Материалдар / Бастауыш сынып Ашық тәрбие сағаты: "Табиғатты аяла"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бастауыш сынып Ашық тәрбие сағаты: "Табиғатты аяла"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға адам мен табиғат егіз екенін ұғындыру.Экологиялық мәдениетті қалыптастыру.Табиғат қазына байлық екенін оқушының бойына сіңіре білу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2018
2572
13 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

№17.Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі












Тақырыбы: Табиғатты аяла!

2 Б сыныбы

















Сынып жетекшісі: Еділова Гулмира

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты аяла!
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға адам ман табиғаттың егіз екенін ұғындыру. Әлемдегі тіршіліктің негізі Күн Ана, Жер Ана, су және табиғат екенін ұғындыру. Табиғат қазына байлық екенін түсіндіру. Жерді, Жер Ананы құрметтеуді, табиғатты қорғауды үйрету.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жердің табиғатын аялау, тіршілік иелерімен таныстыру, бабалар, билер өсиетін қастерлеу ұғымдырып, оқушы ойының дамуына түрткі болса, екінші жағынан тәрбиелік тәлімі бар мол қазына
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, қанатты сөздер, интерактивті тақта,үнтаспа Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Кіріспе.
Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: Табиғат тіршілік көзі. Адам мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата- бабаңның Жер- қазына, су- алтын, мол байлық деп өсиет айтып келгені тегіннен тегін емес. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз,тыныс алар ауамыз, ішер суымыз – осылардың бәрі жомарт табиғаттың берген сыйы.
Ал қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған кезек күттірмейтін киелі де күрделі міндеттеріміздің бірі ыстық ұя, алтын бесік, жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын барынша ұқыпты пайдалану болып отыр. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың өркендеуі қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде.
Жер шарында жыл сайын шамамен 10-15 милион гектар орман жойылады екен. Соңғы жылдары теледидардан Экологиялық апат, Экологиялық проблема дегенді жиі естиміз.
Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан солақай саясат Қазақстан табиғатын да сұрықсыз күйге түсірді.Жер бетінен жойылып бара жатқан Арал теңізі мен қырық жыл бойы үздіксіз сынаудан көкірегі қарсы айрылған қасиетті Семей жерінің аянышты халі осының айғағы.
Тәрбие тал бесіктен басталады дегендей болашақ ұрпақты экологиялық сауатты етіп тәрбиелеуді отбасы , ошақ қасынан бастағанымыз дұрыс.
Табиғаттың жасыл желегімен аң құсын аялау, көзі ашық , көкірегі ояу әрбір жанның азаматтық борышы.

Раяна:
- Арал кеуіп кетпесін, арал кеуіп,
Беу адамдар, берекесіз жүргендер,
Көп алам деп көбік өмір сүргендер,
Алып- алып ақырында ақырында бір күні
Алар нәрсе таппай қалып жүрмеңдер.
Мен қандай ем бұдан қанша жыл бұрын.
Сен кеп іздедің шындығымның шылбырын.
Жылдын- жылға ашылды да ындының,
Дүниенің байқамадық құрдымын.
Ақ төсімде күліп ойнап күн нұрлы,
Сайраушы еді тоғайымның бұлбұлы.
Мен емес пе ем қос қария кіндігі,
Туған жердің түтіні құт түндігі.
Арал тағдыры- адам тағдыры. Арал теңізінің жойылуы экономикалақ және әлеуметтік жағынан кері әсер едік.
Ән: Жасыл жайлау.
Жер ана:
- Ия адамзат баласының ұзақ жылдар бойы Жер анаға жасаған үздіксіз озбырлықтарының нәтижесі экологилық апат деген алып айдаһар болып өзіңе қайта шапқалы тұр.
Жайлау: Мұны бір жерден оқыған сияқтымын.
Жер ана: Ал, ауа оттегінен тұратынын білесіңдер ме?
Суат: Білеміз, апа.
Табиғат ата: Білсеңдер жақсы. Транспорт, ұшақтар да қаншама зиян келтіріп жатқанын өздерің есептеп көріңдерші.
Суат: Ата ол сұмдық сан болды ғой. Бұдан бұрындары мектепте дүнидегі таусылмайтын шексіз байлық – ауа мен су, орман тоғай деп оқытатын еді, Ал қазір

ауаның да азайып, тоғайдың да жойылып, теңіздің де тартылатынына көзіміз жетті.

