Материалдар / Баспасөз беттеріндегі деректану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баспасөз беттеріндегі деректану

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ жеріндегі алғашқы басылым мерзімді баспасөз: «Айқап» пен «Қазақ» газет-журналдарының шығу жолындағы қазақ зиялыларының қиындықтары мен ауыртпалықтарын мерзімді басылымның ерекшелігін, олардағы ақпараттардың мәліметтік және шынайылылық дәрежесін қарастыру және жалпы ғылыми құндылығын, ұлт өмірін баспасөз бетінде бейнелеу деңгейін анықтау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2062
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ШИЕЛІ АУДАНЫ






ТАҚЫРЫБЫ: Баспасөз

беттеріндегі деректану





СЕКЦИЯСЫ: ТАРИХ, ӨЛКЕТАНУ, ЭТНОМӘДЕНИЕТ


ОРЫНДАУШЫ: ДҮЙСЕНБЕКОВА СӘБИРА СЕЙТХАНҚЫЗЫ


МЕКТЕБІ: №153 Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП


СЫНЫБЫ: 10 СЫНЫП


ЖЕТЕКШІСІ: БИТАЕВА САЛТАНАТ ЕСЕНГЕЛДІҚЫЗЫ

ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ











2016 жыл, наурыз



МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ……………………………………………………………………….. 2-бет.


І. ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗ БАСЫЛЫМДАРЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ,

АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ЖАҒДАЙЫ……………………4-бет.

І. 1. ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ ДАМУЫ….......................………………..6-бет.


І. 2. «АЙҚАП» ЖУРНАЛЫНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ...…… 6-бет.


І. 3. «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ - БАСПАСӨЗ ТАРИХЫ…………………………..9-бет.


ІІ. ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ…..13-бет.


ІІ. 1. ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕК КӨЗІ

(«АЙҚАП» ЖУРНАЛЫ; «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ)………………………………15-бет.



ІІ. 2. ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМДАР ТАРИХЫНЫҢ БҰРМАЛАНУЫ……18-бет.


ІІ. 3. ХХ ғғ. 20-30 жж. ҚАЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗІНДЕ ҚАЗАҚ

ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТШЫЛ РЕТІНДЕ АЙЫПТАЛУЫ…........….20-бет.




ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………...24-бет.




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН СІЛТЕМЕЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……25-бет.











АННОТАЦИЯ


(Қызылорда облысы Шиелі ауданы №153 Ш. Есенов атындағы орта мектептің

10 - сынып оқушысы Дүйсенбекова Сәбираның

«Баспасөз беттеріндегі деректану» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысына)


Тарих - ұлттық өзіндік сана-сезімді және жас ұрпақты тәрбиелеудің адамгершілік - этикалық нормаларын бекітуге назар аударатыны белгілі. Өйткені, тарих бүкіл адамзат баласының өткізген тарихын, тәжірибесін баяндайды. Қазақ тарихындағы ХХ ғасырдың қаралы жылдарын білу әрбір ұрпақ санасына терең ой салатыны сөзсіз. Сол себептен жұмыстың құндылығы да осында.


Жұмыстың мақсаты:

Қазақ жеріндегі алғашқы басылым мерзімді баспасөз: «Айқап» пен «Қазақ» газет-журналдарының шығу жолындағы қазақ зиялыларының қиындықтары мен ауыртпалықтарын мерзімді басылымның ерекшелігін, олардағы ақпараттардың мәліметтік және шынайылылық дәрежесін қарастыру және жалпы ғылыми құндылығын, ұлт өмірін баспасөз бетінде бейнелеу деңгейін анықтау. Осы мақсатқа байланысты қарастырылатын негізгі мәселер мен жұмыстың міндеттері мыналар:

  • Алғашқы басылымның тарихи деректік маңыздылығы мен ерекшеліктерін айқындау;

  • ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының баспасөз арқылы айтпақ болған көзқарастарын анықтау.


Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы:

Зерттеу барысында талданған деректер мен қорытынды ойлар, ізденісті нәтижелер ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихына байланысты зерттеулерге толықтырулар қаралып, ғылыми тұрғыдан байыта түсуге септігін тигізеді. Отан тарихын оқытқанда осындай зерттеу жұмыстарынан алынған тұжырымдар мен қорытындыларды басшылыққа алуға болады

Ұсынылып отырған жұмыс нәтижелерін оқу орындарында, мектепте тарихи білім беруде, тарихқа деген қызығушылығы бар талапкер жастарға пайдалануға болады. Себебі, бұл жұмыста қазақтың қаралы кезеңіндегі қазақ баспасөзінің қалыптасуындағы тарих шындығы баяндалған.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы алғашқы басылымның тарихи деректік маңыздылығы мен ерекшеліктері айқындаудағы зерттеу жұмысының ғылыми болжамы мыналар:

  • Алғашқы басылымның тарихи деректік маңыздылығы мен ерекшеліктері айқындалған;

  • ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ баспасөзінің қысқаша тарихы қамтылған;

  • ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының баспасөз арқылы айтпақ болған көзқарастары анықталған;

Зерттеудің әдістері:

Зерттеу жұмысында тарихи мәліметтерді жинақтау, саралау, баяндау, тарихи тоериялық талдау әдістері қолданылған.

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстан тарихы ғылымының алдында тұрған негізгі міндет - отандық тарихымызды объективті тұрғыдан қайта қарап, іргетасын қайтадан қалау болып отыр. Өйткені, соңғы уақытқа дейін саясаттың құралы ретінде пайдаланып, өзінің тікелей міндетін атқаруға енді ғана мүмкіндік алған тарих ғылымын шынайы, ғылыми тұрғыдан қайта жазу қажеттілігі айқын сезілуде.

ХХ ғасырдың басына қарай Қазақстанда ұлттық қазақ зиялыларының қалыптасу үрдісі жүріп жатты, олардың бір бөлігі еуропалық білім алғандар еді. Олар Шығыстың ұлттық қозғалысының ғана емес, сонымен қатар Батыстың буржуазиялық революцияларының да ықпалын, патша режиміне оппозициялық пиғылдағы өз отандастарының үдей түскен қысымын бастан кешірді. 1905-1907 жылдардағы революциядан кейін Ресейдегі мұсылмандардың, соның ішінде түрік халықтарының қозғалысы жаңа қарқын алды. Мерзімді баспасөздің пайда болуы мен дамуына капитализмнің, тауар - ақша қатынастарының, көлік пен байланыстың дамуы да, өлкені одан әрі отарлау да себепші болды. Қалыптасып келе жатқан ұлттық буржуазияның үстемдік етуші орыс буржуазиясымен бәсекесі, шетел капиталының енуі білім беру, баспасөз және байланыс жүйесі реформасының қажеттігін туғызды.

«Қазақстан тарихының жазба деректерінің үлкен бір тобын мерзімді басылымдар құрайды»-дейді, деректанушы-зерттеуші Қамбар Атабаев, ол өз еңбегінде: «Алғашқы мерзімді басылым: ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болып, ХХ ғасырда қоғам өмірінің ажырамас бір бөлігіне айналған қазақ баспасөзінің тарихы «Түркістан уәлаятыны газетінен» (1870-1882) бастау алары баршаға аян. 1870 жылдың 28-сәуірінен бастап, (екі стиль бойынша) Ташкент қаласында жарық көрген бұл газет, тек қазақ тілінде емес, жалпы Ресей қол астындағы барша түркі халықтары тілінде шыққан алғашқы басылым болды.

Дегенмен, бұл жерде айту керек «Түркістан уәлаяты газетінің» қазақ тілінде шыққан тұңғыш газет екендігін дәлелдеп, оны халқына жеткізген Қазақ ССР Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасының бас библиографы Үшкөлтай Субханбердина екендігі.

ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ


Ұзақ уақыт күш-жігер жұмсап, аянбай еңбектенуінің арқасында М. Сералин 1910 жылдың аяғында журнал шығаруға рұқсат алды. Прогресшіл демократияшыл зиялылардың сан жылдар бойы аңсаған арманы орындалды: 1911 жылғы 10 қаңтарда Тройцкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш «Айқап» ұлттық журналының бірінші нөмері шықты. Нақ соның, ал кейініректе, 1913 жылғы 2 ақпанда Орынбор қаласында шыққан «Қазақ» газетінің де тағдырына жалпыұлттық басылымдар болу жазылған еді.

Бүгінгі таңда қоғамдық санаға ықпал ететін, бұқараны ортақ мақсатқа жұмылдыратын бірден - бір күш бұқаралық ақпарат құралдарының басты тетіктерінің бірі - баспасөз болып табылады. Баспасөздің қоғамымыздағы алатын орнына жоғары баға берген республикамыздың Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Газеттер мен журналдарға арқа сүйеместен өз саясатын қалай жүргізіп, реформа мәнін қалай ұғындыруға болатынын түсінбеймін. Егер ең бұқарашыл саяси мінберден айырылсақ, жұртты өз іс-әрекетіміз туралы, аймақтардың даму перспективасы туралы, мәселені шешудегі көзқарастар туралы қалайша хабардар етпекпіз1»-деп атап көрсеткен еді.

Баспасөз материалдарының өзінің құрамы жағынан күрделілігі оның басты деректік ерекшелігі болып табылады. Баспасөз мәліметтерінің формасы жағынан да мазмұны жағынан да әртүрлі болып келуі, олардан ұлт өміріне қатысты жан-жақты мәлімет алуға мүмкіндік береді. Мысалы, қазақ тілінде пайда болған газеттерден қазақ тарихын зерттеушілер ХІХ ғасырдың соңғы үшінші бөлігінен бастап бүгінге дейінгі ел өміріне қатысты сан алуан мағлұматтар ала алады. Бейнелеп айтсақ, ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ жерінің одан әрі отарлану тарихынан бастап бүгінгі тәуелсіз мемлекет құру тарихына дейінгі қазақ халқының жүріп өткен жолын сарғайған газеттер беттерінен көруге болады. Демек, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы алғашқы мерзімді басылымсыз қазақ тарихын толық ашып көрсету мүмкін емес деп сеніммен айта аламыз.

Сондықтан да мерзімді басылымдардың шығу мен алғашқы қалыптасуының және оның дамуының өзінше бір күрделілігі бар және оны Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде арнайы зерттелуі тиіс.

ТАҚЫРЫПТЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ

Мерзімді басылымдардың шығуы мен алғашқы қалыптасуының және оның дамуының өзінше бір күрделілігі мен Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде арнайы зерттелуіне келсек, алғашқы қазақ тіліндегі басылымдардың деректік ерекшеліктерін ашуға көмектесетін мағлұматтар тіл мамандары Б. Әбілқасымов пен С. Исаевтың еңбектерінде кездеседі. Егер ресми газеттерде «Түркістан уәлаятының газеті» мен «Дала уәлаятының газеті» туралы азды-көпті бұрын айтылып келсе, ұлттық-бейресми басылымдардың тарихын объективті зерттеу, олардың материалдарын халқымыз тарихының дерегі ретінде пайдалану, тек 90-шы жылдардың басынан, бұрынғы КСРО-дағы қайта құру мен демократияландыру шараларынан, әсіресе, еліміздің тәуелсіздік алуынан кейін ғана мүмкін болды. Бұл салада аз жылдар ішінде көп іс атқарылды. Саяси жағдай мен Қазақстан тарихы ғылымында болған түбегейлі өзгерістер «Қазақ» газеті мен «Айқап» басқа да жазықсыз ұмыт болуға айналған ұлттық басылымдар туралы баспасөз бетінде ондаған мақалалардың жариялануына әсер етті.

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ

Қазақ жеріндегі алғашқы басылым мерзімді баспасөз: «Айқап» пен «Қазақ» газет-журналдарының шығу жолындағы қазақ зиялыларының қиындықтары мен ауыртпалықтарын мерзімді басылымның ерекшелігін, олардағы ақпараттардың мәліметтік және шынайылылық дәрежесін қарастыру және жалпы ғылыми құндылығын, ұлт өмірін баспасөз бетінде бейнелеу деңгейін анықтау. Осы мақсатқа байланысты қарастырылатын негізгі мәселер мен жұмыстың міндеттері мыналар:

  • Алғашқы басылымның тарихи деректік маңыздылығы мен ерекшеліктерін айқындау;

  • ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының баспасөз арқылы айтпақ болған көзқарастарын анықтау.


ЖҰМЫСТЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҒЫ.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы алғашқы басылымның тарихи деректік маңыздылығы мен ерекшеліктері айқындаудағы зерттеу жұмысының ғылыми жаңалықтары мыналар:

  • Алғашқы басылымның тарихи деректік маңыздылығы мен ерекшеліктерін айқындалды;

  • ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ баспасөзінің қысқаша тарихы қамтылды;

  • ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының баспасөз арқылы айтпақ болған көзқарастары анықталды.


ЖҰМЫСТЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Зерттеу барысында талданған деректер мен қорытынды ойлар, ізденісті

нәтижелелер ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихына байланысты зерттеулерге толықтырулар қаралып, ғылыми тұрғыдан байыта түсуге септігін тигізеді. Отан тарихын оқытқанда осындай зерттеу жұмыстарынан алынған тұжырымдар мен қорытындыларды басшылыққа алуға болады.

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Ғылыми жоба жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған сілтемелер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗ БАСЫЛЫМДАРЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ,

АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ЖАҒДАЙЫ


Қазақ халқының жоғын жоқтап, мүддесін қолдаған, елдің елдігін, ұлттың бірлігін, жерінің тұтастығын қорғаған ұлттық бейресми басылымдардың пайда болуы, ел өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болды. ХХ ғасырдың басына қарай Қазақстанда ұлттық қазақ зиялыларының қалыптасу үрдісі жүріп жатты, олардың бір бөлігі еуропалық білім алғандар еді. Олар Шығыстың ұлттық қозқозғалысының ғана емес, сонымен қатар Батыстың буржуазиялық революцияларының да ықпалын, патша режиміне оппозициялық пиғылдағы өз отандастарының үдей түскен қысымын бастан кешірді. 1905-1907 жылдардағы революциядан кейін Ресейдегі мұсылмандардың, соның ішінде түрік халықтарының қозғалысы жаңа қарқын алды. Мерзімді баспасөздің пайда болуы мен дамуына капитализмнің, тауар-ақша қатынастарының, көлік пен байланыстың дамуы да, өлкені одан әрі отарлау да себепші болды. Туып келе жатқан ұлттық буржуазияның үстемдік етуші орыс буржуазиясымен бәсекесі, шетел капиталының енуі білім беру, баспасөз және байланыс жүйесі реформасының қажеттігін туғызды.

1905 жылы Ресейде баспасөз бостандығы жолындағы күрес жеңіске жетті. Орыс тарихында революциялық газеттер тұңғыш рет өзін еркін сезіне бастады. 1900 жылға қарай Ресейдегі баспасөз жүйесі 1002 аталымнан тұрса, ал 1905 жылдың өзінде-ақ 1350 ғазет пен журнал шықты, пошта арқылы 372 миллион дана газет таратылды. 1908 жылы 2028 мерзімді басылым шықты, ал оқырмандардың жалпы саны 30-35 млн-ға жетті. Әсіресе газеттер саны өсті. Мәселен, 1891 жылы күнделікті газеттер саны 70 болса, 1912 жылы олардың саны 417-ге, ал 1913 жылға қарай 649-ға дейін өсті, 1915 жылы газеттердің тағы да 200-ге жуық жаңа аталымы шықты. Мерзімді басылымдардың жартысы Мәскеу мен Петербургте шыққанын атап көрсеткен жөн.

