Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларын сын тұрғысынан ойлауға үйрету
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларын сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2021
385
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ АЛАТЫН СТУДЕНТТЕРДІҢ СЫНИ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ


Турабаева Алима

musalaura@mail.ru

«Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Турабаева Алима Тасбалтақызы


Аннотация: Мақалада жоғары оқу орындарында білім алатын студенттердің сыни ойлауын дамытудың маңызы жайлы айтылады. Сонымен бірге дарындылық пен шығармашылық ұғымын зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу еңбектерін талдай келе бастауыш сынып оқушыларының ин сыни ойлауы омәселесіне тоқталады. Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль білім алушылардың да, педагогтердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс. «Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау. Кең мағынасында сын тұрғысынан ойлау - бұл қажетті нәтижеге қол жеткізу ықтималдығын арттыратын танымдық әдістерді немесе стратегияларды қолдану. Құндылықтар деңгейінде сыни тұрғыдан ойлайтын студент жалпы адамзаттық құндылықтар аясында әртүрлі көзқарастардың қатар өмір сүру мүмкіндігін түбегейлі қабылдай отырып, ақпараттық кеңістіктермен тиімді қарым-қатынас жасай алады. Ақпараттар көлемінің көбеюі, студенттің дайындық сапасы мен уақыт көлемінің азаюы арақатынасы мәселесінің шешімі көрсетіледі.

Кілт сөздер: жоғары оқу орны,сыни ойлау, студенттердің сыни ойлау, интеграция, білім беру мазмұны


Жоғары оқу орындарында қазіргі уақытта білім беру мазмұнының қарқынды өзгеруіне байланысты болашақ мамандарды оқытушылардың интерграцияланған жолдармен оқытуды жүзеге асыру дайындығы ерекше маңыз алуда. Ақпараттар көлемінің көбеюі, студенттің дайындық сапасы мен уақыт көлемінің азаюы арақатынасы мәселесінің шешімін табу маңызды міндет. И.П.Подластың пікірінше мұнай кедергіден шығудың жолы инновациялық, интеграцияланған технологияларды ендіру арқылы студенттердің ойлауын белсендіре отырып, болашақ мамандарды оқытуда қажетті нәтижеге қол жеткізу. Әдебиеттерді талдай отырып, «сыни ойлау» ұғымына мынадай анықтама беруге болады. Сыни ойлау – стандарт және эталонмен немесе студенттің барлық мүмкін болған құбылыстармен қарым-қатынасына деген мәнді өзіндік анықтамасын туғызуына және оның белсенді түрленуіне жағдай жасайтын талдау мен салыстыру амалдарынан тұратын жеке дара сын тұрғысынан қабылданған қандай да бір өнімнің сәйкес келу (немесе «сәйкес келмеу») дәрежесін жалпы түрде анықтауға бағытталған ой қызметінің түрі[1].

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.

Отандық ғалым-зерттеушілерден болашақ мамандарды дайындаудағы тұтас педагогикалық үрдістің теориясы мен практикасы - Н. Д. Хмель, А.А. Бейсенбаеваның, «Оқытушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру» Ш.Т.Таубаеваның, «Болашақ мамандардың креативтілігін зерттеуде» Б.А. Оспанованың еңбектерінде жазылған.

Адам сыни ойлау туралы нақты ақпарат білмеуі мүмкін, бірақ оның пайымдауында үнемі сыни көзқарас болады. Нақты шешім қабылдау үшін, барлық ойларды ой елегінен өткізеді. Өздерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру үшін де сыни көқарасты пайдаланады. Нәтижесінде «сыни ойлауды» тиімді пайдалану үшін оны зерттеу қажеттілігі туындайды.

Г. В. Сорина мен И.Н. Грифцова сыни ойлауды негізі ойлаудың формальды және бейресми тәсілдерінің байланысы деп қарастырады.

