Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілі грамматикасын оқыту

Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілі грамматикасын оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепте оқытудың бастауы – бұл ойын əрекетінен оқу іс-əрекетіне ауысу, сондай-ақ, психикалық үрдістердің қалыптасатын уақыты. Сондықтан, бала алғаш мектепке қадам басуы оның өміріне жəне оқу үрдісіне үлкен өзгерістер əкеледі. Əсіресе, балаға ерте жастан шет тілдерін үйретудің маңызы зор.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2021
256
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Болатбек Манура Болатбекқызы
Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілі грамматикасын оқыту
Аңдатпа
Мектепте оқытудың бастауы – бұл ойын əрекетінен оқу іс-əрекетіне ауысу, сондай-ақ,
психикалық үрдістердің қалыптасатын уақыты. Сондықтан, бала алғаш мектепке қадам басуы
оның өміріне жəне оқу үрдісіне үлкен өзгерістер əкеледі. Əсіресе, балаға ерте жастан шет
тілдерін үйретудің маңызы зор. Шет тілі қарым-қатынас пен таным құралдарының бірі ретінде
қазіргі заманауи білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Шет тілдерін оқытуға бастауыш
мектептен бастап ерекше назар аудару керек, өйткені алынған барлық білім ерте жаста
іргетас түрінде қалануы тиіс. Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін
оқыту, əсіресе, ағылшын тілі грамматикасын оқытужəне оның əдістемесі туралы мəселелер
қарастырылады.
Кілт сөздер: шет тілін оқыту əдістемесі, грамматиканы оқыту, ағылшын тілін оқыту, бастауыш
мектепте оқыту.
Қазақстанда 70 жылдан астам уақыт бойы бір тілді мəдениет өмір сүрді. Бұрын кез-келген
ұлттық ортада бір ғана тіл білу жеткілікті болды. Қазақстандағы осындай бір тілді жағдайда
бірнеше ұрпақ өсті. Кейін шет тілін оқыту қажеттілігі туындаса да, орта мектептер мен жоғары
оқу орындарында шет тілдерін оқыту көбіне формальдітүрде ғана жүрді. Əрбір жаңа ұрпақ
үшін екінші, үшінші, төртінші тілді үйренуден бас тарту мінез-құлық нормасына айналды. 90шы жылдардан бастап қазақ жəне ағылшын тілдерін білуге деген қажеттілік туындады, бірақ
халықта тілдерді үйренуге деген мінез-құлық қатынастарының болмауына байланысты
біршама қиындықтар болды.
Қазіргі кезде заманауи мектептің негізгі проблемаларының бірі - оқушылардың оқуға деген
қызығушылығының төмендеуі. Мотивациялық əлеует мектеп оқушыларының білім беру
бағдарламасын тиімді игеруіне бағытталуы үшін оқытудың қандай формасын қолдану керек
деген сұрақ туындайды.
Грамматика ағылшын тілінің маңызды бір саласы. Грамматика ережелерін жақсы білсек, кезкелген адам оңай түсіне алатындай сөйлемдер құра аламыз. Сол себепті, ағылшын тілін
үйрене бастағанда-ақ, грамматикаға аса үлкен мəн берген жөн. Бастауыш сынып оқушылары
үшін оқудың алғашқы кезеңдері сөйлемдегі сөздердің ретін білу, артикльдерді, предлогтарды,
шылауларды, сондай-ақ, етістіктің шақтарын дұрыс қолдануды қамтиды. Ағылшын
грамматикасы – бұл ағылшын тілінде сөз бен сөз тіркестерін қолдануға негізделген тарихи
қалыптасқан ережелер жиынтығы. Ағылшын грамматикасын білу – дұрыс жəне əдемі сөйлеу
мен жазудың кілті болып табылады. Ағылшын тілінің грамматикасын білмейінше, тілді үйрену
жəне шетел тілін қоғам дамуының қазіргі кезеңінде қажет деңгейде қолдану мүмкін емес [1, 27
б].
«Грамматика – фонетика мен лексиканың кіріктірілуі нəтижесінде пайда болатын тілдің
формальді құрылымы». Ағылшын тілі грамматикасы қазақ тілінің грамматикасынан
əлдеқайда өзгеше болып келеді, сол себепті оқушылар жиі көптеген қиындықтарға тап
болады. Егер де жаңа бір материалды түсіндіру барысында грамматикалық формалар
түсірілген кестені немесе бұрыс етістіктің түрлерін жоғары сынып оқушыларына беріп, оны
жатта десеңіз бұл тапсырманы орындау оларға аса қиындық тудыра қоймасы анық. Ал енді,
дəл осы тапсырманы бастауыш сынып оқушыларына берсеңіз, олар сіздің ойыңыздан
шығарлықтай нəтижеге жете алмайды. Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың ерекшелігі
осында, олармен жұмыс жасау барысында оларға шетел тілінде берілетін ауқымды
материалдарды бермеген жөн. Себебі, олардың психологиялық жас ерекшеліктері ескерілуі
тиіс.
Грамматикалық қабілеттердің қалыптасуы шетел тілін үйренудің алғашқы сатысында
басталады. Бастауыш сыныпта оқушылар қарапайым грамматикалық ережелермен танысып,
қазақ тілімен салғастыра-байланыстыра отырып грамматикалық шақтарды үйрене бастайды,
мысалы, Present Simple-осы шақ, Past Simple-өткен шақ жəне Future Simple-келер шақ.

