Материалдар / Баспасөз конференциясы (курстық жұмыс)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баспасөз конференциясы (курстық жұмыс)

Материал туралы қысқаша түсінік
Баспасөз конференциясы – баспасөз, радио, теледидар өкілдерінің жиналысы. Ондай жиналыстарды түрлі ресми адамдар, газеттердің, журналдардың, радио мен теледидардың (отандық, сондай-ақ шетелдік) қызметкерлері қабылдаған аса манызды шешімдермен, үкіметтің, түрлі қызмет дәрежесіндегі адамдардың, елдің ішкі жағдайы және халықаралық жағдай жөніндегі ой-пікірлерімен таныстыру, белгілі бір оқиғаға түсінік беру, баспасөз қызметкерлерінің түрлі сұрақтарына жауап беру мақсатымен өткізеді. Баспасөз конференциясы – бірнеше интервьюерлердің белгілі бір саланы жақсы білетін бір, не одан да көп адамдарға сұрақ қоюы арқылы ерекшеленетін сұхбаттың түрі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2023
204
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ....................................................................................................3


I Баспасөз конференциясының БАҚ-тағы алатын орны

1.1 Баспасөз конференциясының журналистикадағы маңызы..............5

1.2 Баспасөз конференцияларын ұйымдастыру және өткізу технологиясы.............................................................................................10

1.3 Баспасөз конференциясының құрылымы.........................................15


II Баспасөз конференциясы және іскерлік қарым-қатынас

2.1 Баспасөз конференциясының іскерлік қарым-қатынаспен байланысы.................................................................................................19


ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................28




























КІРІСПЕ


Баспасөз конференциясы – баспасөз, радио, теледидар өкілдерінің жиналысы. Ондай жиналыстарды түрлі ресми адамдар, газеттердің, журналдардың, радио мен теледидардың (отандық, сондай-ақ шетелдік) қызметкерлері қабылдаған аса манызды шешімдермен, үкіметтің, түрлі қызмет дәрежесіндегі адамдардың, елдің ішкі жағдайы және халықаралық жағдай жөніндегі ой-пікірлерімен таныстыру, белгілі бір оқиғаға түсінік беру, баспасөз қызметкерлерінің түрлі сұрақтарына жауап беру мақсатымен өткізеді.

Баспасөз конференциясы – бірнеше интервьюерлердің белгілі бір саланы жақсы білетін бір, не одан да көп адамдарға сұрақ қоюы арқылы ерекшеленетін сұхбаттың түрі.

Брифинг - журналистерге айтулы оқиға туралы қысқа түсінік беріп, оның жалпы барысы туралы баяндап, талқылануға тиіс тақырыптарға тоқталып өтетін жиын. Егер тақырып жалпы халықтың қызығушылығын туғызатын болса, кез келген баспасөз конференциясы бір уақытта телевизиялық бағдарламаға айналып шыға келуі әбден мүмкін.

Телевизияның талдамалы публицистикалық жанры ретінде пресс-конференцияны журналистердің өздері де өткізуі мүмкін. Мұндай телевизиялық баспасөз конференциясы кейде дауға ұласып, көрермендерді еліктіре түседі. Мұндайда телеаудиторияның өзі шындықты бірлесе іздеуге қызу кірісіп кетеді. Телевизиялық баспасөз конференциясында көбіне режиссуралық қысқартуларға түспейді. Кейде тікелей эфир арқылы таратылады. Бұл баспасөз конференциясында әрбір азамат сақтауға тиісті заңдылықтары болады.

Жүргізуші баспасөз конференциясы қатысушыларды таныстырып, олардың аз-кем сөйлеуіне мүмкіндік туғызады. Кейде мәселе жалпыға бірдей түсінікті болған жағдайда бірден сұрақтарға жауап беруден басталады. Бірақ, сұрақ қою баспасөз конференциясында төрағалық етуші адамның рұқсатымен жүзеге асады. Бұл жерде сұрақ қоюшы микрофон жеткенше шыдамдылық танытқаны дұрыс. Микрофон қолға тиген соң өзіңізді таныстырып, қай БАҚ-тан келгеніңізді айтып кеткеніңіз абзал. Сұрағыңызды жүйелі құрып, нақты, анық қоя білу де өнер. Бірнеше сұрақты бірінен соң бірін жаудыра берудің нәтижесі толымсыз жауап болмақ. Сондықтан, ой бір сұраққа сыйып тұрғаны абзал. Жауап берушімен жағаласып, жарысып сөйлеу – әдепсіздік.

