Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бастауыш мектеп оқушыларын кітаппен жұмыс істеуге үйрету
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бастауыш мектеп оқушыларын кітаппен жұмыс істеуге үйрету
Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған
гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
Мажитова Алтын Кайраткызы
Мектептегі оқу үрдісі бастауыш сынып оқушыларынан оқудағы дербестікті талап етеді. Осыған орай, оқу еңбегінің барысында оларды ең алдымен кітаппен жұмыс істеуге үйретуден бастаған жөн. Көптеген бастауыш сынып оқушылары кітап оқуды ұнатады.Бірақ ,олар кітапты таңдай білмейді.Сондықтан да, балалардың оқуы үшін кітап таңдап алуын үлкендер қадағалап отыруы тиіс.Ата-аналардың көбісі кез-келген кітапты оқу пайдалы, көп білгеннің зияны жоқ немесе балалардың кітап оқуын мұғалім мен кітапханашы ғана қадағалауы қажет деп ойлайды, бұл - қате пікір. Болашаққа жаңа ғана қадам басқан баланың оқуына ата-ана мен мұғалім бірлесе отырып басшылық жасап, бағыт беріп отыруы - әлеуметтік педагогикалық мәнді проблемалардың бірі. Балалар өздерінің үй кітапханасын жинай бастайды, бір -біріне өздері оқыған кітаптар жайлы әңгімелейді. Балалардың өздері ұнатқан кейіпкерлерге ұқсағысы да келіп тұрады.
Міне, сондықтан балалардың қолына олардың жасына сәйкес дұрыс тәрбие беретін кітаптарды таңдауын қадағалау қажет. Балалардың кітап оқуын қадағалағанда олар оқитын кітаптардың міндетті түрде әртүрлі тақырыптарда болуын олардың ішінде ертегілер , жануарлар мен өсімдіктер туралы әңгімелер , шытырман оқиғалы туындылар , музыка , өнер туралы әңгімелердің болуын ескерту қажет .
Кіші мектеп жасындағы балаларға кітапты көбіне ата-ана таңдайды. Сондықтан кітап таңдағанда балалардың жеке басының ынта - ықыласы мен қызығуларын ескеру керек. Балалардың шытырман оқиғаларға , өткір және бірден баурап алатын сюжеттерге ынтық болуы -табиғи жай. Бірақ мұны дұрыс арнаға салып отыру қажет. Баланың қызығушылығын , ынтасын анықтап , арттыруда кітапханадағы кітап көрмелері үлкен рөл атқарады. Әсем суреттерімен оқиға желісін сипаттайтын түрлі қызықты тақырыптарға арналған кітаптар баланы бірден өзіне баурап алады.
Бірінші сынып оқушыларынан алғашқы кезде мектепте саған бәрінен де көбірек ұнағаны не?-деп сұрасақ олардың көбісі ойланбастан, маған бәрінен де сынып көбірек ұнады және оқулықтар ұнады.Олар әдемі жасалған, ішінде көп суреттері бар, -деп жауап берер еді.Балалармен өткізілген танымдық , оқу формалары ,мәселен , дидактикалық ойындар, қызықты жаттығулар , тәжірибелік тапсырмалар , оқу , саяхаттар жасау , кино , деректі фильмдер көру балалардың ой-өрісін кеңейтеді, олардың жалпы дамуына көмектеседі. Сол секілді кітапханаларға барып оқуда ,олардың өздеріне деген сенімдерін, оқуға деген ынтасын арттырады.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу мәдениетін , оның ішінде кітаппен жұмыс істеуге баулуда оларға тікелей мұғалімнің оқушылармен жеке - жеке әңгімелесуі, әр оқушының кітапханадағы карточкасын тексеру, оқыған кітабының тізімін жасауды талап етулері керек.
Осыған орай, сыныпта кім көп оқыды, кызықты кітаптар туралы әңгімелер өткізіп отыруға болады. Мұнда балаларды тек басқа балалардан қаншалықты көп оқығаны туралы емес , оны қаншалықты түсініп оқығаны жайлы да сұрақ қойып отыру орынды. Сонда ғана бала саналы түрде түсініп оқиды, кітап оны алға жетелейді.
Әр баланың өзіне ғана тән талғамы , қызығушылығы бар , бұл жерде балаға көп көрсететін кітапханашы болып табылады. Кітапханашы олармен әңгімелесіп, оны жалықтырмайтын, кітапқа деген ынтасын арттыратын кітаптарды ұсынған жөн. Егер баланы өсімдіктердің немесе жан - жануарлардың өмірі , саяхаттар қызықтыратын болса , кітапханашы олардың оқу пәндерін меңгеруіне көмектесетін әдебиеттерді де таңдауды үнемі есіне салып отыруы қажет.
Сонымен қатар , балаларға арналған газет- журналдарды жаздырып алып , өз беттерінше жариялаған материалдарды талдауды да естен шығармауды ескерту керек. Егер ондай мүмкіндік болмаса , кітапхананың қорын пайдалануды ұсынған жөн.
Бастауыш сынып жасындағы бала балаларды кітап оқу еңбегіне тәрбиелеуде баланың өзінің жеке кітапханасының болуы , жолдастарымен кітап алмастыруына рұқсат ету баланың кітапқа деген ынтасын арттырады.