Ағылшын тілін оқытудың бастапқы кезеңінде оқушылар грамматиканың қарапайым
құрылымдарымен танысады, мұнда көмекші етістіктер негізінен Be, Have, Modals жəне Do
(es) тобы арқылы ұсынылады. Бұл етістіктердің грамматикасы мен толық еместігін көрсету
өте оңай, тек сөйлемдерді аудару жеткілікті. Мысалы:
Is – He is my friend. Ол менің досым.
Has – She has a lots of toys. Оның көптеген ойыншықтары бар.
Бастауыш сыныпқа ағылшын тілі грамматикасын оқыту орта жəне жоғарғы сыныптармен
салыстырғанда əлдеқайда өзгеше болады. Бірінші сыныптан оқушылар ағылшын тілін үйрене
бастаса, олар тыңдалым, сөйлеу жəне түсіну сияқты қабілеттерін жақсы дамыта алады. Бұл
өз кезегінде оқушылардың грамматикалық қателіктерге қарамастан коммуникативті құзырлы
болуына мүмкіндік береді. Шет тілін, əсіресе, ағылшын тілі грамматикасын ерте жастан оқыту
барлық ұлттардасекілді ұзақ мерзімді қостілділік перспективасын білдіреді [2, 73б].
Грамматика ұзақ уақыт бойы жекелей оқытылып келеді, десе де ол кез-келген оқытылатын
тілдің ажырамас бөлігі. Шет тілі грамматикасын оқытудың заманауи əдісі оқушыларды
біртіндеп бастапқы қарапайымнан күрделіге өткізеді. Оқытылып жатқан тілдің грамматикалық
құрылымын жақсы білмей, коммуникативті құзырлықтардың да болуы мүмкін емес. Оқытудың
нақты стратегияларын анықтау жас ерекшелік факторларына байланысты. Əртүрлі
зерттеушілік жəне жобалау тапсырмалары оқытудың стратегияларын қалыптастыруы мүмкін
жəне болашақта оқушының тілді дұрыс қолданып, сөйлеуіне септігін тигізеді.
Грамматика болмаса, сөздердің арасында ешқандай байланыс болмайды, сондай-ақ,
сөздердің де мағынасы болмайды. Егер оқушыларымыз ең төменгі деңгейде болсын
ағылшын тілінде сөйлеп, өз ойларын жеткізе алсын десек, оларда бірқатар грамматикалық
білім болуы қажет. Брюстер мен Эллистің сөздеріне сүйенсек, «қарапайым сөйлем түрлері
дұрыс меңгерілмесе, бастапқы құрылымдарға байланысты қиындықтар да туындай береді,
əрі оқушылар да дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды». Осылайша, бір ғана лексиканы оқу
жеткіліксіз, осы себепті грамматиканың бастауыш сыныпта алар орны ерекше.
Тілді тиімді пайдалану – тілдің формалары мен қызметін түсінуді, яғни грамматикалық
ерекшеліктерді білуді қажет етеді. Балаларды ерте жастан оқытуда шынайы коммуникативті
тапсырмалардың негізінде грамматикалық құрылымдарды тəжірибеде көбірек қолдануға
мүмкіндік жасау қажет. Соның нəтижесінде грамматиканы үйрену, түсіну қабілеттері сөйлеу,