Жалпы Ресейлік қозғалыстың бір бөлігі болған азаттық қозғалысының жаңа кезеңі ұлттық мерзімді баспасөздің де дамуымен ерекше болды. 1905-1907 жылдардағы революция кезеңінде түркі халықтарының баспасөзі кеңінен таралып, қоғамның мейлінше әр алуан топтары мен таптарының мүдделерін білдірді. Елдің азиялық бөлігі аумағында, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстанда белгілі бір сарында социал-демократиялық, революциялық-демократиялық, либерал-буржуазиялық, сондай-ақ монархиялық сипаттағы басылымдар шықты. 1905-1907 жылдарда бүкіл Ресей бойынша әр түрлі уақытта татар тілінде 33 басылым (21 газет және 12 журнал): Қазанда-11, Орынборда-7, Астраханда-5, Орал мен Петербургте-4, Мәскеу мен Уфада 1 басылым жария түрде шығып тұрды2. Демократиялық баспасөзге «Фикер» («Ой»), «Азат», «Танг юлдузы» («Таң жұлдызы»), «Азат халық», «Дума», «Танг мажмугасы», («Таңертеңгілік альманах»), «Тавыш» («Дауыс»), «Эль-ислах» («Реформа»), газеттері; «Эль-гаср-эль джадид» («Жаңа ғасыр»), «Уклар» («Жебе»), «Карчыга» («Қаршыға»), «Туп» («Зеңбірек») журналдары жатты3. Түркі-татар және қазақ тілдерінде шыққан кітаптардың, газеттердің ықпалы туралы М. Сералин кейінен былай деп жазды: «Мен оларды ашқарақтана бас салып, бас көтермей оқып шықтым. Әлгілерді оқып шыққаннан кейін жаныма күн шуағын төккендей жадырап қалдым»4. Ол жылдары М. Сералин «Факел», «Уклар», «Эль-гаср-эль джадид» сияқты демократиялық басылымдарды үзбей оқып, жарияланымдарына талдау жасап отырды.

«Қазақстан тарихының жазба деректерінің үлкен бір тобын мерзімді басылымдар құрайды-дейді, деректанушы»-зерттеуші Қамбар Атабаев, ол өз еңбегінде: «Алғашқы мерзімді басылым: ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болып, ХХ ғасырда қоғам өмірінің ажырамас бір бөлігіне айналған қазақ баспасөзінің тарихы «Түркістан уәлаятының газетінен» (1870-1882) бастау алары баршаға аян. 1870 жылдың 28-сәуірінен бастап, (екі стиль бойынша) Ташкент қаласында жарық көрген бұл газет, тек қазақ тілінде емес, жалпы Ресей қол астындағы барша түркі халықтары тілінде шыққан алғашқы басылым болды. Әзербайжан тілінде тұңғыш газет 1875 жылы, Қырым татарлары тілінде 1883 жылы шыға бастады. Ал, 1809 жылдан бастап өз тілінде газет шығаруға тырысқан татар зиялыларының қолы оған бір ғасырдан соң, яғни 1905 жылы ғана әрең жетті5.

Дегенмен, бұл жерде айту керек «Түркістан уәлаяты газетінің» қазақ тілінде шыққан тұңғыш газет екендігін дәлелдеп, оны халқына жеткізген Қазақ ССР Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасының бас библиографы Үшкөлтай Субханбердина екендігі.

Алғашқы басылымдарда патша жарлығы мен оның жергілікті әкімшілік органдарының шешімдерін халыққа жеткізіп отыру мақсатында, қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздің алғашқы басылымдары, осы «Түркістан уәлаятының газеті» (1870-1882), «Дала уәлаятының газеті» (1888-1902) ХХ ғасырда негізгі ақпарат құралына айналды. Біріншісі Ташкентте шығып тұрды және Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы болды, ал екіншісін Омбыда Дала генерал-губернаторлығы шығарды (1902 жылдан кейін олар Ақмола және Жетісу облыстарының «Ведомстарына» қосымша ретінде шығарылды). Өкімет орындарының өкімі бойынша бұл басылымдар отарлық басып алуды нығайту және Шығыстағы бодандарды рухани жағынан бағындыру мақсатымен шығарылды. Отаршылдық әкімшілік мұнда патша жарлықтарын, үкімет ұйымдарының өкімдерін басты, отарлық шет аймақтарды игеру үрдісін жазды, бұратаналарға көзқарас жөнінде «өркениеттілік миссияны» жүзеге асырған империялық саясатының мәнін түсіндірді.

«Түркістан уәлаяты газетінің» қандай мақсатпен шығарылғандығы туралы К. Атабаев деректануда Х. Бекхожиннің: «Газет патшаның отаршылдық саясатын күшейте түсу, Россияға жаңадан қосылған өлкенің жай-жапсарын, табиғат байлығын орыс буржуазиясының талабына орай зерттеп білу мақсатымен шығарылды»6-десе, «Дала уәлаятының газеті» туралы: «Бұл газетте патша үкіметінің отаршылдық саясатын күшейте түсу, оның бұйрық-жарлықтарын, ресми көзқарастарын халық арасына кең таратып, бұқараның санасын уландыру мақсатымен шығарылды»7- дейді.

Бұқараның санасын уландыру, жергілікті мұсылман халықтарын өздерінің дінінен, тілінен, ділінен айыру түптеп келгенде орыстандыру мақсатында патша өкіметіне ұзақ жылдар бойы адал қызмет еткен, орыстың миссионер ғалымдары да өз мақсатында ресми баспасөзді тиімді пайдалануға әрекеттенді.

Қазақ ғалымдарының ресми басылымдарға байланысты айтқан бұл пікірлерінің шындықтан алыс емес екендігін, сол газеттерді шығарушылардың өздері де дәлелдейді. Мысалы, «Туркестанские ведомости» газетінің шығарылуына байланысты, сол газеттің бірінші санында жарияланған бас мақалада патша өкіметінің Түркістан өлкесін отарлаудағы мақсатын, алдарында тұрған міндеттерін еш бүкпесіз ашық айтқан.

Сондай-ақ бұл басылымдар ақпараттық-анықтамалық сипатта болды. Сонымен қатар газет ұйымдарына империяның қамқорлығындағы отарлық өлкенің тұрмыс салтын насихаттау миссиясы жүктелді. Осы мақсат пен ресми емес бөлімде түркі халықтарының тарихы, этнографиясы мен әдебиет жөніндегі материалдар жарияланды.

Бұл газеттердің беттерінде А.С. Пушкиннің, Л.Н. Толстойдың, И.А. Крыловтың, М.Ю. Лермонтовтың, Г.И. Успенскийдің туындылары, ғылым мен техника саласындағы жетістіктер туралы ақпарат аударылып басылды, өлкені шаруашылық жағынан игеру тәжірибесі қорытылды. Қазақ халқының тарихы жөніндегі, мақалдар мен мәтелдер туралы, халықтың ауызша шығармашылығы, айтыстар туралы жарияланымдар қазақ оқырмандарының зор ынта-ықыласын туғызды. «Жергілікті» халық арасында бұл газеттер беделінің өсуіне шығыс әдебиеті классиктері шығармаларының үлгілерін («Шахнаме», «Фархат-Шырын», «Мың бір түн» және т.б.) жариялау жәрдемдесті. «Түркістан уәлаятының газеті» беттерінде 1870 жылы бірінші рет қазақ тілінде Ш.Ш.Уалиханов туралы мақала жарияланды. Орыс оқырмандары Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың, М.Ж. Көпеевтің орыс тіліне аударылып берілген туындыларымен бірінші рет танысты. М.Ж. Көпеев, Ш. Құдайбердиев, Ә. Бөкейханов, О. Әлжанов, С. Шорманов, М. Жанайдаров, Б. Сыртанов, Ж. Ақбаев, Ж. Айманов, А. Айтбакин және басқалар «Дала уәлаятының газетінің» белсенді авторлары болды. Көріп отырғанымыздай, қазақ даласы ағартушыларының жаңа ұрпағы өздерінің шығармашылық ізденістерінің басында өзінше бір шыңдалудан өткен.

Алайда отаршылдық өкімет орындарының бұл ресми басылымдарын қазақ халқының рухани тәлімгерлері, оны оқу-ағартудың тірегі болды деп санау орасан әсірелеп айтқандық болар еді. Олар негізінен империяның отаршылдық саясатын жүргізушілер болды. «Түркістан уәлаяты газетінің» 323 нөмерінде жарияланған 633 мақаланың үштен бір бөлігі Ресейдің көрші мемлекеттермен қатынастарына, империялық сыртқы саясатты негіздеуге арналғанын айтса да жеткілікті8. Зерттеушілер, ҚР ҰҒА-ның академигі С.Зиманов пен К. Ыдырсовтың «Бірақ бұл газеттер, патша үкіметінің ой-ниетіне қарамастан, жалпы алғанда өлкенің қоғамдық өмірінде игі рөл атқарды» дегені бұл мерзімдік басылымдардың жағымды ықпалын да айқын аңғартады9.

І. 1. ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ БАСПАСӨЗІНІҢ ДАМУЫ


Ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы ХХ ғасырдың басындағы жалпы азаттық қозғалыспен тығыз байланысты. Ол 1905-1907 жылдардағы революцияның арқасында ғана туды. Алайда бұл басылымдар дүниеге едәуір қиындықпен келді. 1907 жылғы 28 наурызда ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты Шаймерден (Шахмардан) Қосшығұловтың (қосарлас редакторы А. Ибрагимов) бастамасымен «Улфат» газетіне қосымша ретінде «Серке» газетінің бірінші нөмері шықты. Ш. Қосшығұловтың айтуынша, небәрі 3-4 нөмері шығарылған. Цензура оны қауіпті деп тауып, газет жабылып қалған10.

1907 жылғы наурызда Троицкіде «Қазақ» газетінің бірінші (әрі соңғы да) нөмері шықты. Тыйым салынған екінші нөмеріндегі «Біздің мақсаттарымыз» деген бас мақаланың авторы М. Дулатов еді11. Нақ сол жылы қазақ жастарының Томск қаласында «Дала» газетін шығаруды жолға қоймақ болған әрекеті де табысқа жеткізбеді.

Қазақ қоғамы демократияшыл жұртшылығының ұлттық баспасөз ұйымын құру жөніндегі ынтасы күшейе берді. 1911 жылғы 16 наурызда Орал (Теке) қаласында қазақ және орыс тілдерінде шағын көлемді «Қазақстан» газеті шықты. 1911-1913 жылдарда (қаңтар-ақпан)небәрі 16 нөмері шығарылды (редакторы Елеусін Бұйрин). Газет «кәсіпкерлік пен ғылымға үйрету» ізгі мақсат деп санады. Профессор Ү. Субханбердинаның пайымдауынша, газет прогресшіл-демократияшыл түсінікте болып, отандастарын орыстың озық мәдениетін меңгеруге шақырған. Ол оқырмандарына кітап шығару жаңалықтары туралы хабарлап, шаруашылықты прогресшіл жолмен жүргізу жөнінде кеңестер беріп отырды. Оның беттерінде Гурьев уезінде жаңа мұнай кенішінің ашылғаны туралы хабар бірінші болып жарияланды12. 1913 жылы қыркүйектен желтоқсанға дейін Петропавлда «Ешім даласы» газеті шығып тұрды.

Алайда таралымы шектеулі бұл газеттер орасан үлкен аймақтың түрлі топтарының өскелең талап-тілегін қанағаттандыра алмады. Жалпыұлттық көлемде мерзімді баспасөз құру бұрынғысынша жалпыұлттық проблема болып қала берді.

І. 2. «АЙҚАП» ЖУРНАЛЫНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


Ұзақ уақыт күш-жігер жұмсап, аянбай еңбектенуінің арқасында М. Сералин 1910 жылдың аяғында журнал шығаруға рұқсат алды. «Қостанай уезінің Шұбар болысы №5 ауылының қазағы М. Серлинге,-делінген құжатта,-Троицк қаласында оның жауапкершілігімен мынадай бағдарлама бойынша: бас мақалалар, шетелдік хабарлар, мұсылмандар өмірінің мәселелері, хроника, фельетондар мен өлеңдер, библиография және ғылыми мақалалар, аралас дүниелер және редакцияға хаттар бағдарламасымен ай сайынғы «Эй-кафь» журналын шығаруға рұқсат берілді13». Прогресшіл демократияшыл зиялылардың сан жылдар бойы аңсаған арманы орындалды: 1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш «Айқап» ұлттық журналының бірінші нөмері шықты. Нақ соның, ал кейініректе, 1913 жылғы 2 ақпанда Орынбор қаласында шыққан «Қазақ» газетінің де тағдырына жалпыұлттық басылымдар болу жазылған еді.

Ұйымдастырушы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы М. Сералин (1872-1929) бұрын педагогтік және журналистік қызметпен айналысқан, сол кезге қарай белгілі ақын, әдебиетші, қоғам қайраткері болған. Кеңестік тарихнаманың дегені жүріп тұрған кезеңде көптеген зерттеушілер идеологияға жағынып, М. Сералинді ХХ ғасырдың басында Оңтүстік Оралдың революцияшыл социал-демократтарының шеңберіне кіргізуге тырысты. Мұның бәрі «Айқап» журналын кеңес өкіметі контрреволюциялық ұлтшыл деп айыптаған «Қазақ» газетіне қарсы қою мақсатымен жасалған еді. М. Сералиннің өз айтуына қарағанда, журнал «еңбекші таптың органы болған жоқ. Халықтық болған ол белгілі бір таптық, саяси және экономикалық бағдар ұстанды»14. «Оренбургский край» газетінің журналды «жергілікті халықтық басылым» деп атағаны кездейсоқ емес.

М. Сералиннің сіңірген еңбегін атап өте келіп, зерттеушілер ол «Қазақстанда демократиялық бағыттағы ұлттық журнал шығаруды бірінші болып жолға қойды. «Айқап» журналы білім әлеміне ашылған бір терезе болды» деп атап көрсетеді15. М. Дулатов «Оян» деп қазаққа дабыл қаққаннан кейін М. Сералиннің демократияшыл зиялыларды, либерал-революциялық ниеттегі студент жастарды іс жүзінде топтастырып, олардың назары мен жігерін жалпыұлттық проблемаларды шешуге шоғырландыра білгенін айту керек. «Айқап» патша өкіметінің реакциясынан кейін қазақ қоғамын оятты, «Қазақ» газеті оның жақсы дәстүрлерін жалғастырып, жаңа биікке көтерілді.

М. Сералинмен қатар, Б. Қаратаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров журналдың рухани жетекшілеріне айналды. «Айқап» төңірегіне әртекті қазақ демократияшыл зиялыларының, талантты студент жастардың өкілдері топтасты. Журналға А. Ғалымов , М. Жолдыбаев, Т. Жомартбаев, М. Кашимов, Қ. Кемеңгеров, М.-Ж. Көпеев, А. Мұсағалиев, Б. Сыртанов, С. Лапин, Н. Манаев және басқалар белсене қатысып тұрды. Журнал беделінің өсуіне бастапқы кезеңде оның жұмысына А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың қатысуы себепші болды. Дала өлкесінің демократияшыл қалың жұртшылығы кейіннен қазақ мәдениетінің, әдебиетінің аса көрнекті қайраткерлеріне айналған дарынды тұлғалар: С. Сейфуллин, Ш. Құдайбердиев, Б. Майлин, С. Дөнентаев, С. Торайғыров, М. Жұмабаевтардың шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алды. Журнал беттерінен қырғыз И. Арабаев, ноғай С. Ғаббасов, түрікмен Ш. Назари және басқалар көрінді. Қазақ әйелдері Сақыпжамал Тілеубайқызы, Мариям Сейдалина, Гүлайым Өтегенқызы, Нәзипа Құлжанова журнал беттерінде әйелдердің тең құқықтығы, қазақ әйелдерін азат ету, балалар мен аналарды қорғау проблемасын көтерді.

Журналдың бірінші нөмерінде М. Сералин оқырмандарға басылымды құрудың ұзаққа созылған оқиғасын түсіндіріп берді: «Біз бір-бірімізді үнемі…кінәлап жүрдік. …Басымыз қосылмады. ….Біздің қазақтың неше жерден «қап» деп қапы қалған істері көп. «Қап» дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге лайық «Айқап» болды16. «Айқап» журналы 1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін әуелгіде айына бір рет, ал сонан соң екі рет шығып тұрды. Барлығы 88 нөмері шықты, таралымы 1000 данаға дейін жетті17.

«Оқиғалар» айдарынан көрініп отырғандай, жер-жерден Ташкент, Верный, Шымкент, Әулиеата, Орал, Қостанай, Торғай, Ақтөбе, Маңғыстау, Бөкей Ордасы, Омбы, Қапал, Семей, Аягөз және басқа жерлерден хабарлар түсіп тұрған.

«Бізге не істеу керек ?» деп аталған бас мақаласында «Айқап» өз бағдарламасын былай деп белгіленген:

«1. Отырықшылыққа көшу, қалалар тұрғызу, діннен қол үзбеу.