Мұғалім баланың кітапты қалай оқу керек екенін түсіндіріп айтып отыруы керек. Балаларды кітап оқуда кітаптың авторы мен аты , баспасы және шыққан жылынан бастап оқуға үйрету керек. Әдетте, балалар онда жазылғандарға назар аудармайды , оларды есте сақтауға тырыспайды. Мұндай жағдай баланың өзі оқыған кітабы туралы басқаларға әңгімелей беруіне кедергі жасайды.
Кейбір ата-аналар кітапты бастан-аяқ өздері оқып беріп отырады. Кейін біртіндеп өзі оқып кетеді,-деп ойлайды . Бұдан бала өздігінен еңбек етуге талпынбайды, бәрін ата-ана немесе басқалар жасап бергенге әбден үйреніп кетеді.
Үлкендер балалардан кітаптың авторы мен суретшісінің аты-жөні туралы , кітаптың атын есте сақтап қалуды шыдамдылықпен және тұрақты түрде талап етіп отыруы тиіс.Кітапты оқи бастаған кезде баладан , бұдан бұрын бұл жазушының қандай кітаптарын оқығанын және ол жазушы туралы не білетінін сұрап отырған пайдалы.
Бастауыш сынып жасындағы балалар үшін кітаптағы суреттердің тәрбиелік мәні зор. Олар баланың оқығандарын түсінуіне , есте сақтауына көмектеседі.Көптеген суреттер бала тікелей көре алмайтын оқиғалар мен заттар жөнінде мағлұматтар береді.Суреттер арқылы алыс елдерде , космоста , мұхиттарда болып қайтқандай әсерлерде болады.Сондықтан да балаларды кітап суреттеріне мән берудің маңызы зор екендігін естен шығармау керек.Көп ретте балалар суреттерді қарағанымен ,ондағы оқиғаларды көре білмейді. Сондықтан үлкендер оларға мына суретте нелер бейнеленген ? суреттегі адамдардың аттары қалай? олар не істеп жатыр? олардың әрекеттері дұрыс па?- деген секілді, сұрақтар қойып , олардың жауабына дұрыс баға беріп отырған жөн.
Балалардың өзі оқығандары жайлы айтып беріп отырғандары дұрыс . Себебі әңгіме арқылы олардың ойлау , сөйлеу қабелеті дамиды.
Балаларды өз беттерімен оқуға үйрету үшін мұғалімдер мынадай тәсілді жиі қолданады . балаға дауыстап кітап оқып береді де, ең қызықты деген жерге келгенде оны оқуды балаға тапсырады. Кітаптағы оқиғаға еліктеп , кейіпкерлердің одан әрі не ітегенін білуге ынтыққан бала көбіне кітапты қызығып оқып кетеді.Әрине бұдан кейін одан оқыған кітабы туралы сұрап , өзі оқығаны үшін мадақтау, мұнан кейін баланың кітапты өзі оқи алатындығына сенімі артып , оқуға құштарлық , тұрақты мінез қалыптасады.
Бірте -бірте балалар дауыстап және өздігінен оқып та үйренеді. Оқығандары туралы тұжырымдап айтып , сипаттама бере алады және осы мүмкіндіктерді пайдаланып , үлкендер балалармен әңгімелескенде кітаптағы ең басты нәрсені анықтауға тырысады олардың басты кейіпкер туралы ойлары, өздерін солардың орнында елестетсе қандай шшешім қабылдар еді деген секілді сұрақтарға жауап алуға тырысқан жөн.
2-3 сынып оқушыларын көбінесе кітапханаға жазылуға ата-аналар ертіп әкеледі, бұл кітапханашыға ата-аналармен танысып, бірлесіп жұмыс істеуіне , баланың мінезі мен әдетін біліп, онымен жақынырақ танысуға жағдай туғызады.
Кітапты ұстау мәдениеті де ,міне , осы кезден бастап қолға алынады . Біріншіден , балаларды кітапты ұстауға үйрету керек . Оларға кітапты кез келген жерде тастай салуға , беттерін бүктеуге , суреттерімен беттерін жыртып алуға болмайтынынескеріп отыру керек.Әсіресе кітапханадан алған кітапты мұқият күтіп ұстап , оны мерзімді уақытында қайта тапсыру әдетін қалыптасады.
Балаларды кітап оқу гигиенасының негізгі ережелерін сақтауға үйрету қажет . Кітап оқыған кезде бөлменің ауасы тазартылып , жарықтың мол және жеткілікті болуы қажет . Кітап оқыған кезде бөлменің ауасы тазартылып , жарықтың мол және жеткілікті болуы қажет. Әлсіз жарық кезде кітап оқуға болмайды.Кітап жатқан үстел беті мен шырақтың ара қашықтығы 1 метрден , кітап пен көздің ара қашықтығы 35-40 сантиметрден кем болмауы керек. Оқу кезінде әрбір 45-50 минуттан соң дем алдырып отырған дұрыс.
Бастауыш сынып оқушыларын кітаппен жұмыс істеуге баулу ата-аналар мен ұстаздар қауымы, кітапханашылар бірлесіп атқараын жауапты іс. Еліміздің болашағы , жас бүлдіршіндеріміздің саналы да білімді , тәрбиелі азамат болып өсуі осындай еңбектердің жемісі екендігін түсінгеніміз дұрыс.