әдісі Саймон Браунхилл ұқсас келеді) Талқыланған мәселе, дайындалған постер бойынша қорытынды жұмыс немесе өнімді ұсыну арқылы өз жұмысын ұсыну, идеяларын қорғау, ерекше идеялар ұсыну. Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. Топтар кабинет ішінде қозғалысқа түсіп, көрмеге барады. Қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды. Көрме аяқталған соң, топтар жұмыстарды талқылайды. Бір-біріне сұрақтар қойып, пікірлерін тыңдап, қорытынды жасайды.

3. «Блум түймедағы» Блум түймедағының алты күлтесі – сұрақтар типінің алты түрі

1. Қарапайым сұрақтар. Оларға жауап бере отырып, болған жайттар туралы әңгімелеп беруге болады.

2. Анықтаушы сұрақтар. Әдетте «Сонда сіз солай демекшісіз ғой..?», «Менің түсінуімше, сіз...», «Менің қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше, сіз былай айтқан сияқты болдыңыз...» деген сұрақтар болады. Бұл сұрақтар анықтау мақсатында жайдары көңілмен берілуі керек.

3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. «Неліктен жапырақтар күз мезгілінде сарғаяды?»- деген сұрақтың жауабын оқушылар білетін болса, ол сұрақ жай сұраққа айналады.

4. Шығармашылық сұрақтар. «егер», «болса», «қалай болар еді» деген сияқты сөздермен келеді.

5. Бағалау сұрақтары. «Неліктен бұл жақсы, басқасы жаман деген баға алды?», «Бір нәрсе екінші нәрседен несімен ерекшеленеді?» деген сұрақтар бағалау критерийлерін түсіндіруге бағытталған

6. Тәжірибелік сұрақтар. «Күнделікті өмірде қай жерде байқайсыз?», «Сіз қалай істер едіңіз?» деген сипаттағы сұрақтар теория мен практиканы ұштастырады. Сұрақтар түрі, сұрақтар ерекшелігі, мысалдар. Олар не үшін қажет? Қарапайым «Не?...» , «Қашан?...», «Қайда?...», «Қалай?...» сұраулы сөйлемдерден басталады. Белгілі бір ақпаратты, мәліметті еске түсіру, анықтау үшін нақтылайтын «Яғни сен... деп айтып тұрсың ғой?», « Егер мен дұрыс түсінсем,...?», «Мен қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше, сендер... деп айттыңдар?» Хабарламада айтылмаған, бірақ соған меңзеп тұрған мәліметті алу үшін түсіндірмелі «Неліктен?...» сұрауынан басталады. Себеп-салдарлық байланыстарды орнату үшін шығармашылық «Егер де...» шартты рай шылауының қатысуымен жасалады; «Егер де... не болады?», «Қалай ойлайсыңдар, егер де... қалай дамыр еді?» Болжам жасау үшін, мәселені жан-жақты қатыстыру үшін бағалаушы «Неліктен бір нәрсе жақсы, енді бір нәрсе жаман?», «Бір сабақтың екінші бір сабақтан айырмашылығы қандай?» Оқиғалар, фактілер мен құбылыстарды бағалау, критерийлерін анықтау үшін қолданбалы «...қалай қолдануға болады?», «...не жасауға болады?», «Өмірде қай жерде кездестірер едіңдер?» теория мен практиканы орнату үшін қолданылады.

4. «Еркін пікір» Пікірталастар ұйымдастыру, баяндамалар жасау, реферат, шағын ғылыми жұмыстарды қорғау – оқушының білім қорын, іздесін көрсетумен қатар, сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін меңгеруіне қызмет етеді.

5. «Жұмбақ зат» Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру. Ойынның шарты: оқушылардың алдына ыдысқа немесе қорапшаға салынып бір зат әкелінеді. Сол затты мұғалім жауабын айтпай сөзбен сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы қажет. «Жұппен жұмыс» немесе «Топпен жұмыс» түрінде өткізуге болады. Бұл жұмыс түрінің мақсаты – балаларды басқа адамды естуге, тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға, дәлелдеуге, басқаның пікірімен санасуға мүмкіндік береді.

