Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бастауыш мектепте ойын технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ӘОК 37
Сагнтай Ф.Ж., Педагогика жоғары мектебінің студенті
Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
«БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ САБАҚҚА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ»
Аннотация. Бұл жобада бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығы мен ақыл-ой белсенділігінің төмендігі, оқытудың қазіргі заманда қолданудың тиімділігінің болмауы және осы мәселелерде ойын технологиясы мен оқыту әдістерінің тигізер әсері қарастырылған. Зерттеу жүргізу арқылы біз бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтарын арттыру мәселелсінің шешімін таптық. Қызығушылықпен қоса ойын технологиясының осы мәселедегі әсерін, көмегін анық көрсете білдік. Ғылыми, ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау жасап, теориялық және эмпирикалық әдістерді қолдана отырып зерттеуіміздің шешімін шығара алдық. Зерттеудің нәтижесінде біз бастауыш сынып жасындағы оқушылардың ойын технологияласын қолдану арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, оқушылардың білім деңгейлерінің көтерілгендігін байқадық. Салыстырмалы жұмыстар жүргізіп, технологияның пайдасын нақты байқай алдық.
Сонымен қоса, ойын және ойын технологиясы жайында зерттеуші ғалымдардың ой пікірлері түйінделіп көрсетілді. Бірнеше әдістемелерді қолдану арқылы оқуышлардың білім деңгейлерін анықтап, диагностикалық жұмыстар жүргіздік. Оқушылардың оқу процесін қабылдауы, есінде сақтауы, зейіні, ойлауы осының барлығы тікелей қызығушылықпен байланысты екендігін анықтадық. Зерттеу нәтижесінде, аталып өткен технологияның бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының арттыруында тиімді екені баяндалған.
Кілтті сөздер: ойын технологиясы, бастауыш мектеп жасы, бастауыш сынып оқушылары, ойын, қызығушылық, әдіс, ақыл-ой, тәсілдер, даму.
Аннотация. Данный проект предусматривает низкий интерес и умственную активность младших школьников к урокам, отсутствие эффективности применения обучения в современном мире и влияние игровых технологий и методов обучения в этих вопросах. Проводя исследование, мы нашли решение проблемы повышения интереса младших школьников. Вместе с интересом мы смогли наглядно показать влияние, помощь игровой технологии в этом вопросе. Проанализировав научную, научно-методическую литературу, мы смогли вывести решение нашего исследования с использованием теоретических и эмпирических методов. В результате исследования мы наблюдали повышение уровня знаний учащихся младшего школьного возраста, повышая их интерес к занятиям с помощью игровых технологий. Мы смогли провести сравнительную работу и четко заметить преимущества технологии.
Также были обобщены мнения ученых-исследователей об играх и игровых технологиях. Используя несколько методик, мы определили уровень знаний учащихся и провели диагностическую работу. Мы обнаружили, что восприятие, память, внимание, мышление учащихся учебного процесса напрямую связаны с интересом. В результате исследования было отмечено, что отмеченная технология эффективна в повышении познавательных интересов младших школьников.
Ключевые слова: игровая технология, возраст начальной школы, ученики начальной школы, игра, любопытство, метод, интеллект, подходы, развитие.
Annotation. This project considers the low interest and mental activity of Primary School students in classes, the lack of effectiveness of the use of teaching in modern times and the impact of Game Technology and teaching methods on these issues. By conducting research, we found a solution to the problem of increasing the interests of Primary School students. In addition to interest, we clearly demonstrated the influence and assistance of Game Technology in this matter. We were able to analyze the scientific, scientific methodological literature and solve our research using theoretical and empirical methods. As a result of the study, we noticed an increase in the level of knowledge of students in primary school age, increasing their interest in the lesson through the use of Game Technology. We were able to conduct comparative work and clearly observe the benefits of technology.
In addition, the opinions of research scientists about the game and Game Technology were summarized. Using several methods, we determined the level of knowledge of students and conducted diagnostic work. We found that students ' perception, memory, attention, and thinking of the learning process are all directly related to interest. As a result of the study, it was noted that this technology is effective in increasing the cognitive interests of Primary School students.
