Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйретудің әдістері

Бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйретудің әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2019
5467
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйретудің әдістері

Қалай жазуға үйретуге болады? Барлық ата-аналарды осы сұрақ мазалайды. Бұған дейін мұнымен бастауыш мектеп айналысса, ал қазір бала бірінші сыныпқа алғашқы дағдыларын қалыптастырып барады. Олардың дамуы үшін дүкен сөрелеріндегі мектепке дейінгі балаларға арналған материалдарды пайдалануға болады. Бірақ балаға күш түсірмес үшін неден бастау керек және қалай жасау керектігін қарастырып көрейік.Бастауыш сыныпта оқушының тілдік материалды есте сақтауы берік болады, фонематикалық естудің жоғары деңгейі белгіленеді. Шет тілді меңгеруде үзіліс болса да, меңгерілген дағдылар ұзақ уақытқа дейін ұмытылмай сақталатын болады. Ұсақ моториканы дамыта отырып жазуға уйретуБаланың жазуға үйренуде оқуда қолды жаттықтыратын көптеген жаттығулар кездеседі. Мұғалім олардың кез-келгенін таңдай алады. Дегенмен ең алдымен төмендегідей тапсырмаларға назар аудару керек:
  • Нүкте салу арқылы жаттықтыру дағдысы. Ұсынылған нүктелерді біріктіре отырып, бала белгілі бір суретке ие болады. Бұл жаттығудың пайдасы зор, ол кейінде балаға әріптерді немесе жазуларды жазғанда керек болады;
  • Бала сызғыш қолданбай нақты түзу орташа сызықтарды салады. Ол тігінен де көлденеңінен де болуы мүмкін;
  • Дөңгелек, сопақша,оңай геометриялық пішіндер, толқын және үзік сызықтар салу баланың жазу сабағына қолын жақсы дайындайды.
Сонымен қатар, ең алғаш әріптерді баспа түрінде жазғызып жаттықтыруға болады.Жазуды үйренеміз.Егер бала мектепке дейін бірнеше жыл бойы яғни, 4 жастан бастап жазуға дайындалса, онда оның бастауыш сыныпта маңызды сұрақтарға жауап беруі мен дағдыларын шыңдауына уақыты жеткілікті болады.Сонымен қатар,бала ұсақ моториканы меңгеруге міндетті. Оны дамыту үшін тиімді әдістері бар:
  • Үлкен бөлшекті құрастырғыш сатып алып балаға өз қалауы бойынша өз қиялындағысын құрастырып шығарту;
  • Ал қыз балалардың қызығушылығы үшін пайдалырақ жіппен тоқитын моншақтар мен бисерлерден бұйымдар құрастырту;
  • Көпшілік балаларға ермексазбен мүсін жасаған ұнайтындықтан, бұл пайдалы және уақытты тиімді өткізуге көмектеседі;
  • Моториканы дамыту үшін пайдалысы бояғыштар, сондықтан балаға ұнатқан кейіпкерінің суретін бояту.
