Материалдар / БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖӘНЕ ОРТА БУЫН АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖӘНЕ ОРТА БУЫН АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының ерекше алған білімін, дайындық дәрежесінің сапалық көрсеткіштерін анықтап, кемшіліктердің орын алу себептерін, оның алдын алу жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру формаларының тиімділерін көрсетуге мүмкіндік беретін әдістемелік жұмыс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
11903
25 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖӘНЕ ОРТА БУЫН АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ


Оқытудағы сабақтастық алдыңғы сатыдағы оқушылардың білім, білік және дағдыларын оқытудың келесі сатысында кеңінен қолдануды және әрі қарай

жетілдіру, дамыта түсуді көздейді. Оқытудың осындай тірек нәтижесінен келесі сатыдағы қарастырылатын мәселелер өрбиді. Сабақтастық екі буынға ортақ міндеттерінің үйлесімділігін қалыптастырады. Бастауыш сыныпта алған білім көрсеткішінің өзекті мәселелерін іріктеп, орта буынға келген оқушының оқыту талаптарын әрі қарай жетілдіреді.Оқушының

психологиялық ерекшелігін орта буын мұғалімдерімен басшылыққа алу. Бастауыш сыныпта бір мұғалімге үйреніп, тәрбиеленіп шыққан бастауыш сынып оқушылары бесінші сыныпқа келгенде жаңа талапқа (әр мұғаліміне) бірден үйренісе алмай, оқу үлгірімі де төмендейтіні белгілі. Осы жағдайдың алдын алу үшін мектеп тәжірибесінде сабақтастықты жүзеге асыру игі нәтижесін беріп келеді.

Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат –

міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден, білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімдігі.

Ә. Бидосов былай деген «Сабақтастық дегеніміз – мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш мектептегі пәндерді оқытудың әр түрлі сатысында балалардың

білімдерінің арасында қажетті байланыстар мен қатынастар орнату».

Балалар білім икемдігі мен машықтарын пайдалану және одан әрі дамыту кезінде олардың оқу ісінде әр алуан байланыстар орнату, жаңа білім мен бұрынғы білімді өзара байланыстыру. Сонымен бірге, білімді кеңейту мен тереңдету, оқығандарды жаңа, жоғары деңгейде байыптау. Бастауыш пен орта буын арасындағы байланыс формаларының сабақтастығын екі өзара байланысты аспектіге бөлуге болады: ақпараттық-ағартушылық және практикалық.

Бірінші аспект, мұғалімдер тәрбие жұмысының міндеттерімен өзара танысуын, 4 сыныптың бағдарламалар мазмұнын зерттеуді болжайды. Осы мақсатқа байланысты мынадай формалары біріккен педагогикалық

кеңестерінде оқушылардың орта буынға дайындығы мәселесі бойынша қатысуы, дәрістермен өзара алмасуы және т. б. жұмыстарды жүзеге асыру керек. Екінші, тәжірибелік аспект – бір жағынан мұғалімдердің бастауыш

оқушыларымен алдын ала танысу. Берілген мазмұнды жүзеге асыру формалары: мұғалімдердің бастаыуш оқушылармен танысу бұл сабаққа қатысуы, олардың іс – әрекетін бақылау, оқушылардың диагностикаларының нәтижелерімен және мінездемелерімен танысу. Қазіргі оқу тәжірибесінде бастауыш мектеп оқуындағы сабақтастықты жүзеге асыруда негізгі екі бағыттарын белгілеуге болады. Олардың біріншісі, балалар дамуының

темптерін көбейту, оқудың талаптары мен ерекшеліктеріне жету

міндеттерінен тұратын тәжірибеге сүйенеді. Екінші, бастауыш мектепке

алған білімдер, іскерлік және дағдыларды дамыту тактикасына негізделеді. Мұнда В. В. Давыдовтың белгілеуі бойынша, бастауыш мектеп оларды

жүйелейді және жалпылайды, оқуға, жазуға, санауға және т. б. үйретеді.

Біздің көзқарасымызша, бұл бағыт жан-жақты емес, бірақ біріншісіне

қарағанда көп қаланады.

Сабақтастықтың жағымсыз жақтарын тереңдететін негізгі фактор болып біздің пікірімізше, бесінші сыныптың бағдарламаларының күрделену тенденциясы жалпы білім беретін мектептерде практикаға, оқытудың

альтернативті формалары мен жаңа педагогикалық технологияларды енгізу, бесінші сынып оқушысына өте жоғары талаптар қою. Сөйтіп, сабақтастық байланысының негізгі философия тұрғысынан дамудың объективті

заңдылығы ретінде қарастырылады.

Сабақтастық дамудың заңдылығы ретінде ескіні толықтай жоққа шығару

жолымен емес, сақтау және одан әрі дамыту мақсатымен өткен кезеңнің жаңа

кезеңге ауысуы жолымен үздіксіздікті қамтамасыз етеді. Диалектикалық жоққа шығару әрқашан қарама-қарсы сәттер, яғни ескіні жою (үзіліс) және оң

ықпалдың негізінде жаңаның пайда болуының (үздіксіз) бірлігі болып табылады. Бұл заңдылық баланың шығармашылық мүмкіндіктерді дамыту жұмысында сабақтастық байланысына ұмтылдырады.