Мейрамбек: - Жер Ана адамдарға не бар тілегіңіз
Жер Жанерке: Қан төгіп соғыспаңдар
Өтінемін
Куәсі едім соғыстың,
Ұлы істің де,
Жетпейді екен еш нәрсе тыныш күнге.
Ақылынан адамның азап тауып,
Алмағайып тұрмайтын қыл үстінде,
О, адамдар!
Мезгілден сыр күткендер,
Бейбіт күнді жерде пір тұтты елдер ,
Таза ауаны түтінменен құртпаңдар,
Есірліктің есігін құлыптаңдар.
Хиросимо тағдырын ұмытпаңдар.
Тыныш жатсын құстар да ұясында,
Күрсінбесін қария, қия шыңдар,
Қару алмай
Қастаспай, достасып - ақ
Барлығың да төсіме сиясыңдар.
О, менің перзенттерім менің қойным кең. Менің саялы бағымды, мөлдіреген таза кіршіксіз өзен көлдерімді , сиқырлы сазды үнді құстарымды, жалпы табиғат атаулыны аялап сүйіңдер. Бұл кейінгі ұрпақ сендерге аманат.
- Табиғат, Жер –Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қаситті бір - біріне мағыналас, мазмұны сай сөздер.Адамның өзі Табиғат пен Жер Ананың перзенті.Табиғат пен Жер- Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.
Ән: Жасыл жайлау
Кәусар:
Жер – ана мен өз анаң егіз екен
Мейірімдер мейлінше теңіз екен.
Анам туды, Жер- Ана жетілдірді.
Осыны өзім өмірге негіз етем.
Зарина:
Жаратылыс- жан ана,
Қорек қып суға, ауаға.
Топырағыңмен асырап,
Сәулесін құйған санаға.
Саят:
Алтын күн, жарқын Күн,
Шуағыңды төге бер,
Арайыңнан нәр алған-
Біз бақытты балдырған!
Армысыз, қайырлы Күн!
Армысыз қайырымда Аспан Ата!
Армысыз, мейірімді Жер Ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын күн!
Армысыздар қонақтар!
( судың, құстардың дыбыстары музықа арқылы естіліп тұрады.)
Ж.Кәусар:
Күн Ана.
Әлемге қуатты.
Сәуле мен шуақты
Алып күн беріп тұр.
Б.Кәусар:
Жер- Ана
Аялап анамыз,
Саялап анамыз,
Құлпырған тірлікпен,
Жер құтты гүл біткен
Нұрлан:
Су Ана
Өңірдің өзегі-
Өмірдің өзені
Сусыз жер- өмір нусыз,
Өр өңір – тұз.
Мейрамбек:
Ауа Ана
Анасы жер шарының-
Дәу әлем
Қоршаулы ауамен,
Ауасыз тұншығар.
Әсем:
Күн- барлық тіршіліктің құдіретті тірегі.
Жер тіршілікке нәр беріп анамыздай асырап жатыр.
Су- тіршіліктің көзі.
Ауа- өмір тынысы.
Ән : Моншақтар.
Дархан:
Қазақстан бейне бір бала батыр,
Алдыңызда міне тұр жаңа ғасыр.
Елім ғасыр қақпасын полигонсыз
Ашу үшін адымдап бара жатыр.
Бекнур:
Өмір қымбат қашанда адам жанға ,
Оны қорғау- борышым елім сонда.
Кешегі бір жылдарды айналғанды
Қазағымның даласы полигонға.

Хадиша:
Ей, қазақтың ұланы,
Болғайсың дана қыраны
Жер- суын қорғау бабаңның
Емес пе еді басты ұраны.
Бану:
Табиғат- сұлу мекенім,
Өзіңді пана етемін.
Саяңда өсіп ер жетіп,
Биікке самғап жетемін.
Шұғыла:
Айтарым досым сендерге,
Күтіңдер орман тоғайды.
Балалар біздің жер – жерде.
Байлығын елдің қорғайды.
Б.Жанерке:
Табиғаттың асылын
Жиып, теріп бағалап,
Қызыыл кітап ішіне,
Енгіземін даралап.
Көрініс: Аңшы мен бала.
Қүс аулауға шығамысың?
Шығамын.
Атқаныңды жығамысың?
Шығамын.
Міне мылтық атамысың?
Атамын.
Сен атып қайт мен демалып жатамын
Құсың қайда , қарағым ау?
Атпадым.
Таппадың ба тоғайдан құс?
Таппадым.
Көп еді ғой көлде құс?
Көп екен.
Ендеше неге атпадың?
Қимадым. Туған жердің құстарын да сыйладым.
Ән: Шіркін сурет сабағы
Нұрлан:
Қазақ халқы сүйікті ұлдары мен қыздарын бәйтерекке, қайыңға, жауқазынға, аққуға, құралайға, елікке теңеген. Сұлулықты нәзіктікті – аққуға, мөлдірлікті, тазалықты- бұлаққа, батырлықты- сұңқарға, қыранға балаған.
Нұрлыбай:
Ардақты азаматын асқар тауым, шалқар көлім, қара орманым деп қастерлеген. Жақсы жігіт- аспандағы жұлдыз, жақсы қыз жағадағы құндыз деп ұл мен қызын жұлдыз бен құндызға теңеген. Құндыздың терісін жоғары бағалап, сыйлы адамдарға тарту- таралғы жасаған.
Көрініс: Таза бұлақ Ыбырай Алтынсарин.