2. Мектептер мен медреселер ашу, білімді әрі мәдениетті болу.

3. Дін істерін өз қолына алу, өз мүфтиін сайлау.

4. Мемлекеттік Думаның мінберінен халық мүдделерін қорғау және оларды

үкіметке жеткізе алатын депутаттардың болуы.

5. Петербургте тұрақты өкілдік болуы»18.

«Айқап» нөмерден-нөмерге жер мәселесіне зор көңіл бөліп отырды. Бұл түсінікті де. Патша өкіметі орыс және украин шаруаларын қоныс аудару қозғалысының қарқынын ұлғайту мақсатында қазақтардың құнарлы жерлерін күштеп тартып алу жолымен «Қоныс аудару қорын» құрды. «Айқап» жетекшілері мұндай жағдайда көшпелілер мен жартылай көшпелілердің отырықшылануы, «тұрғылықты ауылдық елді мекендер» салу, егіншілік негізінде қазақ шаруаларының тұрмыс-салтын өзгерту қажет деп санады. «Қазақ» газетінің жетекшілері, ең алдымен Ә. Бөкейханов басқаша көзқараста болды. Журнал мен газет арасындағы жер мәселесі жөніндегі пікірсайыс екі жақтың да көп күшін алды.

«Айқап» журналы ағарту ісі мен мәдениеттің жаршысы болды. М. Сералин «Біздің ғасырымыз-ғылымның ғасыры» деп санады19. Ол Ш. Марджанидің, Ы. Алтынсариннің ізбасары болды. Жәдидшілдіктің, жаңа әдіспен дауыстап оқытудың атасы. И. Гаспринскийді өзінің ұстазы және тәлімгері деп білді20. ХІХ ғасырдың аяғында жәдидшілдік идеялық-саяси ағым ретінде қалыптасты, оның жолын қуушылар жәдидтер («жаңашылдар») деп аталды. Жәдидшілдер мұсылман дінінің озбырлығына қарсы шықты, өз халықтарын еуропалық мәдениетке, ең алдымен мектеп пен медреседе еуропалық дыбыстап оқыту әдісіне тартудың жақтастары болды. Жәдид қайраткерлері жеткілікті болғанымен, Қазақстанда жәдидшілдік қалыптаспады. И. Гаспринский ұсынған жәдидшілдік өркениетке жеткізер жолдағы басты кедергі исламның озбырлығы, ортағасырлық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар деп санады. Қазақтардың рухани өміріне ислам ықпалының дәрежесі Татарстан, Башқұртстан, Қырым және Түркістанмен салыстырғанда едәуір әлсіз болды. Қазақстанда ағартушылық қозғалыс ұлттық қайта өрлеу жолындағы басты кедергі отаршылдық деп санады. И. Гаспринский түрік-татар бірлігі туы астында әрекет етті. Ал Қазақстандағы ағартушылар татар және бұхара теологтарының, түркі-татар жазуының үстемдігіне жан сала қарсы шықты. «Шығыстың көрнекті ағартушыларының еңбектері,-деп жазды М. Сералин,-туған халық тілінде оқу мен білім алудың және оны құрметтеудің пайдалы екеніне біздің көзімізді жеткізді»21.

Дегенмен, С.Ж. Асфендияровтың айтуынша, М. Сералин «тегінде, татар мәдениетімен және оның прогресшіл дәстүрімен мейлінше көп дәрежеде байланысты болған».

М. Сералин бастаған «Айқаптың» ізбасарлары классикалық жәдидшілдіктің жақтаушылары болды. Олар қазақ қоғамы мешеулігінің, ескіргендігінің негізгі себебі-халықтың сауатсыздығында (надандық), молдалардың білімсіздігінде, байлардың дарақылығы мен қатыгездігінде (қайырымсыздық), отаршылдардың қазақ шаруаларын талап-тонауында жатыр деп санады. Осының бәрінен шығаратын жол қоғамды оқу-ағарту, И. Гаспринскийдің жүйесі бойынша жаңа әдіспен оқыту, қазақтардың отырықшылық тұрмыс салтына көшуі (қала салу) деп білді. Өз кезінде бұлар прогресшіл идеялар еді. М. Сералин мен айқаптықтардың сіңірген еңбегі мынада: олар жәдидшілдіктен, ағартушылықтан алға кетті, өз идеяларында қазақ шаруаларының, еңбекші бұқараның бытыраңқы және стихиялы арман-тілектері мен ойларын көрсете білген революцияшыл демократтар деңгейіне дейін көтерілді. Айқаптықтарды жас түріктер деген сияқты, жас қазақтар, жас ұлттық буржуазиялық-демократиялық қозғалыстың қатысушылары деп атауға болар еді. Сонымен бірге жас бұхаралықтар-жәдидшілерден айырмашылығы, М. Сералин мен оның ізбасарлары шынына келгенде либерал-демократтар, шаруашылық жүргізудің отырықшы фермелік әдісін, орыстың озық мәдениетін насихаттаушылар болды. «Қазақ» газеті жарыққа шыққаннан кейін айқаптықтар арасында жік туды. Біреулері мұсылман қозғалысының жақтастарына қосылды (М. Қаратаев), басқа біреулері ағартушылықтан отаршылдық жүйені қирату, қазақ ұлттық мемлекеттігін, ұлттық білім беру жүйесін құру идеясына көшті. Түбірлі жалпыұлттық мүдделерді қорғап, дәйекті түрде ілгері басқандардың дұрыс істегенін тарихтың өзі дәлелдеді.

ХХ ғасырдың басындағы ағартушылық қозғалысқа біз Қазақстанда тамаша кадрлардың тұтас саңлақтар шоғырының пайда болғаны үшін міндеттіміз22, олар ұлттық қайта өрлеудің басында тұрып, революциядан кейін-ақ халыққа білім беру саласындағы кең көлемді шабуылды жүзеге асыру үшін нақты негіз дайындады. Батыстағы Ағарту дәуірінің «миды тазартып» жаңа қоғамдық-саяси қатынастар үшін жол аршыған ұлы өкілдері сияқты қазақтың алғашқы ағартушылары да өз халқының санасына бостандық, теңдік және туысқандық, әділеттілік идеяларын, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес рухын сіңірді.

М. Сералин қазақ ағартушылары жас буынының жарқын өкілі болды, халық ағарту мен қазақтардың тұтас ұрпағын тәрбиелеу саласында өте көп іс тындырды. Ол өзін «балаларды жаңа әдіспен оқытуға көшу, Ақтөбеде мұғалімдер мектебінің ашылуы, жергілікті жерлерде мектептер мен медреселерде оқуы, оларда оқитындардың көбеюі қуантады» деп жазды23. Ол өзінің ағартушылық идеяларын берік қорғап, былай деп жазды: «Біздің үнемі және шаршап-шалдықпай талқылағанымыздан мынадай екі қорытынды жасауға болады: қала сал, жинақы тұр, сонда ғана шағын болса да құнарлы жер үлесіне иелік ете аласың. Мектептер мен медреселер сал, мектептер аш, балаларды оқыт, қолөнерін үйрен, сонда ғана сен халықты құрайтын адам боласың. Әйтпесе сені жер бетінен жойып жібереді»24.

«Біздің өткендегі және қазіргі жағдайымыз» деген мақаласында М. Сералин былай деп атап көрсеткен: ғалымдар «дүниенің дамуын ұрыс шайқастарына…» ұқсатады. «Бұл соғыста адамы көп халық жеңбейді, қайта ғылымы, өнері жоғары халық жеңеді. Сондықтан біз басқа халықтармен жарыста аяқ астында қалғымыз келмесе, біз балаларды біліммен қаруландыруымыз керек». «Қазіргі заман туралы ойлана отырып, - деп жалғастырған ойын одан әрі автор, - мынадай ойға келесің: Ресей мемлекетінде әрекет жасап, бақытты тұру үшін ғылымды, өнерді үйрену және орыс тілін білу қажет. Бұл үшін мектеп керек, ал оған төрт-бес үйдің шамасы келмейді. Елді мекендер мен кент салудан басқа шығар жол жоқ»25.

Сонымен бірге М. Сералин «Айқап» беттерінде мұсылмандардың қасиетті кітабының мазмұнын ыңғайлы, түсінікті нысанда баяндауға тырысқан авторлардың мақалаларын жариялап отырды.

«Айқап» журналының қазақ фольклорын зерттеудегі, абайтануды қалыптастырудағы, орыс және дүниежүзі классикалық әдебиетінің рухани мұрасын насихаттауда атқарған рөлі зор.

Сонымен бірге журнал беттерінде кейде жаңа әдіспен оқытуға түрік-татар көзқарасын уағыздайтын жарияланымдар басылып отырды. М.-Ж. Көпеевтің, Д. Қашқынбайұлының және басқалардың мақаларында діншілдік және шариғатқа бейімдік сарыны болды. «Айқап» беттерінде түркі-татар тілінде жаңа әдіспен оқытуға артықшылық берген, А. Байтұрсыновтың қазақ жазуы саласындағы реформаторлық ізденістеріне қарсы шыққан авторлар ұйымдастырылған түрде жарияланып отырды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы жағдайында едәуір шиелініскен зор қаржы қиындықтары, зиялылардың бір бөлігінің сол кезге қарай өзінің көркемдік толысқандығымен, қазақ әдеби тілін түлетуімен, стилінің сындарлығымен және ең бастысы-толғағы жеткен жалпыұлттық проблемаларды қоюымен әйгілі болған «Қазақ» газеті жағына шығуы 1915 жылдың тамызында «Айқап» журналы шығуының тоқтатылуына себеп болды.

Ағартушылардың өздері арасында түңіліс етек жайды, олардың қатарында: революциялық әдістерді жақтаушыларға және ұстамдық пен ымырашылдықты жақтаушыларға жіктелу тереңдей түсті. Бүкіл ХХ ғасыр бойында әдебиетте журналдың жабылу себептері мәселесі бойынша дау жүрді. Пікірсайысқа салынбай, ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің қайсібірі орыс революцияларының және самодержавие күйреуінің қарсаңында ең басты ұлттық қоғамдық-саяси және ғылыми-әдеби басылымға айналған «Қазақ» газетін құрушы үштікпен (А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов) бәсекелесе алуы екіталай екенін ғана ескерте кеткен жөн.


І. 3. «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ - БАСПАСӨЗ ТАРИХЫ


«Қазақ» газеті апталық басылым болып шықты. 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылғы қаңтарға дейінгі кезең ішінде 3000 дана таралыммен 265 нөмері жарық көрді. Жекелеген нөмерлері 8000 данаға дейін жететін таралыммен шықты. «А. Байтұрсыновтың шебер басшылығы мен жанқиярлық еңбегінің арқасында,-деп жазды М. Дулатов, -жоқтан барды жасаған деуге болатын және газеттің жабылар алдында өз баспаханасы, қағаздың үлкен қоры, шағын кітапханасы болды, таралымы 8000-нан асты»26. Редакциялық алқа 1914 жылғы жаңа жылдық 45-нөмерінде газетті 10 облыстың қазақтары жаздырып алатынын хабарлаған. Бұған қоса оны Орынбор, Уфа, Қазан, Петербург, Мәскеу, Томск қалаларындағы, басқа да бірқатар қалалардағы, сондай-ақ Түркия мен Қытайдағы оқырмандар алып тұрды27. «Қазақ» газетінің редакторы Орынборда айдауда жүрген кезінде сол кезге қарай ағартушылық қозғалыстың танымал көшбасшысы болған, аса көрнекті ақын, көсемсөзші, түркі тілінің маманы, М. Дулатовтың анықтауынша, «қазақ әдеби тілінің мектебін жасаушы», бірақ ең алдымен-ой өрісі аса кең және ұлт дамуының жолдарын көре білген жалынды қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болды. Азаттық қозғалысының мұраттарына, қазақ халқының топтасуы мен рухани өрлеуі мүдделеріне берілгендік, таңғажайып талант және ғылымның көптеген салаларынан энциклопедиялық білімділік оны ұлт ағартушылары мен рухани аталарының алдыңғы қатарларына шығарды. 1914 жылғы 19 мамырда баспасөз істері жөніндегі бас басқармасының кеңсесі М. Дулатовқа «Қазақ» газетінің екінші жауапты редакторы міндетін атқаруға рұқсат етті. Құлшынған қызба қанды, әсте ымырасыз, жалынды көсемсөзші, топ көрсе қыранша түлейтін ақын М. Дулатов өзінің ерлік және қайғылы тағдырымен көп тағдырымен көп жағынан ХІХ ғасырдағы Махамбет Өтемісовті еске салатын. «Қазақ» газеті 1918 жылы (№№261-265) Жанұзақ Жәнібековтің редакциялауымен шықты.

ХХ ғасырдың басындағы демократияшыл қазақ зиялыларының бүкіл азаттық қозғалысы сияқты, бұл газеттің де жетекші бағытын белгілеуде қазақ халқының бостандығы жолындағы аса көрнекті күрескер, саясатшы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, статистик-социолог, көсемсөзші, энциклопедиялық тұрғыдағы ғұлама Ә. Бөкейханов зор рөл атқарды.

Біртұтас болып біріккен ғажайып үштік-А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов қалың қазақ елінің мүддесін білдіріп, оның шамшырағы болған ғасырдың ұлттық газетін құра білді28. Олар «Қазақ» газетінің төңірегіне қазақ демократиялық зиялыларының бүкіл бетке ұстарларын, соның ішінде Шәкерім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев, Ғұмар Қарашев, Сұлтанмахмұт Торйғыров, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин,Жақып Ақбаев, Халел Досмұхамедов, Сәбит Дөнентаев, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбаев және басқа да көптеген көрнекті қайраткерлерді топтастыра алды. Дегенмен де, негізгі идеялық-теориялық салмақты А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов көтерді. Зерттеуші К. Атабаевтың деректері көрсетіп отырғандай, «Қазақ» газетінің беттерінде жарияланған, бүгінгі күні қолда бар және «Қазақ» басылымы жинағында келтірілген материалдардың жартысынан астамын солар жазған29. Тек Ә. Бөкейхановтың өзі «Қазақ» үшін 200-дей мақала жазыпты.

Бағдарламалық мақалада (авторы А. Байтұрсынов) газет «ұлттың көзі, құлағы және тілі» деп аталған. Редактордың пікірінше, газет адамдардың мүдделеріне қызмет етуге, білімді таратушы, халықтың қорғаушысы, оның рухани тәлімгері болуға тиіс. Сонымен, А. Байтұрсынов нағыз жалпыхалықтық басылым құруды ойлады және оны жүзеге асырды.

Газетті оның негізін қалаушылар «Қазақ» деп атады. Халықтың өз атын қалпына келтіріп, олар сол арқылы отаршылар тарапынан бұратаналарға менсінбей қарауға қарсы наразылық білдірді, қазақтар арасына ұлтжандылық мақтаныш және бірлік идеясын таратты.

Газеттің бірінші нөмерінде басылған бағдарламалық мақаласында А. Байтұрсынов отаршылдық режим жағдайларындағы ұлттың тағдыры туралы мәселені ашық қойды. Ол былай деп жазды: «Өзіміздің өзіндік ерекшелігімізді сақтап қалуымыз үшін біздің бар күш пен құралды жұмсап, оқу-ағартуға және ортақ мәдениетке ұмтылуымыз қажет; бұл үшін біз әдебиетті ана тілінде дамытумен айналысуды бірінші борыш деуге міндеттеміз. Өз тілінде сөйлейтін және өз әдебиеті бар халықтың ғана дербес өмірге үміттенуге құқылы екенін ешқашан ұмытпау керек»30.

«Қазақ» газеті ХХ ғасырдың басындағы азаттық қозғалысының стратегиясын анықтап берді. Ә. Бөкейханов былай деп атап өтті: «Жуық арада далада, бәлкім, қазақ арасында белең алып келе жатқан екі саяси бағытқа сәйкес екі саяси партия деп аталуы мүмкін және де қазақтарды басқа мұсылман халықтарымен біріктіру оның мұраты болып табылады. Басқа бір батыстық бағыт қырғыз даласының болашағы - осы сөздің кең мағынасында - батыс мәдениетін саналы түрде іс жүзіне асыруда деп біледі»31.

