Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету міндеттері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету міндеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп психологтарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету міндеттері.

Камбаралиева Индира Талгатовна,

«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы

Алматы облысы бойынша ПҚБА институты

«Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» кафедрасының аға оқытушысы


Қазіргі кезде көптеген елдер психологиялық қызметті мектеп қабырғасында және әлеуметтік ортада ұйымдастырып, психологиялық қызмет көрсету кеңінен қалыптасып келеді. Бала дамуындағы әр кезеңдегі ерекшеліктерін анықтап алып, олардың өз-өзіне, қоршаған ортаға деген көзқарасының, қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына жетекшілік жасау, баланың мектеп талаптарын орындауға, ақыл-ой дамуы, жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы, ерік сапаларының қалыптасуы және көңіл-күйін меңгеріп, өзін-өзі ұстауы жағынан мағлұматтар алып оларға қажет кезінде психологиялық қызмет көрсету мектеп психологының міндеті.

Мектепке қабылданған балалардың өмірі оларды балалық шақтан оқушы статусына ұштастыратын өтпелі кезеңдігімен ерекшеленеді. Балалар өміріндегі бұл шақ көптеген әлі көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай. Оларды дер кезінде байқап, қолдап отырғанда ғана балалардың жеке психикалық қасиеттері жан-жақты дамып, баладағы дағдылар қажетті әрекеттерге айналады.

Бастауыш сынып оқушыларына бір-бірімен және мұғаліммен тұлғааралық қарым-қатынас орнату үшін әлеуметтік және коммуникативтік дағдысын дамытуға ықпал жасау керек.Бастауыш сынып оқушысының өмірінде оның танымдық әрекеті жетекші бола бастайды. Осы әрекеті мінез-құлық мотивтерін өзгертіп, бар күшін интеллектуалдық қабілетін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағыттау қажет. Әсіресе баланың мектеп өміріне енуі оның көптеген жағдайға икемделуін талап етеді. Бастауыш сынып оқушыларында жиі кездесетін кедергілердің бірі мектепшілік қарым-қатынаста орын алады. Өсіп, дамып келе жатқан бала бойында алуан түрлі қасиеттер мен қабілеттерді бар. Осы бір көп сырлы қасиеттердің жағымды және жағымсыз жақтарымен қатар, елеусіз мінез көріністері де бала бойынан байқауға болады.Бала мінезінің жағымды қасиеттерін ашуға мән беру керек,мысалы: қайырымдылық, инабаттылық, сыйластық,әдептілік, адалдық, имандылық т.б, осы қасиеттерді бала бойына дарыта түссек,оның бойында психологиялық жағымсыз мінез-құлықтар болмайды. Ал нашар мінез көріністеріне тұрақсыз, өтірік айтушылық, өзімшілдік, беймазалық, ұшқалақтық сияқты қасиеттер дарыса,жағымсыз балада түрлі психологиялық өзгерістер орын алуы мүмкін.Сондықтан бала бойындағы жағымды мінез-құлықтарды қалыптастыру керек. Бала бойында назар салып бақылағанда байқалатын қасиеттерге өзін-өзі сын көзбен қарап, мінездегі кемшіліктерді сезіну, әділеттілікті, әділетсіздікті аңғаруы ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамды болуы мен іскерлігі жатады. Егер кішкентай кезінен балаға дұрыс тәлім-тәрбие беріп, баланың көзқарасымен санасса, ол қайырымды, байсалды, саналы, батыл,шешім қабылдай алатын,өз көзқарасы бар табанды болып ер жетеді. Ал бала бойында жағымсыз мінез қалыптасса, біртіндеп ол ашуланшақ, агресивті, стресске тез түсетін, қорқақ тұлғаға айналуы мүмкін. Бала өскен сайын көргісі, білгісі келіп қызығушылығы арта түседі .Өз ойын айту, басқалармен қарым-қатынас жасау, достасу, пікірлесу сияқты мінез-құлық көріністері қалыптасады.

Сондықтан психологтың алдында тұрған ең негізгі міндеті – балаларға мектеп талаптарын қабылдап алуға көмектесу.

Мектеп қойып отырған жаңа талаптарды орындау үшін бала ерекше режим бойынша өмір сүреді. Олар уақытында оянып, сабақты жібермей қатынасып, мұғалімнің сөзін жақсы тыңдап, сабақта ұйымдастырылған жұмысты және үйге берген тапсырмаларды уақытында ережеге сай орындап отыру қажет. Баланың бұл міндеттерін толық орындауға негіз болатын тиісті дағдылар болмаса, ол әдеттен тыс шаршауы, сабақты жіберіп қоюы, үй тапсырмасын орындамауы сияқты режимді бұзу орын алуы мүмкін. Сондықтан бастауыш сыны оқушыларымен жүргізілетін психологиялық жұмыстардың көмегі орасан зор.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.00.2018
891
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі