Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бастауыш сынып оқушыларын ғылыми ізденушілікке бейімдеу жолдары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Баяндама
Тақырыбы:Бастауыш сынып оқушыларын ғылыми ізденушілікке бейімдеу жолдары
«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік
туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі.»
Питер Клайн.
Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибиеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер- балаға тән дәстүрлі мінез.
Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Зерттеу білігі мен дағдысы тек ғылыммен айналысатын адамға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет.Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады. Психологтар «зерттеу тәртібін» тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуда маңызды деп көрсетеді. Шынында да ізденушілік белсенділігі төмендеген сайын адам қолынан еш нәрсе келмейтін сияқты үрей туғызатын жағдайға тап болуы мүмкін. Сөйтіп, білімге деген ынтасы басылып, нәтижесінде өзінің қабілетін, мүмкіндігін әлдеқайда төмендетіп алуы ғажап емес. Зерттеу ісі қазіргі кезде ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзіндегі «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі – көрсем, білсем деп, ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге өйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді, - деген ой-тұжырымы растайды. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып танысуға деген құштарлығын басым болады. Зерттеуші-оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық, өзінше эксперимент жүргізу баланың балалығымен бірге жүретін үдеріс. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу үдерісінде қоршаған ортасына қызығушылықпен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандырумен көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа, өз бетінше зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Зерттеу жұмысын жүргізу бастауыш сынып оқушыларының төмендегідей іс-әрекеттерді жасауына мүмкіндік туғызады :
- өзін қызықтырған сұрақтарға жауап іздеу;
- іздену барысында түрлі тәсілдер қолдану;
- өз пікірін, ойын ашық айту;
- өз бетімен қорытынды жасау;
- өзі үшін жаңалық ашу.
- қызығушылығын қанағаттандыру.
Демек, оқушы өз бетінше жұмыс жасауды үйреніп, зерттеушілік,шығармашылық қабілеттерін дамыта түседі.
Мен бастауыш сынып мұғалімі ретінде оқушыларды ғылыми жұмысқа
тартуды мақсат тұтамын. Оқу-тәрбие бағытындағы барлық өзгерістерді қамтып, озат педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, жаңа тұжырымдар жасасақ, бұл бағытта оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулитын, таным белсенділігін арттыратын әрекет түрлері қажет-ақ. Солардың бірі – оқушылармен жүргізілетін ғылыми орталық аясындағы зерттеу жұмыстары болмақ. Осы бағытта «Ғылыми зерттеу жұмыстарының» бағдарламасы нені құрайды деген сұрақ туындайды.Кез келген ғылыми жоба дайындау адамның жаңа бірдеңені білгісі келуінен басталады.Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында тақырыптар таңдауға ұсынамын. Тақырып оқушыларға қызықты,олардың іздену, көкейіндегі сұрақтарға жауап табу әрекетін қанағаттандыратындай болумен қатар жас ерекшелігіне сәйкес келу керек. Осыдан кейін тақырып бойынша жан-жақты зерттеулер жүргіземіз, зерттеу нысанына алынған тақырыптың барлық қыр-сырын ұғынуға тырысамыз,ғалымдардың осы тақырып төңірінде жүргізген зерттеулерін талдаймыз.Сонымен қоса, тақырыпқа сай қызықты деректер,ақпараттар жинақтаймыз.Осы жұмыстарды жүргізіп болған соң өз тарапымыздан қандай жұмыс жасау керектігін (сауалнама,сұхбат,тәжірибе, т.с.с.) айқындап алып, соған кірісеміз де нәтижесі бойынша талдау,сараптама жасап,қорытынды шығарамыз.Осы жұмыстардың барлығын орындау кезінде дарынды, «зерттеуші» оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнатамын.Бұл да өте қажет,себебі ата-ананың қолдауы баланы «қанаттандырады». Ізденуші оқушылар өз тақырыбының ерекшеліктерін, өзектілігін,маңыздылығын сезіне отырып, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өзін қанағаттандыратын нәтижеге қол жеткізіп отырады. Мұғалім мен оқушының бірлесе атқарған әрекеті нәтижесінде ғылыми жұмыстың көкейкестілігін, шығармашылық аясын айқындайды, осы міндеттер бойынша оқушылармен қосымша ізденуге жағдай жасай алады. Соның арқасында, бастауыш сынып оқушысына ғаламтор желісімен жұмыс жасауды үйрету,өз бетімен сауалнама, сұхбаттасуларды жүргізіп, оларды таспаға түсіріп, оларға талдау жасалуын, нәтижесі бойынша қорытынды жасай білуін қадағалаймын. Қай жұмысты болсын қызығушылықпен, ынтамен жасаса нәтиже шығатыны анық.
«Мен-зерттеушімін» тақырыбында
оқушылармен дөңгелек үстел, әңгімелер өткіземін. Алғашқы
әңгімелерде «ғылыми жұмыстардың түрлері» сөз болады. Бұрын жазған
оқушылардың жобаларымен таныстырамын. Мектепішілік ғылыми
конференцияларда оқушы өз жобасын қорғап тұрған суреттерін,
бейнероликтерін тамашалаймыз.Осыдан оқушыларда қызығушылық,
талпыныс пайда болады.Мектебімізде дарынды баламен жұмыс жүргізуге
ерекше назар аударылуда. Балаларды ғылыми-ізденіске, ғылыми жоба
қорғауға баулу арқылы білімдерін тереңдету ісі жүріп жатыр.
Мектеп оқушыларын ғылыми- ізденіске баулу 2003-2004 оқу жылынан
бері жүргізіліп келеді. Жыл артқан сайын әр түрлі тақырыпта ғылыми
жоба жарысына қатысушы жас зерттеушілер саны көбеюде. Әр оқу
жылында оқушыларым ғылыми-зерттеу жұмысына қатысады. Атап айтсақ,
оқушым Шахтербек Ақжол «Менің атам-менің мақтанышым» атты
ғылыми-ізденіс жұмысы облыстық «Жас талап» номинациясына ие болды.
Әлдибек Теміржан «Менің отбасым» атты ғылыми-ізденіс жұмысымен
аудандық «Балғын зерттеуші»атанды. Иманалы Райхан «Алма жемісі»,
Алданова Алуа «Жылқы-малдың патшасы» , Әлімқожаева Айдана «Менің
Отаным» ,Мұсахан Алтынбек «Туған жерімнің табиғаты», Бейсенқұл
Аружанның «Кока-кола сусынының
зияны»тақырыбында жазған жұмыстары
мақтау мен марапаттауға ие болды.
Оқушымен шығармашылық жұмыс бастамас бұрын өзіме төмендегідей талап қоямын:
1.Дарынды баланы анықтауда психологпен бірлескен жұмыс жасау;
2. Ата-анасымен педагог ретінде сөйлесе білу;
3. Дарынды балаларға арнайы бағдарламалар жасау;
4. Дарынды балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың тапсырмалар беру, орындалуына талап қою;
5. Жаңа технология элементтерін сабақта пайдалану;
6.Тапсырманың орындалу
нәтижесін қадағалау.
Оқушыларды ғылыми жоба жарыстарына дайындауда мынадай мәселелерге
ерекше көңіл бөлемін:
-Тақырыптың ғылыми құндылылығы;
- Таңдаған тақырыпты ашудағы оқушы еңбегінің сипаты, қосқан үлесі;
- Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;
- Ойын ұтымды, жағымды жеткізе алуы, сөйлеу мәнері, өзін ұстауы, аудиторияны тартуы;
-Жұмыстың көркем безендірілуі.
Оқушылардың бойында дарындылық
қасиеттерін жетілдіріп, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптантан
тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік
апталықтар мен үйірмелер, факультативтік сабақтардың маңызы
зор.Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын
ескеру қажет. Мектептегі пәндік сайыстар, түрлі шығармашылық кештер
оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, оң нәтижеге жетуге ықпал
етеді. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар
мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір
оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне
жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Ендеше,
мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың
жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға,
ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына
көмектесуіміз қажет.
Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейім
болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға
даяр болуы қажет. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулып,
ғылым арқылы егемендігімізді нығайтуға үлес қосайық, құрметті
әріптестер!