«Қазақ» газеті екінші бағыттың ой - пиғылын көрсетті. Ол тұжырымдамалық проблемаларды көрсеткен кезде соны негізге ала отырып жазды. Ең алдымен Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов қазақ халқының өркениет, түрік дүниесі тарихында алатын орнын анықтап берді. Халықты топтастыру, оның ежелгі мәдениетін және демократиялық Ресей құрамындағы қазақ ұлттық мемлекеттігін қайта түлету проблемалары газет қызметінің өзегіне айналды. «Шаруашылықтағы өзгерістер» деген сериялы мақалаларында А. Байтұрсынов қазақ халқының эволюциясын және мәдениет тарихын көрсетті.

«Қазақ» газеті өз беттерінде халық ағарту, кітап шығару мәселелеріне басымдық берді. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ұлы ағартушылардың дәстүрлерінде тәрбиеленген қазақ демократияшыл зиялылары Шығыс пен Батыс ағартушыларының тәжірибесін жинақтап, тұтас доктрина жасады. Мысалы, И. Гаспринскийдің жаңа әдіспен оқыту туралы идеясының өзін қабылдай отырып, олар оны түрік - татар үстемдігі идеологиясынан, оқытуды дінмен қосудан тазартты. Егер И. Гаспринскийдің ізбасарлары жаңа әдіспен дауыстап оқытудан татар мәдениеті мен жазуының үстемдігін тануға қарай жүрсе, қазақ демократтары Абай, Шоқан және Ыбырай ағартушылығынан орташылдық режимді қирату, қазақ мемлекеттігін қайта туғызу идеясына бет алды. Бұл эволюцияда А. Байтұрсыновтың ғылыми-педагогикалық ізденістері ерекше рөл атқарды, соның арқасында ұлт қазақ әліпбиін алды, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, сөз өнері теориясы мен мәдениет тарихы дамытылды. «Осы тынымсыз еңбегімен, - деп жазды ХХ ғасырдағы ұлы ойшылдың 50 жасқа толған күнінде М. Дулатов, - Ахмет Байтұрсынов қазақтың сөз өнерін жоғары сатыға көтеріп, ұлттық мектеп пен туған әдебиет үшін берік іргетас қалады»32.

«Қазақ» газетінің беттерінде аграрлық проблеманың Ә. Бөкейханов бастаған көрнекті білгерлері отаршылдықтың мәнін, қазақ шаруаларының құнарлы жерлерін алып қою арқылы қоныс аудару қоры құрылуының, шаруалардың жерсіз қалуы үрдісінің мәнін ашып көрсетті. «Қазақ» газеті Ә. Бөкейхановтың жер мәселесі жөніндегі тұжырымдамасын қорғады, онда егіншілікпен ұштастырылған көшпелі мал шаруашылығын, қауымдық жер пайдалану негізінде жер алқаптарының тұтастығын, олардың құнарлығын сақтау көзделген еді. Жер үлесінің болмашы жағдайында отырықшылыққа көшу, егіншілік, агрономия тәжірибесі, диқанның күнделікті титықтататын еңбегінің қанына сіңген етенелігі болмаған жағдайда орыс деревнясы үлгісіндегі ауылдар құру қазақ шаруаларына мал шаруашылығы кәсібінен біржола айырылу, Башқұрстан мен Қостанай уезінде болғанындай, мұқтаждықтан жерді қоныс аударушыларға сату қатерін төндірер еді.

«Қазақ» газеті мұсылман діні мәселесі бойынша ғылыми негізделген тактика ұстанды. Ол қазақ халқының артта қалған бөлігінің діншіл екеніне, Алланы және оның «жердегі өкілдері» молдаларды шын жүректен қадірлейтініне көңіл бөлді. Газет редакциясы «мұсылмандар одағының кадеттік бағдар ұстанатынын ескерді. Ә. Бөкейханов пен басқа да авторлар1905-1907 жылдардағы революциядан кейін бүкіл Ресейде орын алған қуатты мұсылман қозғалысымен есептесіп отырды. Қозғалыстың қай тапқа жататынына қарамастан, елдегі 20 миллион халық түрінде тірегі болды. Мұсылмандардың бірінші съезінің қарарында мұсылмандардың прогресшіл бөлігі «озық қоғамның мұраттарына» қосылатыны және «орыс халқымен бірдей тең (саяси, азаматтық, діни) құқықтарды» пайдаланғысы келетіні атап өтілді33.

Бірқатар мұсылмандар съездерінің жұмысына қатысқан Ә. Бөкейханов бір-біріне жалғасты бірнеше мақалалар жазып, онда «Қазақ» оқырмандарына адамгершілік проблемаларын және оларды Ресей жағдайында шешу жолдарын ұғынықты етіп түсіндірді. «Қазақ» газеті діни қызбалықты қоздырған жоқ, керісінше, империя құрамындағы түрлі ұлттардың дінге сенушілерін топтасуға шақырды. Газет көзі ашық халықтардың француз революциясы мен өзге де буржуазиялық революциялар рухындағы теңдік, жеке адамға ешкімнің тиіспеушілігі, дін ұстану еркіндігі жөніндегі мұраттарын ескерді. «Қазақ» газеті бұхаралық, хиуалық, қазандық молдаларды, олардың озбырлығын, патриархаттық - рулық соқыр сенімдердің тірегіне айналған әдет пен шариғат догмаларын әшкереледі, татарландырудың, арабтандырудың қазақ тілі дамыуына, оның рухани келбетіне теріс ықпалын ашып көрсетті. «Қазақ» газеті дінді мектеп пен мемлекеттен бөлуді жақтап, діни экстремизмге қарсы шықты, сонымен бірге жыныс, дін ұстану, ұлт айырмашылығына қарамастан, барлық ресейліктердің заң алдында тең екенін жариялап, жеке адамның бас бостандығы мен оның еркіндігіне қол сұқпауды қорғады.

«Қазақ» газеті беттеріндегі жарияланымдардың едәуір бөлігі тіл мен әдебиет, этнография, мәдениет пен тәрбие, педагогика мәселелеріне, рыноктық жағдайларға бейімдей отырып, халық санасын жетілдіруге арналды. Газет өзінің нысаналы жарияланымдары арқылы ұлттың тарихи санасын қалыптастырды, Абай сияқты аса көрнекті тұлғалардың өмірі мен қызметі үлгісімен ұлттық мақтанышқа тәрбиелеу міндеттерін белгіледі, Абай даналығы деңгейіне көтерілуге, өз халқының қамын ойластыруға, оның дәстүрлерінен, гуманистік принциптерінен таймауға шақырды. Газет демократиялық, тәуелсіз мемлекет орнату үшін бірінші кезекте ана тілі мен әдебиетін білу, кәсібилік, ұлттық экономиканың бай болуы қажет екенін дәлелдеді. А. Байтұрсынов былай деп атап айтты: «Басқалардан қалып қоймау үшін біз сауатты, бай және күшті болуға тиіспіз. Сауатты болу үшін оқу керек. Бай болу үшін кәсібилік керек. Мығым болу үшін бірлік керек. Осы бағытта жұмыс істеу керек»34. Газетке қатысып тұрған бүкіл авторлар ұжымының А. Байтұрсынов бағдарламасына толық қосылғанын атап өткен жөн.

«Қазақ» шын мәнінде бүкілресейлік газет болды. Ол халықаралық жағдайға жүйелі түрде талдау жасап, ондағы Ресейдің рөлін анықтап отырды, елдегі және шетелдегі демографиялық жағдайды ашып көрсетіп, бүкіл түрік дүниесінің, мұсылмандар қозғалысының тағдырын қадағалады. Газет Мемлекеттік Думаның жұмысына, оның мінберінен қазақ халқының мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше мүдделік танытты.

Империалистік соғыс, дүниежүзін халықаралық капиталдың жетекші елдері арасында қайта бөлісу басталған кезде газет өзінің мазасызданғанын жасырмады. Ал мазасызданудың негізі бар еді. 1916 жылғы 16 маусымдағы қазақ жігіттерін тыл жұмыстарына алу туралы патша Жарлығы жай түскендей болды. Газет Жарлыққа дейін де, одан кейін де қазақтарды армияға шақыру туралы мәселені талқылап, оларға казак әскерлері мәртебесінің берілуін талап етті. Ол халықтан империяның боданы ретінде оның ерте болсын, кеш болсын, өз отандастарының Отан қорғау жөніндегі тағдырына ортақтасуына тура келетінін жасырмады. 400 мыңдық армия жасақтай алатын ұлтқа айналған соң ол соғыста жеңген жағдайда империя құрамында дербес автономияға дәмелене алар еді.

Газет нақ сол баламаны негізге алып және көп адамның құрбан болуы жөнінде орынды қауіптеніп, 1916 жылғы оқиғалар жөнінде де принципті көзқарас ұстанды. Ол қазақтарды майданға алу мерзімін кейінге қалдыруға дейін барып, жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздестіруді, өкіметпен келіссөздер жүргізуді ұсынды. «Алаш» партиясы мен Алашорда бостандықты жеңіп алуға және қазақ мемлекеттігін қайта туғызуға тарих берген мүмкіндікті қайткен күнде де ақырына дейін пайдалануға ұмтылып, тағдырлы шешімдер қабылдаған екі орыс революциясы кезеңіндегі «Қазақ» газетінің рөлі баға жеткісіз еді.

«Қазақ» газеті қазақ халқы тарихының бетбұрысты кезеңінде шығарылды. Ол тұжырымдылығымен, жоғары көсемсөзділігімен, қазақ әдеби тілінің мағыналылығымен, өз халқының көкейкесті мүдделеріне адал қызмет етуімен ерекшеленді. М. Әуезовтың 1913-1918 жылдар аралығындағы кезеңді «Қазақ газетінің дәуірі» деп атағаны кездейсоқ емес35. Ол 1922 жылы мәдениет қайраткерлеріне ашық хатында («Қазақтағы қалам қайраткерлеріне. Ашық хат») қазақтың баспасөзі тарихында «Қазақ» газетін қоспағанда, халық тәрбиешісі миссиясын орындаған, өз бағытын қатесіз анықтаған, ұлттық рухты асқақтатқан бірде-бір басылым болған емес деп атап өтті36.

Кәсібі жөнінен адвокат, «Айқап» журналының жұмысына белсене қатысқан қоғам қайраткері К. Тоғысов 1916 жылдың қарашасында Ташкентте апталық «Алаш» газетін шығара бастады. Оны К. Тоғысовтың өзі редакциялады, ресми шығарушысы оның әйелі Мәриям Тоғысова болды37. Бастапқы кезеңде газет өкімет орындарына көзқарасы жөнінен адал болды, тек 1917 жылғы 24 ақпаннан бастап (№12) өзін революциялық-демократиялық басылым ретінде көрсетті38. Мәселен, К. Тоғысов «Жоғалсын Романовтар» деген бір мақаласында әрбір халық егеменді, демократиялық елде өмір сүруге құқылы деп пайымдады. Газет Ақпан революциясын қызу құттықтады.

«Алаш» газеті әйелдердің тең құқықтылығын қорғады. Оның беттеріне белгілі журналистер, жазушылар: Т. Жомартбаев, А. Баржақсин, Б. Майлин, Ж. Аймауытов, жаңа жаза бастаған М. Әуезов шығып тұрды39.

Қазақ мерзімді баспасөзінің тарихында апталық «Сарыарқа» газеті елеулі із қалдырды. Оның редакторлары Р. Мәрсеков, Х. Ғаббасов болды. Газет 1917 жылдың екінші жартысында семей қаласында шығып тұрды. Оның беттерінде Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, Р. Мәрсековтің, Х. Ғаббасовтың, Ә. Ермековтің, М. Малдыбаевтың, Ж. Ақбаевтың және «Алаш» қозғалысының басқа да көптеген көрнекті қайраткерлерінің мақалалары басылды. Онда алаштың гимні (авторы С. Торайғыров), Ж. Аймауытовтың, М. Әуезовтің, С. Дөнентаевтың, Ғ. Қарашаевтың, І. Жансүгіровтің, Б. Майлиннің көсемсөздік материалдары жарық көрді.

Газет Ә. Ермековтің «Жасасын, Алаш, жасасын!» деген мақаласын жариялады, онда екінші Бүкілқазақ съезінің (12.12. 1917) Алашорда автономиясын жариялау туралы шешімі, сондай-ақ Жалпықазақ - қырғыз съезінің шешімдері (Х. Ғабассовтың «Алаш автономиясы» деген мақаласы) салтанатты түрде мәлімдеді.

Ә. Бөкейхановтың Семейге келуі туралы материал даусыз ынта-ықылас туғызады, бұл материалда ол қазақ автономиясы туралы мәселеге өзінің көзқарасын егжей - тегжейлі баяндайды40.

Егер газеттің елдегі біртұтас ақпарат өрісі бұзылған, тарихтың бетбұрысты күрделі кезеңінде жұмыс істегенін ескерсек, «Сарыарқа» газетінің маңызы зор.

Сөйтіп ХХ ғасырдың басында империяның Қазақстан сияқты алып шет аймағында қазақтар ресейдің ана тілінде газеттері, журналдары мен кітаптары бар 24 (орыстардан басқа) халқының біріне айналды. Хат - хабарлардың географиясы өте ауқымды болды. Мейлінше әр түрлі жанрдағы жазбаша хабарлар келіп түспеген ауылдар мен болыстар іс жүзінде болған жоқ. Демократиялық қазақ баспасөзі революция, Мемлекеттік Дума, оның мұсылман фракциясы, мұсылман съездері туралы, империяның сыртқы және ішкі саясаты, соның ішінде оның отаршылдық саясаты туралы жазды. Ол шет аймақтардың ғасырлар бойындағы ұйқыдан оянып жатқан халықтарының мүдделерін көрсетті, өркениетті дүниежүзілік қоғам жүйесіндегі оның болашағы туралы армандарға берілді. Ал алда халықтың тұтас ғасыр бойындағы қиын тағдырын белгілеп берген қазан революциясы, аласапырандар мен өзгерістер тұр еді.



ІІ. ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Қазақстан тарихының ХХ ғасырдың тарихы да белгілі объективті себептерге байланысты, тек соңғы жылдары ғана жалпы адамзат тарихы контексінде, ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеле басталғандығы белгілі. Бұл ретте тарих ғылымы үшін ғасыр айнасы іспетті болған мерзімді басылымның деректік орны ерекше. Негізінен ғасыр басында дүниеге келіп, ғасырмен бірге дамыған қазақ баспасөзінің деректік орнын, олардың өзіндік ерекшеліктерін, олармен жұмыс істеу тәсілдерін білу үшін алдымен ұлттық мерзімді басылымның тарихының зерттелу жағдайын білу қажет. Себебі, біріншіден, тоталитарлық жүйе, коммунистік идеология қазақ халқының тағдыры сияқты, баспасөз тағдырында да шешуші роль атқарды. Оның тарихының зерттелуі, оның деректік маңызын ашуға, ондағы салынған ақпаратардың шынайылық дәрежесін айқындауға, сол арқылы халық тарихын жазуға көмектеседі.

Қазақ мерзімді басылымының тарихы көптеген еңбектерде арнайы зерттелді. Дегенмен, олардың бәрінде дерлік қазақ баспасөзінің қалыптасу және даму тарихы негізінен таптық тұрғыдан қаралды. Қазақстанда кеңес өкіметінің жеңуімен, большевиктік партияның басшылығымен байланыстырылды, қалыптасқан жағдайда басқаша жазу мүмкін емес те еді. Зерттеушілердің әрбір сөзі, басқан адымы үнемі бақылауда болды. Лениндік сара жолдан сәл де болса ауытқушылық қатал айыпталынды. Мысалы, 1937-1938 жылдарды айтпағанның өзінде, 1951 жылы 17 қарашада Қазақстан Коммунистік (большевиктік) партиясының Орталық Комитетінің органы «Социалистік Қазақстан» газетінде «Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеудегі өрескел қателіктер» деген үлкен мақала жарияланды. Онда ұлттық баспасөз тарихын зерттеушілер Хайыржан Бекхожин мен Бейсембай Кенжебаев «идеологиялық бұрмалаушылықтар мен өрескел саяси қателіктері» үшін қатал сынға алынды. Олардың еңбектері «…халқымыздың таңдау-талғауына сай емес, тарихи шындықты бұрмалаған, бұқпа - жалтағы көп, маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалып жазылмаған кұнсыз еңбектер41» - деген, үзілді - кесілді баға алды.