Key words: Game Technology, primary school age, primary school students, Game, interest, method, intelligence, approaches, development.
Кіріспе
Қaзіргі кeздeгі мәceлeлeрдің бірі дeп oқyшылaрының caбaқтaрғa дeгeн қызығyшылығының төмeндігін aйтyғa бoлaды. Бүгінгі тaңдaғы ұcтaздaр aлдындaғы міндeт – жac ұрпaқты eгeмeнді eліміздің тұтқacы бoлaтын жaн-жaқты дaмығaн aзaмaт eтіп тәрбиeлey. Oл үшін oқy үрдіcін жaңaртып, oқытyдың жaңa пeдaгoгикaлық тeхнoлoгиялaрын кeңінeн қoлдaнып caбaқты түрлeндірe өтyдің мaңызы зoр. Oйын aрқылы oқытy – oқyшының қызығyшылығын aрттырyдың бірдeн – бір жoлы. Caбaқтa қызықты мaтeриaлдaрды пaйдaлaнa oтырып, oйын aрқылы oқытy тaнымдық әрeкeттeргe үлкeн нәтижe бeрeтінінe мұғaлімдeрдің нeмқұрaйлылығы, мән бeрмeйтіндігі aқиқaт. Oқyшылaрдың тaнымдық қaбілeттeрінің төмeндігі білім caпacының нәтижeлігінe кeрі әceрін тигізeді. Зeрттeyіміздің басты мәceлecі бacтayыш cынып oқyшылaрының caбaққa дeгeн қызығyшылықтaрының төмeндігі. Бұл мәceлeдe біз бacтayыш cынып oқyшылaрын зeрттeй oтырып, oйын тeхнoлoгияcын қoлдaнy aрқылы oқyшылaрдың caбaққa дeгeн қызығyшылығының aртy дeңгeйін aнықтayғa aрнaлғaн.
Бұл жұмыстын басқалардан айырмашылығы, жаңашылдығы: Бастауыш сынып оқушыларының оқу процесінде қызығушылықтарын арттыуда ойын арқылы оқыту технологиясының тиімді деп санаған тәсілдерін қолданып, жаңаша тапсырмалар мен платформаларды қолдандық.
Зерттеу нысанына: бастауыш сынып оқушылары бақылауға алынды.
Зерттеуіміз бастауыш мектепте ойын технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мәселесі аясында жүргізілді.
Сондықтан, қарастырылып отрыған мәселені шешу үшін осындай мақсат қойдық: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ойын технологиясы арқылы арттыру.
Қойылған мақсатты шешу үшін келесі міндеттер тұжырымдалды:
1. Ғылымилық, ғылыми әдістемелердің әдебиеттеріне талдау жасау;
2. Бастауыш сынып оқушыларының сабақ барысында қызығушылықтарын арттыру жолдарын анықтау ;
3. Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың қызығушылық деңгейін көтеру.
Егер, үздікcіз білім бeрy прoцecіндe oйын тeхнoлoгияcы қoлдaнылca, онда oқyшылaрдың сабаққа деген қызығушылықтары артып, өз мүмкіндіктeрін бaйқaтa aлaды және білім дeңгeйлeрі жoғaрлayшы eді, өйткeні oлaрдың өздeрінe дeгeн ceнімдeрі aртaды жәнe қaндaйдa бір қoлдayды, қызығyшылықты ceзеді.
Негізгі бөлім
Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс-әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға, т.б. үйренеді. Сол үшін тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жалқаулыққа әкеледі.[1,1-б.]
Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын өткізетін болса оқушылар тез серігіп, тапсырманы ықыластана, әрі сапалы орындайтын болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық маңызы зор. [2, 136-б.]
Оқу барысында аса маңыздыларының бірі - қызығу. Қызығу - оқушы тарыпынан танылған іс-әрекеттердің аса маңызды, нақты себебі. Қызығу - бұл оқушының нысан немесе құбылысты меңгеруге ұмтылысында, белгілі әрекет түрін игеруде көрінетін танымдық қажеттену формасы. [3, 156-б.]
Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың оқуға қызығушылығын оятудағы өзіндік белгілерін ескеру қажет.
Ішкі белгілер:
-
сабаққа белсенді қатысу;
-
сабақ үстінде сұрақ қою;
-
пәнмен айналысам деген тілегі;
-
берілген тапсырмаларды толығымен орындауы.
Сыртқы белгілері:
-
оқушылардың көңіл-күйінің көтерілуі;
-
көздерінде ұшқын пайда болуы;
-
бет-әлпетіндегі қуаныштың көрінісі [4, 105-б.].
Бүгінгі таңда ойын технологиялары мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жалпы оқу интеллектуалдық біліктерін қалыптастыруда ерекше мәнге ие болады.
Ойындарды балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде пайдалану проблемасын көптеген педагогтар мен психологтар қарастырған. Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда ойынның педагогикалық мүмкіндіктері туралы Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Р.Оуэн, Ф.Фребель, К.Д.Ушинский, П.Ф.Лесгафт, Л.Н.Толстой, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомолинский ерекше атап өткен. Ойын теориясы мен практикасын жасауға көрнекті психологтар Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, П.П.Блонский және т.б. үлес қосты. Ойын теориясы мәселесіне неміс ағартушылары Ф.Шиллер, К.Гросс, В.Вундт және ағылшын әлеументтанушысы Г.Спенсер ерекше ден қойды.
Оқытудың құралы ретінде дидактикалық ойындарды пайдалану әдіскер ғалымдардың еңбектерінде де көп айтылды (М. И. Микитинская, Т. К. Жикалкина, т.б.). [5, 42-б.].
Зерттеу мәселесіне байланысты жүргізілген тәжірибелік эксперименттік жұмыстар 3 «Ә», «В» сыныптарына жүргізілді.
Зерттеу жұмысының тақырыбына байланысты тәжірибелік- эксперименттік жұмыстар үш кезеңге бөліп жүргізілді:
-
Анықтау;
-
Қалыпастырушы;
-
Бакылау.
Тәжірибелік экспериментті жүргізу барысында 1-кезең анықтау кезеңінде оқушылардың назарын ойынға аудару арқылы олардың ынта -жігерін және қызығушылық қабілеттерін сонымен қатар білім сапасын дамытуды анықтауға бағытталған. Сонымен қатар ойын әдістерін сабаққа кіріктіре отыра, қызығушылық қабілетін дамытуға арналған бірнеше әдістеме қолданылды.
Біз эксперимент барысында мынадай әдістеме түрлерін жүргізуді жөн көрдік
1. О.H. Ткачеваның «Деңгейлеп оқыту» әдістемесі.
2. Н.Е Богуславскийдің «Қалай істеу керек?» әдістемесі.
3.В.М.Зайцевтің «Қызықты сурет» әдістемесі.
Сурет 1 - 3-сынып оқушыларының анықтау кезеңінде жүргізілген үш әдістеме бойынша салыстырмалы көрсеткіштері
Қалыптастыру кезеңінде мақсатымыз: оқушылардың анықтау кезеңінде анықтаған кемшіліктерді ескере отырып, олардың сабақтарына әр түрлі ойын әдістері мен жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді кіріктіре отырып, олардың сабаққа деген қызығушылықтарын дамыту және білім деңгейін арттыру.
Ойын әдістерін пайдалану арқылы өтілген сабактар оқушылар үшін қызықты болмақ. Ойын технологияларының арқасында оқушылардың білім деңгейі артқанын байқаймыз.
Қалыптастыру кезеңінде 3 «В» сыныбының күнтізбелік жоспары негізге алынды. Оқу сабақтарында оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру үшін бірнеше сабақ өткізілді. Әр сабаққа міндетті түрде ойын әдістері мен жаңа технология кіріктірілді. Сонымен катар білім денгейін көтеруге қызықты тапсырмалар қолданылды.
Қорытынды эксперименттің барысында бастауыш сынып оқушыларына ойын әдістерін сабаққа кіріктіру арқылы қолдану қаншалықты тиімді болғандығы анықталды. Эксперименттік сынып 3 «В» сынып оқушыларын барлық эксперимент барысында бақылап отырылды.