 Жалпы алғанда оқытудағы сабақтастық ұғымы педагогикалық әдебиеттерде

жүйелілік принципінің тармағы ретінде қарастырылады. Әдіснамалық тұрғыдан алғанда сабақтастық оқу - тәрбие процесіндегі өзіндік көрінісін сипаттайды, яғни ескінің жаңамен алмасуын, жаңаның құрамында ескінің қолданыс табуын және оның жақсы жақтарын сақтай отырып үйлесімді дамуынан, ілесе жалғасуын білдіреді. Сондықтан да оқытудағы сабақтастық оқыту процесінің құмаларының бәріне тән атап айтқанда, оқытудың мақсаттары мен міндеттерінің, мазмұны мен әдістерінің, құралдары мен ұйымдастыру формаларының арасындағы қажетті байланыстарды білдіреді. Сонымен бірге сабақтастық байланыстардың түрлері де ажыратылады. Олардың қатарында: мектепке дейінгі тәрбие мекемелері мен бірінші сынып арасындағы байланыстар, бастауыш және орта буындардағы пәндерді

оқытудағы сабақтастық байланыстар.

Сабақтастық – оқушының ерекше алған білімін, дайындық дәрежесінің сапалық көрсеткіштерін анықтап, кемшіліктердің орын алу себептерін, оның алдын алу жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру формаларының тиімділерін көрсетуге мүмкіндік беретін әдістемелік жұмыстың бір түрі. Сондықтан мектепте оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесіңде

сабақтастық мәселесі қаралып , төртінші сыныптың оқу – тәрбие жұмысына қатысу, оған басшылық беру жайы жоспарланды. Ондағы мақсат – бастауыш буынның даярлыған анықтау. Осыған орай тексерілуге тиісті оқытудың өзекті мәселелері іріктелініп алынады да соның негізінде өзіндік орындайтын тапсырмалар жүйесінің мазмұны қарастырылады, тапсырмалар оқыту мерзімдеріне қарай (оқу жылының басында, аяғында) түрлі формада қолданылып, қорытындылар жасалады. Әрбір қатысушы оқушының білімі, дағдысы, ерекшілігі бақыланып, зерттеу жұмыстары қатар жүргізіледі.

Мұғалімнің оқушы біліміне жүргізген диагностикалық есебін,

психологиялық зерттеу күнділіктерін басшылыққа алынады.

І . Оқушыны зерттеу, білу.

а) оқушының жұмыс қабілеті;

ә) білім көрсеткіші, дағдысы;

б) оқушы ерекшелігінің ескерілуі ( сабақтағы жұмыс түрлеріне қатысы);

в) сыныптан тыс шаралардың ұйымдастырылуы әдістері, сынып

оқушыларының қатысы;

г) ата – ана мен сынып мұғалімінің бірлескен іс – нәтижесі;

ғ) оқушы шығармашылығын дамытуда жүргізілген жұмыс түрлері

Осы бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында сынып

оқушыларының психологиялық ерекшеліктері, бағдарлама көлемінде

берілген білім, дағдының орындалуы, дайындық дәрежесі, жеке

кемшіліктердің орын алу себептері, оны өткізу бағыттары белгіленіп, тексеру қорытындысы педагогикалық кеңесте тыңдалып, кеңес қаулысы

шығарылады. Қаулының орындалуы, атқарылған жұмыстарды жүйелеу, басшылық беру методикалық кеңеске тапсырылады.

Бесінші сыныпқа келгенде бастауыш сыныптағы мұғалімі пән мұғалімдерінің

сабағына қатысып, пікірі методикалық кеңесте тыңдалады.

Осылайша сынып мұғалімдері бір – бірімен жүйелі байланыс жасап, оқушы

білімінің, шеберлігінің, дағдыларының деңгейлерін нақты анықтап, оқыту

талаптарына қаншалықты сәйкестігін біледі. Сонда әр сынып көлемінде қандай кемшілік кетіп отырғаны, қандай мәселелерге көбірек көңіл аудару керектігі белгілі болады.

Адаптация процесінің аяқталмаған жағдайында, бұл адаптацияның сәтсіздігі, яғни, дезадаптация дейміз, өмірдің әртүрлі жағдайларын шеше алмау белгісі.

Осы орайда біздің жалғыз міндетіміз бастауыш сыныптан орта буынға өткен оқушылардың сәтті оқуына жағдай жасаумен қорытындыланады. Ең бастысы – орта мектепте баланың адаптациялық жағдайына көмектесу, оның әрі қарай

дамуын, оның психологиялық саулығын қамтамасыз ету.