тыңдау, оқу жəне жазу секілді қабілеттермен қатар дамып отырады.
Ең бастысы, кез-келген сыныпта, əсіресе, бастауыш сыныпта грамматиканы оқыту кестелер
мен ережелер тізімімен шектелмейтіндігін ескерген жөн. Кез-келген грамматикалық
құрылымның дұрыс қолданылуы үшін, балаларға қызықты болатындай, түсінікті əрі толық
мəтін түрінде ұсынылуы керек. Мысалы, бала белгілі бір шақтың барлық формаларының
атауын жаттап алуы мүмкін, алайда олардың нені білдіретінін жəне қалай қолданылатынын
түсінбейді. Егер мұғалім балаға бірқатар суреттерді көрсете отырып, ондағы адамдардың ісəрекеттеріне қарай нақты құрылымдармен таныстырса балаға соғұрлым түсінікті болар еді
[3].
Шет тілі грамматикасын оқытуда жас ерекшелігі өте маңызды. Ерте жаста оқушылардың көп
бөлігі танымдық жəне тұжырымдамалық дамуда бірден ауқымды өзгерістерге ұшырай
қоймайды. Себебі алты мен он бір жас аралығындағы балалар əлі оқуды үйренумен болады.
Бастауыш мектептің алғашқы жылдарында балалар лексиканы тез үйреніп, құрылымдарды
керісінше баяу үйренеді. Мүмкін көптеген сөздер материал түрінде болғандықтан, оларды
физикалық тұрғыдан ұсынғантиімдірек болар еді.
Қазіргі күні, адамзат баласының жағдайы жасалған заманда белгісіз нəрселерді білу
оңайырақ, əсіресе, тілдерді үйрену. Кез-келген тілде грамматиканың рөлі айқын. Тіл
көмегімен сөйлесетін кез-келген адам тілдің грамматикасын біледі. Сонымен, грамматика
оқушылардың қателіктерін түзетуге жəне жазуларын жақсартуға көмектеседі. Бұл шет тілін

бейсаналық ассимиляция барысында тек қана мінсіз жəне дəл үйренуге болатындығын
көрсетеді.

Қолданылған əдебиеттер тізімі

1. Верещагина И.Н., Рогова Г.В. Методика обучения английскому языку на начальном этапе в
общеобразовательных учреждениях. – М.: Просвещение, 2000.
2. Reedy & Bearne, 2013 Teaching Grammar Effectively in Primary Schools.
3. Thornbury, Scott, How to Teach Grammar, Longman, 1999.
4. https://infourok.ru/problemi-izucheniya-grammatiki-angliyskogo-yazika-v-nachalnoy-shkole-i-putiih-resheniya-2024205.html
5. Mirjana Vilke, "Some psychological aspects of early second language acquisition", Journal of
multilingual and multicultural development, Vol 9, No. 1-2, 1988, 115-128.
6. Byrd, P. 2005 'Instructed Grammar', in Hinkel, E (ed.) Handbook of Research in Second
Language Teaching and Learning, London: Lawrence Erlbaum Associates. p. 545.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