Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларға қазақ тілін оқытудағы сыни тұрғысынан ойлау технологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларға қазақ тілін оқытудағы сыни тұрғысынан ойлау технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада қазіргі бастауыш сынып оқушылардың қазақ тілін оқытудағы арнайы сабақта қолданылатын «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясындағы өткізілетін әдіс-тәсілдерінің жиынтығы мен мақсат-міндеттер мен мысалдар қарастырылады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ 373.32

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРҒА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


Аннотация: Бұл мақалада қазіргі бастауыш сынып оқушылардың қазақ тілін оқытудағы арнайы сабақта қолданылатын «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясындағы өткізілетін әдіс-тәсілдерінің жиынтығы мен мақсат-міндеттер мен мысалдар қарастырылады. Енді бұл технология негізгі өзектілігі бойынша оқушы тапсырмалар бойынша өз-өзіне сенімділік, жігерлік, дамтыушылық пен білімділік қабілеттері ұштасып, талдау, қарастыру, салыстыру, деңгейлері тікелей жүзеге асады.Тікелей оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, шапшаңдығын, тез тапқыштығын қалыптастыратын осы технологияның бірі болып табылады.

Тірек сөздер: Технология, педагогика, әдіс-тәсілдер, тапсырма, жеке тұлға, білім, білік, дағды.

Аннотация: В данной статье рассмотрен комплекс методов, целей, задач и примеров технологии «Критическое мышление», используемой на специальном уроке обучения казахскому языку современных учащихся начальной школы. Сейчас, согласно основной актуальности данной технологии, объединяются уверенность ученика в себе, энергия, развитие и учебные способности, реализуются непосредственно анализ, рассмотрение, сравнение, уровни.

Ключевые слова: Технология, педагогика, методы, задачи, личность, знания, умения, навыки.

Annotation: In this article, a set of methods, goals, tasks and examples of "Critical thinking" technology used in the special lesson of teaching the Kazakh language of modern elementary school students are considered. Now, according to the main relevance of this technology, the student's self-confidence, energy, development and educational abilities are combined, analysis, consideration, comparison, levels are realized directly.

Key words: Technology, pedagogy, methods, tasks, personality, knowledge, skills, skills.


Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында қазіргі кездегі жас буынды оқушыларды бәсекеге қабілетті тұлға болып тәрбиелеу мұғалімдердің жауапкершілігі деген болатын. Сондықтанда бастауыш сынып мұғалімдерінің жауапкершілігі, екі есе ұлғайды десекте болады. Әрине, бұл аса жауапты іс болғаннан кейін мұғалімдер оқушыларды елімізге сай білікті тұлға болып тәрбиелеуге ат салысып отыр. Атақты қазақтың ақыны, жазушы, педагог әдебиетті зерттеушісі Ахмет Байтұрсыновтың айтқан сөзінде: «Ең әуелі мектепке керегі – білімді, әдістемеден хабары мол, ізгілікті оқыта білетін мұғалім оқушыларды дұрыс бағытта жолдап, біліктілігімен ерекшеленетін азаматшыларды тәрбиелеумен сипатталады» осы айтылған ақынның сөзінде жаны бар себебі, оқушыларды еліміздің болашағындай етіп білім беріп, білімге деген құштарлығын оятатын, білікті мұғалімнің қолында. А.Байтұрсыновтың мұғалімге айтылған нақыл сөзіндегі мағынасы «Айтылған сөз атылған оқпен тең» деп айтсақ болады. [1, 32 б.].

Біз білетіндей Қазақстанның болашағы алдымыздағы отырған мектеп оқушылары. Сондықтан осы оқушыларға жан-жақты білім беру, өз пікірін айтып дәлелдей алатын, білімді, бәсекеге қабілетті, өз-өзі жан-жақты бағыттай алатын, білікті тұлға тәрбиелеу болып отырғандықтан қазіргі кезде білім жолындағы оқушылардың мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, сабаққа деген тікелей қызығушылықтарын, ынта жігерін, біліктілігін, құштарлығын, зеректілігін арттырудағы енгізіліп отырған заманауи педагогикалық технологиялар. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50-ден астам жаңа педагогикалық технологиялар қолдану аясы мұғалімдердің еншісінде болып тұр. Бұл технологияның бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан мұғалім әр пәнді оқыту технологиясын тандап, іріктеу және оның іс-әрекетін жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға бағыттайды. Педагогикалық технологияларды қолданудағы негізгі мақсаты мұғалім әр әдіс-тәсілдердің орындалу мақсатын, міндетіне қарай іріктеп, талдап, қарастырып, тиянақты оқушылардың білім деңгейлеріне сәйкестендіріп, жас ерекшеліктерін ескеріп отырып сабаққа деген қызығушылықтарын және де шығармашылық қабілеттерін аттыруға пайдаланып өз мақсатына жүзеге асырайды. Үнемі әдіс-тәсілдер мұғалімдер үшін көмекші құрал болып табылатын элемент, оларсыз сабақтың ешқандай мақсаты мен міндеті сәтті орындалмайды. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Мана айтап кеткендей бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында тұрған басты талап жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеп, келешек өмірге жан-жақты даярлап шығару. Мұндай талапты орындау барысында мұғалімге әр сабаққа шығармашылық жұмыстар атқаруды, ұтымды және орынды әдіс-тәсілдерді пайдалануды және оқытудың жаңа технологияларын қолдануды жүктейді. Сондықтан оқушыларға сабақтарда аталған әдістерді қолдансақ, оң нәтиже береміз. Оқушылар жұмыс жасау барысында бір – біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш – қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушыны өз пікірлерін еркін жеткізуге жағдайлар жасайды. Демек, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. [1, 45 б.].

Мақаладағы тақырып бойынша қарастырылатын қазақ тілі пәнінен бастауыш сынып оқушыларына арнайы сабақта қолданылатын «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясындағы өткізілетін әдіс-тәсілдерінің жиынтығы мен мақсат-міндеттер мен мысалдар қарастырылады. Енді бұл технология негізгі өзектілігі бойынша оқушы тапсырмалар бойынша өз-өзіне сенімділік, жігерлік, дамтыушылық пен білімділік қабілеттері ұштасып, талдау, қарастыру, салыстыру, деңгейлері тікелей жүзеге асады. Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуда, танымдық процестерді жетілдіруде, оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруда, белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуда негіз болады. Осыған орай, бүгінгі күні оқыту үрдісінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ойлау мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сай келетін білім сапасын арттыратын дидактикалық ойындарды пайдалануды қажет етеді. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, шапшаңдығын, тез тапқыштығын қалыптастыратын осы әдіс болады. Бұл технология оқушының есте сақтау, қайта жаңғыру, ойлау белсенділігі мен ынтасын, білімге деген құлшынысын арттыруға көмектеседі. Тапсырмаларды құрастыру да күнделікті тұрмыспен байланыстыру, қызықты да күрделі материалдармен толықтыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сонда ғана баланың қызығуын, белсенділігін оятуға болады. Оқушылардың арасында бәсекелестік туып, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылады. Көбінесе бұл деңгей оқушыларлы өздік жұмыс ретінде жүзеге асырылады. Өзінің білімін қаншалықты екенін біліп қана қоймай, оны жетілдіре алады. Сыни тұрғыдан ойлауда тапсырмалар деңгейлерімен құралыпта жасаланады. Тапсырмалар жеңіл, қарапайым түрде ұйымдастырылады да, күрделене береді. Оқушының пәнге деген қызығуы, бейімділігі артады және қабілеті айқындалады, өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді. Нақты өз деңгейінде бағаланады. [2, 65 б.].

Оқушылардың білім деңгейін көтеру, оларды шығармашылыққа баулу, ойларын еркін айтуға, кез келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, дұрыс шешім қабылдауға дағдыландырудағы «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясының негізгі мақсатты неде десек, бұл оқушыларды ақпаратты талдау, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Бұл технологияның бірінші кезеңі оқушының бұрынғы білетінімен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтан сабақта қарастырылатын мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Жаңа білімді меңгерту алдында осы әдіс бойынша сұрақ қоя отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясындағы «Қызығушылығын ояту», «Мағынаны тану», «Ой толғаныс», «Ой қозғау», «Ой шақыру» кезеңдерiнен түзiлетін қазақ тілі сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдердің түрлеріне толық талдау жұмыстары мақалада жүргізіледі. Осы технологияны мұғалімдер әр сабақтың ерекшелiгiне қарай лайықтап қолдануына болады. Олар: «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркiн жазу», «Семантикалық карта», т.б. Мысалы: жақсылық пен жамандық мәтінін оқып сыни тұрғысынан топтастыру стратегиясымен жүзеге асады яғни «Венн диаграммасы» арқылы. Сонымен қатар бұл әдіс арқылы білемін, білгім келеді, үйрендім стратегиясы бойынша жұмыс жүргізіге болады. Ол үшін тақырыпқа байланысты сұрақ қойылады. Сабақта сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызады. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді. Оқуға қызығушылығы артады, белсенді араласады. [3, 10-15 б.].