Егер зал үлкен болса, сұрақты орныңыздан тұрып қойыңыз (бұл жауап беріп отырған адамның және камераға түсіріп жүрген оператордың сізді тез тауып алуына көмектеседі). Сіз жауап берушінің сөзін дұрыс тыңдамай немесе оның айтқандарын қасыңыздағы әріптесіңізге қабаттаса түсіндіріп тұрсаңыз, не отырған қонақтарға басқа да жағымсыз қылықтарыңызбен әдепсіздік көрсетсеңіз бұл ісіңіз жайсыз атмосфера қалыптастырады. Оның үстіне сіз бұл кезде камераның «қарауылында» тұрасыз.

Баспасөз конференциясы (міндетті түрде) жалпы халықтың қызығушылығын туғызатын маңызды мәселелерге арналады. Баспасөз конференциясы экономикалық, саяси, ғылыми мәселелерді терең қозғауға, жан-жақты талдауға құрылады.

Сырттай қарағанда журналистің пресс-конференцияға қатысуы қарапайым жұмыс. Ол отырады, тыңдайды, сұрақ қояды. Бірақ бұл телевидениедегі оңай жанр деп түсінуге болмайды. Себебі, журналист камера үлкен планда еркін ала алатындай қашықтықта отыруы керек. Еш нәрсені қалт жібермей мұқият тыңдау керек. Дұрыс сұрақ қою – бұл кез-келген адамға бірден беріле салмайтын шеберлік.

Курстық жұмыстын өзектілігі. Журналистикадағы баспасөз конференциясының маңыздылығы мен қалай өткізілу керектігін қамтитын ережелер және баспасөз конференциясындағы журналистің этикасы мен іскерлік қарым-қатынас жасаудағы баспасөз конференциясының, баспасөз релизінің және т.б. рөлі.

Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі баспасөз конференциясының журналистикадағы маңызына негізделсе, екінші бөлімде іскерлік қарым-қатынас пен журналистиканың байланысы көрсетіледі және баспасөз конференциясын өткізу туралы кеңестер қарастырылады. Сондай-ақ, қорытынды бөлім және пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.






















I Баспасөз конференциясының БАҚ-тағы алатын орны


1.1 Баспасөз бен баспасөз конференциясының журналистикадағы маңызы


Баспасөз конференциясы журналистер мен билік арасында қарым-қатынас орнату үшін тамаша дүние болып табылады. Мұндай іс шаралар 1913 жылдан бастап АҚШ-та көптеп өткізіле бастады. Өткен ғасырдың американдық президенті Дуайт Эйзенхауэр 1955 жылы 19 қаңтарда радио және теледидарда алғаш рет эфирге шыққан баспасөз мәслихатын өткізді.

Бүгінгі күнгі баспасөз конференциясы-бұл саясаткердің немесе шоу-бизнес жұлдызының журналистің сұрақтарына жауап беру арқылы эксклюзивті жаңалығын жариялаудың ең оңай жолы. Қоғам танитын адам үшін әр баспаға эксклюзивті жаңалығын бөлек-бөлек айтқанша, БАҚ құралдарын өзі шақырып, арнайы баспасөз конференциясын өткізген пайдалырақ болады.

Баспасөз конференциясы жанр ма? Ол сұхбатқа жақындау болғанымен, жауап бір ғана адамға емес, түрлі ақпарат көздерінен келген журналистер тобына арналады. Сұрақ жауабы баспасөз конференциясын ұйымдастырушы арнаулы адамның мәлімдемесінен алдын – ала байқалады. Онда қозғалатын актуальді мәселеге байланысты таңдалынып, тексерілген көзқарас қана хабарланады. Баспасөз конференциясы – сұхбаттан бұрыннан бар, бірақ БАҚ тәжірибесінде көп қолданылмаған түрі. Бұл көбіне белгілі адамдармен, басшы қызметкерлермен өткізілетін әңгіме. Баспасөз конференциясы ел көлеміндегі не әлемдік маңызға ие бір мәселеге арналады немесе қалыптасып отырған жағдайды көрермендерге түсіндіру мақсатында ұйымдастырылады.

  Кез келген баспасөз конференциясының тақырыбы көпшілікке ортақ қызығушылық тудырған жағдайда ол телевизиялық хабар бола алады. Кейде телевизия қызметкерлерінің өздері талдамалы публицистиканың телевизиялық жанрына ұқсас баспасөз конференциясын ұйымдастырады. Ондай жағдайда студияға көрнекті саясаткерлер, мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар шақырылып, әрі теледидар тарапынан сұрақ қоюшыларға шек қойылмайды. Алайда, сұрақ қою мүмкіндігі осы тақырып төңірегінде әйгіленіп жүрген танымал БАҚ – тың журналистеріне көбірек жасалынады. Мұндай телевизиялық баспасөз конференциясы кейде телеаудитория үшін қызғылықты, аса шиеленісті пікірталасқа ұласып, оның драматургиялық шешімі ұжымды ізденіске салып қояды. Көпшілігінде телевизиялық баспасөз конференциясы режиссер монтажынсыз тікелей де жүріп жатады. Дегенмен, баспасөз конференциясының өзінің қалыптасқан дәстүрі, орныққан қағидасын хабарға қатысушы әрбір адам біліп, оны сақтауы орынды.

Баспасөз конференциясын жүргізуші қонақтардың әрбірін таныстырып, олардың қысқаша мәлімдеме жасауына мүмкіндік береді. Кейде тақырып бәріне белгілі болған жағдайда сұрақ қою бірден басталады. Сұрақты баспасөз конференциясына төрағалық етушінің рұқсатымен ғана қойған жөн. Егер залға радиоқабылдағыш қойылған жағдайда микрофонды күткен орынды. Алдымен өзіңізді таныстырып және қызмет істейтін БАҚ туралы хабарлайсыз. Содан соң, мүмкіндігінше бір ғана қысқа, ықшам, айқын сұрақ қойылуы керек. Сұраққа жауап қайтарушымен пікір таластыру журналистің кәсіби этикасына жат нәрсе.

Баспасөз конференциясы актуалды мәселеге арналып, ол көпшілік аудиториясының қызығушылығын тудырады. Осы жанр аса маңызды экономикалық, саяси әлде ғылыми проблемаларды тереңнен көрсетудің біржақты мүмкіндігіне ие.

Баспасөз мәслихаты – органдардың, коғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, жеке қайраткерлердің белгілі бір мәселеге байланысты өздерінің көзқарасын, пікірлерін жария ету үшін ұйымдастыратын аудиториялық жиыны.

Мұнда көтерілетін мәселе бойынша тиісті орынның баспасөз хатшылығы журналистерге пресс-релиз (мәслихаттың тақырыптық мазмұндамасы) таратады. Баспасөз мәслихаты жиынды ұйымдастырушы жақтың қысқаша сөзімен ашылады. Одан кейін сұрақ-жауап түріне көшеді. Баспасөз мәслихаты пішімі жағынан сұхбат жанрына ұқсас болғанымен, мұндай жиыннан журналистер, көбінесе, қысқаша немесе кеңейтілген есеп жазады. Көтерілген мәселе туралы есепке журналист өзінің түсіндірмесі мен көзқарасын да қосып отырады.

"Баспасөз мәслихаты" 70-жылдарға тән жанрдың бірі студияда өтетін баспасөз мәслихаттары еді. Қоғам үшін өзекті тақырып табылғанда немесе Қазақстанға өте танымал тұлғалар ат басын тірегенде олармен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылатын. Оған тележурналистерден басқа газет пен журналдардың, радионың тілшілері шақырылып, жан-жақтан түрлі сұрақтар қойылады.

Баспасөз конференциясының екінші атауы брифинг десек қателеспейміз. Брифинг:

  1. Белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет ұстаған бағытты арнаулы өкілдің, БАҚ журналистердің алдында шағын мәжіліс өткізіп, баяндап беруі.Мысалы:халықаралық келіссөздерде болған мәмілені мәлімдеу, түсіндірме жасау.

  2. Үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссөзге қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми адамдардың ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі.

  3. Нұсқау, қысқа мәжіліс. Баспасөз өкілдерінің кездесуі. Онда белгілі бір мәселе төңірегінде үкіметтің позициясы баяндалады немесе халықаралық келіссөзге, конференцияға қатысушы жақтардың көзқарасы хабарланады.Брифинг баспасөз конференциясының үлгісі тәріздес. Брифингте мемлекеттің қандай да бір бағыттағы мәселеге көзқарасы ашық баяндалып, оған БАҚ-тың көзқарасы тексеріледі. Брифинг материалының баспасөз-конференциядағыдай баспасөзде жариялануы міндетті емес.

  4. Эксклюзивті пресс-конференция.

  5. Брифинг бұл сенімге кірген  журналистерге  арналған пресс-конференция. Брифинг мүмкін болған жағдайда кез-келген жерде өткізіле береді.Оның ғимаратта өтуі шарт емес, далада, су жағасында, балабақшада, саябақ аумағында кейде корабльде немесе ұшақта да өте береді.

Баспасөз маслихаты  — әдетте, ресми органдардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, жеке қайраткерлердің белгілі бір мәселеге байланысты өздерінің көзқарасын, пікірлерін жария ету үшін ұйымдастыратын аудиториялық жиыны. Көтерілер мәселе бойынша тиісті орынның баспасөз хатшылығы журналистерге пресс релиз (мәслихаттың тақырыптық мазмұндамасы) таратады. Баспасөз маслихаты жиынды ұйымдастырушы жақтың қысқаша сөзімен ашылады. Одан кейін сұрақ-жауап түріне көшеді. Баспасөз маслихаты пішімі жағынан сұхбат жанрына ұқсас болғанымен, мұндай жиыннан журналистер, көбінесе, қысқаша немесе кеңейтілген есеп жазады. Көтерілген мәселе туралы есепке журналист өзінің түсіндірмесі мен көзқарасын да қосып отырады.

Баспасөз релизі – баспасөзге арналған бюллетень түрі.

Тұрақты шығып туратын бюллетеннен өзгешелігі ол тұрақты шығарылмайды; қандай да бір қабылданған акция, мәлімдеме немесе жарияланымның мәтін сөздеріне, хабарланатын ақпаратқа қызығушылық кажеттілігі кезінде ғана шығарылады. Америкалықтар тәжірибесінде, пресс-релиз, тұрақты бюллетень негізінде қабылданған.

Баспасөз конференциясы – әдетте, ресми органдардың, қоғамдық ұйымдардын, саяси партиялардың, жеке қайраткерлердің белгілі бір мәселеге байланысты өздерінің көзқарасын, пікірлерін жария ету үшін ұйымдастыратын аудиториялық жиыны. Көтерілер мәселе бойынша тиісті орынның баспасөз хатшылығы журналистерге пресс-релиз (мәслихаттың тақырыптық мазмұндамасы) таратады. Баспасөз маслихаты жиынды ұйымдастырушы жақтың қысқаша сөзімен ашылады. Одан кейін сұрақ-жауап түріне көшеді. Баспасөз маслихаты пішімі жағынан сұхбат жанрына ұқсас болғанымен, мұндай жиыннан журналистер, көбінесе, қысқаша немесе кеңейтілген есеп жазады. Көтерілген мәселе туралы есепке журналист өзінің түсіндірмесі мен көзқарасын да қосып отырады. Баспасөзде мүмкін болатын жариялау үшін дайындалған ақпарат. Съезд, конференция, кеңесулер және т.б. өткізулер кезінде ұйымдастырылатын немесе әлдебір ұйым, мемлекеттік билік органдары жанында тұрақты қызмет ететін ақпарат қызметі. Конференция (conferentia, лат. confero - жинаймын) - мемлекеттер мен қоғамдық ұйымдар өкіпдерінің, әлдебір ұйымдар мүшелерінің, ғалымдардың жиналысы, мәжілісі.

