Материалдар / Бастауыш сынып білім алушыларының оқу жетістігін арттырудағы қалыптастырушы бағалау тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып білім алушыларының оқу жетістігін арттырудағы қалыптастырушы бағалау тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2020
459
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып білім алушыларының оқу жетістігін арттырудағы қалыптастырушы бағалау тиімділігі

Хусайнова Жайнакуль Сериковна Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылы

2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі педагог- сарапшы бастауыш сынып мұғалімі

«Шеберліктің белгісі- әртүрлі әдісті біліп,
сабақта орынды қолдана білу».
А. Байтұрсынұлы

Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады, оқыту үдерісін басқарудың түйінді кілті бағалауда деп те айтуға болады.

Қалыптастырушы бағалау жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында , сабақтың ортасында , сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі.Уақыт көлемі тапсырма деңгейіне сәйкес 5-10 минут болуы мүмкін.

Оқушылар алда тұрған мақсаттың мәнін түсініп, оған қол жеткізу үшін не істеу қажет екенін анықтай алған жағдайда ғана олар оқу мақсатына қол жеткізеді. Сондықтан оқу барысында өзін-өзі бағалаудың маңызы зор. Әрбір оқушының сабақта қалай жұмыс жасағанын анықтауда өзі-өзі бағалауға үйретемін. Өзім дәріс беріп жүрген сыныптарда өзін-өзі бағалауға жас ерекшеліктеріне сай қолданамын.

Бастауыш сынып оқушылары үшін қарапайым және тиімді әдіс- «Бағдаршам» әдісі. Бағдаршам түстерін пайдаланып, (жақсы, орташа, шамалы түсіндім) оқушылар өздеріне берген бағасын хабарлайды. Мұғалім «жасыл» немесе «сары» түстер бірлесіп бір-біріне проблеманы шешуге көмектесуі үшін оларды жұпқа біріктіре алады. Ал «қызылдар» тобы өздерінің түсінбеушіліктерін жою үшін мұғаліммен топтасады.

«Басбармақ» әдісі. Тақырыпты меңгеру барысында оқушылардың қаншалықты түсінген, түсінбегенін білу үшін қол белгілерін қолданамын.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсіндім және айтып бере аламын.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін, бірақ сенімсізбін.

Басбармақ төмен қарай = Мен әлі түсінбедім.

Мұғалім түсінбеген оқушыларға нақтылау сұрағын қояды. «Нені түсінбедің?». Түсінген оқушылардың бірнеше жауабын тыңдатады, оқушы жауаптарының негізінде қайта өзі түсіндіріп жіберуіне болады, содан кейін осы әдіспен қайталап тексеру керек.

Менің көңіл- күйім баспалдағы

Оқушылар баспалдақтың баспаларына оқу материалын қаншалықты меңгергенін белгілейді: төменгі саты-Білмедім,маған көмек керек, ортаңғы саты- кішкене көмек пен түзету қажет, жоғарғы саты- Керемет! Өзіме сенімдімін! Бұл жерде жоғарғы сатыдағы оқушылар ортаңғы сатыдағы оқушыларға көмекке келеді. Ал төменгі сатыдағы оқушылармен мұғалім жұмыс жасайды.

«Ғажайып сызғыш», «Блоб ағашы», «Температураны өлшеу», «Смайликтер» т.бәдістер арқылы да оқушы өзін-өзі бағалай алады.

Бағалау барысында баланы мақтап, мадақтап, көтермелеп отырудың маңызы зор. Өйткені бала қашанда мақтағанды қалап , сол мақтағанға лайық болуға тырысады. Мадақтау ықпалы оқушының ұнамды көңіл күйін тудырап, өзіне деген сенімін арттыруға көмектеседі.

Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан алдымен «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалауды үнемі назарда ұстаймын. Мұндағы мақсатым –өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып,оны түзетуге бағыттау.

Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір- бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады»

Қазақ тілі

Тақырыбы: Түбір мен қосымша

46-жаттығу. Өздік жұмыс.

Талдау

Тапсырмасы: Жаңылпашты көшіріп жазады.Қарамен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып, дәлелдеулер жасайды.

Бағалау.

- сауатты, көркем жазады;

-түбір мен қосымшаны ажыратады;

- жауабын дәлелдей алады;

Талдау бөліміндегі тапсырманы орындай отырып, оқушы неден қиналғанын дескриптор көмегімен анықтайды. Бұл кезде де жоғарғы ұпай жинаған оқушыны көмекке шақырып тапсырманың дұрыс жауабын пысықтап өтемін.

Өзін- өзі бағалау өзін- өзі реттеуге жетелейді. Оқушыны төмендегі өзін- өзі бағалау парағын қодана отырып бағалауға үйретемін

Өзін-өзі бағалау парағы

Өзін-өзі бағалау парағындағы әр тапсырма дескрипторымен бала таныса отырып өзінің нені түсіне алмағандығын, неден қиналғанын нақты көреді. Мұғалімде оқушының оқуын жақсарту бойынша нақты мәлімет алады және бала оқуындағы кемшіліктерді дер кезінде қалыпқа келтіруіне болады.