Автор: Үш жолаушы бір бұлақтың басына келіп отырады. Бұлақ тастақ жерден шыққан, суы салқын әлі шыныдай жарқырайды. Үлкен тастың бетінде: Әй жолаушы болсаң осы бұлақтай бол! – деген жазу болған
Досымжан :
- Менің ойымша бұлақ толассыз ағып, алыс жерлерге барады. Сол сияқты сен де тынбай қызмет ет, тоқтап қалма, сонда сен де мұратыңа жетесің дегені деп ойлаймын.
Саят:
Жоқ менің ойымша біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе,- дегені.
Иманғали: (Молда мен саудагерге қарап)
- Адамның бұлаққа күні – түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болатын, көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақтаудың керектігін, мәселен, мына бұлаққа қарасаң , күн түссе, шөп түссе шөптің сәулесін көретінін, сондықтан көңілдің осы бұлақтай сыртқа ашық көрініп тұруының мәні зор екенін айтты ғой деп ойлаймын.
Мейрамбек:
Ол ана, Табиғат ол анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағыңда ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.
Жазда аралап тауыңда,
Барамыз біз бауыңа
Өзеніне шомылып,
Жүгіреміз жауында.
Қыста мәз боп қаламыз,
Сырғанауға барамыз.
Шымырлаған аязда,
Зымырайды шанамыз.
Би: Қара жорға
Саят:
Табиғатта басы артық еш нәрсе жоқ табиғат сырын терең білмей, оған қалай болса солай қарау үлкен апатқа соқтырады.Мысалы: Амудария мен Сырдарияны күріш пен мақта өсіру үшін суын бөгеп пайдаланып, Арал теңізінің тартылуына әкеп соқтырды.


Раяна:
Көріппе едік тіршіліксіз даланы,
Дауасы жоқ , жазылмайтын жараны.
Бұған кімдер береді екен жауапты
Өз жерінде еміреткен бала менен ананы.
Семей жері жарылыстан тулады,
Тұншықтырып айналаны улады.
Қасіретінен қайғы шеккен қалың жұрт,
Мұңын айтып ұлар құстай шулады.
Улы заттар кең даланы шарлады,
Жеріме де, еліме де қайғы келіп орнады.
Талай қыршын өздеріне қол жұмсап
Қатыгездік адамдарды қорлады.
Ән : Көктем.
Иманғали:
Табиғаттың панасымыз,
Түйіп айтар сөзіміз.
Табиғаттың панасы,
Мына тұрған өзіміз.
Адамзаттың баласы.
Жанерке:
Мен сүйем ерікті еркін құсын
Сайратамын төрт бөліп түн ұйқысын.
Мен сүймес дүниеде еш нәрсе жоқ,
Сүйемін табиғаттың барлық күшін.
Кәусар:
Ей замандас!
Ата- баба берген екен бағаны
Табиғатқа бағына көр бағалы.
Қат боп жүрме берекесін ұшырып,
Құсың кетіп, шөл алмасын жағаны.
Жортқан аң мен ұшқан құсқа маза бер,
Оқып білім қажеттісін жаза біл.
Қаяу салып жанын өлтіре көрме,
Табиғатқа жақсылықты жасай көр.
Хор:
2030- дың біз барысымыз,
Жетістікке бастайды әр ісіміз.
Өркениетті елімді көркейтетін,
Табиғатты аялау парызымыз.
Міне осындай әсем де көркем табиғаты бар Қазақстанның Тәуелсіздігіне неше жыл толды?
26 жыл.
Ендеше бәріміз бірге гимнімізді орындап жіберелік.























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!