Психолог-ғалым В.Г. Крутецкий: «Ойдың сыншылдығы – бұл адамның өзінің және басқалардың ойларын белсенді бағалау дағдысы, барлық ұсынылған ережелер мен қорытындыларды нақты және жан-жақты тексеру», - дейді. Ойды бағалау арқылы мәселеге керекті, оң шешім әкелетін идеяны таңдайды. Бағалау процесі өте ауқымды, және ең маңызды болып табылады. Себебі, бағалау критерийлері арқылы ең дұрыс шешімді қабылдауға, және қателіктерді түзете отырып, жақсы шешімге келуге болады. Сыни ойлай алатын адамдарда бағалау дағдылары белсенді дамиды. [2]

Тағы бір американдық зерттеуші Роберт Эннис сыни тұрғыдан ойлауды «бағытталған интеллектуалды рефлексиялық ойлау, неге сену керектігін және қалай әрекет ету керектігін шешу» деп түсіндіреді. Рефлексиялық ойлау дегеніміз – ойға кері байланыс жасау. Шешім қаншалықты обьективті, негізгі мәселе мен мазмұн арасындағы және мазмұн мен деректер арасындағы байланысты анықтайтын ойлаудың түрі. [3]

А. Н. Шуман «сыни ойлауды» «кешенді ойлау» ұғымына өзгертуге ұсыныс жасайды. Оның ойынша «сын тұрғысынан ойлау – тапсырманы толықтай орындауға мүмкіндік бермейді, себебі ол аргументативті - логикалық әдістердің жиынтығы. Бұл әдістер тек ақпараттарды реттейді. Ал, мазмұнға өзгеріс енгізу үшін шығармашылық ойлау қажет» деп есептейді. Сыни ойлаусыз шығармашылық ойлауға жету мүмкін емес. Сыни тұрғыдан ойлау шығармашылықтың негізі ретінде әрекет етеді, жаңа идеяларды қалыптастырудың бірінші кезеңі.

А. Н. Шуман сыни ойлаудың екі принципін тұжырымдайды:

  • минимализм қағидасы, оған сәйкес сыни ойлау минималды құралдар жиынтығын қолдана отырып, максималды жетістікке жетуге тырысады;

  • жан-жақтылық қағидасы, оған сәйкес сыни ойлау әр түрлі мінез-құлық жағдайларына қолданылатын осындай жалпыланған іс-әрекет сызбаларын жасауға тырысады.

Сыни ойлаудың үш деңгейін ажыратады: дедуктивті, ықтималды және диалектикалық. Бірінші деңгейде сыни ойлау өзінің логикалық дұрыстығына, екіншісінде – эмпирикалық деректерді өңдеу қабілетіне, үшінші деңгейде – субъектінің талқылауға кіру және қарсыластарын өз көзқарастарының дұрыстығына сендіру қабілеттілігі[4].

В.Н. Брюшинкиннің анықтамасы «сын тұрғысынан ойлау» ұғымын түсіну үшін аса маңызды. Ол «сын тұрғысынан» ойлауды «құрылымдық» ойлау деп түсіндіреді. Құрылымдық ойлауды – мәлімдемелерді немесе мәлімдемелер жүйесін тексеруге бағытталған ақыл-ой әрекеттерінің реттілігі" деп түсінеді

Автордың пайымдауынша, сыни ойлау дегеніміз - логикалық негізсіз ойлар мен идеяның құндылықтарға сәйкессіздігін көрсете алатын жаңа фактілерді, нормалар мен құндылықтарды іздеуге үнемі дайын болу.

Сыни ойлау ұғымын философия ғылымы да қарастырады. В.Н.Константинов сыни ойлауды философиялық тұрғыдан зерттей келе сыни ойлау қоғамның пассивтілігіне қарсы әлеуметтік белсендікке жеткізетін ойлау қызметі. О.Ф.Рожкова, В.С.Шубинский сыни ойлауды шығармашылықтың негізгі аспектісі ретінде қарастырады.

А.В.Мудрик «сыни және өзіндік сын» ұғымы арқылы адамның өзін де, өзін қоршаған ортаны да қанағаттандыратын «Мен» тұжырымдамасын қалыптастырудағы «жеке тұлғаның өзіне сыни қатынасы» деген түсінікті дамытады.

Сыни ойлаудың болжамдық функциясы да айтарлықтай маңызға ие. А.С. Байрамов: «сыншыл ақыл – бір жағынан әрдайым өткен және қазіргі тәжірибенің барлығын диалектикалық талдауға, екінші жағынан, болашақ перспективаларын талдауға сүйенеді». Автор сыни ойлауды ойдың диалектикалық талдауы, яғни қарама-қайшылықтар негізінде салыстыра отырып, өткен іс-әрекеттер мен қазіргі нәтижелердің арасындағы байланысты, фактілер негізінде іс-әрекеттің – болашағын көрсету деп түсіндіреді.