Уақыттың қатал талабы, ресми органдардың тарапынан тиген ауыр соққы бекер кеткен жоқ. Зерттеушілер амалсыз өз «қателіктерін» мойындап, оларды «түзетуге» мәжбүр болды. Қазақ мерзімді басылымының тарихын таза ғылыми мақсатта зерттеу ұзақ жылдарға осылай шегерілді. Х. Бекхожиннің сол сыннан кейін 30 жылдан соң, 1981 жылы шыққан «Қазақ баспасөзі тарихының очеркі» деген еңбегінде: «Қазақ баспасөзі - Октябрь революциясының перзенті. Ол республикамызда Совет өкіметін орнату және нығайту жолындағы күресте пайда болды» - деуі42, 1988 жылы жарық көрген «Очерки истроии журналистики Казахстана» еңбегінің өн бойында қазақ баспасөзіне республикамыздағы большевиктік, кейінен коммунистік партияның қазақ халқын жеңістен жеңіске жеткізген дана басшылығының айқын көрінісінің дерегі ретінде баяндалуы соның салдары еді.

Тарихи шындық қазақ баспасөзі тарихын қайта қарауды талап етеді. Ешкімге жалтақтамай, алдына өз ұлтының, өз елінің аласапыран оқиғаларға толы, ХХ ғасырдағы тарихын білу мақсатын қойған зерттеушілер үшін тарихи шындықты білу аса қажет болды. Тек, сол жағдайда ғана зерттеуші мерзімді басылымды тарихи дерек ретінде дұрыс пайдаланып, одан объективті мағлұмат ала алады.

«Дегенмен, ұлттық баспасөз тарихын зертеудің негізгі бағыттары мен кезеңдері туралы өз пікірімізді айтсақ» - дейді зерттеуші Қ. Атабаев өз еңбегінде («Қазақстан тарихының деректанулық негіздері») олар мыналар: біріншіден, өмір айнасы аталған мерзімді басылым тарихын еліміз тарихының контектісінде қарау; екіншіден, әр тарихи кезеңнің өзгешелігінен шыға отырып, баспасөздің негізгі мақсатын, бағыт-бағдарын, сол уақытқа тән ерекшеліктерін анықтау; үшіншіден, мерзімді басылымға әр түрлі дәрежеде әсер ететін факторларды анықтау; төртіншіден, әрбір нақты газет не журналдың шығарушыларын авторларын анықтау; бесіншіден, нақты мақала авторы туралы мәліметтерді толық білуге ұмтылу; алтыншыдан, нақты деректің дүниеге келуінің объективті алғышарттарын, себептерін анықтау; жетіншіден, егер мүмүкіндік болса құнды деректік маңызы бар түпнұсқасымен салыстыру, сол арқылы автор айтқысы келген, бірақ баспасөз бетінде жарияланбаған мағлұматтарды табу; сегізіншіден, әр түрлі жағдайларға байланысты автор ашып айта алмаған, бірақ меңзеген нәрселерді анықтау т.б.

Мерзімді басылым тарихының келесі бір үлкен, принципті мәселесі оның дамуының негізгі кезеңдері туралы мәселе.

Егер баспасөздің негізгі даму кезеңдерін коммунистік партияның алдымен «социалистік», кейінен «дамыған социалистік» қоғам орнату жолындағы «ерлік істерінің» тарихына қарай емес, қоғамдық базис пен қондырмалардың түбегейлі өзгеруінен, соған байланысты саяси жүйенің өзгеруінен шығар болсақ, онда алғашқы қазақ тілінде жарық көрген «Түркістан уалаятының газетінен» бастап бүгінгі күнге дейінгі ұлттық баспасөз тарихын төмендегідей басты кезеңдерге бөлуге болады:

І. 1870 - 1917 жылдың наурызы, «Түркістан уалаятының газетінің» шыққан күннен бастап патша өкіметінің құлатылған күніне дейінгі қазақ баспасөзінің тарихы.

ІІ. 1917 жылдың наурызы - 1918 жылдың ортасы. Уақытша үкімет тұсындағы демократиялық бастамалар кезіндегі ұлттық баспасөз.

ІІІ. 1918 жылдың ортасы мен 1920 жылдың аяғы. Демократиялық күштердің большевиктік авантюраға қарсы жанталасқан күресі кезеңіндегі баспасөз.

ІV. 1921 жыл - 1991 жылдың аяғы. Кеңес өкіметі немесе большевиктік диктатураның толық орнауы, тоталитарлық жүйенің қалыптасуы және коммунистік партияның шексіз үстемдік етуі жылдарындағы мерзімді басылым.

V. 1991 жылдың соңынан бүгінгі күнге дейінгі, тәуелсіз Қазақстан тұсындағы ұлттық баспасөз.

Бұл негізгі тарихи кезеңдерді, ұлттық мерзімді басылым тағдырына белгілі бір дәрежеде әсер еткен тарихи жағдайларға байланысты, бірнеше шартты кезеңдерге бөлуге болады. Мысалы, 70 жылдан аса уақытқа созылған кеңестік билік жылдарында республикамыздың ұлттық басылымдарының бас газеті мен журналы деп аталып жүрген «Егемен Қазақстан» мен «Ақиқаттың» аттарының кемінде бес реттен өзгеруі кездейсоқ емес. Ол бір ғана саяси жүйе шеңберінде жүргізілген тарихи өзгерістерден туындаған.

Сондықтан, қазақ халқының да, оның баспасөзінің де тарихында терең із қалдырған сол жылдарды, біздің ойымызша келесі шартты кезеңдерге бөлуге болады:

  1. 1921 жылдың басы - 1925 жылдың наурызы, қазақ баспасөзіндегі еркін

ойлаушылықтың қандай түріне болмасын толық тыйым салған, РКП (б)-ның Орталық комитетінің белгілі қаулысына дейін.

  1. 1925 жылдың наурызынан 1936 жылғы Қазақстанды қағаз жүзінде болса

да «одақтас» республикалар санатына қосқан КСРО Конституциясына дейін.

  1. 1936 жылдың соңынан 1941 жылдың 22 маусымына дейін. Жаппай саяси

қуғын - сүргіннің ең шарықтау жылдарындағы және соғыс қарсаңындағы баспасөз.

  1. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы баспасөз.

  2. 1945-1956 жж. Жеңіс күнінен бастап, сталиндік жеке басқа табынушылықты айыптаған партияның ХХ съезіне дейінгі басылымдар тарихы.

  3. 1956-1985 жж. сәуірі. «Жылымық жылдар» мен тоқырау кезеңіндегі

баспасөз.

  1. 1985 жылдың сәуірі - 1991 жылдың соңы. Тарихқа «қайта құру» деген

атпен енген жылдардағы мерзімді басылым.

  1. 1991 жылдың аяғынан бүгінгі күнге дейін. Тәуелсіз Қазақстан

жағдайындағы ұлттық баспасөз.

Мұндай кеңестік дәуірді шартты кезеңдерге бөлу ең алдымен ғылыми қажеттіліктен туындағанын көрсетіп отыр.

Сонымен, ұлттық баспасөздің пайда болу, қалыптасу және даму тарихын еліміздің тәуелсіздік алыуына байланысты қайта зерттеу, оның жүріп өткен жолын, қилы кезеңдерін айқын бейнелеу мерзімді басылымды халқымыздың ХХ ғасырдағы тарихының дерегі ретінде пайдаланудың басты алғы шарттарының бірі болып табылады.



ІІ. 1. ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕК КӨЗІ

(«АЙҚАП» ЖУРНАЛЫ; «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ)


Қазақтардың рухани өмірі тарихына 1911 жыл тұңғыш ұлттық бейресми басылымдар шыққан жыл ретінде енді. Сол жылдың қаңтарынан бастап қазақ тіліндегі бірінші журнал «Айқап» шықса, 1913 жылы «Қазақ» газеті (1911 жылы «Қазақстан» бейресми газеті шықты) ұлттық бейресми ретінде шыға бастады. Бұл басылымдар туралы кеңестік тарихнамада біршама айтылды. Қамбар Атабаевтың «Қазақ баспасөзі: Қазақстан тарихының дерек көзі» (1870-1918 жж) атты еңбегінде олардың дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктерін, ашатын кейбір мәселелерге көңіл аудартады.

Басылымдардың дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктерін, олардан алынған мәліметтердің ғылыми құндылықтарын анықтау үшін, жалпы газет-журналдардың пайда болуының алғышарттары, тарихи зерттеудің де маңызы үлкен. Мысалы, «Айқап» туралы айтсақ, оның әрі шығарушысы, әрі редакторы, әрі негізгі авторларының бірі Мұхамеджан Сералиннің ұзақ жылдарға созылған ізденістері туралы да айтуға тиіспіз…

М. Сералиннің 1906 жылдан бастап газет шығармақ болған бірнеше әрекеттері сәтсіз аяқталды43. Тек, 1911 жылдың басына қарай ғана журнал шығару мүмкін болды. Ол туралы бұрынғы социал-демократиялық бағыттағы «Степь» газетінің тілшісі, москвалық М.Л. Страховвенко: «М. Сералину к 1911 г. удалось собрать вокруг себя несколько казахских интеллигентов, с энтузиазмом воспринявших идею об издании казахского журнала. С их помощью, а также с помощью татарских друзей и собственными усилиями, им были собраны необходимые средтсва для начала издания», - дейді44.

Журналдың шығу тарихын анықтаудың тек танымдық қана емес, сонымен қатар ғылыми маңызының да жоғары екендігін, журналды шығару себептері мен мақсатының оның мазмұнына әсер етпей қоймайтын маңызды фактор екендігін айта келе, академик С.З.Зиманов: «Изданию журнала предшествовала значительная подготовительная работа: накопление средств, хлопоты о получении специального разрешения от официальных властей на это, подбор будущих авторов и переговоров с типографскими учреждениями и лицами, способными участвовать в издании журнала и поддерживать его материально», -дейді45.

Жалпы, Қазақстан тарихындағы тұңғыш журналдың шығу тарихының ұлт үшін маңыздылығы, осы мәселенің кейбір тұстарын анықтай түсуді қажет етеді. Себебі, әдебиеттерде журналдың қалай шыққандығы туралы әр түрлі айтылып жүр. Кейде бірін-бірі жоққа шығаратын пікірлер де кездеседі. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, М. Страховенко журнал шығаруға қазақ зиялыларының бір тобы және М. Сералиннің татар достары көмектесті десе, С. Зиманов: «Сложными были организационная и техническая сторона издания журнала: поиск арабских шрифтов, наборщиков, бумаги, типографской базы. В решении многих из этих вопросов значительную помощь оказали М. Сералину старые друзья и товарищи-русские революционные социал-демократы Ф. Сыромолотов, С.С. Ужгин, Зиссер, Юдин. Они поиогали ему заключить договор с владельцем типографии «Энергия» Хаимом Сосновским…»-деп46, журнал шуғаруға орыс революционерлерінің қатысқандығын, демек олардың журнал мазмұнына ықпал еткендігін дәлелдейді.

Ал, М. Сералиннің өзі журнал шығаруды не себептен және қалай бастағаны туралы: «1910 жылғы декабрь жұлдызының ақырында «Айқап» журналын бастап жіберуге ойланып, шығарайын десем журналдың таралып кетуіне һәм халықтың құптап қарсы алуына сене алмай, шығармайын десем алты миллиондай халықтың ортасында бірімен-бірі танысқандай, түсінгендей бір журналдың яки газеттің жоқтығына шыдай алмай, толғақ қысқан әйелдерше түйсініп жүрген замандар болып еді. Журнал шығаруға көңіл шын тілесе де шығару үшін керекті аспаптардан екі аспаптың бірі жоқ. Өзім жалғыз, ақылдасатұғын, көмек беретұғын кісі тағы жоқ болып, «жалғыз кісі жау алмас» деген мысал бар болса да, тәуекел етіп журналды шығара бастап едім. Садағасы кетейін жұрт мүлдем ілтифатсыз тастамады»,-деп жазған47.

Мұнда, журнал шығаруға қатысты үш түрлі пікір айтылғандығын көреміз. Бұл жерде зерттеуші К. Атабаев деректануда М. Сералиннің айтқанының шындыққа жақын екендігі күмәнсіздігін айта отырып, себебін біріншіден, «Айқап» журналының қалай шыққандығын оның шығарушысынан артық ешкім білмейді. Екіншіден, егер журнал шығаруға шынымен бір топ қазақ зиялылары мен татар достары, немесе орыс революционерлері белсенді көмек көрсетсе, онда небары бір жылдан соң, М. Сералин олардың бәрін ұмытып, журнал шығаруды жалғыз бастадым демеген болар еді. Кейін, журналдың шығып тұруына көмектескен адамдарға өз ризашылығын білдіріп жазған М. Сералиннің мақалалары соның дәлелі, - дейді.

М. Сералиннің өз ұлтының тарихындағы ана тілінде бірінші рет журнал шығару сияқты үлкен іске жалғыз кіріскендігін оның замандастары растайды. Мысалы, «Айқап» журналының алғашқы жылдарындағы белсенді авторларының бірі Азамат Алашұлы (М. Дулатов-автор) ол туралы: «Троицкіде Мұхамеджан Сералин деген жігіт қазақ халқына қалай етсем пайда келтірем деп жүргендіктен болса керек… тәуекел етіп айына бір мәртебе «Айқап» журналын шығара бастады. Білімі де, байлығы да қатар жүрген жігіттерден артық емес шығар, оның жалғыз үміті жоқтан бар етіп, бастап жіберейін, онан соң жұрт өзі көтеріп әкетер деп ойлаған шығар,-деп жазды»48.

Ендеше, шындық осылай болған. «Алты миллиондай халықтың ортасында бір журналдың яки бір газеттің жоқтығы». М. Сералинді тәуекелге бел байлап, журнал шығаруды жалғыз бастауға итермелеген. Әрине, ол М. Сералинге журнал шығаруына және оны үзбей шығарып тұруына мүлдем ешкім көмектескен жоқ деген сөз емес. Жақсы істің басталуына, оның іске асуына әрдайым тілектестер мен мүмкіндігінше көмек көрсететіндер табылатындығы сияқты, М. Сералинге де тілектес болып, оған қол үшін бергендер болды. Журнал шығысымен халық оны жылы қабылдады. Жан-жақты көмек көрсетті. Көптеген адамдар журналдың үзбей шығып тұруына өз үлестерін қосқандығы туралы Қ. Атабаев өз еңбектерінде осындай мысалдар көп келтірген.

Дегенмен, «Айқап» журналын дерек көзі ретінде талдауда, ондағы мәліметтерді тарих дерегі ретінде қарастыруда Ү Субханбердина дайындаған «Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар» атты мазмұндалған бибилиографиялық көрсеткішінің алар орны ерекше екендігін айтуымыз керек. «Айқаптың» деректік маңызы туралы С.З. Зиманов: «Ни один исследователь истории культуры Казахсатана и идейного движения не может обойти журнал «Айқап» как письменный памятник и источник сведений о различних сторонах жизни казахского общества, в том числе социально-экономической и идейно-политической»-деп, өте дәл көрсетті49.

«Айқап» журналын зерттеуде де туындаған қиыншылықты Ү. Субханбердина мен осыдан кітап шығаруда редакторы болған Есмағанбет Ысмайловтың жолдарын компартияның қадағалауы, сол күндердің бірінде кітапқа араша түскендей болған профессор Б. Кенжебаевтың «Айқап» журналы туралы еңбек» деген мақаласы жарық көрді. Мақаланың өз тағдыры үшін шешуші роль атқарғандығы туралы Ү. Субханбердина: «Тұңғыш еңбегім туралы алғашқы сын мақала! Мақала болғанда қандай мақала! Бұл мақала мен үшін ажал оғын қағып жіберген періштенің қанатындай әсер етті»-деп жазды50.

Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы тарихын зерттеуде «Қазақ» газетінің де тарихи дерек көзі ретінде алар орны ерекше екендігіне, оның ғылымға берер мағлұматтарының құндылығының жоғары екендігіне бүгінгі күні бәріміздің де көзіміз жеткен сияқты.