Сыни тұрғысынан ойлау технологиясында «Ой толғаныс» әдіс-тәсілде оқушылар ұжым болып жұмыс жасауға үйренеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге машықтанады. Сондай-ақ, әдістегі тиімділігі бойынша сабақтан тысқары қатыспай қалатын оқушы болмайды. Оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру,оған қатысты ойын пікірін білдіру арқылы оқушының ойы, тілі дамиды. Үшінші кезеңде қолдануға болатын тағы бір әдіс «Еркін жазу». Мұғалім сабақ бойы қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені білу керектігі тағы басқа жайлы қағаз бетіне түсіру тапсырылады. Жазуға уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан соң оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты оқуға болады бұл оқушылардың өз ойын дұрыс жетік сарай алуына бағытталады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез-келген сабақта қолдануға болады. Ал «Торлы талқылау» әдісін сабақта былай қолдануға болады. Бұл стратегия мақсаты өз пікірін дәлелдеуге үйрету негізінде. Мысалға: Қ.Мырза Әлидің «Күз» өленің оқып сынып бойынша оқушы сұрақ жауап құрастырып, оқушыларға талдау ретінде бір-біріне сұрақтар қояды. Келесі «Мағынаны ашу» әдісі бастауышта 2-сынып оқушыларға бұл әдісті жие қолданылады бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын ең тиімді әдістердің бір. Негізгі мақсаты қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу және пікірлерінің еркін айтылуы. Мысалы: берілген әріптер қатарынан жасыранған сөздерді тауып оқы. [3, 33-36 б.].

М, А, Л, А, Қ (қалам)

Р, Е, Т, П, Ә, Д (дәптер)

Ш, Ы, Ғ, З, Ы, С (сызғыш)

Ш, І, Г, Р, І, Ш, Ө (өшіргіш)

Оқушылардың бұл тапсырмада логикалық қабілеті мен зейін дамытылады. Логикалық қабілетімен таным деңгейлері яғни (түсіну, ойлау, қабылдау) жүзеге асырылады.

Бастауыш сынып оқушыларына жүргізілетін келесі кезекте «Ой шақыру» әдісі сын тұрғысынан ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп логикалық қабілетін дамытуға оны мен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, мен қаламмын, дәптермін, қоянмын, доппын деген әр түрлі тақырыптарда шағын ғана әңгіме жазғызу. Бұл тапсырма оқушылар шығармашылық қабілеті өте жақсы дамыдаты. Өз қиялын, ойын, тілдік қорын қалыптастыруға ықпал тигізеді. Осы арқылы оқушылар шығармашылық түрде қиядауға түседі өз-өзін құмырсқаның орнына қойып сезінеді. Осы мәтіннен оқушының қаншалықты қиялға түскенін байқауға болады, ой-өрісін кеңейтіліп, тілдері дамиды. Оқушыларды бұл шығармашылық жұмыстың маңызы зор, себебі оқу іс-әрекеті әр оқушыны өздігінен оқып-үйренуге, шығармашылықпен белсенді айналысуға баулиды, өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады және оқу-танымдық құзіреттілігін қалыптастырады. Келесі кезекте «Сыни тұрғысынан ойлау технологиясындағы» «Қызығушылықты ояту әдісі» қазақ тілін пәнінде ең маңызды және аса тиімді болып келетін түрі осы. Тікелей оқушыларды логикалық ойлауын қалыптастырып, тапсырма кезінде қызығушылықтарын танытатына күмән жоқ. Сабақтарында қолданатын шығармашылық жұмыстардың орындаудың бұл түрі оқушылардың тілдік қорын және шығармашылық ой-өрісін, эстетикалалық нормаларын сәйкес «Жаңылтпашты қатыстыра отырып мәтін құрастыру» тапсырмасы сабақта жаңылтпашты құрғақ жаттатпай, шығармашылыққа баулу жұмыстарын іске асырылады. Мысалы:

Бұл… піл, бұл ірі піл.

Шеше, шеше,

Неше кесе Сынды кеше?

Бірінші оқушының құрастырған мәтіні: Айдардың шешесі ас үйде кеселерді жуып тұрды. Бір кезде үйге дәу піл кіріп келді. Қасында тұрған Айдар қорқып кетті де, қатты жылап жіберді. Шешесі қолындағы кесесін жерге түсіріп алды. Кесе сынып қалды.Шешесі оған:

Айдар, жылама, қорықпа! Бұл піл, бұл ірі піл ғой. Ол саған тиіспейді, — деді.

Шеше, шеше, неше кесе, сынды кеше?, — деп сұрады. Шешесі күлімсіреді де, ұлының басынан сипады. Міне осындай әдіс арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып дамытып, шығармашылық қабілеттерін ұштастыра алады. Келесі кезектегі «Ой қозғау әдісі» сабақтың ортасында қолдануға өте ыңғайлы, оқушылар берілген тапсырма бойынша жұптасып немесе топтық ретінде жұмыс түрін атқарады. Мысалы, сөйлемді дұрыс құрастыр.

  1. Жылы, 2016, ол, салынған.

  2. Арал, үлкен, көлдің, кіші, және, ортасы, бар.