Осыны түсіну үшін балаға қандай көмек қажет екенін, ол қандай

қиындықтармен кездесетінін, қазіргі жағдайда қандай мәселелер орын алып тұрғанын білу маңызды. Оқу әрекетінде, сабақта, балалардың жұмыс істеу әдісі ғана әр түрлі емес, сонымен қатар жауап беру мәнері, сабақтағы

белсенділік деңгейінің біркелкі еместігі, шаршау деңгейлері  де әртүрлі

екендігі белгілі. Қоршаған адамдардың күтуіне сай келмеуі үнемі

қорқынышқа әкеледі, қабілетті бала да өзінің мүмкіндігін қажетті деңгейде көрсете алмайды. Қиыншылықтар мен мұғаліммен қарым-қатынас жасаудағы қорқыныштар барлық 5-сынып оқушыларының үштен бір бөлігі мен

жартысы сезінеді. Ал ата-ана өз тарапынан, баланы «баға үшін» оқуға

бағыттау арқылы, өз күшіне сенімсіздік тудырып, жағымсыз бағаға

қобалжуы, мектепшілік қорқыныштың туындауына итермелейді. Сондықтан,

барлығында туындайтын:  5- сынып оқушыларына қалай көмектесу керек деген сұрақтың себебі белгілі.

Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды. Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы бар.

Сондықтан бейімделуге дайындық жұмысты төртіншіде бастап, бесінші сыныпта жалғастыру қажет.

Бастауыш сыныптың түлегінің орта буындағы оқуы табысты болу үшін, 

бейімделу кезінде  балаға көмектесу оны психологиялық жағынан дайындау 

мақсатында мектебімізде бастауыш сыныппен орта буын сабақтастығындағы 

жұмыс жүргізуде. Оқушының мектепке келген күнінен бастап кіші мектеп жасы басталады. Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен

кезеңін бейімделу кезеңі дейміз. Өйткені олардың пән мұғалімдері өзгереді, жаңа пәндер қосылады, 5-сынып бағдарламасы күрделене түседі. Орта

мектепте оқыту жағдайлары түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші-пән мұғалімдері жүйесіне ауысады. Бір

мұғалімнен әр түрлі талаптары, мінез-құлқы әрқилы қарым-қатынас стилі бар бірнеше мұғалімдерге ауысуы көп балалар үшін үлкеюдің сыртқы көрсеткіші болады. Балалар бастауыш сыныптан орта буынға өткенде оқушылардың үлгірімі төмен түсіп кетеді. Бастауышта тек бір мұғалімге ғана бір талапқа үйренген бала бірден бірнеше мұғалімнің талабына бірден жауап

бере алмай қиналады. Әр пән мұғалімі әр түрлі психологиялық атмосфера

туғызады, ал оқушы бірден осыған бейімделе алмайды.

Бастауыш сынып бітірген оқушы орта буынға өткенде психологиялық қиындық сезінеді. Бастауыш сынып оқушылары бір мұғалімнің жұмыс істеу әдісіне оның талаптарына үйренген. 5-сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болады. Бұлар:

-балалардың мінезі өзгереді; -тез шаршайды;

-көңіл-күйлері бұзылады; -оқу үлгірімі төмендейді;

-мазасыздық, қобалжу сезімдері жиілейді.

Сабақтастық жұмысындағы ортақ мақсат: мектепке оқуға балаларды табысты

дайындаудың жолында, олардың интелектуалдық және жан-жақты дамуын

қамтамасыз ететін бірыңғай білім мен тәрбие кеңістігін қалыптастыру. Қазіргі таңда ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне көңіл аудара отырып, сапалы білім беру талаптары қойылып отыр. Оның ішінде мектепте сапалы білім алуы мектепалды дайындығына және балабақша мен бастауыш мектептің

сабақтастығымен тығыз байланысты. Білім саласындағы өзара байланыс

бұрыннан да талап етілуші еді. Бірақ, ол кездегі бағдарламалар көп жыл бойы

өзгермейтін, сондықтан ата-ана да, балабақша да бастауыш мектеп талабын біліп отырды. Ал, қазір бағдарламалар, технологиялар үнемі өзгеруде. Әр салада мамандар өз беттерімен жұмыстануда. Ұлы педагог

А.А.Сухомлинскийдің «Баланың ақыл-ой дамуын, қызығушылығын,

қабілетін, бейімін білмей оны оқытуға, тәрбиелеуге болмайды», -деген нақты тұжырымы сабақтастықтың керектігін көздейді. Бүгінгі күні 12 жылдық білім беруге көшу қажеттігі еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруді көздеген игі мақсаттардан туындап отыр.

- біріншіден, әлемдік білім кеңістігіне енуде өзге елдің даму үрдісіндегі озық

үлгілерді зерделей отырып, ұлттық сананы қалыптастырудың басым бағыттарын айқындау;
- екіншіден әрбір жеке тұлға білім алудың өмірлік жолын еркін таңдауына

мүмкіндік туғызу;

- үшіншіден, білім мазмұнын жаңарта отырып, оқыту үрдісінде өзіндік іс-әрекетін

ұйымдастыра алатын және өзгенің тәжірибесімен үйлестіре алатын жеке тұлға қалыптастыру.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!