6. «Ертегі құрастыру» Бастаушы ертегінің бірінші сөйлемін айтады. Қалғандар бір-бір сөйлемнен өздері қалауынша ертегінің сюжетін құрастырады. Қатысушылардың қиял жүйріктігі, тіл байлығына қарай түрлі ертегі құрастырылып шығады.

7. «Мәтінді қайтадан жаз» Мұғалім оқылған немесе түсіндірілген мәтінді таратады және асты сызылғансөздердің орнына басқа сөздерді қойып, мәтінді қайтадан жазуды тапсырады. Бұл жұмыста асты сызылған есімдердің немесе үстеулердің орнына синоним немесе антонимдерін жаздыруға болады.

8. Ысқыру диктанты (Whispering dictation) Диктантты мұғалім оқиды. Диктант белгілі бір сөз табын табу мақсатында орындалады. Мұғалім диктантты оқымас бұрын алдын ала ысқырықты дайындап алады. Дайындаған мәтінінің ішінен тастап кетуге тиісті сөздердің астын сызып қояды. Оқып келе жатып, сол тұсқа келгенде, ысқырықпен ысқырады. Олар болжаммен сол жерге қажетті сөзді өздері дәптерлеріне жазады. Жасырылған сөздер бірыңғай бір сөз табынан болуы керек

9. ХИКАЯ ПИРАМИДАСЫ Басты кейіпкер, кейіпкерді суреттейтін екі сөз

мекенді суреттейтін үш сөз, оқиғаны суреттейтін төрт сөз, алғашқы оқиғаны (кіріспе) суреттейтін бес сөз, екінші оқиғаны (даму) суреттейтін алты сөз

үшінші оқиғаны (шарықтау шегі) суреттейтін жеті сөз

Жазылым мен айтылымға арналған сабақтардың ең бір қызық бөлігі- кері байланыс жүргізу үрдісі. Өз жұмысының бағасына әр оқушы қызығушылық танытады. Жазылым жұмысына кері байланыс беру туралы ағылшын педагогі Феррис «оқушылардың өз жазба жұмыстарына сыныптастарымен тікелей кері байланыс алуы олардың жазуының сапасына жағымды әсер етеді»,-деп көрсетеді. Расымен де, оқушыларға мұғалімнен гөрі, сыныптастарының беретін кері байланысы қатты әсер етеді. Жазылым дағдысын меңгерту кезінде мына стратегияларды сабақта қолдану ұтымды болып табылады.Атап айтқанда, «Фильм бойынша сұрақ қою», «Бумеранг тәсілі», «Қос жазба күнделігі», «РАФТ», «Бес жолды өлең», «Галлереяда ой шарлау» т.б. Қазіргі уақытта күнделікті сабақта аудио, бейне құрылымдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже беріп отыр.

Қорыта келгенде өз тәжірибемде оқушылардың сөйлеу және жазу мәдениетін, шешендік дағдысын қалыптастыруда жоғарыда көрсетілген әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы бәсекеге қабілетті заманауи қоғамда табысты білім беруде оқушылардың ауызша және жазбаша тілдерін дамыту арқылы белгілі жетістіктерге жетуге болатынына көз жеткіздім.


Жоғарыда көрестілген әдіс- тәсілдер арқылы оқушылардың бойында төрт дағды дамып, олардың ауызша және жазбаша тілдерін дамытамыз. Мысалы, «Еркін микрафон» әдісі арқылы берілген ақпарат бойынша балалар бір-біріне сұрақ қойып, оларға толыққанды жауап беруге дағдыланады. Ал, «Көрме», «Еркін пікір» әдістері арқылы балалар өз ойларын, пікірлерін ортаға салып, дәлелдеп қорғайды. «Ертегі құрастыру», «Жұмбақ зат», «Қар кесегі» әдістері арқылы балалар сипаттау, қиялдау, ойын бір жүйеге келтіріп сөз, сөз тіркесін, сөйлем, әңгіме не болмаса мәтін, ертегі құрастырып, соны әңігмелеп, баяндап айтып беруге дағдыланады. «Ысқыру диктаны», «Мәтінді қайтадан жаз» әдістері арқылы оқушылар есте сақтау қабілеттерін, сөйлемнің дұрыс құрылымын сақтауды үйреніп, орфаграфиялық нормаларды сақтап, сауатты жазуға машықтанады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!