Баспасөз - мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз - халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде

жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі - газет. Қағаз өндірісінің дамып, полиграфиялық технологияның бастапқы тәсілдерінің жетілдірілуіне байланысты Батыс Еуропада (Германияда - 1609 жылы, Ұлыбританияда - 1622 жылы, Францияда - 1631 жылы) алғашқы газеттер шыға бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылым - 1870 жылы Ташкент қаласында жарық көрген "Түркістан уәлаятының газеті". Бұл басылым қазақ даласында Ресей империясының отарлаушылық саясатын жүргізудің құралы ретінде дүниеге келгенімен, ұлттың Баспасөзін қалыптастырып, зиялы қауымның азаттық идеяларын бұқараға жеткізуде Баспасөздің маңызы зор екендігін түсінуіне ықпал етті. Мерзімді баспасөзге жататын журналдар, альмана мен бюллетендер шығу мерзімділігіне, көлемі мен безендірілуіне газеттен ерекшеленіп тұрады (қара Газет, Журнал, Альманах). Баспасөздің екінші түрі - мерзімсіз басылымдарға кітаптар, кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар, т.б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне түрі–кітап. Кітап басу ісі 8 9 ғасырларда Қытайда басталды. Алғаш рет ксилографиялық (ағаштан ойылған қалыппен басу) әдіспен буддистердің "Жақұт сутра" (868) деген қасиетті кітабы басылып шықты (Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келеді). Қазақ тіліндегі алғашқы кітап - "Сейфүл-мәлік қиссасы 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (қара Кітап). Қазіргі кезде Қазақстанда 1200-ден астам газет-журналдар, апталықтар жарық көреді. Сондай-ақ, әр түрлі меншік нысанындағы 260-тан астам баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар, буклеттер мен плакаттар, т.б. шығады. Республикадағы Баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңымен (1999, 23 шілде) реттеледі.

Президент, премьер-министр немесе белгілі бір мемлекеттік орынды иеленген басқа тұлға не басқа саяси қайраткердің бұқаралық. ақпарат құралдарымен байланысын жүзеге асыратын және оның сол немесе басқа мәселе бойынша көзқарасын жариялайтын өкілі.

Баспасөз Жанрлары – мерзімді баспасөзде жарияланатын публицистикалық шығармалардың сан алуан түрі. Жанрлық ерекшеліктер мәтіннің мазмұнына, жазылу пішіміне, деректерді іріктеп, сұрыптау немесе жинақтап, талдау ыңғайына, тілдік-стильдік әдісіне қарай айқындалады. Баспасөз Жанрларын, негізінен, 3 топқа: ақпаратты (хабар, есеп, сұхбат, репортаж), талдамалы (мақала, рецензия, шолу, хат) және көркем-публицистикалық (суреттеме, очерк, публицистика, эссе, баллада жанрларға бөлуге болады. Сондай-ақ, көркем-публицистикалық жанрлардың сатиралық түрлері (фельетон, памфлет, мысал, эпиграмма, пародия, шарж, т.б.) бар.

Баспасөз жанрлары белгілі бір оқиғаларды, құбылыстарды нақты деректер мен мәліметтерге сүйене отырып баяндайды. Әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктері мен сипаты әрі бәріне ортақ белгілері бар. Ақпаратты жанрлар күнделікті оқағаларды жедел де шынайы түрде хабарлап, жаңалықтар мен өзгерістерді оқырман қауымға қаз-қалпында жеткізуге тырысады. Талдамалы жанрларға оқиғаларды салыстыра зерттеу, деректер мен мәліметтерді тарата талдап, солардың төңірегінде ой қорыту, бағалау тәсілі тән. Ал, көркем-публицистикалық жанрлар типтік деректерді талдау, суреттеу әдісімен жазылады; әр қилы әдеби тәсілдер (даралау, образ жасау, мінез-құлық қақтығысы, оқиға шиеленісі, т.б.) арқылы әлдебір деректі құбылыстың ішкі мән-мазмұны мен идеялық сипатын көркем-публицистикалық деңгейде ашып көрсетеді. Сатиралық жанрлар әлеум. тұрмыстағы келеңсіз құбылыстар мен кертартпа қылықтарды юморлық не сатиралық пішіммен әшкерелейді, кемшіліктерді жоюға шақырады. Баспасөз Жанрларының негізгі, басты міндеті - өмірдегі нақты оқиғалар мен құбылыстардың күнделікті тізбегін жазу арқылы белгілі бір кезеңнің тарихи шежіресін жасау. Ол үшін журналистің білімі терең, ой-ерісі кең, жазу қабілеті мол болуы, сонымен қатар баспасөз жанрларының қыр-сырын жетік меңгеруі шарт. Баспасөз Жанрларын тиянақты меңгеру - журналистің кәсіби шығармашылық шеберлігін жетілдірудің, баспасөз материалдарының сапалық деңгейін арттырудың кепілі.