  3. Суы, тұзды, көлдің.

  4. Келеді, жылда, мұнда, адамдар.

Немесе мынадай үлгіде беріледі жақша ішіндегі сұраққа жауап беріп, сөйлемдерді көшіріп жаз. Алма ...(қайда?) өседі. Ай сәулесі суға ...(қайтті?). (Кім?) ... шелекке су құйды. Мерей ...(қандай?) кітаптарды көп оқиды. Самал ...(немен?) ойнады. Осындай тапсырма арқылы оқушылардың білім, білім, құзыреттіліктері дамытады бұл өте жақсы көрсеткіш болып табылады. [4, 15-19 б.].

Өз бетіндік жұмысты қалыптастыру мақсатында білім алушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетеді. Жаңа білімді талдау, жинақтау, салыстыру арқылы меңгеруіне, қорытындылай білуіне жол ашылады. Менің ойымша әрбір мұғалім сабақтан кейін сабақ барысында қолданған стратегия немесе әдіс-тәсілдерді оқушылардың белсенді жұмыс жасауына, сабақты меңгеруіне қаншалықты көмектескендігіне ой толғау жасап отыруы тиіс. Егер сабақта кеткен қандай да бір кемшіліктер болса, ой толғау арқылы сол кемшілікті келесі сабақтарда жібермеуге тырысады. Сабақтан кейін немесе сабақ соңында оқушылармен кері байланыс жасап отыруға тиіс. Міне осы секілді жұмыстар оқушыларды ойлануға, дәлел келтіре білуге жетелейді. Бұрынғы қолданатын оқу әдістерінде мұғалім басты орын алып, оқушы тек тыңдаушы ғана болса,сын тұрғысынан шыңдалған ойлау арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақта ойлауға құлшыныс алады. Сондықтан сын тұрғысынан ойлау өте күрделі де маңызды құбылыс болып табылады. [5, 58 б.].

Мақаланы қорытындылай келе, оқыту процесінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызығылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Шет елде оқушылардың білімін мамандыққа даярлауда, қабілетті тұлға болу ретінде сабақта түрлі өздеріне қажетті әдіс-тәсілдері іріктеп жас ерекшеліктеріне топтастырып тәжірибе жүргізіледі. Біздің оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Мана айтап кеткендей бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында тұрған басты талап жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеп, келешек өмірге жан-жақты даярлап шығару. Мұндай талапты орындау барысында мұғалімге әр сабаққа шығармашылық жұмыстар атқаруды, ұтымды және орынды әдіс-тәсілдерді пайдалануды және оқытудың жаңа технологияларын қолдануды жүктейді. Сондықтан оқушыларға сабақтарда аталған әдістерді қолдансақ оң нәтиже береді.

Педагогикалық технологиядағы «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясында әдіс-тәсілдер бастауыш сынып оқушыларына пайдалудағы ең керекті және пайдалы жағы болып табылатын технология. Осы әдістер арқылы оқушыларды шығармашылық қабілеттерге жетелеп пәнге деген қызығушылықтарын дамиды. Қазақ тілін оқытудағы қазіргі заман технологияларын қолдану оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызығылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Сөзімді түйіндеуге атақты Л.Н.Толстой айтқан сөзімен аяқтағым келеді: Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, шәкіртіне тиімді және жеңіл білім беріп жетелейтін нағыз ұстаз дегендей, елімізге білім бағдарламасы бойынша енгізілген педагогикалық технологияларды тиімді және білікті түрде пайдалансақ біз үшін өте жақсы жемісті жұмыс болтын сөзсіз. “Тоқсан тоғыз сөздің тобықтай түйіні” бойынша болашақта бастауыш сынып мұғалімі болатындықтан оқушыларды педагогикалық әдіс-тәсілдер арқылы пәнге деген сүйіспеншілігі мен бар ынта жігерін ашатындай, тияқты түрде әдістерді қолданып белгілі бір мақсатта жеткізе білетін көрсеткіш көрсете алатын, озық оқушыны тәрбиелеуге міндеттенемін.


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Халперн Дайана. Сыни тұрғыдан ойлаудың психологиясы. - Санкт-Петербург, 2019 жылы 98бет.

  2. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 2- сыныбына арналған оқулық. 1-2 бөлім. Ә.Е.Жұмабаева, Г.И. Уаисова, Г.Т.Сәдуақас. Қ. бөлім. Алматы: Атамұра, 2019 жыл -72бет.

  3. Жанпейісова М.М. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын студентті дамыту құралы ретінде.- Алматы, 2020 жылы 240бет.

  4. Н. Құрман Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері. – Астана, 2017жылы 140бет.

  5. Н. Құрман Жаңа технология жүйесіндегі қазақ тілі сабақтары. – Астана, 2018 жылы 124бет.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!