«Ақиқат» журналы: «Қазақ» өзі өмір сүрген бес жыл ішінде талай күрделі құбылыстардың, қоғамдық сілкіністердің куәсі болды. Бір ғана қолдың саусағымен санауға болатын жылдар ішінде бір емес бірнеше ұрпақтың ғұмырына жетерліктей оқиғаларды басынан өткерді. Тарих үшін қас-қағым деп те айтуға келмейтін уақыт аралығында бірнеше ғасырға татырлық өзгерістерді басынан кешірді.

Атап айтсақ, «Қазақ» екі жойқын соғыстың (І дүниежүзілік және азамат соғыстары), 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің, екі қоғамдық-саяси төңкерістің (ақпан және қазан), төрт саяси биліктің (Патша өкіметі, Уақытша өкімет, Алаш Орда үкіметі, Кеңес үкіметі) куәсі болды»-деп жазды51. Қ. Атабевтың еңбегінде «Қазақ» тек аласұрған заманның, аласапыран оқиғалардың сырттан қараған бақылаушысы ғана болып қойған жоқ. Ол сол буырқанған оқиғалардың бел ортасында жүрді. Қайнаған құбылыстар барысын суретке түсіргендей өз беттерінде бейнеледі. Олар туралы мәліметтерді тасқа басып өз беттерінде қаттады. Сөйтіп «Қазақ» қазақ өмірінің аса бір күрделі кезеңінің шежіресіне, баға жетпес дерек көзіне айналғандығын көрсетеді.

Тәуелсіздікке қол жеткізген бірнеше жылдың ішінде ғана «Қазақ» газеті материалдарын кеңінен пайдалану негізінде бір докторлық және бірнеше кандидаттық диссертациялар қорғалды, ғылыми-зерттеу еңбектері жарияланды. Осындай еңбектердің бірінде, зерттеушілердің «Қазаққа» деген қызығушылығының себебін ҚР ҒА мүше-корреспонденті, профессор Кеңес Нұрпейісов: «Әңгіме болып отырған ұлттық баспасөз органдары қатарында «Қазақ» газетінің алатын орны ерекше. Өйткені ол басқа басылымдармен салыстырғанда ұзақ мерзім (1913-1918) шығып, 265 саны жарық көрген. «Қазақты» дүниеге келтірген және оның тұрақты автоларының қатарында Алаш қозғалысының халық таныған жетекшілері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты қайраткерлер болды. Осы азаматтар мен олардың сенімді серіктері «Қазақ» газетін жалпыұлттық басылым дәрежесіне көтерді»,-деп түсіндірді52.

Жұртшылыққа танымал қазақ ғалымының бұл пікірінің дұрыстығын соңғы жылдары «Қазақ» газеті материалдарының әр түрлі жолдармен, қазіргі оқырмандарға түсінікті етіліп, қайта басылып шығарыла бастауы да дәлелдейді. Бұл сол газетке деген жаппай қызығушылықты қанағаттандыру мақсатында жасалынып отырған шара екендігі белгілі. Мысалы, 1993 жылы Үшкөлтай Субханбердинаның «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» атты мазмұндалған библиографиялық көрсеткіші шықса, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтардың «Қазақ» газетінде кезінде жарияланған мақалалары олардың жеке жинақтарына енді. 1998 жылы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы газет материалдарының жинағын кітап түрінде жарыққа шығарды. Сонымен қатар, «Ақиқат» журналы өзінің 1998 жылғы үшінші санынан бастап «Мұра» айдарымен газет мақалаларынан, сандық және жылдық ретін сақтап, үзінділер жариялай бастады. Осындай, жан-жақты жүргізілген шаралардың арқасында «Қазақ» газетімен танысуға тек зерттеушілер ғана емес, өз халқының өткені қызықтыратын жалпы оқырмандар да мүмкіндік алды. Әрине, «Қазақтан» әркім алдымен өзіне керегін іздері даусыз. Дегенмен, оның газет ретіндегі ең басты құндылығы қазақ тарихының аса бір күрделі кезеңінің маңызы жазба деректерінің бірі екендігінде ешкімнің таласы жоқ деп ойлаймыз. «Қазақ» газетінің тарихшы ғалымдар үшін басты құндылығы туралы М. Қойгелдиев: «…газет материалдары ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылдығындағы қазақ қоғамындағы болып өткен түрлі қоғамдық процестерді зерттеп тану үшін аса бағалы деректер болып табылады»-деп жазды53.

«Қазақ» сияқты, қазақ баспасөзі тарихында әлі бірде бір басылым көтеріліп көрмеген биікке көтерілген, сөздің шын мағынасында, жалпыұлттық сипатқа ие болған газет шығару үшін үлкен дайындық, көптеген адамдардың бірігіп еңбек етуі қажет болды. Ол туралы тарихшы М. Қойгелдиев: «Ә. Бөкейханов және А. Байтұрсынов бастаған белсенді топтың жалпыұлттық газет шығару ісін 1905 жылдан бастап қолға ала бастады»-деп54, олардың нақты атқарған істеріне тоқтай келе: «Егер қорыта айтсақ, «Қазақ» газеті, белгілі бір дәрежеде, сол кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалысының ең белсенді қайраткері А. Байтұрсынов және М. Дулатовтың үлкен еңбегінің ортақ жемісі еді55»-деген әділетті пікір айтады.

Қазақтардың күнделікті мұқтажын айқындап отыру үшін қазақ тілінде газет шығару қажеттілігі туралы айтып, өкімет алдына талап қойған 1905 жылғы Қарқаралы петициясы мен, тікелей «Қазақ» газетін шығару ісіне кіріскенге дейін едәуір уақыт қажет болды. Себебі, 1905-1907 жылдардағы қазақтарды да қамтыған саяси толқуларға басшылық жасап, белсенділік көрсеткен келешек газет шығарушылар патша жандармериясы тарапынан саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Жоғарыда аталған «Алаш» көсемдерінің үшеуі де әр түрлі уақыттарда тұтқындалып, бірінен кейін бірі, Семей түрмесіне жабылды. Аса қауіпті саяси қылмыскерлер ретінде Қазақстаннан тыс жерлерге жер аударылды. Тек, осындай тар жол тайғақ кешулерден кейін ғана, 1910 жылдан бастап, олар газет шығару ісімен тікелей айналысуға мүмкіндік алды. Зерттеуші Ө. Әбдиманов «Қазақ» газетін шығарудағы А. Байтұрсыновтың ұйымдастырушылық істерін айта келе: «Егер оның Орынборға 1910 жылы наурызда келгенін ескерсек, газет шығару дайындығына аттай үш жыл кеткенін аңғарамыз»,-дейді56.

«Қазақ» газетінің пайда болуы және газеттің 80 жылдығына арнап, оның қайта шығуы туралы 265-санынан кейінгі 266-санын шығаруда, Тіней Оразайдың Мұртазасының Файзолласының арқасында, оның құрылтайшылық және қаржылық жағынан идеяның мақұл тапқандығын газет тігіндісі мен Орынбор генерал-губернаторлығының құжаттары да дәлелдеп отыр»-дейді57.

«Қазақтың» қайта шығуына келсек Қ. Атабаевтың еңбектерінде-1993 жылдың 11 ақпанында «Егеменді елдің ерікті газеті» деген айдармен «Қазақтың» кезекті 266-санының шыққанын «Қазақтың» кейін «Қазақ үніне» айналуы, одан ең бастысы «Қазақтың» ол «Қазақ» емес екендігі сезіле бастады. Газетті бастырушы Оразай тегінің табылғанымен, «Қазақты» «Қазақ» еткен, оның жаны мен тәнін құраған Ахмет Байтұрсынов, М. Дулатов сияқты қыр баласының табылмағандығы туралы айтылады.

«Сондықтан, ол «Қазақты» қайта тірілтуге әуреленбей-ақ, оған мәңгі сақталар ұлт мұрасы ретінде қастерлеп қарасақ, ал «Қазақ үні» өзінің бет-бейнесін тапса дұрыс болар еді»-дейді58.

Сонымен, қорыта айтсақ, «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті қазақтың шын мәніндегі тұңғыш бейресми мерзімді басылымдары бола білді. Екеуі де баспасөзге деген ұлттық қажеттіліктің, қоғамдық сұраныстың нәтижесінде пайда болды. Және екеуі де бүгінгі ғасыр басындағы қазақ тарихының өзіндік ерекшеліктері бар қайнар көздерін құрап отыр.





ІІ. 2. ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМДАР ТАРИХЫНЫҢ БҰРМАЛАНУЫ


Қазақстан тарихының мерзімді баспасөзінің деректанулық еңбектеріндегі К.М. Атабаевтың «Қазақстан тарихының деректанулық негіздері» атты еңбегінде қарастырған ұлттық басылымдар тарихының бұрмалануы туралы айтуында. Соңғы жылдары баспасөз бетінде ұлттық мерзімді басылымдарды тарих дерегі ретінде қарастыру әрекеті жасалып жүр, ол қауанарлық жағдай екенін айта отырып, зерттеушілердің нақты басылымдарға қатысты мәліметтерді «сыннан» өткізіп, оқырманға тексерілген мәліметтерді жеткізудің орнына, шындыққа сай келмейтін мәліметтер ұсынғанын кездестіретінін айтып, мысалға келтіріп, Р. Құдабаеваның, 1993 жылы жарық көрген «Газета «Казах» как исторический источник»-деген мақаласындағы, «Қазақ» газетінің жабылар қарсаңындағы жағдайы және таралымы туралы ақпарат беретін: «….газета перед закрытием имела свою собственную типографию, большой запас бумаги, небольшую библиотеку, тираж превышал 800059»-деген жолдар «…газета перед закрытием имела свою собственную типографию, большой запас бумаги, небольшую библиотеку, тираж превышал 1800060»-деп келтіріліп, газет таралымы сол уақыттң өлшемімен қиял жетпейтін санға өсіп кеткен.

Одан әрі Р. Құдабаева француз зерттеушілері А. Беннингсен мен Ш. Лемарсье-Келькежейдің еңбектеріне сілтеме жасап: «Несмотря на ярлык» прислужницы царизма», газета «Казах» неоднократно подвергалась штрафным санкциям. В 1913-1914 годах газету арестовывали 26 раз61»-деп жазып, принципті қателік жіберген.

Ал айтылған мәліметтердің шындығына келсек, дәл сол жылдары «Қазақ» газеті бір де бір рет тұтқындалған да жабылған да жоқ. 1913-1914 жылдары газет аптасына бір рет шығып тұрған, кейіннен қайтадан аптасына бір рет шыға бастаған. Апталық болғандықтан бір нөмірімен екінші нөмердің арасы 7 күн, кейде ғана 10-11 күнге дейін барған. Біз оған газеттің әрбір нөмерінің шыққан күндерін бір-бірімен салыстырып көз жеткіздік.

Егер, газет ең болмаса бір рет тұтқындалса не жабылса, онда нөмірлер арасында мұндай тұрақтылық сақталмаған болар еді. Тұтқындалған, не жабылған газетті қайта шығару үшін біраз уақыт қажет болатындығы түсінікті. Мысалы, бірінші саны таратылып, екінші саны таратылып үлгірмей тұтқындалған «Серкені» зиялыларымыз қайтып шығара алған жоқ. Ал, 1918 жылы қаңтарда большевиктердің бұйрығымен бірінші рет жабылған «Қазақты» қайта шығару үшін жеті ай қажет болды.

Бейресми газеттің 5 жыл бойы үздіксіз шығып тұруы (қазақ халқының тарихында тұңғыш рет), әрине, патша өкіметінің жақсылығынан емес, сол газетті жаптырмау үшін барын салған Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлының жанкешті еңбектерінің арқасы еді. Біріншіден, олар газетті жабылудан сақтау үшін, әрбір сөзін аңдып сөйлеп, мың ойланып жүз толғанып барып жазуға мәжбүр болды. Екіншіден, газетті сақтау үшін Ахмет Байтұрсынұлы денсаулығының нашарлығына қарамастан бірнеше мәрте түрмеге отырды.

Демек, патша өкіметінің тұсында «Қазақ» газеті 26 рет тұтқындалды, не жабылды деп жазу, біріншіден, шындыққа сай емес, екіншіден, патша өкіметінің жергілікті шенеуніктерінің озбырлығын көрсету емес, бар қиыншылыққа төзіп, газетті 5 жыл бойы үзбей шығарып тұрған арыстарымыздың ерлікке бергісіз еңбектерін жоққа шығару болып табылады. Мәселенің принциптілігі де осында.

Олжас Сүлейменовтің сөзімен айтсақ: «Зерттеушілердің міндеті ескі бояудың үстіне баттастырып бояу жақпай, қайта соңғы сызықтардың ізін жойып, түпнұсқаға жету62», басқаша айтсақ, деректердегі қоспаның үстіне жаңа қоспалар қосу емес, керісінше, оны әр түрлі қоспадан айырып, оқырманға «таза» мәліметтер ұсыну. Екіншіден, зерттеушілер өз жауапкершіліктерін үнемі сезінулері қажет. Оның жіберген қателіктерінің басқаларды адастыруы мүмкін екендігін ұмытпаулары керек.

«Қазақ» газетінің тарихы туралы АҚШ-ғы Висконсон университетінің ғылыми қызметкері Дениз Балғамыш ханым да өз «зерттеулерін» жариялады. Оның айтуынша, большевиктер бұйрығымен Орынбордағы «Қазақ» газетінің негізгі бағытына қосылмайтын басым бөлігі «Үш жүз» деген социалистік саяси партия құрып, Ташкент қаласында осы аттас газет шығарды. Бұл газеттің редакторы Көлбай Тоғысов болды. «Үш жүзге» қосылмаған «Қазақтың» қызметкерлері бұрынғы бағыттарын жалғастыру үшін «Бірлік туы» газетін шығарып, осының маңына топтасты. Бұл газеттің редакторы болып Қожақан Сұлтанбек, Шоқай Мұстафа, Балғынбай Хайретин қызмет еткен»63.

Әрине, американдық түрік қызының өз қандастарының тарихын зерттемек болған әрекеті құптарлық іс. Оның шын ниетімен қазақ бауырларының тарихын білгісі келгендігіне еш күмәніміз жоқ. Дегенмен, шындық бәрінен де қымбат. Сондықтан көлемі жағынан алақандай ғана шағын мақалада тұтас бір ұлттың қадір тұтып, қастерлеп отырған жәдігерлері тарихының өрескел бұрмаланғандығын айтуға тиіспіз. Біріншіден, «Үш жүз» де, «Бірлік туы» да 1917 жылы, «Қазақ» газеті жабылмай тұрып шыға бастаған газеттер. Ол үшін газет біраз уақыт қатар шығып тұрған. Екіншіден, «Үш жүз» партиясының құрылуына да, оның газетінің шығуына да «Қазақ» газетінің редакция мүшелерінің ешқандай қатысы болған жоқ. Керісінше, «Қазақ» газетінің «Алаш» партиясының тілі ретінде «Үш жүзбен» жүргізген айтысы жалпыға белгілі тарихи факт. Үшіншіден, «Үш жүз» газеті Ташкентте емес Петропавл қаласында шыққан. Төртіншіден, Көлбай Тоғысов та, басқа аталған азаматтар да еш уақытта «Қазақ» газетінің редакциясында жұмыс істемеген. Сондықтан, «Үш жүз» және «Бірлік туы» газеттерін жабылған «Қазақ» газетінің қызметкерлері шығарды деудің еш қисыны жоқ.

Жалпы қазақ тарихының күрделі мәселелерінің бірі болып табылатын 1916 жылғы «Июнь жарлығына» қатысты туындаған оқиғаға қатысты «Қазақ» газетінің шығарушыларының ұстанған бағытын Д. Балғамыш: «Орыс үкіметінің сеніміне ие болып, жер мәселесінде өз мүдделерін өткізу үшін «Қазақ» газетінің шығарушылары 1916 жылғы патша жарлығына қолдау көрсетті64»-деп, өзінше түсіндірген.