Баспасөз бостандығы - мемлекеттегі конституция кепілдік беретін адам құқылары мен бостандықтарының бірі. Ол баршаға ортақ әлеуметтік еркіндіктің - пікір айтып, сөз сөйлеу бостандығының құрамдас бөлігі ретінде саналган. 1789 жылы Францияда қабылданған Адам және азамат құқыларының бостандығы декларациясында (қара Француз революциясы) тұңғыш рет жарияланған Баспасөз бостандығы ұғымы баспасөз басылымдарын (газеттерді, журналдарды, т.б.) емін-еркін ашып, кез келген баспа өнімдерін қалауынша шығарып, таратудың, сондай-ақ, цензураға тыйым салудың мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі. Кейбір демократиялық мемлекеттердің арнаулы заңдарында асыра сілтеп, артық кететін өрескелдікке жол бермеу үшін Баспасөз бостандығына бірқатар шектеулер қойылады; бұл шектеулер сөз бостандығына қойылатын шектеулермен бірдей болады (қара Сөз бостандығы). ҚР Конституциясының 20-бабында сөз бен шығарма еркіндігіне кепілдік берілетінін, цензураға тыйым салынатынын, әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға қақылы екендігін атап көрсеткен. Сонымен қатар, "республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, насілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді" делінген. Дүние жүзінде бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа түрлері (теледидар, радио хабарлары, интернет, т.б.) көбейе түсуіне байланысты "Баспасөз бостандығы" деген ұғым ескіріп, соңғы кезде қабылданып жатқан заңдарда "бұқаралық ақпарат бостандығы" атауын қолдану дәстүрге айналды.



1.2 Баспасөз конференцияларын ұйымдастыру және өткізу технологиясы


Баспасөз конференциясы - ұйымдастырушы тоқталатын мəселеге ел назарын аударудың ең маңызды құралы. Баспасөз конференциясы не үшін қажет? Ең алдымен, бұл журналистермен кездесіп, оларға жеке жүгіну мүмкіндігі. Баспасөз мəслихатында алынған ақпарат неғұрлым беделді, сенімді жəне қызықты болып көрінеді, себебі дəл сол жерде егжей-тегжейлі нақтылауға, түсініктемелер мен қосымша материалдарды сұрауға болады. Баспасөз конференциясы табысты болу үшін оны мұқият дайындау керек. Сонда конференцияға журналистер көп келеді, баспасөзде жауап беру ауқымды болады. Ең алдымен, ұйымдастырушы айтқысы келетін нəрсе туралы ойлану міндетті. Бір жағынан, бұл ұйым жəне оның мақсаттары үшін маңызды болуы керек, екінші жағынан, бұл жаңалықты газетте оқи алатын, радиодан ести алатын немесе теледидардан көре алатын журналистерге жəне қарапайым адамдарға қызықты болуы керек. Баспасөз конференциясының тақырыбы ұйымдастырушы үшін ғана емес, көптеген адамдар үшін қызықты, өзекті, маңызды болуы керек. Ұйымдастырушы баспасөзбен сөйлесуге жақсы дайындуы маңызды: қажет болса, деректерді дайындау, сарапшыларды тарту қажет-себебі, ұйымдастырушыға күтпеген жəне арандатушылық сұрақтар қойылуы мүмкін. Талқылауға дайын болу керек.

Əрбір табысты баспасөз конференциясы бірнеше міндетті бөліктерден

тұрады:

  1. жүргізуші баспасөз конференциясының ашылуы;

  2. сөз сөйлеуші қатысушыларды ұсыну;

  3. жүргізушінің кіріспе сөзі (барлық жиналғандарға алғыс айту, баспасөз конференциясының себебін атау, сөз сөйлеушіге сөз беру);

  4. өтініш-əдетте 4 минуттан аспайды. Онда

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!