ӨShape1

  • 1- 6 балл- әлі де көп оқып, дайындық жасау керек;

  • 7-13 балл – оқуға деген талпынысың жақсы, тағы да ізден;

  • 14-16 балл- өзіңе сенімдісің,оқудағы жетістігің тамаша; ЖАРАЙСЫҢ!

зін-өзі бағалау парағындағы бала жұмысының нәтижесі бойынша төмендегідей балаға кері байланыс беріледі.







Мен өзімнің тәжірибемде көбінесе оқушыларды өзін-өзі, өзара, топтық өзара бағалау әдістерін жүйелі қолдануды мақсат етемін. Өйткені оқушы өзін-өзі реттей отырып, өз білім деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді.

Критерий бойынша топ басшысының бағалау парағы

Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру кезіндегі маңызды кезеңдердің бірі – білім алушылар жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасау. Барлық оқу үдерісінде бағалау/бақылау нәтижелеріне жүйелі талдау жүргізіп отырамын . Мысалы, қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне толық талдау жүргізу үшін арнайы құрастырылған төмендегідей бақылау парағын қолданамын.


Қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне талдау жасай отырып, білім алушыларда

кездесетін қиыншылықтарды анықтап, сол қиындықты дер кезінде ретке келтіріп, оқушы күнделігіне ата- аналарға арналған ұсыныс пікір жазып отырамын.

Әр пәнге қолданылған қалыптастырушы бағалауды бақылау парағының нәтижесі бойынша әр білім алушының ата -анасына оқудағы кемшілікпен, жетістігі және білім деңгейіне төмендегідей кері байланыс беріп отырамын. Мұндай кері байланыс әр тоқсан сайын әр пән бойынша жеке оқшыға беріледі.

Қорыта келе, оқушы өз пікірін анық жеткізе алатындай тілдік дағдыға ие болып, ізденушілік қабілеті артса, сыни ойлау белсенділігі жоғарыласа, мұғалімнің еңбегі жанғаны. Әр мұғалім жаңа үдерісті жатырқамай қабылдап, оны өз тәжірибесінде енгізуі тиіс. Өйткені, әр бала қай сыныпта оқымасын, қай жаста болмасын өзінің кім болатынын армандайды және өмірден өз орнын табуда өз айналасынан дұрыс бағыт – бағдар беретін ақыл-кеңес күтеді. Сондықтан шәкірттеріме білім беруде «Оқыту үшін бағалу және оқуды бағалауды» яғни жиынтық бағалауға алып келетін формативті бағалауды жүзеге асыру арқылы құзіретті оқушы тәрбиелеу.

Пaйдaлaнғaн әдeбиeттep:

  1. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.

  2. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты-Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

  3. Оқыту ізденіс ретінде, ізденіс оқыту ретінде. С.Мирсеитова.























































Оқыту тәрбиелеу технологиялары




Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.





Оқушылар өзінің білім алуы үшін өзіне жауапкершілік алуы тиіс, себебі басқа ешкім де олар үшін оны істемейді. Яғни, осылайша оқушылар оқытуды бағалау үдерісіне тартылуы қажет. Бұл мәнмәтінде үздіксіз дамуға ықпал ету, оқыту үдерісін сезіну және оқушылардың оларды басқару қабілеттілігі ерекше маңыздылыққа ие болады. (Бағалауды Жақсарту тобы, 1999). Осы ойды негізге ала отырып, сабақ үрдісінде әр қадам, әр іс-әрекетте формативті бағалаудың жүргізілуі маңызды.

Менің байқағаным сабақ барысында қолданылған формативті бағалау түрлері  оқушыладың  өзгеруіне, өзіне деген сенімді болуына, бағалау жүйесіне деген ұстанымы мен көзқарасының оң шешімін тапқандай болды. Бүгінгі күні өзінің нені, қалай істеп жүргендеріне, қандай нәрсеге қол жеткізгендеріне есеп береді. Сыныптағы оқушыларда оң өзгерістер байқала бастады. Олар:

-Топпен бірлесе жұмыс жасау арқылы оқушылардың белсенділігі артты;

- «Үнсіз оқушым» ашылды;

-Біршама еркін сөйлеуге, еркін ойлауға деген ұмтылыс байқалды;

-Дәлелді пікір айтуға үйренді;

-Достық қарым-қатынас нығая түсті.

Қорыта келе, оқушы өз пікірін анық жеткізе алатындай тілдік дағдыға ие болып, ізденушілік қабілеті артса, сыни ойлау белсенділігі жоғарыласа, мұғалімнің еңбегі жанғаны.    Әр мұғалім жаңа үдерісті жатырқамай қабылдап, оны өз тәжірибесінде енгізуі тиіс. Өйткені, әр бала қай сыныпта оқымасын, қай жаста болмасын өзінің кім болатынын армандайды және өмірден өз орнын табуда өз айналасынан дұрыс бағыт – бағдар беретін ақыл-кеңес күтеді. Сондықтан шәкірттеріме білім беруде «Оқыту үшін бағалу және оқуды бағалауды»  яғни суммативті бағалауға алып келетін формативті бағалауды жүзеге асыру арқылы құзіретті оқушы   тәрбиелеу.

 



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!