Бұлар моториканы ғана дамытып қоймайды, баланың көзқарасын жетілдіреді, ұқыптылыққа, табандылыққа қалыптастырады. Бұл сөзсіз оқушыға пайдалы жаттығулар болып табылады.Тек бала қаламсапты қолына алғанда ұқыпты және жылдам жазу керектігін айтып отыру керек және бала қарандаш пен қаламсапты дұрыс ұстауы тиіс. Қателердің түбірін дұрыстаңыз, кейін қайта оқыту қиын болады.Жазуға үйретудің бірінші кезеңі.Егер оқушының қолына қаламсап ұстап сызықтан аспай бояп үйренгені байқалса, онда жазуды жалғастыруға болады деген сөз. Бұл бала үшін өте маңызды қадам болып саналады. Әрине басында баланың жазуы дұрыс шықпау мүмкін, бірақ асықпай және баланы күштемеу керек. Ең нашар жазуына да мұғалім тарапынан мақтау болуы керек. Сондай-ақ кірді елемеңіз, көңілді болыңыз, сонда ғана баланы қызықтыра аласыз. Алғашқы жұмыс жеңіл болуы тиіс. Жазбас бұрын сызықтар сызуды үйретіңіз. Тік сызықтар сызудан бастап, сосын көлбеу сызықтар, содан кейін иілген сызықтар сызып үйретіңіз. Нүктелер арқылы қосу үшін жасалған суреттер де көмектеседі. Сабақ барысында тақпақтары мен әңгімелері бар түрлі-түсті дәптерлерді қолданған жөн. Сабақ процесі қаншалықты қызықты болса, соғұрлым тиімді болады.Әртүрлі жолақтарды жақсы сызып үйрену үшін геометриялық фигураларды пайдалануға болады. Әрине бала үшін үшбұрыш, шаршы суретіне қарау ғана емес олардың суретін салуда қызық. Жазуға үйретудің екінші кезеңі.Бала әртүрлі формалардың бөліктерін, ұзындықтарын сенімді түрде жаза бастаған кезде, жазуды уйретудің екінші кезеңіне кірісе беруге болады. Сондай-ақ , суретті салуды жалғастыру, оны бояу, оның көлеңкесін салу және геометрияық фиугураларды үстінен қайталап басып шығу сияқты тапсырмалары бар материалдар көп көмектеседі. Бала бес-алты жасында барлығын түсінеді, сондықтан бұл кезеңде дәптердің тазалығына, дұрыстығына назар аударған жөн.Өйткені бұл баланың алдағы өмірі үшін маңызды. Бағалау кезінде тазалығы мен ұқыптылығына назар аударыңыз. Егер оқушының жақсы жазуы үшін тырысып жатқандығын көрсеңіз оқушыны марапаттаған дұрыс. Әріптерді жазып үйретуОл тік және геометриялық фигураларды өздігінен салып үйренгенде, әріптерді жазуға дағдылаңыз. Басында бұл тек элементтер болуы мүмкін. Мысалы, белгілі бір қиық сызықты қамтитын суреттер. Баланың әріптерді білуі маңызды, сонда әлдеқайда жеңіл болады. Көңіл-күймен жазып үйретуКөңіл-күймен жазып үйрету маңызды факторлар қатынасы болып табылады. Психологияда адамның ұқыпты және әдемі жазу оның көңіл күйіне байланысты екендігі әлдеқашан дәлелденген. Қорқынышы болса, бастау мүмкін емес. Сондай-ақ оқушыны басқа оқушылармен салыстырмаған дұрыс. Егер оқушы жаза алмаса, оған ешқашан ұрыспаңыз, жетістікке жету үшін мадақтаңыз. Оқушыға жақсы жазуы үшін ұзақ және қиын жолда демеу болған абзал. Мотивацияда керек. Жазуға құштарлығын ояту үшін, тек мақтап отырмай, сонымен қатар сыйақы да беріліп тұруы керек (мысалы, марапаттау қағазы).Бұлардан басқа баланы сабақтан жалықтырмайтын әдістерді қарастырыңыз. Егер сіз баланы асықтырсаңыз және үнемі дұрыс бағаламасаңыз міне, осы ең үлкен қысым. Оқушының жазуға деген ынтасы жоғалып, наразылық тудыруы мүмкін және бұл жағдайды шешу өте қиын болады. Сондықтан мұғалім қаншалықты шыдамды болса, оқушылардың да соғұрлым көңіл-күйі жоғары болады. Балаға сабақтан кейін демалуға көмектесе отырып жазуға үйретуБелгілерді (символдарды) тіпті сөздерді жазу оқушы үшін үлкен еңбек пен күшті талап етеді және сабақтан кейін бала демалуы керек. Сондай-ақ бастауыш сыныптар үшін сабақ ұзақтығы жиырма минуттан аспуытиіс. Баланың сабақтағы шаршауынан кейін қандайда бір алаңдаушылық болмауы үшін, қозғалыс ойындарын өткізген жөн немесе кітап оқып беріңіз. Бұлшық еттерін қалыпқа келтіру үшін бәрімізге белгілі «біз жаздық, біз жаздық, біздің саусақтарымыз шаршады» жаттығуын жасатуға немесе кішкене массаж уақытын өткізуге болады. Массаж жасағанда қол және білекке көп уақыт жұмсаңыз. Олардың бұлшық еттері демалуы үшін ақырын уқалап, жәймен шапалақпен ұру арқылы массаж жасаңыз. Бұл оқушы үшін пайдалы әрі балаға жағымды әрекет болып саналады. Абайсыздықпен күресе отырып жазуға үйретуКөптеген ата-аналар балаларының жазған кезде назар аудармайтындығын алға тартады. Шынында балалардың бұған дейін ойынға ғана алаңдады, сол үшінде басында жазуға құлықсыз болып келеді. Бұған дейін айтқандай баланы физикалық және психологиялық дайындау керек. Оқу балаға жайлылық алып келсе жақсы болатын еді. Әрине ойлау әр баланың психологиялық тұлғасына байланысты. Кейбірі ұзақ уақыт бойы отыра алмауы мүмкін. Сынып бөлмесінде оқушының жазуына кедергі болатын артық заттар тұрмауы керек. Егер оқушы сабақ оқу барысында жиі қозғалыс жасаса, демек оған үзіліс керек. Аз жаттығу жасап, шағын-шағын үзіліс жасаған артықтық етпейді. Сонымен қатар, мұқияттылықты басқа дағдылар сияқты дамытуға болады. Бұл үшін «әр әріпте өз түсі» жаттығуын жасатуға болады. Әр әріпте өзінің түсі болатынды жөнінде баламен келісіп (ойында барлық алфавитті емес, бірнеше әріпті қолданса болады). Содан кейін оған айтыңыз, ол қарындаштарды тез ауыстырып әріптерді жазуға тырысады. Жазуға уйретуде кейбір фундаментальды ережелерді қолдануТиімді үйрету мақсатында бірқатар ережелерді ұстанған жөн:
  • Қарапайымнан күрделіге қарай жылжыту. Егер тіпті кейбір оқушы өз жасынан ақылды көрінсе де, жәй нәрселерден бастау;
  • Жазуды уйрету басында неғұрлым түрлі-түсті және қызығырақ болса, соғұрлым нәтижелі болады. Бала жазуға жақсы әуестенеді;
  • Мұғалім мақтау мен жігерлендіруге лайық болса жігерлендіруді ұмытпау керек. «Балық тоғаннан еңбексіз шықпайтыны» қысқаша түсіндіру;
  • Оқушыға ешқашан дауыс көтеріп немесе қысым жасамай, шаршаса үзіліс жасап, оқушыдан сабырлылықпен не үшін жазғысы келмейтіндігінің себебін сұрау;
  • Соңғы кездері жақсы жазу үшін әдеттегі жұмсақ қарындаш тиімді деп санайды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей шынымен сабақ басында әдеттегі жәй қарындаштың көмегімен дұрыс жазуға болады деп саналады;
  • Оқушылар әртүрлі екенін ұмытпаңыз сондай-ақ, олардың әрқайсымен жеке-жеке жұмыс жасауға тура келеді. Ал олардың кез-келгенін ұқыпты жазуға үйретуге болады. Егер бала солақай болса немесе момын болса керісінше мазасыз болса, мұғалімге көп күш жұмсауға тура келеді.
Сонымен, әдемі, ұқыпты және сауатты жазуға үйретуде мұғалімнің ғана еңбегі емес, балалардың да еңбегі бар сондай-ақ, балаларымен жұмыс жасаған ата-аналардың да еңбегі зор.Сонымен қатар мұғалім оқушыға бірнеше жыл түсіністікпен қарап, шыдамдылық таныта білсе, сонда ғана оқушы қызығушылықпен жақсы бағалар алуға тырысып, жұмсаған күш-жігерді қайтарады.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