Қалыптастырушы кезеңде сабақта атқарылған жұмыс түрлері бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын тудыру үшін ойын әдістерін қолдан иімділігі анықталды. Ойын әдістерін қолданған кезде оқушы бойында шапшаңдылыққа, сабаққа деген ынтасы артады және басқа топпен жұмыс жасау дағдыларын меңгереді. Жұмысымыздың қорытындысын көру үшін анықтау кезеңінде жүргізілген әдістемелер қайтадан өткізілді.
Біз аталған әдістемелерді жүргізгеннен кейін, эксперименттік сынып пен бақылау сыныптарына салыстыру жұмысын жүргіздік. Жүргізілген әдістемелер нәтижесінде 3 «В» сыныбының оқулыларын ойын арқылы сабаққа деген қызығушылықтары мен білім деңгейі 3 «Ә» сыныбына қарағанда біразға артқандығын байқауға болаты. Салыстыру нәтижелері 2-суретте көрсетілді.
Сурет 2 - 3-сынып оқушыларының анықтау кезеңінде жүргізілген үш әдістеме бойынша салыстырмалы көрсеткіштері
Қорытынды
«Бастауыш мектепте ойын технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру» атты ғылыми зерттеу жұмысының ғылыми болжамы дәлелденді және бірнеше теориялық және қолданбалы нәтижелер алынды.
Зерттеу барысында дайындалып, тәжірибеден өткен зерттеудің мақсаты - оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ойын технологиясы арқылы арттыру мүмкін болғандығы дәлелденді.
Зерттеу міндетіне сәйкес әзірленіп, бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде тәжірибеден өткен «Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылқтарын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жүйесі» бастауыш сынып оқушыларында қызығушылықты, ойын технологиясының тиімділігін қалыптастыруды жүзеге асырды, тапсырмалар жүйесін жүргізу барысындағы қолданылған әдіс оқушылардың теориялық ойлауының жетілуіне, ақпаратты қайта өңдеу дағдыларының қалыптасуына, сыни және шығармашыл ойлауға, реттеушілік біліктерін игеруіне тиімді ықпал етті.
Осы ғылыми жобаны қорытындылай келе білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі болса, қазіргі кездегі білім беру - оқушының пікірін бағалау, оқушының айтарына дұрыс баға беру және оны қолдау басты міндет болып табылады. Мұғалімнің ұйымдастырушылық қабілеті мықты болса оның нәтижесі - сапалы, жоғарғы деңгейлі білім болып табылады. Осыған орай әр пәнді, соның ішінде бастауыш сынып пәнін оқытудың ғылыми дәрежесі неғұрлым жоғары болуын қамтамасыз ету.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Әділхан Г.Б., Білім айнасы газеті «Ойын арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру», 2021.
-
Макаренко А.С. о воспитании: Золотой фонд педагогики / сост. Д.И. Латышина. - М.: Школьная Пресса, 2003. - 192 с.
-
Бабаев С.Б., «Бастауыш мектеп педагогикасы» оқу құралы, 2013ж.- 416 бет.
-
Щукина Г.Н. «Педагогические проблемы формирования познавательных интересов», M., 1988. – 208 с.
-
Выготский Л.C. Игра и ее роль в психическом развитии ребенка Л.С. Выготский вопросы психологии, №6, 1966. - 56 с.
-
Джетписова Г.М., «Ойын технологиясы арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу» мақала, Білімгер сайты 2018. https://bilimger.kz/32816/
-
Г.Т.Уразова, Ұ.Т.Туленова, «Ойын технологиясы - бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру құралы» мақала, Х.Досмұхамбетов атындағы униерситет журналы 2018.
-
Баржикова С.Х., «Ойын технологиясының тұжырымдамалық негіздері», 2020.
-
«Ойын технологиясы туралы» Stud.kz сайты, 2019ж. https://stud.kz/referat/show/30509
-
Ахылбек А.А. Кәсіптік білім беру үрдісінде оқытудың белсенді және интербелсенді әдістерін қолдану әдістемесі. 2019. – 39 бет.