Д. Клустер сыни ойлаудың 5 өзіндік ерекшелігін бөлім көрсетеді:

1. өзіндік (дербестік)

2. ақпарат сыни ойлаудың жіберу пункті ретінде

3. жағдайдың қойлымы және айқындалуы

4. кең дәлелдеу

5. әлеуметтік

Өзіндік – сыни ойлаушының басқалардың позициясының тәуелділігінсіз, әсерінсіз қарастырылған жағдай бойынша дербес ойының болуы.

Ақпарат сыни ойлаудың жіберу пункті ретінде – Д.Клустердің ойынша білімге негізделеді. Адамда теоретикалық ақпараттардың болуы, оның сыни ойлауын оятады. Адамның миына түсетін және оның кәсіби қызметінде болжамданған барлық мүмкін ақпаттар, оның бойында түрлі педагогикалық мәселелрді шешуге қажетті жеке кәсіби тәжірибе қалыптастырады.

Жағдайдың қойлымы және айқындалуы. Д.Клустер мен Дьюидың пікірінше сыни ойлау студент қандай да бір нақты жағдаймен айналысқан уақытта туындайды. Ол жағдайдың туындау себебін анықтаудың өзі студенттің табиғи қызығушылығын ынталандырады, және сыни ойлауға түрткі болады. Аталмыш дағдыларды дамыту үшін қарастырылып отырған мәслеге сұрақ дұрыс қойылуы керек. Сәйкесінше, болашақ маман алдында тұрған мәселені анықтап, содан соң оларды тұжырымдау керек. Нәтижесінде, шешімді табу мақсатты, саналы болады. Мәселені шешу үшін түрлі позициялар талданады, салыстырылады, жетістікке жеткізетін неғұрлым тиімді шешімдер қабылданады[5].

Сын тұрғысынан ойлау қазіргі заманда білім бeруді дамытудағы eң басты пeдагогикалық түсініктeрдің бірі eкeні бeлгілі. Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибe, толғану, пайымдау нәтижeсіндe алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау жәнe синтeздeудe қолданылатын әдіс болып табылады, сонымeн қатар ол әрeкeт жасауға нeгіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінeсe бір нәрсeні eлeстeтугe, балаламалы шeшімдeрді қабылдауға, ойлау жәнe іс-әрeкeттің жаңа нeмeсe түрлeндірілгeн тәсілдeрін eнгізугe дайын болуды көздeйді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрeкeттeргe бeйілділік пeн басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдірeді[6].

Қорытындылай келе, адамның мінсіз сыни ойлауы оның ішкі қызығушылығымен, мәселеден жақсы хабардарлығына, бағалауда әділдігіне, қайта тексеруге деген құлшыныс пен мәселені нақтылау, ақпаратты іздеуде мұқияттылық танытуына байланысты. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінде оқытушы мен студенттің сын тұрғысынан ойлауын дамытуды көздейді. Сын тұрғысынан ойлаудың өзіндік ерекше белгісі- белгілі бір мәселені тұжырымдауда сыңаржақтылыққа жол бермеу, оның шынайылығы мен маңыздылығы туралы ойлана білуге үйрету. Сыни ойлау өз позицияңды аргументтеу, сыни ойлау – анализ жасап, қорытынды шығаратын жеке өзіндік ойлау қабілеті. Мұндай ойлау қабілеті жоқ адамдар – басқалардың ойына сүйенеді. Сыни ойлау – когнитивті қабілеттерді дамытады. Проблеманы оңай анализдеу, керексіз дүниелерді шетке шығарып, фокус орнату, берілген сұрақты не мәселені тереңірек зерттеуге және олардын жауапты табуға көмектеседі.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. «Орта мектеп жаршысы». Республикалық оқу-әдістемелік журнал. - №6. 27-29б2.

  2. Крутeцкий В.А. Основы пeдагогичeской психологии. 1972.

  3. Robert H. Ennis Critical Thinking Dispositions: Their Nature and Assessability. Informal Logic Vol. 18, Nos. 2&3(1996): 165-182, стр. 166.

  4. Қабдешова Ә. Сын тұрғысынан ойлау. Қазақ тілі мен әдебиеті.- №10.35-45б

  5. ТашеноваА. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту. Білім-Образование .-2006. -№2.15-18 б.

  6. Тілдік тұлға қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлаудың маңызы. Білім-Образование.-2007.-№5.12-23 б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!