Екі оттың ортасында қалған қазағын қайтсем аман алып шығамын деп, екі қасіреттің кішісін таңдауға мәжбүр болған Алаш ардагерлерінің, өз халқын амалсыз патша жарлығына көнуге шақыруын «орыс үкіметінің сеніміне ие болу үшін жасады»-деп, біздің тарихымызды үстірт білетін адам ғана жазуы мүмкін. «Қазақ» газетінің шығарушыларының кімдер екендігін білмейтін адам ғана, патша өкіметінің қазақтарға қарсы жүргізіп отырған зұлымдық саясатының қаншалықты терең екендігін жете түсініп, бүткіл саналы өмірлерін соған қарсы күреске арнаған Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы: «патшаның айтқанын істесек жерімізді тартып алуына тоқтататын шығар деп ойлады»-деп, жазуы мүмкін. Жұмсартып айтсақ бұл шындықтан тым алыс жатқан тұжырым. Мұндай мысалдарды тек «Қазақ» газетінің тарихына ғана қатысты емес, жалпы қазақ тарихының кез келген мәселлеріне байланысты келтіруге болады. Дегенмен, осының өзі де шетелдік авторлардың еңбектеріне ерекше көңіл бөліп, аса сақтықпен қараудың, олардың әр түрлі себептермен жіберілген қателіктерін дер кезінде түзетіп отырудың қажеттілігін көрсетеді деп ойлаймыз.

Қорыта айтсақ, ғасыр басындағы ұлттық басылымдармен жұмыс істеу барысында зерттеушілер жалпы басылымдарға тән ортақ проблемалармен немесе нақты басылымға ғана тән ерекшеліктерімен кездесіп отырады. Сондықтан, олар деректану ғылымымен таныс болулары тиіс. Ол зерттеушілерге деректерден «сыннан» өткен, ғылыми құндылығы жоғары мәліметтер алуға көмектеседі.


ІІ. 3. ХХ ғғ. 20-30 жж. ҚАЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗІНДЕ ҚАЗАҚ

ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТШЫЛ РЕТІНДЕ АЙЫПТАЛУЫ


ХХ ғасырда қазақ интеллигентері «ұлтшыл» ретінде айыпталып, мерзімді баспасөзі бетінде қуғын-сүргінге ұшырағаны белгілі.

20-жылдары тоталитарлық жүйе орнағаннан орын алған бұрмалаушылықтар мен қысаң саясаттың салдары қазақ халқының рухани санасына нұқсан келтірді.

20 жылдардың аяғында басталған қуғын-сүргін 30-шы жылдардың аяғына дейін ұлттық интеллигенция қатарын сиретті. Қазақ зиялыларының ішінде Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Асылбеков, С. Сәдуақасов сынды азаматтар «ұлтшылдар» деген жаламен қуғын-сүргін құрбандарына айналды. Сталиндік солақай саясат қазақ қоғамын идеологиялық қыспаққа алып, халық санасын бір уыста ұстауға тырысты.

1921 жылдың өзінде Міржақып Дулатов «Ақ жол» газетіне жарияланған «Қазақ зиялылары» деген мақаласында: «Бізді ұлтшыл қылған нәрсе біздің кемдікте, қорлықта жүргеніміз, көрінгеннен соққы жегеніміз»,-деп дәл тауып айтқан еді.

1925 жылдың 18 маусымында БК (б)П Орталық Комитетінің «Көркем әдебиет саласындағы партия саясаты туралы» қаулысы жарияланды. Қаулыда «пролетариаты жазушыларының үстемдігі әлі жоқ, партия бұл жазушыларға осы үстемдікті алудың тарихи құқығын иемденуге көмектесу керек» дей келіп кеңес әдебиетінде орын алған жат идеологияға қарсы күресуді күшейту қажеттігі баса айтылды. Сонымен бірге бұл қаулы жаңа әдебиет негіздерін белгілеп берді.

Қаулыдан кейін 1925 жылы пролетариат жазушыларының басын біріктірген Ресей пролетариат жазушыларының қауымдастығы құрылып, буржуазиялық идеологияға қарсы күрес жүргізу жұмысына жұмыла кірісті. Бір жылдан кейін Қазақстанда да Ресей пролатериат жазушылар қауымдастығының негізінде қазақ пролетарлық жазушылар қауымдастығы құрылды.

И.В. Сталиннің «ұлтшылдыққа» қарсы ұстанған саясатын басшылыққа ала отырып, қауымдастық өзінің «Жыл құсы» газетін шығарып, кеңес үкіметіне жат әдеби шығармаларды, буржуазиялық-ұлтшыл идеологияны әшкерелеуге белсене кірісті.

Үкімет тапсырмасымен қауымдастыққа Ұлы қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі қазақ әдебиетіндегі ағымдарды анықтау тапсырылды. Әсіресе байшыл-ұлтшыл жазушылар мен оның шашбауын көтерушілердің қатары әшкереленуге тиіс болды.

Ағымдарды айқындау С. Мұқановқа жүктелінді. БК (б)П Қазақ өлкелік баспа бөлімінің басшысы Ғ. Тоғжановқа берген есебінде С. Мұқанов қазақ әдебиеті саласын екі негізгі бағытқа алып көрсетті. Бірінші бағыты «ұлтшыл» бағыт деп атап, бұл ағымдағылардың қатарына Байтұрсынов, Омаров, Аймауытов, Дулатов, Жұмабаев, Әуезов, Досмұхамедов, Тілеулин, кемеңгеров, Нұрымов, Юсуповтарды жатқызды. С. Мұқанов көбіне аты аталған жазушылардың көркем шығармаларында қазақ халқының мәдени артта қалушылығы суреттелген, «бұл бағыттағылар коммунизмге ішкерілей енуге қазақ халқы әлі толықтай пісіп-жетілген жоқ, сондықтан олардың ең басты «ағарту» ісіне жұмылдыру қажет» деген пікірді де келтірді. Осы мақсатта олар мектептер үшін оқулықтар шығару үстінде екендігіне де тоқталды.

С. Мұқанов екінші бағыттағыларды «революциялық» деп атап, оның құрамына белгілі ақын-жазушы, драматург, тілшілер Төреқұлов, Жолдыбаев, Майлин, Сәдуақасов, Сейфуллин, Жансүгіров, Байділдин, Алдоңғаров, Басиловтарды жатқызады. Бұл бағыттағылар өз шығармаларында қазан революциясынан кейінгі қазақтың өмір шындығын айқындаған деп көрсетті.

С. Мұқанов кейіннен өлкелік партия комитеті баспасөз бөлімінің 44367 номерлі қатынас қағазына жауап ретінде жазған «Қазақтың көркем әдебиетінің қазіргі халі туралы менің пікірім» атты хатында қазақ әдебиетінде «коммунистік», «ұлтшыл», «нақты көзқарастары жоқ» деген үш бағыттың барлығын атап, бұл бағыттағылардың қатарына кімдер жататындығын, нені көксейтіндігін ашып көрсетті. Мәселен, «коммунистік» бағыт қатарына кеңес өкіметі мен коммунистік партияның билігін жақтаушылар, «ұлтшыл» бағытқа ескі өмірді көксеуші бай, билер, «нақты көзқарасы жоқтарға» билік кімнің қолында болса, соларды жақтаушыларды жатқызады.

Қазақ әдебиетінің жағдайы баспасөз беттерінде жарияланып жатты. Әсіресе қазақ әдебиетінің өркендеуіне жаршы болмай, күні өткен ескінің етегінен ұстауға тырысқан жазушы, ақындардың шығармалары мен өлең, толғаулары әшкереленді. Оған «байшыл-ұлтшыл» жазушылар мен оның шашбауын көтерушілер жатқызылып, қазақ кеңес әдебиетіне қарсы күрескен уақытта таңдаулы кеңес ақын-жазушыларын, олардың шығармаларын құбыжық етіп көрсетуге тырысты делінген айып тағылды.

1925 жылы басшы болып келген Ф.И. Голощекин Қазақстанға «шылдық, шілдікті» әкеліп, Сталин бастап берген зобалаңды жандандыра түсті. Ол қазақ зиялыларын бір-біріне қарсы қойып, жік-жікке бөлініп өзара жауласуларына жағдай жасап отырыды.

Сталиндік саясатқа қарсы шыққан зиялы қауым өкілдері «ұлтшыл», «пантүрікшіл» ретінде үнемі қысымға ұшырады. РК (б) П ХІІ съезіндегі И.В. Сталиннің ұлт мәселесіне жасаған баяндамасына орай пікірталасқа қатысқан. М.Х. Сұлтанғалиевтың «жергілікті ұлтшылдық» деген анықтамаға қарсы шығуы ақыры оның түрмеге жабылуына алып келді. М.Х.Сұлтанғалиевпен қоса «ұлтшы», «пантүрікшіл» айыптар Т.Рысқұловқа да тағылды.

Өлкелік партия ұйымы «ұлтшыл-буржуазияшыл бағытты ұстанған» деп тізімге алған зиялылар мен жазушыларды халық алдында масқаралап, мұқату, бір-біріне айдап салу саясатын жоғарыда аталған газеттер арқылы шебер пайдалана білді. Зиялылардың жік - жікке бөлініп, өзара қырқысуына мұрындық болды.

Ф. Голощекин бұл жүргізіп отырған саясатына қарсы шыққан зиялыларды қудалап, кеңес өкіметіне қарсы шығушылар есебінде көрсетуге тырысты. Мәселен, оларға алашордашылармен тығыз байланыста болды деген айыптар тақты. 1928 жылдың аяғында жалған айыптаулармен «буржуазияшыл ұлтшылар» атанған 44 зиялы қауым өкілдері қамауға алынды. Олардың ішінде «Алашорда» үкіметінің бұрынғы қайраткерлері М. Дулатов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Х. Ғаббасов және тағы басқа азаматтар бар еді. Аталған зиялылардың ішінен Ж. Аймауытов, сондай-ақ, А. Байділдин, Ғ. Бірімжанов, Д. Әбіловтер атылып, ал басқалары әр түрлі мерзімге сотталды. Қазақ ақыны Міржақып Дулатов лагерьде қаза тапса, ал қалғандары 1937-1938 жылдары атылды.

1937-1938 жылдары Сталиндік қуғын-сүргін өршіп, өзіне қарсы шыққандарды және қарсы шығады-ау деп қауіптенген зиялылардан құтылуға тырысты.

Зиялыларға жалған айыптар тағу, оны растау үшін өтірік куә тарту әдістері кеңінен қолданылыды. Әсіресе КСРО құрамындағы ұлт аймақтарындағы белді деген саяси қайраткерлерден құтылу жолы алдын - ала ойластырылды.

Кеңес үкіметіне қарсы топты әшкерелеуде газет - журналдардың ролі зор болды. Қазақ зиялыларының қылмысты әрекеттері «Еңбекші қазақ», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің беттерінде күнделікті әшкереленіп жатты. Буржуазиялық ұлтшылдардың идеологиясын насихаттаушылар қатарына жатқызылған қазақ жазушы, ақынды да «фашист», «ұлтшыл», «буржуазияшыл» делініп, олардың шығармашылықтары қатаң сыннан өтті.

«Ұлтшыл фашист», «халық жауы» деген жалған саяси айыптар Ғ. Тоғжанов, С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, А. Асылбековке де жабылды. «Қазақ әдебиеті» газетіне жарияланған «Халық жазушыларының жетегіндегі жазушы» деген мақалада: «Қайта туған қазақ халқының ежелгі жаулары Тоғжанов, Сейфуллин, Жансүгіров, Майлин сияқты ұлтшыл-фашист сұмырайлар қылмысы әшкереленіп қолға түсті. Халық жауларымен ауыз жаласып, олардың жетегіне еріп кеткен, өзінің партиялық, моральдық пішінінен айырылған, буржуазияның жырын жырлаған Мұқанов партия қатарынан шығарылды»-деп келтірген.

Жас жазушылардың бірі Ғ.Мүсірепов те «буржуазияны көксеуші ұлтшылдардың жаршысы» деген айыпқа ие болды. Оған алашордашыларды, қазақ халқының ата жаулары М.Дулатов, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және тағы басқа конттреволюционерлерді дәріптеді, солардың жырын жырлады, халық жауы Майлиннің контрреволюциялық пікірлерін жасырып, қорғаштауға тырысты деген айыптар тағылды. «Оның «Шұғыла» деген кітабы барып тұрған контрреволюциялық шығарма. «Шұғыланың» идеясы «Тулаған толқындағының» идеясынан да зиянды (Осы мақалада Ғ. Мүсіреповтің бұл шығармасы да зиянды деп сыналған-С.С.). «Шұғыла» да басынан аяғына шейін ешбір шындық жоқ. Мүсірепов кітабының көп жерінде большевиктерді масқаралап, социализмнің тамаша табыстарын, колхозды ауылдың гүлденген жаңа өмірін, социалистік қаладағы гүлденіп, құлпырған елдің жеңістерін жоққа шығарады.

Қысқасы, Мүсірепов өзінің шығармаларында жаулардың, қарасы өшкен ескі өмірді дәріптейді, жат, шірік идеяны пропагандалап көкке көтереді»,-деп келтірілді.

«Қазақ әдебиетінің» келесі санында Мұхтар Әуезов те ащы сынға ілікті. «Әуезовтың сөзі мен ісі неге бір жерден шықпайды» (авторы Мақатов-С.С.) деп аталған мақалада «1932 жылға дейін ашық байшыл - ұлтшылдардың жазушысы болып келді» деп айыпталған М. Әуезовтің «совет жазушысы болуға тырысамын, теріс пікірлерімді жоямын» деп берген уәдесінен тайқып, өткен қателіктерін іс жүзінде түзетудің орнына баяғы ұлтшылдық, байшылдық сарындағы шығармалар жазып жүргендігі, оның «Түнгі сарын» пьесасының өзі оның баяғы жазылған «Қилы заман» романының желісі деп келтірілді.

«Ұлтшыл фашистердің асырандысы» атанған Шамғали Сарыбаевқа тағылған айыптар «Алашорда көсемдері Байтұрсынов, Дулатовтардың сенімді адамдарының бірі, халық жаулары Ұ. Құлымбетов, Т. Жүргенов».

Мемлекет ісіне белсене араласып, өзін білікті қайраткер ретінде көрсеткен, «Қызыл Қазақстан» журналының редакторы, «Қазақ тілі», «Еңбекші қазақ» газетеріне қазақ жастарына, әйелдер, қалыңмал және тағы басқа мәселелерге арнап мақалалар жариялап, журналист ретінде таныла бастаған А. Асылбеков те баспасөз бетінде «ұлтшыл - фашист» ретінде әшкереленіп, қуғын-сүргінге ұшырады. Асылбеков пен Нұрсейітов сынды қайраткерлерге контрреволюциялық ұйым құрып, кеңес өкіметін құлатуға күш салды делінген жалған айып тағылды. Халық жаулары атанған Асылбеков бастаған топтың әрекеттері Қарағанды қаласында 1937 жылдың 16 қарашада өткен ашық сотта қаралып, айыптау қорытындылары шығарылды. Қоскелдиев төрағалық еткен сот барысында Нұрсейітовке «Контрреволюциялық тапсырмаларды сіз кімнен алдыңыз және оның практикалық маңызы қандай болды» деген сияқты бірнеше сұрақтар қойылып, барлық іске А. Асылбековтің тікелей басшылығы болғандығы анықталды өйтіп, А. Асылбеков «халық жауы», «зиянкес», «ұлтшыл-фашист» атанды.

«Қазақ әдебиеті» газетінде Есмағанбет Ысмайловтың «Жаз еркесі» атты өлеңдер жинағы да сынға ұшырады. «Жинақтағы өлеңдер,-деп келтірілді мақалада, - түгелімен социалистік реализмге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын буржуазия әдебиетінің стилі – символизм - күректілікпен жазылған».

Партия тарапынан қысымшылыққа тап болған Е. Ысмайлов арнайы тапсырмамен Сейфуллин, Майлин, Жансүгіров, Тоғжановтардың үстінен әшкерелеп мақала жазды. «…Олардың сөз жүзінде бүкіл революцияға совет халқын алдап, іс жүзінде революцияға шпиондық, диверциялық, зиянкестік-предателдік әрекеттер жүргізіп келгендігін бүкіл совет халқы, бүкіл Қазақстан жұртшылығының алдында айбынды НКВД (ІІХК-С.С.) органдарымыз жайып салды»,-деп жазуы, үкімет тарапынан берілген тапсырыс екендігінің нақты айғағы.

Сөйтіп, қорқыту - үркіту арқылы сталиндік үкімет шенеуніктерінің қысымшылығынан көпшілік зиялы қауым өкілдері саяси жүйенің алдамшы идеологиясының жетегіне кете барып, амалсыздықтан айтқандарынан шықпай, дегендерін істеді. «Ұлтшылдар» қатарына қосылып қаламын-ау деген қорқыныш әсерінен кеңес үкіметіне жақпаған азаматтарды жалған жаламен әшкерелеу ісіне белсене кірісті.

Ғылым саласындағы, әсіресе әдебиетшілер мен тарихшылар арасында бір-бірінің жазған еңбектеріне сыни көзбен қарау, олардан саяси қателік іздеу орын алды.

1937 жылы «Ауыл коммунисі» журналына М. Ақынжановтың «Баспасөзде Алашорда идеологиясының қалдығымен күресейік» атты көлемді мақаласы жарияланды. Автор Орталық Комитеттің тілі «Правда» газетінен үлгі алып, үйрене отырып, Қазақстан баспасөзінің контрреволюциялық қазақ ұлтшылдығымен аяусыз күрес жүргізіп, ұлтшылдардың сырларының әшкереленіп жатқандығын, алайда кейбір қазақ баспасөздерінде алашордашылардың, ұлтшылдардың едәуір ықпалы болып, олардың кейбір қазақ баспасөздерінде алашордашылардың, ұлтшылдардың едәуір ықпалы болып, олардың кейбір сарқыншағы әлі де болса жойылып бітпегендігін баса жазды. «1932 жылы Мәскеуде шыққан «Темірқазық» журналын алып қарасақ, бұл журнал Қазақстандағы партия ұйымына қарсы күрес ашумен болды.

Ұлтшыл - уклоншы Қожановтың, троцкист Сапаровтың ықпалымен шыққан Ташкенттегі «Сана», «Шолпан» журналдары мен «Ақжол» газеті ашықтан-ашық партияға қарсы болды, одан-бұдан қашқан ақтың, алашордашылардың, байшыл жазушылардың жалауын көтерді»,-деп келтірілді.

Мақалада ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қатысты зерттеу жүргізіп, ғылыми мақалалар жазған Әмина Мәметова мен Әзімбай Лекеровтар сынға ұшырады. Ә. Мәметоваға «ұлтшылдық пікірді қолдаушы, Троцкийдің контрреволюцияшыл теориясын жақтаушы» деген айыптар тағылса, ал Ә. Лекеровқа да «партиямыздың күресіп келген пікіріне қарсы шығушы» деген айып тағылды.

Бұл мақаланың да партия тапсырмасымен арнайы жазылғандығы байқалып тұр. Өйткені осы мақала кейін «Жер-жердің хатынан» деген айдармен журнал ұлтшылдармен күресу жолдары қалай жүргізіліп жатқандығы жөнінде Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген партия ұйымдарының нұсқаушылары, партия мүшелерінің шағын мақалаларын жариялаған. Мәселен, Аманкелді аудандық партия комитетінің жанындағы партиялық кабинетінің меңгерушісі 1937 жылдың қаңтар, ақпан айларында түпкір-түпкірінен келген партия ұйымдарының нұсқаушылары, партия мүшелерінің шағын мақалаларын жариялаған. Мәселен, Аманкелді аудандық партия комитетінің жанындағы партиялық кабинетінің меңгерушісі 1937 жылдың қаңтар, ақпан айларында түпкір-түпкірінен келген партия ұйымдарының нұсқаушылары, партия мүшелерінің шағын мақалаларын жариялаған. Мәселен, Аманкелді аудандық партия комитетінің жанындағы партиялық кабинетінің меңгерушісі 1937 жылдың қаңтар, ақпан айларында «Троцкист-зиновьевшіл фашист агенттері-халық жауы», «Контрреволюцияшыл қазақ ұлтшылдығы жаңа ұлтшыл жіктер туралы», «Оңшыл азғындар туралы» тақырыптарында 3 семинар өткізіп, осы тақырыпта пікірталастар жүргізген.

Үкімет басшыларының көңілін табудың жолында іскер, ұлт тағдырын ойлайтын азаматтарымыз мерзімді баспасөз арқылы осылайша қызыл террорға ілікті. Оның арты қуғынға айналып, ақыры «халық жауы» ретінде атылды, лагерьге айдалды, жылдар бойы түрмелерде отырды. Қуғындалған зиялылардың еңбектерін ауызға алуға, қолдануға тәуелсіздігімізге жеткенге дейін тиым салынды. Тарихшы М. Қозыбаев жазғандай, 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргіннен соң үрей билеген, пікір айтуға батылы бармайтын көнбіс халық қана қалды.



























ҚОРЫТЫНДЫ



Сонау ХХ ғасырдың бас кезінде халқымыздың біртуар перзенттерінің бірі Ахмет Байтұрсыновтың: «Газет - халықтың көзі, құлағы, һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек… Жұртым деп халықтың арын аралап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады» - деп жазуы мерзімді басылым, яғни газет-журналдың қоғамдағы атқарар жүгіне үлкен мән бергендігін көрсетеді. Айтылған баспасөз жөніндегі бұл тұжырымы бүгінге дейін өзінің маңызын жоғалтқан жоқ. Бүгінгі таңда баспасөздің қызметі бұрынғыдан да аса түсті. Өйткені, мемлекеттік идеологияны қалыптастыратын, халқымыздың өзіне тән мәдени құндылықтарын қорғайтын, жаңалықты ашық насихаттайтын, дамытатын баспасөз болып табылады. Бүгінгі таңда демократиялық елімізде баспасөздің қоғамдағы ролі айтарлықтай дәрежеге көтерілді. Ол бұрынғыдай насихатшы ғана емес, сонымен бірге, қоғамдық ой-пікірді қалыптастырушы да болып отыр. Сондай-ақ, баспасөз саласында бәсекелестік туындап, мемлекеттік емес газеттер пайда болды. Мемлекетіміздегі қоғамдық-саяси өзгерістердің нәтижесінде баспасөз де бұрынғы қасаң қағидалардан арылып, демократия үрдістері бойынша сан алуан тақырыптар төңірегінде қалам тербелуде.

Сонымен алғашқы мерзімді басылым газет - журналдар тарихының алғашқы қадамдары мен даму жолдарының, қазақ зиялыларының айтпақ ойларының, сол кездегі (ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы) қоғамда болып жатқан әр алуан, ірілі - ұсақты оқиғалар туралы дер кезінде оқырмандарына мәлімет жеткізу міндетін атқарған мерзімді басылым, уақыт өте келе баға жетпес құнды деректер көзіне айналады. Қазіргі қазақ баспасөзі қоғамымызда болып жатқан оқиғалардың барлығына ат салысып, өзекті мәселелерді дер кезінде көтеріп, қоғамдық пікір туғызып, солардың дұрыс шешілуіне мұрындық болып отырғандығы белгілі. Қазақ баспасөзі мемлекет тәуелсіздігінің нығаюы мен көркеюі жолында мейлінше зор қызмет атқаруда. Көп жағдайда баспасөз материалдары біздің өткеніміздің кейбір сәттері туралы мәлімет бере алатын бірден-бір дерек көзі болып шығады. Демек, ХХ ғасырдағы қазақ тарихын мерзімді басылымсыз толық ашып көрсету мүмкін емес деп сеніммен айта аламыз. Олай болса, алдымен сол мерзімді басылымдарды тарих дерегінің көзі ретінде зерттеу бүгінгі деректану ғылымының алдында тұрған міндеттерінің бірі. Сондықтан да Қазақстандық мерзімді басылымдар, әсіресе бүгінгі қазақ тіліндегі газет - журналдар Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде арнайы зерттелуі тиіс.

Қазақ мерзімді басылымының өз дәрежесінде ұлт мүддесі тұрғысынан зерттелуі, оның деректік маңызын ашуға, ондағы салынған ақпараттардың шынайы дәрежесін айқындауға, сол арқылы халық тарихын жазуға көмектеседі. Олай болса, ХХ ғасырдағы қазақ мерзімді басылымдарының пайда болуын, толықтық шынайылығын, ұлт мүддесі тұрғысынан зерттеуде мерзімді басылымды дерек көзі ретінде арнайы қарастыруға тиіспіз.














1СІЛТЕМЕЛЕР:

? Назарбаев Н.Ә. Бас редактормен кездесу. // Егемен Қазақстан. 1994. 2 шілде.

2 Рамаев И. Татарская периодическая печать. Альбом (1905-1925). Казань, 1926; қосымша қар.: Амирханов Д.У. Татарская демократическая печать (1905-1907). М., 1988. 10-б

3 Бұл да сонда, 11-б.

4 Айқап. 1914. №17. Үзінді мына кітап: Зиманов С.З., Идрисов К.З. Общественно-политические взгляды Мухамеджана Сералина. А., 1989. 48,49-б.

5 Әбілқасымов Б. Тұңғыштың тынысы. // Ана тілі. 1992. №8.

6 Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. 28-б.

7 Сонда. 38,39-б.

8 Субханбердина Ү. Қазақ халқының атамұралары. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. А., 1999. 864-б. Атабаев К.М. Қазақ баспасөзі. Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918). А., 2000. 101-б.

9 Зиманов С.З., Идрисов К.З. Общественно-политические взгляды М. Сералина,

10 Айқап, А., 1995. У. Субханбердинаның кіріспе мақаласы. Қазақ баспасөзі тарихынан, 21-б.

11 Басқа деректер бойынша газеттің алғашқы саны 1917 жылғы ақпанда шыққан.

12 Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары . А., 1964. 70-б. Қазақтың атамұралары. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. Құрастырған Ү. Субханбердина . А., 1999. 49,50-б.

13 Зиманов С.З., Идрисов К.З. Общественно-политические взгляды Мухамеджана Сералина,64б.

14 Аул (Кустанай), 1924. 10 мая.

15 Зиманов С.З., Идрисов К.З. Общественно-политические взгляды Мухамеджана Сералина,64б.

16 Бұл да сонда, 69-б.

17 Айқап, 1912. №4.

18 Айқап, 1911. №6.

19 Айқап, 1912. №3.

20 Айқап, А., 1995. 234, 235-б.

21 Айқап, 1914. №17.

22 Қар.: Сулейменов Р. Б. Ленинские идеи культурной революции и их осуществление в Казахстане. А., 1972. 95-б.

23 Антология педагогической мысли Казахстана. А., 1995. 201,202-б.

24 Айқап, 1912. №3.

25 Антология педагогической мысли Казахстана. А., 1995. 202-б.

26 Дулатов М. Шығармалары. А., 1991. 302-б.

27 Қар.: «Қазақ». Құрастырушылар: Ү. Субханбердина, С. Дәуітов, Қ. Сақов. А., 1998. 482-б.

28 Қар.: Бөкейханов А. Шығармалары (кіріспе, авт. М. Қойгелдиев), М., А.,1994.3-б

29 Атабаев К.М. Қазақ баспасөзі. Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918). А., 2000. 210-б.

30 Дулатов М. Шығармалары. А., 1991. 302-б.

31 «Қазақ» газеті. А., 1995.

32 Дулатов М. Шығармалары. А., 1991. 302-б.

33 Политическая жизнь русских мусульман до Февральской революции. Оксфорд, 14,15-б.

34 Байтұрсынов А. Ақ жол. А., 1991. 243-б.

35 Байтұрсынов А. Ақ жол. А., 18-б.

36 Таң-Шолпан. А., 200. 174-б.

37 Өлкедегі баспасөз тарихын зерттеуші, белгілі библиограф У. Субханбердинаның деректері бойынша Санкт-Петербургтегі М. Е. Салтыков-Щедрин атындағы кітапханада газеттің 22 нөмірі сақталынған.

38 Қар.: Нұрпейісова К. Алаш һәм Алашорда. А., 1995. 127-б.

39 Қазақ халқының атамұралары. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. Құрастырған: Ү. Субханбердина. А., 1999. 56,58-б.

40 Толығырақ қар.: Нұрпейісова К. Алаш һәм Алашорда. А., 133,169-б.

41 Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеудегі өрескел қателіктер //Социалистік Қазақстан., 1951.

42 Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. 55-б.

43 Зиманов С.З., Идрисов К.З. Общественно-политические взгляды Мухамеджана Сералина. А., Наука КазССР, 1989. 165. С. 64,70.

44 Сонда. 68-б.

45 Сонда. 64-б.

46 Сонда. 68-б.

47 С. М. [Сералин М.] «Айқап». 1995. 85-б.

48 Алашұғлы Азамат (Дулатов М.) Қазақ халқының бас адамдарына //Айқап, 1911. №7. 2,4-б.

49 Зиманов С.З. Идрисов К.З. Көрсетілген еңбек 7-б.

50 Ғалым-библиограф… 27-б.

51 Не екен ойландырған арыстарды ?// Ақиқат, 1998. №4. 78-б.

52 Нұрпейісов К. Алаш һәм алашорда. 26-б.

53 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. 141-б.

54 «Ш» Киргизская газета в Оренбурге. // Оренбургский край. 1913. №80. 6 февраля.

55 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. 144-б.

56 «Қазақ». 1993. №266.

57 Оразай Ф. «Қазақ» қайта шыға ма? //Қазақ әдебиеті. 1993. 29 қаңтар.

58 Атабаев К.М. Қазақ баспасөзі. Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918). А., 2000. 183-

59 Дулатұлы М. Көрсетілген еңбек 275-б.

60 Қудабаева Р. Газета “Казах” как исторический источник. В кн.: Казахстан в начале ХХ века. Сборник статей. А., 1993.

61 Сонда. 157-б.

62 Сүлейменов О. АЗиЯ.80-б.

63 Балғамыш Д. Газет неге «Қазақ» аталды //Қазақ әдебиеті. 1993.№10. 5 наурыз.

64 Сонда.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.


  1. Атабаев Қ.М. Қазақ баспасөзі: Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918) А., 2000.

  2. Атабаев Қ.М. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері А., 2002.

  3. Атабаев Қ.М. Мерзімді басылым-ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының дерегі ретінде. А., 1998.

  4. Атабаев Қ.М. Қазақ газеті. 1913 жыл. //Ақиқат. №5. 71,72-б.

  5. Атабаев Қ.М. Деректану көзі-ұлттық басылымдар.//Ақиқат. №6. 1998.71,75-б.

  6. Атабаев Қ.М. 1913-1918 жылдардағы “Қазақ” газеті.//Ақиқат. №7. 75,78-б.

  7. Ахмедов Ғ. Азалы жылдар. // Қазақ әдебиеті. №21. 1997. 27 мамыр.

  8. Азапты айдаудағы арман. //Егемен Қазақстан. 1997. 7 мамыр.

  9. Әбілқасымов Б. Тұңғыштың тынысы. // Ана тілі. 1998. №18.

  10. Қазақстан тарихы. ІІІ том., /көне заманнан бүгінге дейін/ А., 2002.

  11. Қозыбаев М. Ғұмырнама жанрын зерттеу мәселелері// Қазақ тарихы. №4. 1997.42-б.

  12. Оразай Ф. «Қазақ» қайта шыға ма? //Қазақ әдебиеті. 1993. 29 қаңтар.

  13. Не екен ойландырған арыстарды ?// Ақиқат, 1998. №4. 78-б.

  14. Жақып М. Сойыл соғар үнпарақтар.// Ақиқат. 1995. №5. 85,86-б.

  15. Жақып М. “Түркістан уалаятының газеті” және орыс баспасөзі.// Жұлдыз. 1996. №12.

  16. Шонанұлы Т. Жер тағдыры-ел тағдыры. // А., 1995. 224-б.

  17. Дулатов М. Шығармалары. А., 1991. 302-б.

  18. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. І том., А-Ә. А., 1998.132-б.

  19. Сармурзин А., Қойгелдиев М. Халықтың жарық жұлдызы. //Жұлдыз. 1990. №9.

  20. Момынова Б. “Қазақ” газеті және әдеби тіл //Ана тілі. 1993. 28 қаңтар

  21. Әнесұлы М. Газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі// Ана тілі. 1992. 7 мамыр.

  22. Ү. Сүбханбердина. Қазақ баспасөзі тарихынан.//А., 1995. 6-б.

  23. Кенжалин Ж. Ұлт рухын ұлығылайтын сөз-баспасөз.//Ақиқат. 1998. №6. 76-б.

  24. Тұрарбеков З. Революцияға дейінгі “Қазақстан” //Зерде. 1990. №7.46,47-б.

  25. Дениз Б. Газет неге “Қазақ” аталды? // Қазақ әдебиеті. 1993. №10. 5 наурыз.


1


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!